Атығаева Әсем Шағыманқызы
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Рудный орта мектебі
Білімім- жоғары
Қазақ тілі мұғалімі
Пәні:Қазақ тілі
Сыныбы:5а
Тақырыбы:Антонимдер.
Мақсаты:Антонимдер мен болымды,болымсыздық мағыналарды айыра білуге бағыттау.
Міндеттері: 1.Білімділік: Оқушыларға антонимдер туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
3.Тәрбиелік; Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Түрі:аралас
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,пікірталас,сахналау/диалогтікоқыту/ қызығушылықты ояту.миға шабуыл, ой қозғау/сыни тұрғыдан ойлау/.
Көрнелігі:интерактивті тақта, ресурстар,ватман, түрлі қарындаштар.
Нәтижесі:Өз пікірін қорғай алу,дәлелдей алады,әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Сабақтың барысы:
№ Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. «Ризашылық» әнін айтады.
Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушылармен «Бәйге» ойынын ойнаймыз.
Сұрақтары:
1. Көп мағыналы дегенді қалай түсінесің?
2. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
3.Көп мағыналы сөздер қалай жасалады?
Топқа бөлу.
Психологиялық дайындық кезеңінде оқушылар шаттық шеңберіне тұрып
«Ризашылық»әнін айтады.
Ризамыз бүгінге
Ризамыз бүгінге
Ризамыз бүгінге
Ризамыз қазірге
Ризамыз қазірге
Ризамыз қазірге
Ризамыз,ризамыз,ризамыз қазірге
Ризамыз,ризамыз,ризамыз бүгінге.
Оқушылар ағаштан жасалған аттарға ат қойып,бәйгеге қатысады.Әр сұраққа берілген дұрыс жауап үшін алға бір қадам жасайды.
Оқушылар сапқа тұрып, бойларын өлшеу арқылы топқа бөлінеді.
2 Тұсаукесер. Қызығушылықты ояту.
Бір диуана ел аралап,шаһардан шаһар кешіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді екен. Оның айтар сөзі ,берер батасы«жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»деген мақал болса екен.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы-
Антонимдер.
Негізгі бөлім.Интерактивті тақтадағы диаграмма арқылы жаңа сабаққа бағыт-бағдар беру.
Антонимдер мен болымды,болымсыздық мағыналы сөздермен салыстыра отырып, талдау.
Оқулықпен жұмыс.
Екі топқа берілген сөздерге омонимдес,антонимдес,
синонимдес сыңарларын тауып жазу.
Мәтінмен жұмыс.
Зерттеу кезеңі.
Сергіту сәті.Жүректен жүрекке.
Шығармашылық кезең.
Ой толғау жазу.
Диаграммаға қарап отырып,өз мысалдарын айтып, дәлелдейді.
Бірінші топқа құпия,жас
Екінші топқа шық, тіл
Топтарға мәтіндер таратылады,мәтінді оқып, ат қойып,мәтіннен антоним сөздерді табу.
Ақын Қадыр Мырзалиевтің өлең кітаптарынан антоним кездескен бір -екі шумақ өлеңдерін дәптерге жазу.
Жігер деген –Мен
Күш деген-Мен
Махаббат деген-Мен
Кешірім деген-Мен
Жастық деген-Мен
Денсаулық деген-Мен
Ақылдылық деген-Мен
Жарқындық деген-Мен
Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда.
Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің?
Егер сенің қолыңа ғажайып сиқырлы таяқ түссе , қайтер едің
3 Қорытынды бөлім.
Екі топ Венн диаграммасын толтырады.
Үй жұмысы.Антонимдерге көркем әдебиеттен мысалдар жазу.
Оқулықта 93-жаттығу.Өлеңнен антонимдерді теріп жазу.
INSERT –картасын толтыру.
Не үйрендім? Не білдім?
Нені білгім келеді?
Кері байланыс.Екі жұлдыз,бір тілек.
Бағалау.Өзін-өзі бағалау.Топтық бағалау. Екі топ Венн диаграммасын толтыру арқылы антоним сөздер мен болымды,болымсыздық мағыналы сөздердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазады.Сабаққа баға береді.
Оқушылар сабақ бойы өздерін бағалайды.