Павлодар қаласының
«№13 ЖОМ» ММ
доклад
АҚПАРАТТЫҚ- ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ТИІМДІ ҚОЛАНУ ЖОЛДАРЫ
[/b]
пән: Қазақ тілі
Дайындаған:
Салтанат
Сайлауқызы
Абильманова,
Қазақ тілі және
әдебиет мұғалімі
[b]
2012 жыл
Павлодар қаласының «№13 ЖОМ» ММ
доклад
АҚПАРАТТЫҚ- ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ТИІМДІ ҚОЛАНУ ЖОЛДАРЫ
[/b]
пән: Қазақ тілі
Дайындаған:
Салтанат
Сайлауқызы
Абильманова,
Қазақ тілі және
әдебиет мұғалімі
2012 жыл
АҚПАРАТТЫҚ- ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА
ТИІМДІ ҚОЛАНУ ЖОЛДАРЫ
С.С. ӘБІЛМАНОВА
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ
«№13 ЖОМ» ММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
«Ауызша айтсаң –
тез ұмыттым,
Көрсетсең – есте
сақтаймын,
Іске кіріссең –
үйренем.»
(қытай мақалы)
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін
аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді
оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің
бірі болып отырғаны анық.
Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте
атқарылатын жұмыс деңгейіне байланысты. Өйткені, өскелең ұрпақтың балғын санасына бай тіліміздің нәрін сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс.
Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің және білім деңгейін арттырудың шешуші тұтқасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі
түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.[2, 15б]
Жаңа
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара
тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің
барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты
талабы.
Орыс
мектептерінде Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және
бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік
құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту;
сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде
сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту,
бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына
отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған
мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.
Қазақ тілі сабағында оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгерумен байланысты оқу әрекетінің түрлері;
1)
монитор экранындағы фонына назар аудару;
—
фондағы жекеленген жаттығуларға зейін аудару;
—
нақты жаттығуды және айрықшаланған сөздерді суреттеу;
—
нақты сөйлемдерді кешенді бейнелеу;
2)жаттығуды
танытуға бағытталған эвристикалық әрекет ретінде;
—
жаттығуды абстрактілі ойлау;
—
жаттығуды түрлендіру жолдарын іздеу;
3)жаттығуды
түрлендіру мен жаңа білім алуға бағытталған репродуктивтік әрекет ретінде;
—
таңдалған жаттығу бойынша сөйлемді түрлендіру;
—
таныс жаттығу түрлерін жасау;
—
берілген жаттығуды бағалау;
4)
дағдыны қалыптастыруға арналған практикалық әрекет;
—
дағдыны таныс жағдайда қолдану;
—
таныс емес жағдайда дағды қалыптастыру [3]
Сабақ
барысында ақпараттық-қатынастық технологияны қолданудың жақсы жақтары:
1.Түрлі – түсті
иллюстрациялар, ұлттық музыка, анимациялар есте сақтау
процесі
үшін тиімді.
2. Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де
қолданылады: тыңдалым,
сөйлесім,
оқылым, жазылым, айтылым.
3.Әр сабақ төмендегілерді
қамтиды:
а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым –
қатынас;
ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды
қайталаудың арқасында
дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.
4. Компьютер оқушының өзіндік жұмысын
ұйымдастырады.
5. Компьютер оқытудың аудио және бейне
құралдардың мүмкіндіктерін
табысты байланыстырады.
6. Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы
оқушылардың тілдік сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік
құзіреттілігінің дамуына мүмкіндік туады.
Осы кезеңдер
бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып,
белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және
мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа
білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді
және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс
жасаудың жоғары түрлеріне көтереді. [3, 32б]
Компьютерлер мен интерактивті
тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту
құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық
сауаттылығын арттыруға көмектеседі, ал көрнекі құрал ретінде пайдалану
оқу-танымдық үрдіс тиімділігін арттырады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық
технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты
көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты
игеруге мүмкіндік береді.
Ақпараттық
технологияны қолдануда, әдетте шынайы өмірлік жағдайлар келтіріліп, бірігіп
шешу мәселелері ұсынылады, рольдік ойындар пайдаланылады, білгірлігінің
қалыптасуы барысында жеке белсенді позициясын қалыптастыруға жағдай тудырады,
қарым-қатынас дағдыларын орнықтырады, сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Демек,
ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді.
Тыңдап
– түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады:
тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу)
әрдайым ілгері шығып отырады. [1]
Тыңдап – түсіну , көріп – байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидардың хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б.
Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта қолданылады: біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; екіншіден, оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді, үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. Таспа арқылы тыңдалатын мәтін оқушының тілін дамытады. Тіл үйренудегі тыңдау сөйлеумен тығыз байланысты. Оқушыға таспадан естігенін тілінде пайдалану қажеттігі туады. Таспадан тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді ынтамен тыңдап, мәнін түсінуге тырысады.
Мысалы, оқушылардың аудиомәтіннің жалпы мазмұнын түсінгендіктерін тексеру үшін мынадай жұмыстар жүргіземін:
а) Мәтіннің мазмұнына байланысты сұрақ беремін, әр сұраққа екі жауап ұсынамын;
ә) Бірнеше сөйлем беремін, солардың біреуі ғана аудиомәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. [4]
Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі– түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды ( ы, і, ә, ө, ү, ұ, ң ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор. Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.
Оқушының
коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін
дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген
сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған
жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім
әрекеттерін байқауға болады.
Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды да орындатуға
болады: компьютер экранына бір сөйлем жазылады. Ол сөйлем белгілі уақыттан соң
өшеді. Экранда қандай сөйлем жазылғанын есте сақтап, қатесіз компьютерге
енгізсе, онда ойлану уақыты екі есеге азайтылады. Егер дұрыс жауап берілмесе,
ойлану уақыты ұзартылады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөйлем мағынасын
түсіну, есте сақтау дағдыларын қалыптастырады. Нәтижесінде, тапсырманы қандай
дәрежеде орындағандығында байланысты ұпай санын көрсетуоқушының өз білім дәрежесін сезінуге мүмкіндік
береді.
Қазақ тілі мұғалімінің негізгі міндеті – қазақ тілі сабақтарын мазмұны мен
форма жағынан қызықты, тиімді өткізу. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту
мақсатында тәжірибемде коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын. Тәжірибеде интерактивті тақтамен жұмыс
жүргізуді жиі қолдану қажет. Интерактивті тақтаны орыс топтарында қазақ тілі
сабақтарында көру, есте сақтау диктанттары, мазмұндама, шығарма жұмыстарының
жоспарын құруда, сондай-ақ сөйлемдерді талдау жұмыстарында қолдану сабақтың
тиімділігін арттырады.
Ақпараттар түрлі жолмен
беріледі: 5-сыныпта «Менің мектебім.
Мектеп ғимараты» аясын өткенде оқушыларға сабақтың мақсатына сай оқулықтағы
материалдан басқа қосымша тапсырмалар, жаттығулар беруге болады. Нақтырақ
айтсам «Мектеп кітапханасы» деген тақырыпқа өткізген сабағымда АКТ- ны
флипчарт арқылы пайдаландым:
І.Сабақтың
тақырыбына шығу (АКТ-ны қолдану уақыты – 3 минут). Жаңа
сабақ тақырыбына шығу үшін сөзжұмбақты пайдаландым (жасырын сөздер сурет арқылы
берілген);
ІІ.Жаңа сөздермен танысу кезеңі (АКТ-ны қолдану уақыты – 1 минут)
Балалар оқыған
мәтіндерінен теріп жазған жаңа сөздерді салыстырып, танысты;
С Е Р Г І Т У
С Ә Т І үшін тақтаны қолданбаймын. Көздеріне көп жүктеме
болып кетеді деп есептеймін.
III. Интерактивтік тақтамен жұмыс: Тақтадағы сөздерді көптік жалғауларымен
сәйкестендіріп жазды. Әр түрлі
тапсырмаларды интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып тиімді
орындады(АКТ-ны қолдану уақыты -5 минут);
IV. «Біздің
кітапхана» суретін тамашалай отырып, алған әсерлері
бойынша кітапхана тақырыбы бойынша өздерінің өй- пікірлерін айтып, сабақты
қорытындылай алды.
Орыс мектептерінде жаңа
сөздердің көбі баланың есінде қалмайды, оның себебі, сөзді түсінбеуде,
түсінбеген сөз қабылданбайды, баланың ойында сақталмайды. Бірыңғай түсіндіру,
сөз әдісін қолдану оқушы іскерлігін дамытпайтындығын тәжірибе көрсетті.
Сондықтан иктерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде
пайдалану керек. Әсіресе, жаңа сөзбен таныстырып, қолданысқа түсіруде ақпараттық – коммуникациялықтехнологияның атқаратын рөлі зор екендігіне көзіміз жетті.
Қорыта келгенде: «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай жаңа білім беру өте қажет» [5,
23б] деп, ел Президенті атап көрсеткендей, ақпараттық технологияларды
мемлекеттік тілді оқытуда тиімді қолдану – жаңа білім берудің бірден – бір
шарты.
Оқыту үрдісінде ақпараттық
технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі.
.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
[b]
1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6
«Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».
2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4
«Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері».
3.Қазақстан
мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық
ұстанымдары».
4.Қазақстан
мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері».
5.Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б.