Менің сүйікті пәндерім 4 класс

Северо-Казахстанская область
Тайыншинский район
КГУ «СШ № 4 г. Тайынша»
Жукенова Корлан Мукашевна

Сабақтың тақырыбы:
Менің сүйікті пәндерім
4 класс
Сабақтың мақсаты:
«Менің сүйікті пәндерім» тақырыбы бойынша білімдерін молайту.
Міндеттері:
Жуан және жіңішке сөздерді ажырата алуға машықтандыру.
Сауатты жазуға дағдыландыру, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту;
Білімге қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту
Әдісі:түсіндіру,талдау,әңгімелеу
Көрнекілік: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Сәлеметсіздер ме, балалар! Қонақтарымызбен амандасайық. Отырыңдар. Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ?
1.Бүгін қай күн?
2. Қазір қай жыл мезгілі?
3. Қөктем айлары қай айлар? Жақсы, рахмет, отырыңдар.
Балалар, біз бүгінгі сабақта «Менің сүйікті пәндерім» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысып, оларды белсенді қолдануға үйренеміз және әр түрлі жаттығуларды орындаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тіл дамыту:
Ал, біріншіден, үй тапсырмасын тексерейік. Балалар, сендер үйден пән атауларын жаттап келдіңдер.
1. Мына адасқан әріптерден пән атауларын тауып, жазыңдар.
Слайдтармен жұмыс.
Үй жұмысын тексеру
Адасқан әріптер

Атакимемта —
Тедиәбе —
Ақақз ітлі —
Рысо іліт —
Анығшыл лііт —
Түдиануен —
Азымку —

ІІІ. Сөздік жұмыс.
Жаңа тақырып бойынша мына сөздерді меңгеріп, қолдануын үйренейік.
1. Тыңдаңдар, қайталаңдар.
2. Ал енді осы сөздерді сөздік дәптерлеріне көшіріп жазыңдар.
3. Сөз тіркестерін және сөйлем құрастырыңдар.
Тапсырманы қалай орындадық, көрейік. Жақсы орындаппыз.

ІV. Мәтінмен жұмыс.
1. Оқулықты ашыңдар, 14-бет. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңдар.
2. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойындар:
Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің сүйікті пәндерім – қазақ тілі,әдебиеттік оқу, математика, бейнелеу өнері.Қазақ тілі сабағында біз дұрыс сөйлеуді, сөздерді аударуды үйренеміз. Әдебиеттік оқу сабағында мен өлең оқуды жақсы көремін. Математика сабағында түрліесептерді шығаруды үйрендік. Ал бейнелеу өнерінде қызықты суреттер саламыз.
Дұрыс орындадық па, көрейік. Дұрыс екен.
V. Жұптық жұмыс.
Ал, балалар, бүгінгі жаңа сөздерді және оқыған мәтінді қолданып шағын диалогтар құрастырыңдар. Өз сүйікті пәндерің туралы сұрақ қойып, сол сабақтарда не істейсіңдер, аңықтап бір бірінен сұраңдар. Тіл дамыту дәптерлеріңді ашыңдар, сол дәптерлеріне диалогтарыңды жазыңдар.
Кім дайын? Ал, тыңдайық. Балалар, біз біраз жұмыс істеп, атқардық. Енді демалайық.
Сергіту сәті
VІ. Жазбаша жұмыс.
Жақсы демалдық, енді сабағымызды жалғастырайық. Жұмыс дәптерлерінді ашыңдар, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар. Оқулықтың 14-ші бетін ашыңдар, 2- жаттығуды орыңдаймыз. Не істеу керек екен? Лиза, тапсырмасын оқы. Жақсы, ендеше, бірінші бағанға 4 жуан сөзді, ал екінші бағанға 4 жіңішке сөзді теріп жазыңдар. Тақтаға кім шығады?
Қалай орындадық екен, көрейік. Жақсы орындаппыз.
VІІ. Ой-өрісін дамыту:
1.Сөзжұмбақты шешу, жауап сөзіне фонетикалық талдау жасау.
2.Талдауды тексеру, әр дыбысты бір оқушыға тақтаға талдату.
Балалар, біз бүгінгі сабақта бірнеше тапсырмалар орындадық.
Ал, енді сабақта не білгенімізді бекітеміз.
3. «Дұрыс, бұрыс» жұмысын жасау
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін қандай пәндер туралы айттық?
Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Бүгінгі сабақта қандай тапсырмаларды орындадық?
Оқушылар білімі бағаланады.
Балалар, бүгінгі сабақты мақалмен аяқтаймыз.

Добавить комментарий