І-сабақ. «Қазақ хандығы» (Модульдің алғашқы сабағы. Салалас құрмалас сөйлем тақырыбындағы кіріспе сабақтан кейінгі сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар қазақ хандығы туралы айта алады. Тақырып бойынша жаңа сөздермен танысады; Оқушылар ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын біледі, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жасай алады; Оқушылардың қазақ халқының тарихына деген қызығушылықтарын дамыту үшін жағдай жасау.
Сабақ ресурстары: жүрек ретіндегі жұмсақ ойыншық, «Қара жорға» биінің музыкасы, карточкалар, постер, маркерлер, жұлдызшалар – 4 дана, бағалау критерийлері, бағалау сатысы, тақтаға ілулі сабаққа қатысты жаңа сөздер.
Саясатшы – политик
әйгілі – известный
күшті – здесь: могучий
күшейтті – усилил
жер көлемі – территория
кеңейту – расширить
ынтымақ – содружество
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу – 1 минут
2. Оқушылардың коммуникативтік әрекетін дамыту және сыныпта жағымды психологиялық атмосфера орнату мақсатымен «Шын тілегім…» ойынын өткізу. Ойын ережесі: оқушылар шеңберге тұрып, нышан белгі ретіндегі жүректі бір-біріне беріп, шын тілектерін білдіреді. Мысалы: «Арина, саған деген шын тілегім – бүгінгі сабақта жақсы баға ал», «Марат, саған шын жүректен мықты денсаулық тілеймін», «Иван, саған шын жүректен махаббат тілеймін» т.б. – 4минут
3. Салалас құрмалас сөйлем тақырыбын қайталау мақсатымен «Иә-жоқ» әдісін өткізу. Бұл әдістің шарты: алдын-ала екі бұрыш белгіленеді. Біреуіне «Иә» сөзі жазылған қағаз ілінеді. Екіншісіне «Жоқ» деген сөз жақылған қағаз ілінеді. Мұғалім белгілі бір ой-пікір білдіреді. Егер оқушы келісетін болса, «Иә» деген бұрышқа барады, келіспесе, «Жоқ» деген бұрышқы барады. Ойын барысында мұғалім белгілі бір оқушыдан өз жауабын түсіндіруді сұрай алады. Мұғалім дұрыс жіне бұрыс пікірлер айту керек. Мысалы: «Құрмалас сөйлем бес түрге бөлінеді», «Салалас құрмалас сөйлем екі түрге бөлінеді», «Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем бес түрге бөлінеді» (оқушылар «Иә» бқрышына барғанда, салалас құрмаластың бес түрін айтып бер деген талап қоюға болады) – 3минут
4. Топқа бөлу (сыныпта 16 оқушы, 4 топқа бөлінеді). Оқушыларға әр түрлі сөздер жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар бір-бірінің сөздерін оқып сөз таптары бойынша 4 топқа бөліну керек. Қандай критерий бойынша топқа бөліну керектігін өздері түсіну керек. Мысалы мынадай сөздер жазылған крточкалар таратуға болады: үстел, Отан, бала, ана, үлкен, ашық, биік, алыс, келді, бар, оқимын, жазған, кеше, бұрын, ертең, кешке. Оқушылар «Зат есім», «Сын есім», «Етістік», «Үстеу» деген төрт топ құрап орындарына отырады — 2минут
ІІ. Жаңа тақырыппен танысу кезеңі.
5. Топтар оқулықтағы 2-тапсырманы орындайды.
Тақтада ілулі тұрған (немесе интебелсенді тақта арқылы көрсетуге болады) сөздерге назар аудара отырып, мәтінді түсініп оқу (жеке жұмыс) – 2минут
Топ ішінде жұпқа бөлініп бір-біріне айтып беру – 3 минут
6. Әр топ постер бетіне жеке презентация жасайды. 1-топ хан туралы, 2-топ сұлтандар туралы, 3- топ билер туралы, 4-топ батырлар туралы. Презентацияны жасау барысында интернет көздерін пайдалануға болады (ұялы тел, компьютер). Алдын-ала бағалау критерийлерін белгілеп алу жөн болады. Критерийлерді белгілеуге оқушылар да қатысады. Мысалы мынадай талаптар қоюға болады:
1. Презентация қызықты болу керек;
2. Постердің безендірілуі эстетикалық нормаларға сай болу керек;
3. Көрермендерге түсінікті болу керек;
4. Спикер презентациясын қорғаған кезде сахналық талаптарға сай болу керек (сөзі анық, өз ойын жүйелі түрде жеткізе білу, аудиторияға теріс қарап тұрмау, тыңдаушыға түсінікті етіп баяндау) т.б.
Бағалау критерийлері тақтаға жазылады.
Презентация жасауға 5 минут беріледі. Топтың әр мүшесі белседі қатысуы шарт.
7. Спикерді белгілеу (топ спикерін оқушылар өздері таңдауы мүмкін, немесе мұғалім таңдай алады). Мысалы: оқушылар презентация жасап отырған кезде мұғалім білдіртпей әр топтағы 4 оқушының орындығына жұлдызша жабыстырып кетеді. Презентация жасау уақыты өткеннен соң «Мен кімге жұлдызша сыйладым, сол спикер болады» деп айтуына болады.
8. Презентация қорғау. Әр топқа 3 минут беріледі (барлығы – 12 минут). Топ спикері бағалау критерийлерін ұстану керек.
ІІІ. Бекіту кезеңі
9. Презентацияға байланысты сұрақтар. Сұрақтарды мұғалім де, өзге топ мұшелері де қоя алады. Қай топқа сұрақ қойса, сол топтың кез-келген мүшесі жауап беріп, презентациясы бойынша толығырақ түсіндіріп кетуіне болады – 2минут
10. Сергіту сәті. «Қара жорға» биінің музыкасы қосылады. сыныптан бір оқушы немесе мұғалім ортаға шығып жетекшілік етеді. -3 минут
10. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын қайталау. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау. Екі жай сөйлемді біріктіріп, бір ыңғайлас салалас жасау. Ойлануға — 1минут, жауап беруге — 4 минут
1-топ: Он бесінші ғасырдың алпысыншы жылдарында құрылған Қазақ хандығы он сегізінші ғасырдың ортасына дейін өмір сүрген. Үш жүз жылдан астам уақыт ішінде көптеген хандар билік жүргізді.
2-топ: Олардың өте ақылдылары, батырлары, саясатшылары Үш жүзге де
билігін жүргізе алды. Мұндай хандардың саны онша көп болған жоқ.
3-топ: Тәуке қазақтың көрнекті хандарының бірі болған. Ол – Жәңгір ханның баласы.
4-топ: Әйгілі Қасым хан Қазақ хандығын күшті мемлекетке айналдырған. Ол
әскерді күшейтті, хандықтың жер көлемін кеңейтті.
ІV. Қорыту кезеңі
11. Бағалау парақтарын толтыру. Оқушылар сабақ барысындағы өз әрекеттерін және топ мүшелерінің әрекетін бағалайды. Оқушылар «смайлик» ретінде бағалайды. 1 минут
Оқушының аты-жөні:_______________________________________________
Өз бағам
1-ші оқушы қойған баға
2-ші оқушы қойған баға
3-ші оқушы қойған баға
Мұғалімнің бағасы
Қорытынды баға
12. Үй жұмысы – Көркем әдебиет туындыларынан ыңғайлас салалас құрмалас 4 сөйлем жазып келу – 1 минут
13. Кері байланыс (рефлексия). «Тақырыпты түсінуім». Оқушылар тақтадағы бағалау сатысына өздерін белгілейді (жұлдызша, «смайлик» немесе басқа белгі қояды) -1 минут
Керемет түсіндім
Жақсы түсіндім
Орташа түсіндім
Нашар түсіндім