Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Рысқалиева Қымбат Рысқалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы. Шартты рай, бұйрық рай.
Сабақтың мақсаты:
1\\ оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтыра түсу;
2\\оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру;
3\\өнерге және өнер адамдарына құрмет көрсетуге, халқымыздың мәдени дамуына үлес қосуына, еліміздің білікті азаматы болуына, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, тарих .
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, мұражайдағы суреттері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Балаларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Презентацияларын көрсетіп, қосымша мәлімет бойынша дайындалып, түсіндіреді.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Біз, қазір «Қазақстан суретшілері» атты тараумен жұмыс жасаудамыз. Бұл тарауда қазақтың елге танымал болған тұлғалары туралы мәтіндерді оқып, танысып жатырмыз. Ал бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы».
Бүгін біз осы мұражайға саяхат жасаймыз.
Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы құрылғаннан бері — еліміздегі өнер саласындағы белгілі ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағарту орталығы болып саналады. Мұражайдағы бай және алуан түрлі жинақтар Қазақстан, Еуропа, Ресей, Шығыс және басқа да елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы айқын түсінік бере отырып, бұрынғы және қазіргі кездегі шеберлер шығармашылығымен таныстыра алады .
Бүгінгі таңда мұражай қорында 22 000-нан аса экспонаттар жинақталған. Әлемдік және ұлттық мәдени құндылықтарымыз мұражайдың 14 залына іріктелініп қойылған… (слайд арқылы таныстыру)
\»Қазақстан бейнелеу өнері\» залында республикамызда ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ә.Қастеев, И.Исмаилов, А. Черкасский, Л. Леонтьев, К. Тельжанов, А. Галимбаева, С. Мәмбеев, Х. Наурызбаев, А. Айтбаев, А. Садыханов, Е. Мергенов, Т. Тоғысбаев сияқты суретшілердің туындылары қойылған.
Орыс өнері қойылымында ХІІІ-ХХ ғасырларда жасалынған, ежелгі орыс өнерінің кейінгі, соңғы кезеңіне жататын еңбектерімен таныса аламыз. Орыс өнері жинағында Ф. Рокотова, Д.Левицкий, К.Брюллов, И.Репин, И.Крамскийдің туындылары ұсынылады.
Мұражайда Батыс еуропа елдерінің тамаша қойылымдарымен де танысуға болдады. Экспозицияда ХVІ-ХІХ ғасырдағы Италия, Фламандия, Голландия, Германия. Франция елдерінде көркемсурет мектептерін ұйымдастырушы өнер шеберлерініңи туындылары жинақталған. Атап кетер болсақ: Камбиазо, Саверея, Дюге, Остаде, Коро, Добиньи, Гудона, Куазево сияқты атақты қылқалам шеберлері.
Шығыс халықтарының өнер қоры Қытай, Жапон, Үндістан, Корей елдерінің, сондай-ақ дүнген, ұйғыр, тибет халықтарының қолөнер бұйымдарынан жинақталған. Олар қола, тас, ағаш, фарфор, лакталған, эмальмен сыланған, кестеленген бұйымдардан құралады.
Ережелерді қайталап, тапсырмаларды орындау.
- Қазақстан бейнелеу өнері. Мүсін, графика, кескіндеме бойынша суреттерді дұрыс орналастыру.
- Әбілхан Қастеевтің туындыларымен танысу
- Етістіктердің райларын ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіру
І топ
Ер жігіт айтпайды,
Айтса, қайтпайды.
Оқи берсең, көзің ашылады,
Отыра берсең, жалқаулық басады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
ІІ топ
Арлы-ожданды бол!
Намысыңды жастан сақта!
Халқыңды алалама!
Жақыныңды жаралама!
Құдай жарылқасын, бай қылсын,
Төрт түлігін сай қылсын!
ІІІ топ
Менің Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайына барғым келеді.
Біздің еліміздің туындыларын тағы да бір көргім келеді.
Сурет, картиналармен жақынырақ танысқым келеді.
Қорытынды.
Кітаппен жұмыс.
Үйге тапсырма: Диалог бойынша әңгімелеу.
Бағалау.