Компьютерлік графика
Курстың бағдарламасы
(аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат)
Түсінік хат
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Бұл бағдарлама Photoshop, CorelDraw, Macromedia Flash программаларын оқытуға арналған курс негізінде жасалған. Оқулық кіріспеден, тақырыптан және өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар мен тапсырмалардан, лабораториялық жұмыстардан тұрады. Бұл әдістеме оқушылардың назарын курстың негізгі идеялары мен әдістеріне аудара отырып, мұғалімнің оқытуды жақсырақ ұйымдастыруына көмектеседі. Мұнда мұғалім барлық оқушылар игеруіне тиісті білімнің кепілдік деңгейіне берілген міндетті сұрақтар мен жаттығулар тізімін де басшылыққа алады. Әдістемелік нұсқауда тақырыпты оқытудың мақсаты, жаңа оқу материалын түсіндіру әдістемесінің элементтері, оқушының назарын неге аудару керектігі жөнінде кеңестер, тақырыпты түсіндіру процесінің нақты жағдайлары көрсетілген.
Оқушылардың білімі терендеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.
Қазіргі маманға қойылатын талаптар:
- Қазіргі маман үзіліссіз білім алу керек;
- Білімді қашықтықтан алу мүмкіндігі бар;
- Әртүрлі курстарды, білім облыстарын өзі таңдап ала алады;
Осы курс оқушылардың жан-жақты дамуына және информатика пәнін жетік меңгеруіне септігін тигізеді деп сенеміз.
Курстың тақырыптық жоспары
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат |
|
|
І. Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу /11 сағат/ |
34 |
|
1 |
Компьютерлік графика: векторлық және растрлық |
1 |
|
2 |
Векторлық және растрлық форматтар. Графиктік мәліметтерді сығу тәсілдері. Түрлі форматтағы бейнелерді сақтау тәсілдері. |
1 |
|
3 |
Adobe Photoshop бағдарламасының жұмыс экраны. Мәзір ерекшеліктері. Жұмыс өрісі. Құралдар тақтасы |
1 |
|
4 |
Құрал-саймандар. Adobe Photoshop интерфейсінің элементтері. |
1 |
|
5 |
Құжатты ашу және сақтау |
1 |
|
6 |
Белгілеу режимі |
1 |
|
7 |
Түстік режимдер және үлгілер |
1 |
|
8-9 |
Түсті орнату |
2 |
|
10-11 |
Маскалар және каналдар |
2 |
|
|
ІІ. Қабаттармен жұмыс істеудің негіздері /4 сағат/ |
|
|
12-13 |
Қабаттар. Қабат эффектілері. Қабатты трансформациялау. Қабаттардың ретін өзгерту. |
1 |
|
14 |
Өз фотосуреті бойынша фотомонтаж құру. |
1 |
|
15 |
Өздік жұмыс: «Көпқабатты бейне құру». |
1 |
|
|
ІІІ. Коллаждар құру /7 сағат/ |
|
|
16 |
Фильтрлер /сүзгілер/. Фильтрлермен жұмыс. |
1 |
|
17 |
Коллаж, оларды құру тәсілдері. |
1 |
|
18 |
Adobe Photoshop –тағы мәтін – лапылдаған және мұзданған жазулар. |
1 |
|
19 |
Арнайы эфектілер |
1 |
|
20-21 |
Суретке мәтін қосу. |
1 |
|
22 |
Жоба құру. |
2 |
|
|
IV.Түрлендірілген графика құру /5 сағат/ |
|
|
23-24 |
Түрлендіру. Бейненің өлшемін өзгерту. Белгіленген аймақты бұру. |
2 |
|
25 |
Ақ-қара фотосуреттерді қалпына келтіру |
1 |
|
26 |
«Жаңажылдық открытка» жобасын құру. |
1 |
|
27 |
«Мерекелік открытка» макетін құру жобасын қорғау. |
1 |
|
|
V. Практикалық бөлім /7 сағат/ |
|
|
28 |
Лабораториялық жұмыс №.1. Жаңа бейнелерді құру |
1 |
|
29 |
Лабораториялық жұмыс №2 Лассо топтарының құралдары |
1 |
|
30 |
Лабораториялық жұмыс №3. Сиқырлы таяқша құралы |
1 |
|
31-32 |
Лабораториялық жұмыс №4. Бейнелерге сурет салу мен редакторлау |
2 |
|
33 |
Лабораториялық жұмыс №5. Тамшылаған мәтіндер |
1 |
|
34 |
Қорытынды сынақ. |
1 |
|
|
CorelDraw! программасының мазмұны |
34 |
|
35-36 |
CorelDraw! программасын орнату. Жүйелік талаптар. |
2 |
|
37-38 |
Векторлық графика. Клон, объект-құжаттың фрагменті, свиток-владка-әр түрлі эффектілер жасау үшін керекті қосымша құралдар тақтасы. |
2 |
|
39-40 |
Құралдар тақтасы. Батырмалар, қосымша батырмалар.Бет параметрлерін қою. Түс палитрасын экранға шығару және алып тастау. |
2 |
|
41-42 |
Corel Draw бағдарламалық пакет |
2 |
|
43-44 |
Corel Draw – құралдар |
2 |
|
45-46 |
Corel Draw – объектілер |
2 |
|
47-48 |
Corel Draw – мәтінмен жұмыс. Мәтінді өндеу |
2 |
|
49-50 |
Corel және WEB |
2 |
|
51-52 |
Графикалық файлдардың форматы |
2 |
|
53-54 |
Иллюстрацияларды құру, ашу, сақтау. Беттер қосу, алып тастау. Көшіру, өшіру, қою операциялары. |
2 |
|
55-56 |
Көру масштабы. Объектілерді белгілеп алу, біріктіру, ажырату |
2 |
|
57-58 |
Практикалық жұмыс |
2 |
|
59-60 |
Құю эффектілері |
2 |
|
61-62 |
Сызықтар. перспектива. Фигураларды бір-біріне енгізу, шығару |
2 |
|
63-64 |
Графиканы фон ретінде жасау |
2 |
|
65-66 |
WEB парақты блокнот арқылы құру |
2 |
|
67-68 |
Брошюрка, буклеттер жасау. Шығармашылық жұмыс. |
2 |
|
|
Macromedia Flash |
34 |
|
69-70 |
Flash ортасы және құрал-саймандары. Панельдер тобы. Қасиеттер терезесі. Free Transform құралы. Break Apart, Distribute to Layers және Snap to Pixels командалары. |
2 |
|
71-72 |
Flash интерфейсі |
2 |
|
73-74 |
Құрал-саймандар панелі |
2 |
|
75-76 |
Flash параметрлері. Редакторлеу параметрлері |
2 |
|
77-78 |
Еркертпелерді жасау. ActionScript редакторының параметрлері |
2 |
|
79-80 |
Flash-те сурет салу. Векторлық графикамен танысу. Сурет салу құралдарын қолдану |
2 |
|
81-82 |
Суреттерді редакторлеу |
2 |
|
83 |
Құю құралын пайдалану |
1 |
|
84-85 |
Flash-те растрлік бейнелерді қолдану. Растрлік бейнелерді импорттау |
2 |
|
86-87 |
Мәтінмен жұмыс |
2 |
|
88 |
Практикалық жұмыс |
1 |
|
89-90 |
Анимация және дыбыс. Символдар. Кітапхана элементтері |
2 |
|
91 |
Символдарды жасау, редакторлеу |
1 |
|
92 |
Flash-те анимация жасау |
1 |
|
93 |
Flash-те мултипликациямен жұмыс |
1 |
|
94 |
Дыбысты пайдалану |
1 |
|
95 |
Кнопкалар, берілгендерді енгізу менюі және өрісі |
1 |
|
96 |
Компоненттерді қолдану |
1 |
|
97 |
Flash-те видео жасау |
1 |
|
98-99 |
Импортталған видеомен жұмыс |
2 |
|
100 |
Видеоны ойнатуды басқару |
1 |
|
101 |
Шығармашылық жұмыс |
1 |
|
102 |
Қорытынды |
1 |
|
Қолданылған әдебиеттер:
- Г.Ә. Жапарова «Информатика негіздері»
- Ксенакис Д., Левисей Б. PhotoShop 6. СПб.:”Питер”, 2002.
- Панкратова Т. Photo Shop 6. СПб. “Питер” , 2001.
- Шпаковский М. Лучшее программное обеспечение для персонального компьютера. М.: Оверлей, 2000.
- Коцюбинский А.О. Компьютер для художника. М.: Триумф, 2000.
- Боути Г.Д. Внутренний мир Adobe Photoshop 5. Киев. Dia Soft. 1998.
- Мак-Клелланд Д. Photoshop 6 для чайников. М. Диалектика, 2001
- Допечатная подготовка. Руководство дизайнера. Пер.с англ. М.: Изд. дом «Вильямс», 2002.
- Реиз К. 6. Освой самостоятельно за 24 часа. М.: Изд.дом. «Вильямс», 2001.
- Залогова Л.А. Практикум по компьютерной графике. М.: Лаборатория базовых знаний. 2002.
- Corel Draw – полное руководство, четвертое издание, М:, «Энтроп», 1998г.
- Ксенакис Д., Левисей Б. PhotoShop 6. СПб.:”Питер”, 2002.
- Corel Draw – электронное руководство.