Дүниетану Су

ШҚО          

Семей қаласы

 «№ 22 ЖОББМ» КММ

 Бастауыш  сынып  мұғалімі

 Мухамедхан Жанар  Койшановна

Сабақтың тақырыбы:  Су

 Пән:  Дүниетану

Білімділік:Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналысын, жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер, оның географиялық орны, шаруашылық мәні, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Суды қорғау туралы әңгімелеу.
Дамытушылық: Экологиялық сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру мен қорғау мүддеміз екенін білу. Суын ішіп ауасын жұтып отырған табиғат ананы қорғап аялауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: карта, су, сүт, суреттер.
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылықты ояту. Көзді жұмып дыбысты есту.
Су дегеніміз не…..
II. Ой жинақтау:
— Судың қасиеттері қандай?
— Суда не ериді, не ерімейді?
— Судың маңызы қандай?
— Суда тіршілік ететіндер нелер?
— Су маңында тіршілік ететіндер нелер?
III. Жаңа сабақ:
Су жеріміздің үш бөлігін алып жатыр. Қазақстанда сексен бес мыңға жуық өзендер бар. Соның ішінде Ертіс, Тобыл, Есіл, Шу, Іле, Сырдария, Жайық өзендерінің ұзындығы мың километр.
Ал сендер біздің жерімізде қандай өзендерді білесіңдер?
— Есіл
— Дұрыс балалар ол Есіл. (Есіл өзені видео, Музарт Есіл ағады)
Картамен жұмыс:
Есіл өзені орталық Қазақстаннан Нияз тауларынан басталып, Ресейде Ертіс өзеніне құяды екен.
— Өзен өзі салған арнамен ағатын су ағыны.
Көл — жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар. Үлкен көлдер теңіз деп аталады. Өзен, көл, теңіз, мұхит — табиғи суқоймалар.
Сызбамен жұмыс:
Бастау — өзен басталатын орын. Жер астынан шығатын бұлақ, батпақ, көл немесе таудағы мұздық болуы мүмкін. Өзен еңіске қарай ағады.
Ағыс — өзендегі су қозғалысы. Ағып келе жатқан өзенге жолдан басқа да бұлақтар мен өзендер қосылып, суын құяды. Оларды сала деп атайды. Соңына қарай өзен суы молайып, көлге, теңізге келіп қосылады. Саға — өзеннің басқа суқоймаға құятын жерін атаймыз. Адамдар сонымен қатар жер асты суын пайдаланады.
Жер асты суы — жер қойнауындағы бос орында және жарықтарды болатын су. Олар жаңбыр немесе еріген көл суының жерге сіңуінен пайда болады. Су құмды, шаңғыл, тасты тастақ жер арқылы оңай өтеді де, әрі қарай тереңге өткізбейтін қалың қабатқа келіп жиналады. Бұл су өткізбейтін қабат деп аталады. Ол саз бен граниттен тұрады. Су осы жерде тоқтап жинала береді. Көп жиналған кезде бұл су еңіс жақтан жер бетіне шығатын жол іздейді.
Жол тапқан су жер бетіне бұлақ болып ағып шығады.
Жер бетіне шыға алмайтын су да болады, ондай жерден құдық қазады. Құдықтың тереңдігі: 2м, 4м, 8м болуы мүмкін.
Сергіту сәті:
Ал, балалар бір ауық,
Дұрыс бұрысты ұғалық.
Дұрыс болса, отырып,
Бұрыс болса, тұралық.
— Суды жейміз (тұр)
— Суды ішеміз (отыр)
— Сумен жуынамыз (отыр)
— Су қатпайды (тұр)
— Су сұйық зат (отыр)
Оқулықпен жұмыс:
1 Мәтіннен жасырын ақпаратты іздеп тап.
— Артезиан құдығы.
Су қабаты терең жатса, бұрғылау машинасымен жерге тесік жасап оған құбыр түсіреді. Су құбыр бойымен сыртқа шығады. Бұл Артезиан құдығы деп аталады.
Өзен, көлдерді не үшін пайдаланады?
— Егістікке, бау бақшаға, малдарды суаруға — ауыз суына пайдаланады.
Сабақты қорыту:
Сонымен қатар жер асты суларына минералды сулар жатады.
— Олардың қандай пайдасы бар?
— Шипалық, емдік қасиеті бар.
— Құлагер Арасан, Сарыағаш, Асу, Тассай т. б.
Қандай су қоймалар болады дедік?
Өзен көл теңіз мұхит
Осы өзін, көлдердің суы неге ластанады?
Суретпен жұмыс:
Суды ластаудың басты себебін анықтаңдар. (Сурет бойынша жұмыс)
«Сусыз тіршілік жоқ» эссе.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тірлік тамам бауырым
Судың біздер біле тура маңызын,
Көп болған соң, ұмытамыз, қадірін, — деп сабағымды аяқтағым келеді.
Үйге тапсырма: Біздің жерімізден шығатын минералды су туралы ақпарат жинау. 43 — 45 бет оқып, мазмұндау.

 

Добавить комментарий