Евжанова Күләш Төленқызы
Михайлов орта мектебінің қазақ тілі мен
қазақ әдебиетінің мұғалімі
Қостанай облысы Меңдіқара ауданы
Абай Құнанабаев
Сабақтың мақсаттары: 1) білімділік: Абай туралы әңгімелей білу, құрмалас сөйлемнің
түрлері тақырыбын меңгергенін тексеру;
2) Оқушылардың ойлау, қазақша сөйлеу қабілеттілігін,
сауаттылығын арттыру.
3) Абайдың ұлылығын сездіру, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі:ақпараттық-коммуникациялық технология, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, портрет, мультимедиялық кабинет.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Сауаттылық кезеңі. Интерактивті тақтада жұмыс.
И, Й әріптерінің бірін қою: ұ…ым, тұ…ық, б…ік, х…м…я, сү…ек, құп…я, з…ян, а…на, сақ…на, ма…, нас…хат, о…, то…
ІІІ. Тестілеуге дайындық. Сан есімді қайталау.
1) Ережені таблица арқылы қайталау
2) Сан есімдердің түрлерін анықтау: жеті, алтыншы, бес жарым, бесеуден, бес-алты, жиырма, оннан бір, жетеу, алпыс екі.
ІV. Жаңа сабақ. Абай Құнанбаев.
1) Ми шабуыл: Абай қай жылы туған? Туған жерін атаңдар. Абайдың шын аты кім? Абай әжесінің аты кім? Абайдың арғы аталары кімдер? Шешесінің аты кім болған? Абайдың «Дүниеге көзім ашқан» кім еді? Абай неше жасқа дейін оқыған? Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? Абайдың руы қандай?
2) Мәтінмен жұмыс. 119 бет.
а) Мәтінді дауыстап оқу, түсіну
ә) мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру
б) 4- тапсырманы орындау: дұрыс жауабын беру
3. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен жұмыс
а) компьютер арқылы өлеңді тыңдау
ә) өлеңді жатқа айту.
V. Грамматикалық тақырыпты қайталау. Құрмалас сөйлем.
Интерактивті тақтада жұмыс. Сөлемдерге синтаксистік талдау жасату, құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау.
- Досыммен біресе қазақша күреске қатысамыз, біресе біз бассейнге барамыз.
(кезектес салалас құрмалас сөйлем)
- Әжесі мен шешесі халық ауыз әдебиетін жетік білген, сондықтан Абайға аңыз
жыр айтып отырған.( себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем)
- Мен өткен жылда Бурабайға барып, жақсы демалып келдім.
( қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)
- Абай көп білу үшін, өз бетімен көп оқыды.
(мақсатты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)
- Ол тамағын тез- тез ішіп, орнынан атып тұрды.
( қимыл- сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)
- Кітапханаға барса да, іздеген кітабын таба алмады.
(қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем)
VI. Үйге тапсырма беру. Абайдың ұнаған бір өлеңін жаттау.
VII. Рефлексия. Абайдың «Қараңғы түнде жарық ай» әнін тыңдау.
VIII. Сабақтың қорытындысы.
Баға қою.