Өзін-өзі тану сабағы
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Кешірім мен келісім»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
— кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
— шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;
— мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қғаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт
Шаттық шеңбері
Балалр мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады. Бәрі бірге мына өлең жолдарын қайталайды:
Түсінісу
Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір-бірін. Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма
Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді, жарадың!
Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала
Тату-тәтті тұрады. Жауап берді ойланып
Бір-бірімен тайталаспай, «Сыры мұның — түсінісу»-
Қас-қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.
Мәтін мен жұмыс. «Мақтаншақ жолбарыс»
Мәтін бойынша сұрақтар:
— Жолбарыс пен бұлбұлдың әркеттері туралы не айтар едіңдер?
— Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
— Сендер де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Мұғалім:
— Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені, татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.
Ойын-жаттығу
Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.
Оқушыларды 3 топқа бөлінеді. Әр топ күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда 3 гүл жасаланады. Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап оқиды. Бұлттар алынып тасталады.
Жағдаяттарды талдау.
1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.
— Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:
— Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, — деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.
— Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді. Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.
— Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
— Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?
— Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?
Сергіту сәті
Тапсырма.
Сабақта оқушылардың білімдерін шыңдау үшін мынандай тапсырма беріледі:
«Сыныптастарыңмен келісімег келіп, кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар»
Қорытындылау
— Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.
Жүректен жүрекке
Балалармен бірге шаттық шеңберіне құрып дөңгеленіп тұру.
Бәрі бірге қосылып оқиды.
Татуласу
Әкел, досым, қолыңды
Татуласқан орынды
Өкпелесіп не керек
Көрсет,кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік
Қол ұстасып жүрейік
Татулықтың белгісі
Кел қосылып күлейік.