Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлективтік есеп

А есебі.

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлективтік есеп

Осакаров ауданы № 5 Қарағайлы орта мектебінің

география пәні мұғалімі Мархава Авьдоль

 

   Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім деп айтқан (Strong, Ward Grand, 2011). Осыған сүйене отырып мен мекттептегі қашықтықтан оқыту  практикасында бірінші бетпе-бетте алған білімдерімді мектеп ұжымымен таныстырудан бастадым. Мен мұнда жаңа әдіс тәсілдерімді мектеп мұғалімдеріне қалай таныстырсам деген ой болды. Мен осыған дейін өз ойымды топ алдында ашып айта алмайтынмын.  Бірақ осы үшінші негізгі деңгейде мен жақсы оң әсер алдым. Мен курста әркімнің жасалған жұмыстарын қорғау кезінде өзімнің бойымда бір әлсіздіктің жойылғанын байқадым.  Мектеп қабырғасындағы практика кезінде мұғалімдер мен таныстырылымда өз ойымды емін еркін жеткізіп, әріптестеріме  жаңа әдістер арқылы өзімді көшбасшы ретінде көрсете алдым. Мұғалімдерді курстың маңызы мен таныстырып олармен бірінші әңгімелесу, содан кейін мектептің оқыту саласындағы мұғалімнің рөлінің қандай болатынына пікір  алмастыра отырып талқыладық. Содан кейін оларды топқа бөліп, яғни әртүрлі жемістер арқылы бөліп алған жемістердің өзіне тән ерекшеліктерін интербелсенді тақтадан көрсетіп оқып бердім. Мұғалімдер алған жемістердің өздерінің мінез құлықтарына сәйкес келетініне таң қалысты. Олар енді не істейді деп маған қарап тып-тыныш болып отырды, мен  оларға  «Жақсы мектеп, үлгілі ұстаз» деген тақырыпқа  ментальды карта салуға тапсырма бердім. Мұғалімдер қызығушылықпен тапсырмаларды орындап,  өз ойларын ашық айта білді. Содан кейін мен біздің бойымызда қандай қасиеттердің  байқалатынын, немесе осы жұмыстан кейін өздеріңізде қандай әсер алдыңыздар дедім. Әрине басында біраз түсініксіз болғанын айтып жұмыс істеу барысында олар оның маңызын түсініп, бұл курстың ерекшелігін түсініп сабақ қызықты өтті сізге рахмет деп жатты. Біз сіз арқылы көп нәрсе ойымызға түйіп, сабағымызда пайдаланамыз  деп курсқа баруға ниет білдіріп жатты.  Көшбасшы  болу әрине оңай емес, ол үшін асқан шеберлік  талант,  ұтқыр ойлы,  білімді қажет ететіні белгілі. Соны негізге ала отырып, мен өз бойымда ондай қасиеттің аз әліде болса жетілмегенін білетінмін.  Сондықтан да осы қасиеттерді  бойыма жиюға осы курс үлкен әсер ете алды. Мұғалімнің ұстанымы туралы менің пікірім осыдан кейін  өзгере бастады. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан  көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі  жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым   күштірек ықпал етеді деп  айтқан Пажарес (1992ж). Менде осы пікірге сүйене келе мұғалімнің көшбасшылығы оның  нық сенімі мен мықты ұстанымында екенін айтқым келеді. Мен ұстанымымды сабақ беру барысында ғана өзгертпей  әріптестерімнің арасында да басқа жерде де жаңашыл идеялар қалыптастыра білу. Ұстаным арқылы мұғалім кез -келген  ортада, көзқарас қалыптастыра алу қажет. Сол қалыптастырған көзқарас арқылы шешім қабылдап іс-әрекетке көшу.  Мектептегі  іс-тәжірибе басында  көшбасшылық жасау мен үшін қиындау болды. Себебі дәстүрлі сабақ беріп үйреніп қалған тәжірибелі ұстаздар мен білікті мамандар бұған алғашында мойын ұсына қоймады. Мен ол кісілермен  сөйлесе келе курстың маңызын түсіндіре келе біраз болсын оң әсер қалыптастыра бастадым.  Ұстаздардың әрқашан жаңадан-жаңаны тауып отыру керек екенін басып айттым.  Сосын мен мектепте қызмет істеп жүрген мұғалімдердің  көзқарастарын жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп жаңа заманауи мұғалім болуға бағыттау болды.  Бірақ  мен бұл курстың ерекше әдістері арқылы мұғалімдерге өзімнің көшбасшылығымды көрсете алдым. Басқаша айтқанда, мектептегі әріптестерімді қызықтыра отырып, оларды бірлесе жұмыс жасауға шақыру қажет болды. Қазіргі кезде жас ұрпаққа заманына қарай  білімді ұрпақ тәрбиелеу  үшін оқытудың сан алуан  технологиясын пайдалану керек екенін айттым. Жалпы мектептерде болашақ жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру мүғалімнің басты міндеті екенін анық білеміз. Сондықтан әрбір мұғалім саналы ұрпақ тәрбиелеу  үшін, бірінші  өздері саналы түрде қалыптасу  керек.  «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» дегендей  әрқашан мектепте мұғалім көшбасшылық атқара білуі  керек.  Мен  оқушылармен жұмыс істеу барысында әрбір оқушының  пікірі мен санаса отырып,  олардың бойындағы бар қасиеттер айтып көмектесіп   аша білу керек.  Сыныпта мен көшбасшылық жасай отырып  олардың тапсырма істеу барысында да, арасынан көшбасшылық жасап отырғандары да болды.  Мысалы: топқа бөліну барысында оқушылар өздері  таңдап алған қиындылар немесе әріптермен отыру  болғанда Нұрғалым сен ана топқа, сен мұнда ана топта артық оқушы бар екен деп ылғида айтып жүрді.  Жалпы топтық жұмыс барысында да әрбір оқушының жұмыс жасап жатқанына қарап көшбасшы деп атауға болмайды.  Себебі көшбасшы деген жігерлі өз-өзіне деген сенімділігі мен өз ойын еркін жеткізіп басқаларына нұсқау беріп көмек қолын соза алатын оқушыны айтуға болады. Әрбір талантты және дарынды оқушы көшбасшы емес  олар тек жақсы озат оқушы болуы мүмкін. Менің төрт сабағымда әрбір тапсырма бойынша әрбір оқушының  көшбасшылық қабілеті  барма деген көзқараспен оқушыларды зерттеу барысында менің көре алғаным бір-екі оқушы ғана болды.  Олар Б. Нұрғалым мен Х. Жібек болды. Олар әруақта топтарындағы оқушыларға көмектесіп, өздерінің білгенін айтып жұмыс істеу барысында жұмыстың істелу барысын айтып отырады. Мысалы: жаңа сабақты өткізу барысында әр түрлі модульдер «Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және Оқуды бағалау», «АКТ-ны қолдану»  сияқты жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, арқылы  оқушылар бойынан көп өзгерістерді байқадым. Бұрындары сен тимесең мен тимеймін деп отыратын оқушылар, өз ойларын айтатын дәрежеге жетті. Бұл топ басшылыары мен көшбасшылық жасап отырған оқушыларға байланысты деп ойлаймын. Нұрғалым өзінің тобындағы балаларды жұмысқа біріктіре отырып, жұмысты топ мүшелеріне қорғатып өзі артынан толықтырып отырды. Топта тек жұмысты емес қорғап қана қоймай оларға рефлексия жасатып отырды. Мен олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға тырысып оларға әрбір оқушыны сөйлете білуге тапсырдым. Олардың  сабақ оқуларына да әруақытта көмек беріп жүрулерін   ескерттім. Жалпы менің осы курстан өзіме деген сенімділік оянып, талаптансам қолымнан бәрі келетінін  түсіндім. Бұл бағдарлама:                                                                                                                                                        Біріншіден оқыту мен зертеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін оқушыларға қамқорлық көрсете отырып ықпал ететін және бағдар беретін   мұғалімдерге;                                                                                                           Екіншіден әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратынын; сондай- ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерге;                                                                                                                                       Үшіншіден оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін , өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін , оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған  «Бұдан әрі неге қол жеткізу керек?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білетін мұғалімдерге;                                                                                                                                                           Төртіншіден бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерге қосымша көмек ретінде ұсынылады. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады (Нұсқаулық, 9-б).  Бұл бағдарламаның негізгі мақсатыныңт өзі көшбасшылық жасай отырып оқушыларды көшбасшылық жасауға дағдыландыру. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі деген пікір қалыптастырған (Hoyle, 1974ж). Бұнда нақты жаңа тәсіл қолдана отырып , сабақты тиімді өткізуіміз қажет. Қазіргі заман ағымыда жаңаны талап етіп, болашаққа деген нық сеніммен қарай алатын үстаз бен мықты заманауи шәкірт тәрбиеленуді қажет етеді. Болашақта дамыған озық елдердің қатарында болу үшін, әрбір тұлға өмірге сыни көзқараспен қарай білетін, өзіне деген сенімі мол болып, дарыны мен талантына сай болып әруақта көшбасшылық жасай білетін өзіндік мені бар тұлға қажет. Осы тұлғаларды қалыптастыру ұстаздарға байланысты.  Оқыту сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. (Нұсқаулық 87 бет). Мұғалім заман ағымына сай үнемі даму үстінде болу қажет. Даму ол бір сарынды үдеріс емес ол озық техналогияларды  жете меңгеріп,  қазіргі жеткен жетістіктерінен де жақсы жетістіктерге жету қажет.  Міне жаңашыл мұғалімнің  жаңа көзқарастары, озық мемлекеттердің жаңа техналогиялары мен танысып, оны өз тәжірибесінде жетік пайдалана алу. Осы оқып жатқан үш айлық курстың мақсаты да сол. Біз жаңа әдіс- тәсілдерді  үйрені оны тиімді пайдалана алсақ ол біздің жетістігіміз. Оқушыларымызды озық  мемелекеттердің білім деңгейіне жеткізіп, оларды білім нәрі мен сусындатсақ онда ол біздің мақтанышымыз болмақ. Сондықтан әрбір мұғалім білімді әрі саналы түрде көшбасшы бола білу қажет.  Мен өзімнің практикамда өз бойымдағы, барлық  білімімді көрсете отырып, мұғалімдер иен оқушылар арасында көшбасшылық жасай алдым. Біл және білгеніңді басқаларға да үйрете біл деген сөзді негізге ала отырып  өзімнің білегнімді басқаларға жеткізіп, олармен саналы түрде бөлісіп жақсы жақтарын көрсете алдым. Мен  басшылық  жасау тек бұйыру деп ойлайтынмын.  Енді курсқа келгеннен бастап өз ойымның қате екенін біліп,  келешекте ондай қателіктер жібермеуге үйрендім.  Бір рет қателесу мың рет сүріну мен бірдей деп текке айтылмағанын түсіндім.   Жалпы мұғалім  оқушыларды   және өзі-өзі дамыту деген негізде алсақта болады.  Кез- келген істің өзінің  көшбасшысы болады. Мұғалім де өзінің жұмысын жетік меңгеріп , сол жұмысының көшбасшысы бола алады.  Өзің көшбасшы  болу арқылы,  оқушылардың да көшбасшылық қасиеттерін аша білу қажет. Бұл  мұғалімнің асқан шеберлігі.  Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін.                                                                                                                                                                                                  Біріншіден іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;                                                                                Екіншіден өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен  стратегиялық шешім қабылдауға.

 Үшіншіден  бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;                                                    төртіншіден кәсіби білімді құруға және таратуға міндетті (Нұсқаулық, 88-б ).

Мұғалімнің көшбасшылығы тек білім берумен ғана шектелмей, ол кез-келген істің басында белсенділік танытып ұйымдастыру  шеберлігінің мықты болуы. Көшбасшылық  жасау  ол көбінесе  талантты және дарынды балалардың  бойынан табылатын  қасиет.  Кейбіреулері өзінің бойындағы қасиеттің барын аңғармайды. Сондай қасиеттерді аша білу мұғалімнің басты міндеттерінің бірі деп ойлай білемін. Мұғалім жай ғана оқытушы емес , ол сонымен қатар өзінің сабақ беріп жүрген сыныптарының алдында көшбасшы бола білу қажет.  Яғни әрбір ұстаз осы атауға лайық болуы тиісті және өзінің алдында отырған оқушыларды басқара білуі қажет.  Сонымен қатар олардың әрбір жұмыстарын  қадағалап, олардың пікірін тыңдай отырып айтқан пікірлеріне тиісті бағаларын беріп, олардың өз идеяларын  ашып айта алатын, сабақ барысында өзін еркін  ұстай білуге мүмкіндік жасай блуі керек.  Әрине  бұл білімді жай ғана қалыптастыру оңай емес. Мен оқушылардың  білім алуына олардың саналы қалыптасуына  бағдарлама да бірінші бетпе-бетте  үйренген әдіс тәсілдерімді   пайдаландым.  Көптеген стратегияларды қолдана отырып олардың  білім қалыптастыра алуларына  ықпал еттім.  Мысалы: практика барысында өткізілген төрт сабағымның барлығында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткіздім. Сабағымды шаттық шеңбермен бастап , топқа бөлу арқылы жалғастырып, негізгі стартегиям «Маршрут картасы», «Вен диаграммасы», «SWOT» талдау және «Пикассо» стратегиясы болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып,  сабақ барысының өзгешелігіне мән бере бастады. Сабақтарымды үнемі жеті модуль  аясында өткізуге тырыстым .  Солардың  ішіндегі «Оқуды басқару және көшбасшылыққа» көбірек назар аудардым. Сыныптағы  көшбасшыны анықтауды бірінші сабағымнан бастап зертеумен болдым. Жоғарыда айтқандай Нұрғалым топ арасында  көшбасшылық жасап отырды. Ол әрбір тапсырманың тиянақты орындалуын қадағалап, топ мүшелерін жұмыс істеуге тарта білді. Сабақты кезекпен айтқызып  өзі толықтырып кері байланыс жасап отырды. Оның сабақ үлгерімі өте жақсы оқушылар қатарында.  Ол сабақ барысында ғана емес жай жүргенде де достарына қол үшін беріп жүретінін байқадым.  Мен курстан кейін барлық оқушылармен біркелкі жұмыс жасай отырып,олардың бойындағы әлі ашылмай жатқан қасиеттерін ашып, әрбіреуіне  көшбасшылық  жасай білуге үйретуді  қолға аламын.  Топпен жұмыс жасаудың ерекшелігі , олар бір-бірі мен санасады, өз ойларын ортаға салып бір шешім қабылдауға үйренеді.  Араларында көшбасшылық қабілеттері күннен-күнге дами түседі.  Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс  мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру  де мұғалімнің  өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді (Нұсқаулық, 88-б). Я.А.Коменскийдің  «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл,  жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида екені сөзсіз. Мұғалім – мектептің жүрегі іспеттес, ал мұғалімнің ішкі жан дүниесі руханй байлыққа кенелген кезде ғана мектепке түбегейлі өзеріс енгізе отырып, өзі көшбасшылық жасайды. Кез-келген  мұғалм көшбасшы бола бермейді, тек бойында мол күш жігері бар өміоге деген көзқарастары,мен құзіреттілігі жоғары мұғалімнің қолынан келеді.  «Мен неге өзгеруім керек?» деген сұрақты қоғам талабы ретінде қарап, бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс. Осы деңгейлік курстан өтіу  барысында мұғалімдік  ұстанымым  өзгеріп, шешім қабылдауда өзіме  деген сенімділіктің артқаны байқалаұғалімнің көшбасшылығы оның терең білімділігінде екеніне ешкім күман клтіре алмайды. Өзінің шебер ұйымдастырушылығы арқылы өз тобын жинап құзіреттілік таныта білетін мұғалім ғана өз ортасына беделді әрі көшбасшы бола алады.  Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе аласа мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы-көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға барынша көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастары мен топты алға сүйрейді.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә. Назарбаев.  Елбасымыз сөзге тиек етіп  отырғаны ертеңгі ұрпақтың  болашағы жайлы, әрине оларды тәрбиелеп білім нәрін себетін жаңа фарматтағы жаңаша ойлай білетін, озық техналогияларды жетік меңгерген рефлективті  практик  екені  белгілі. 

   Қорыта келе, бойында  көшбасшылық қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына,  сенімі және  ақылдылығы мен парасаттылық  қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары  қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің  өзіне деген сенімділігі мен  қабілетін,  күш-жігерін  бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет.                                                                                                         

 

Әдебиеттер:

1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі)  деңгей

2.  Құндылықтар, ұстаным және тәжірбедегі іс-әрекет,  Таратпа материал 1-апта, 4-күн.

 

 

Добавить комментарий