Адам және отбасы

Өзiн-өзi тану сабағының үлгі жоспары

Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы
Қызылту ауылы
№13  негізгі орта мектебі КММ

Мектеп:    № 13 негізгі  мектеп
Мерзiмі:     
Сабақ:    
Тақырып:    «Адам  және  отбасы»
Құндылық :     сүйіспеншілік 
Қасиеттер :     сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік,    сыйластық.
Мұғалiм:       Шубарова С.О.
Класс : 9
Оқушылар саны : 15

Сабақ мақсаты:
отбасы  туралы түсініктерін кеңейте отырып,
«сүйіспеншілік»  құндылығын  дамыту.
Міндеттері:

  1. Отбасының  адам үшін  маңыздылығын жан-жақты ашу;
  2. Отбасындағы   мейірімділікті, сыйластықты қарым-қатынасының дамуына ықпал ету;

3.  Отбасындағы сыйластыққа, сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
слайд
Үнтаспа
Классикалық әуен

 

І .  Ұйымдастыру кезеңi.
-Сәлемдесу
-Оқушыларды түгендеу
-Ережелерді қайталау:
біз сабақта     тәртіпті,  талапты,  тыныштықты, татулықты, тазалықты  қатаң  сақтауымыз керек.

 Тыныштық сәтi. (Жағымды күйге келу)
                       Нұрға  бөлену

Сұрақ:
— Қандай   әсер  алдыңдар?
-Қандай сезімде болдыңдар?
-Олай болса,  балалар  жүрегімізде  тыныштық пен сүйіспеншілік орнасын.

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру

-Мәтінді оқып келдіңдер ме?    /Ж.Солтиеваның  «Мен оны  пір  тұтамын»  әңгімесі/     Әңгіменің мазмұнын сұрау.
Сұрақтар:
1. Әңгімеде  не туралы  айтылған?
2. Мұраттың отбасына түскен қиындықты  жеңуіне  не себеп  болды?
3. Жақсы  отбасы,  адал  жар болуы  үшін адамға не қажет  деп ойлайсыңдар?

Түйіндеме: Ендеше, балалар , отбасындағы жарасым негізі : «сүйіспеншілік», «мейірімділік», «сыйластық» екенін ескере отырып,  отбасында  кездесетін кездейсоқ қиындықтарды жеңуде әрбір отбасы мүшесінің адамгершілік қасиетінің сынға түсер сәті  екенін  естен шығармайық.

Сабақ барысын талдау:

ІІІ. Жағымды  ой-пікір. Дәйексөз.

«Отбасының  өнегесі  -Отан  өнегесі»    Б. Момышұлы
—  Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және туған туыстардың ортасын құрайтын отбасы   —  қоғамның  ең маңызды ұйтқысы  болып табылады.   Өйткені адам шыр етіп дүниге келгеннен  бастап, ата-ананың  мейіріміне қанып, отбасының  тәрбиесін алады.   Шынында, отбасы  — ол да бір шағын мемлекет.
Жаттау
2-3 баладан сұрау
Сұрақтар:

  1. Нақыл  сөздің  мәнін қалай  түсінесіңдер?
  2. Неліктен ?
  3. Өнегелі   отбасы болу үшін  бойымызда  қандай  қасиеттер болу керек?

Түйіндеме. Олай болса,  балалар,  отбасындағы  сүйіспеншілік пен түсіністік  мықты  болса, қоғамның  діңгегі де  берік  болатынын естен  шығармайық.

 

ІҮ. Оқиға айту.  (Мұғалім  сыйы)

«Сүіспеншілік,  бақыт,  байлық»
/аңыз әңгіме/
     Бір күні жаңа  түскен келіні  бар бір  үйдің   есігін  Бақыт  келіп   қағады.  Оған  келін  есік  ашпапты.  Екінші күні Байлық келіп  есік  қағыпты.  Келін  оған  да есік  ашпапты.  Үшінші  күні  Сүйіспеншілік келіп ,есік қағады.  Келін қуана-қуана есікті ашып,  Сүйіспеншілікті қонақ етеді.
Ас   үстінде   атасы   келіннен :
-Келінжан,   Байлық  пен Бақытты үйге  кіргізбей,  Сүйіспеншілікті неге қонақ  еттің?- деп сұрайды.
Сонда  келіні:
-Ата, Сүйіспеншілігі  бар  үйде  Байлық  та пен Бақыт  та  болады, -деген  екен.
Келіннің  жауабына  риза  болған  Сүйіспеншілік сол  шаңыраққа  тұрақтапты.
Сұрақтар:
1. Байлық пен Бақыт  ол үйге кіре  алады  ма?
2. Неліктен?
3. Атасы    келінінін   бойынан    қандай  қасиеттерді  байқайды  деп  ойлайсыңдар?
Түйіндеме:  Сендердің де  бойларыңда  сүйіспеншілік,  мейірімділік, сыйластық , даналық  қасиеттердің  барлығына  сенімдімін.    Тек  соны  дер  кезінде  көрсете білейік.

 

Ү.  Шығармашылық жұмыс,  жекелей  жұмыс.

«Жеті  атамызды білеміз бе?» тақырыбына  геналогиялық тізбе   жасайық. Өзіңнің  ата-әжелерің туралы  шағын  әңгіме  жазыңдар.
Түйіндеме:

         Перзент-жеміс,    ата-ана   —   жеміс ағашына  ұқсайды. Жеміс  ағашын  жақсы күтсең,   жемісі де дәмді, жақсы болады.  Сол сияқты  ата-анаға деген   ізгі  тілегі  қабыл  болады.
— Олай болса, отбасы  мүшелері  бір-бірінен  нені  сезіну  керек деп  ойлайсыңдар?  (сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік,    сыйластық.)
-Ендеше  бір-бірімізді аялап,  құрметтей білейік.

ҮІ.  Топпен ән айту

Әке туралы  жыр
Сөзін жазған М.Шаханов
Әнін  жазған:  Н .Тілендиев

1. Жас едім өмірге еркін  бойламаған,
Күні ертең  не боларын  ойламаған.
Шарықтап  кетсем-дағы қанат  қағып,
Өзіңдей  қамқор  әке қайда  маған.
2. Сүрінсем  сынай қарап   от  жанарың,
Сен мені  жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы  қатал  мінезіңнен,
Күш  алып  мақсатыма  аттанамын.

3.  Жан  әке, шертіп  сезім  домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның  асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда  асқар тау боп сен тұрасың.

4  .Бұл күнде  мен де өзеннің  арнасымын,
Кім  мөлдір  болса  соның  жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер , әкетайым,
Мен  сенің  өміріңнің  жалғасымын.

-Әнді  орындау  барысында  нені  ұғындыңдар?
-Иә,  балалар,  ата-ана  баласына  ұрысса да, жақтамаса  да  соның  игілігі,  болашағы  үшін   жасайды.  Ендеше, үлкендердің кей кездері  ескерту  жасауын,   ұрсуын өзіңді  жақсы  көргеннен  деп  түсінейік

 

ҮІІ.Үй тапсырмасы.
1. 148 беттегі  З.Жұманованың   «Туған  күн»   әңгімесін оқып келу.
2. Ата-әжелерің  жайлы  жазған  әңгімелеріңді аяқтап  келіңдер.

 

ҮІІІ.  Соңғы тыныштық сәтi.

Классикалық  әуен  ырғағымен орындалады
Көзімізді жұмамыз, аяғымыз бен  қолымызды  айқастырмаймыз,    арқамызды  түзу ұстаймыз. Балалар, бүгінгі  сабақта  қандай  құндылықтар мен қасиеттарды үйрендік,  соны іштей  қайталап отырайық:  сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік,    сыйластық.)   Құрметті оқушыларым,   осы құндылықтар  мен қасиеттерді жүрегімізде  мәңгі  сақтайық.  (кідіріс)  Жайлап  көзімізді  ашайық.
-Балалар,  үзіліске  шығып,  демалайық.

 

Добавить комментарий

Адам және Отбасы

 Бақтығалиева Ә.Б.
Орал гуманитарлық колледжінің
тарих пәнінің оқытушысы
Батыс Қазақстан облысы.
Орал қаласы
Тақырыбы: “Адам және Отбасы. 
Сабақ мақсаты: Неке және отбасы ұғымы, мазмұны туралы түсінік қалыптастыру.Отбасының құрамы, түрлері және қызметі туралы , отбасы қайшылықтары оны шешудің жолдары туралы айту.
Дамытушылық міндеті:Қ.Р-ның Отбасы заңына сүйеніп , сұрақтар қою арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік міндеті:Адам баласының қасиетті борыштары мейірімділік, адамгершілік, отансүйгіштік сезімдердің отбасынан бастау алатынын ұғындырып, некені , отбасын қадірлеп, оның жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу. Сабақ көрнекіліктері:Отбасы түрлері туралы сызбалар, статистикалық мәліметтер келтірілген слайдтар, «Отбасы туралы »нақыл сөздер.
Сабақ барысы: I Ұиымдастыру бөлімі. IIЖаңа сабақ жоспары: 1. Отбасы ұғымы, мазмұны.
2. Неке ұғымы, мазмұны, түрлері.
3. Отбасының қызметі, құрамы, түрлері.
4. Отбасының қайшылықтары. Отбасы-әлеуметтік инстетуттардың белгілерін бойына сіңірген әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы-қоғамдық құрылымның шағын ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. (Отбасы мазмұны туралы шағын лекция оқу.) Отбасы болуы үшін неке қалыптасуы қажет.Неке-әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндет терін белгілейтін формасы.Неке ер мен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық ұйытқысы. Неке-отбасының заң жүзіндегі негізі, ер мен әйелдің өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын ода ғы, адамның әлеуметтік, табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке- махаббаттың іс жүзіне асуы.Сүю, сүйген адамның өмірімен өмір сүру, басқаның бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу, берік, шын махаббаттың негізі.
Некенің қазіргі уақытта көптеген түрлері бар:
1. Заңды неке АХАТ-қа бірер ай бұрын некеге тұратын жастар арыздарын беріп тіркеледі. Олардың қолына некеге тұрды деген куәландыратын құжат беріледі. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салдарлары болады. ( Ағайындылар сериалынан үзінді. ) Санымен қатар кейбір неке қиюшылар арасында неке шарты жасалады.
2. Өмірде тіркелмей-ақ некеде тұрушылар, екінші сөзбен айтқанда, ерлі – зайыптыларша бірге тұратын дар кездесе береді. Олар өздерін “азаматтық некеде” тұрмыз деп айтады. Бұрынғы өткен уақыттарда неке қию үрдісі мұсылмандар үшін мешітте, христиандар үшін шіркеуде өткізілетін болған. Қазіргі кезде мешітте қиылған некеде ерлі-зайыптылардың қолына куәлік беріледі.
3. Жалған неке әдетте заңды рәсімдердің бәрін сақтап отырып жасалады. Ондайға адамдар белгілі бір материалдық игілікке қол жеткізуі үшін баруы мүмкін.
                                                                   Отбасының атқаратын қызметі
                                                                    ↙                    ↓                          ↘
Отбасының ұрпақ жалғастыру қызметі.                                                     Отбасының тәрбиелік қызметі.
           Отбасының материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызметі.
Жыныстық байланысына қарай отбасылар негізіне моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің одағы моногамды отбасы делінеді. Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамды дейді. Көп жағдайда екі әйел алушылық отбасының шаруашылығын жүргізуге қолайлы болады. Өмір сүру сипатына қарай жас отбасының үш түрі болады: 1)дәстүрлі отбасы-бұл ерлі-зайыптылардың жал пы отбасының құндылықтарына байланысты.Отбасы бос уақыттарын бірге өткізеді. 2) Ер мен әйелдің қатынасы-кәсіби жетістікке, жеке бастарының дамуына бағытталыды.Отбасында 1ғана бала болады.3) Жас отбасы-мұнда бос уақытты бірге да, бөлек те өткізеді.Мақсаты-2 бала өсіру.Шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктерді бірге іске асырады. Отбасы құрған жастар кей жағдайда отбасындағы қайшылықтарға байланысты ажырасып жатады. Отбасы ның тұрақты болуының екі жағдайы бар:ішкі және сыртқы жағдайлар. Зерттеу қортындысына қарағанда некенің тұрақсыздығы некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға байланысты да байланысты екен.Олар- әлеумет тік — экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім деңгейі, мәдени дәрежесі, жас ерекшелік-тері, күйеудің не қыздың ата-анасының теріс көзқарастары. Сонымен қатар арақ ішу, жұбайлардың опасыздығы, балалы болғысы келмеушілік, үй жағдайының қолайсыздығы, мінез құлұы мен көзқарастарының сәйкеспеуі , жыныстық кемшілік т.б. ажырасудың негізгі себептері болып табылады. Сонымен , отбасы-ереке әлеуметтік институт.Оның қалыптасуы және дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. III Қортынды бөлім: Интерактивті тақтаны пайдаланып «Отбасы»туралы мақалдар жазу.Тест сұрақтарымен жұмыстанып, балаларды бағалау.
1. Қай елде бала санын шектеу саясаты жүргізіледі?
а) Америкада ә) Истонияда
б) Қытайда в) Өзбекстанда
2. ҚР қандай демографиялық саясат ұстануда?
а) Халық санын өсіру ә) Тежеу
б) Белгілі бір мөлшерде ұстау
3. Полигамды отбасы деп қандай отбасын айтамыз?
а) Бірнеше әйел алушылық ә) Бір әйелмен тұру
б) Бір әйелдің бірнеше еркекпен тұруы
4. Неке дегеніміз не?
а) Неке ер мен әйелдің ерікті тең одағы ә) Неке – махаббаттың іс жүзіне асуы
б) Неке – ер мен әйел арасындағы табиғи қажеттілік в) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс
5. Зерттеу мәліметтері бойынша кім көп шаруашылық қызметтерді атқарады?
а) Әйелдер ә) Ерлер
б) Балалар в) Барлығы бірдей
6. Қай елде ата – анаға дұрыс қарамаушылықтың салдары отбасының ажырасуына себеп болады?
а) Арменияда ә) Эстонияда
б) Ресейде в) Өзбекстан
7. ҚР “Неке және отбасы” заңында неке жасы неше жас болып саналады?
а) 23 жас ә) 18 жас
б) 17 жас в) 20 жас
8. Қазақстанда халық санын өсіру үшін әр отбасында неше бала болуы тиіс?
а) 7 ә) 2
б) 3 в) 4
IV Үй тапсырмасын бекіту:Тақырыпты, ҚР «Отбасы заңын»оқу.

 

Добавить комментарий