Шаймерденова Кулия Мейрамовна
Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Бесоба ауылы
№8 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Ана тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегіге сүйене отырып, оқушы қанағатшылық, үнемшілдік жайында білетін болады. Құмырсқаның образына кіріп, сипаттай алады. Құмырсқа жайлы қосымша мәліметтер алады.
2. Рөлге бөліп оқу дағдысы қалыптасады. Сабаққа деген құлшынысы артады.
3. Қанағатшыл, көпшіл, үнемшіл, төзімді әрі еңбекқор болуға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, үнтаспа.
Әдіс түрлері: тірек сөздер арқылы әңгімелеу, Ой қозғау стратегиясы,Сөздік жұмыс,рөлге бөліп оқу, топпен жұмыс, Тірі сұрақ, Рөлдік ойын, Өсиет сөз кезегін беру стратегиясы.
Барысы: Оқушыларды ұйымдастыру.
І Қызығушылықты ояту кезеңі
1. Үй тапсырмасын тексеру Тірек сөздер арқылы ертегіні әңгімелеу
1-слайд Тірек сөздер: Отын, су, алтын басты балта, адал жан, сиқырлы балта, болған оқиға, алып бер, кеудесінен итеріп, амалы құрып, берекесі кетіпті.
2. Үй тапсырмасын пысықтау: — Сонымен бұл ертегіден көңіліңе не түйдің? Оқушы ойы тыңдалады.
3. Жаңа сабаққа кіріспе. Мұғалім сөзі: Біз ертегі арқылы өзімізге үлгі-өнеге аламыз.Жақсы жақтарын үйренеміз, жаманынан жиренеміз. Ендеше, бәріміз интерактивті тақтаға назар аударайық, бүгін не туралы ертегі оқитынымызды анықтайық.
2-слайд Ол өз дене салмағынан 23 — 24 есе үлкен ауырлықты көтере алады.
Қай пәннен оқып едік? Ал адам ше? Тіпті ешқандай жан-жануарлар да ондай
ауырлықты көтере алмайды.
Қанағат деген сөзді қалай түсінеміз? Барға ризалық, нысап,тойым
3-слайд Құмырсқаның қанағаты Дәптерге күнді, тақырыпты жазу
4-слайд Сөздік жұмыс: ғұлама – асқан ой иесі, оқымысты, ғалым ;
нән – үлкен ; қайрат – күш, қуат, қажыр, жігер; бүк түсіп – бүктеліп;
ІІ Мағынаны тани білу
Мұғалімнің үнтаспадан оқуы.
Оқушылардың оқуы: азат жол арқылы тізбектей оқу Кейіпкерлерін атау, рөлге бөліп оқу, автор сөзі.
Түсініктерін тексеру: Ертегідегі оқымысты туралы не білдің? Оқиға болған жер. Құмырсқалардың іс-әрекетін баянда.Құмырсқа мен оқымыстының алғашқы кезектесе сөйлесуін келтірейік. Бір жыл өткеннен кейінгі сөйлесуін келтірейік.
5-слайд Мұны да біліп ал!
Құмырсқалар: — Кез келген ортада мекендейді, тез бейімделгіш.
— Қатал тәртіп сақтайды. Егер бір іске жібергенде екінші рет бос келсе, жазалайды, бәрі сол заңға көнеді.
— Олар жеке өмір сүрмейді, әрқашан ұжыммен жүмыс істейді, өйткені олар ұйымшыл. Оқулықтағы 2-тапсырмаға жауап беріп көрейік. Ақ парақ қағаз тарату Топпен жұмыс: әр топтан бір оқушы ақ қағазға құмырсқаның суретін салады, Құмырсқаны дене бөліктерін атау, Ақ қағазды жылжыта отырып, әр оқушы дене бөліктерінің тұсына құмырсқаны сипаттап, бір-бір сөзден ғана жазу.
Қай топ тез әрі көбірек ойлайды екен?
6-слайд Кластер әдісі
7-слайд Ой ашар. Өлең жолын толықтыр
Ұзын ………. құмырсқа Оң жағына қарады,
Келе жатты …………….. Сол ……. ………….,
Допты алып …………… , Тау екен деп ойлады.
Қойдым оның жолына.
Шарты: 1. Өлең жолдарын толықтырып дәптерге жазу
2. Сергіту сәтін жасау
Интерактивті тақтадан «тірі сұрақ» тыңдау. Сұрақ: Біздің халықта мынадай ырым бар: Малдың құлағына ен салғанда алынған тілігін құмырсқаның илеуіне тастайды. Неліктен олай істейді деп ойлайсың? Жауап: Малың құмырсқадай көбейсін деген ырымды білдіреді.
3-4 тапсырмаларды орындау
ІІІ Ой-толғаныс кезеңі Рөлдік ойын: Құмырсқаның бейнесінде сөйле! Жеке жұмыс: Мен құмырсқамын — деп бастап жазу, жазғандарын оқу. Сонымен құмырсқадан нені үйрендіңдер соны достарыңа өсиет сөз ретінде айтып көріңдер. «Өсиет сөз» кезегін беру. «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы.
Оқушыларды бағалау Үйде: ертегіні түсініп оқып, әңгімелеуге сахналауға дайындалып келеміз. Құмырсқа туралы мәліметтер жинаймыз. Бес жолды өлең стратегиясын құрамыз.