Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту

Солтүстік
Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Талшық орта
мектебі

Бастауыш сынып
мұғалімі: Хасенова Разия Жумашевна

Солтүстік
Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Талшық орта
мектебі

Бастауыш сынып
мұғалімі: Хасенова Разия Жумашевна

Сабақтың тақырыбы:  Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен орындалатын амалдардың ұқсастығына сүйене
отырып, сандарды және шамаларды қосу мен азайтудың үлгісін көрсетіп беру, сандарды
оқу, жазу, жіктеу.

2. Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау, есептеу қабіліттерін дамыту,
тиянақты жауап беруді талап ету.

3. Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге дағдыландыру,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойындар, әңгімелеу.

Көрнекілігі: слайд, карточкалар.

                                Сабақтың
барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Қонақ күту салтымыз,

                                            Оқып-біліп жатырмыз,

                                            Келген қонақ сіздерге,

                                            Сәлем бердік жалпымыз.

ІІ. Психологиялық дайындық: Бір, екі,үш,

                                                        
Сынып іші тып-тыныш.

                                                        
Жалқаулықты тастаймыз,

                                                        
Сабақты біз бастаймыз.

ІІІ. Мұғалім:

Балалар, біздің бүгінгі
сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға білімдерімізді көрсетеміз.

IV.Өткен сабақтарды пысықтау:

-Ерте,ерте,ертеде, ешкі
жүні бөртеде әлемді таң қалдырған орда болыпты. Оны ақылды, білімгер математика
басқарыпты. Математика өз ордасына жалқаулармен түк білмейтіндерді кіргізбейді
екен. Алыптың «Әтеш» атты уәзірі болыпты. Ол математикаға арнап былай депті:

Есептеуге жүйрік болмаң
жасыңнан,

Математикаға орын берсең
басыңнан.

Барлық ғылым саған үйір
болады,

Досың солар табылатын
қасыңнан- деп өлең жазған екен.

-Ендеше, балалар, бәріміз
есептерді дұрыс шығарып, мына математика орадсында гүлдемей қалған алма
ағаштарына көмектесуіміз керек.

Мыстан кемпір келеді:

Ха,ха,ха.Бұл ағаш
мәңгілікке гүлдемейді мен оны сиқырлап тастағанмын. Бұл ағашты тек математиканы
жүйрік білетін балалар ғана гүлдете алады. Ол үшін менің шарттарымды
орыңдандар? Менің тапсырмамды дұрыс орындасаңдар ғана менің күшім жойылады.

1 тапсырма: Бос орынды
тап.


 

2 тапсырма: Үш сызықпен
қояндарды  сәбіздерден бөлу.


V.Дәптермен жұмыс: Бір, екі, үш

                                     Бойға жина күш

                                     Қолға қалам алайық

                                     Көкрем етіп жазайық.

-Дәптерімізді ашып
бүгінгі ай, күнді және көркем жазу жазмыз.


Неше элементтер бар?
Қандай екі саннан тұрады

Үш сан туралы не білеміз?

VI.Жаңа тақырыбы:

-Балалар, біз сандарды
және шамаларды ауызша қосу және азайту тәсілдерімен бұрыннан таныспыз. Ал,
бүгінгі сабағымыз жүздіктерді ондықтарға және бірліктерге келтіру, ірі өлшем
бірлігінен ұсақ өлшем бірлігіне ауысу және керісінше орындау. Үштаңбалы
сандарды, сәйкес шамаларды ауызша қосып, азайтуды үйренеміз.

Оқулық пен жұмыс: 212
бет, №1


Әр бағандағы теңдіктерге
сәйкес азайтумен байланысты теңдіктер құр.

VII. Балық аулау ойыны.

Көп білетін оқушы,

Тақта алдына келеді.

Теңдеулердің шемімін,

Дұрыс тауып береді.

213бет, №6

Х+61=59+18                                   х-13=28+36

VIII. Сергіту сәті

ІХ.Сөз есеп шығару.

Мектеп ауласына  15 түп алма ағашы  және одан 5 түп кем қайың отырғызылды. Мектеп
ауласына қанша ағаштар отырғызылды?

Алма ағашы-15 түп    

                                         ?          

Қайың ағашы-? 5 түп кем                

<!—
[if !supportLists]
—>
1)    
<!—
[endif]
—>
15-5=10  (т)

<!—
[if !supportLists]
—>
2)    
<!—
[endif]
—>
15+10=25 (т)

Жауабы: Барлығы ағаштар
25түп.

Х. Өзіндік жұмыс.


ХІ. «Топ-топ ойыны»

<!—
[if !supportLists]
—>
1)    
<!—
[endif]
—>
Аулада 12 бала ойнап жүр. Оның 7-еуі ұлдар,
ал қалғандары қыз балалар. Неше қыз бала ойнап жүр.

<!—
[if !supportLists]
—>
2)    
<!—
[endif]
—>
Қолымда жиырма алма,

Бесеуін бердім
апама,

Бесеуін алды атам
да.

Бесеуін бердім
әкеме

Нешеуі қалды
өзімде?

ХІІ. Қорытындылау: ал балалар, сендер жалмауыз кемпірдің
тапсырмасының барлығын орындадыңдар! Жалмауыз кемпірдің күші азайды. Жалмауыз
кемпір не дейді екен.

Жалмауыз кемпірдің сөзі: Ой, балалар, сендер қандай білгіш едіңдер.
Менің күшім жойылды, есепті жақсы шығарады екенсіңдер. Мына ағашты күтіп,
гүлдетіп, жемісін жеңдер. Сау болыңдар!

ХІІІ. Рефлексия:

Бағалау.

 

Добавить комментарий