II ТАРАУ
2 бөлім. ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ
Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан Минерал секілді. Оның ішін аршып асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.
Қаныш Сәтпаев
Алыпты алып қана арқалай алады, Абайдай данышпанды Мұхтар Әуезов әлемге танытты. Сәтбаевтың ұлы тұлғасын Медеу Сәрсеке ұлықтады.
Ә.Нұршайықов
МЕДЕУ СӘРСЕКЕ
Медеу Сәрсеке қай өңірде туып-өскен?
Медеу Сапаұлы Сәрсеке Шығыс Қазақстан облысына қарасты бұрынғы Абыралы ауданы Қайнар кентінде 1936 жылы 2 қаңтарда туған. Ауылдағы орта мектепті Алтын медальмен тамам- дап, Алматыдағы Кен-металлургия институтына түсіп, инженер-металлург мамандығы бойынша бітіріп шыққан.
Жазушы шығармаларының ерекшелігі неде?
Медеу Сәрсеке
(1936 жылы туған)
М.Сәрсекенің «Жаңғырық» романы өндіріс тақырыбына арналған. Ондағы тартыс өндірістік қарым-қатынастардан туады. Бірақ оның негізінде адамдық, адалдық үшін күрес бар... Роман өндіріс адамдарының өмірін бүгінгі ғылыми-техникалық прогресс заманының шындығымен байланыстырып, үлкен прозаның байсалды реалистік үлгісінде суреттейді.
Серік Қирабаев
«Лениншіл жас» газетінің редакциясында
1958-1959 жылдарда әдеби қызметкер, бөлім
меңгерушісі болып еңбек етеді. 1959-1964
жылдары өз мамандығына қайта оралып, Семей
цемент зауытында ауысым мастері, зауыт диспетчері, өндіріс-техника бөлімінің аға
инженері қыз-
меттерін атқарады. Ол өндірістегі мамандардың
қызығы мен қиындығы мол өмірінен терең сыр
шертетін кітаптар жазды. Солардың бірі – «Жаңғырық» романы. Оның жалғасы ретінде
«Көмбе»
романы да кейіннен жарық көрді.
Медеу Сәрсеке ғылыми-фантастикалық
жанрға да қалам тартып, қазақ әдебиетіндегі
аталмыш жанрдың өрістеуіне де айрықша үлес
қосты. Мысалы, «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің
көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми-фантастикалық шығармалары басылып шықты.
Жазушы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ебіней Арыстанұлы Бөкетов туралы
«Ебіней Бөкетов», сондай-ақ тарихшы Ермұхан
Бекмаханов туралы еңбектер жазды.
Кез келген халық перзентін толғантатын Семейде болған ядролық сынақтың адамзатқа
тигізген ауыр қасіреті жазушының да қолына қалам алып, «Семей қасіреті» атты көлемді
шығармасын жазуына себепкер
болды.
Медеу Сәрсеке еңбегі қалай бағаланды?
1970 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, 2001 жылы ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталды. Медеу Сәрсеке – Республикаға еңбегі сіңген зейнеткер. Семей қаласы мен Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы» және «Павлодар облысына еңбегі сіңген қайраткер» атақтарына ие. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық және Ш.Құдайбердиев атындағы Семей университетінің «Құрметті профессоры», ҚР-ның «Құрметті кеншісі» және Геология комитетінің «Құрметті кен іздеушісі». ҚР Ақпарат және қоғамдық тарих академияларының толық мүшесі.
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
Қ.Сәтбаев
Қаныш Сәтбаев не себепті шығармаға арқау болған?
«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің сюжеті академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолына арналған. Шығарманың негізгі оқиға желісі көнекөз
Ғұлама ғалым –Қаныш Сәтбаев
қарттардың естеліктерінен бастау алып, нақты
деректер арқылы өрбіп отырады. Имантай бидің
отбасында дүниеге келгенінен басталған шығарма
дарынды азаматтың әр жас кезеңін ерекше сюжеттік бірізділікті сақтай отырып,
баяндау тәсілі
арқылы оқырманға түсінікті тілмен жеткізген.
Болашақ ғалымның балалық шағы әдеби көркем
тілмен жазылған. «Көктем шыға ауыл жайлауға
көшеді. Қаныш үшін бұл сағынып күтетін ерекше
күн! Бұл сәтті балалар қыс бойы шыдамсыздана
күтеді. Төр жайлауға жеткенше неше тәулік жол
жүру керек. Үрдіс көшпей, жолшыбай бұлақ, суларға екі ауыл он-он бес күннен
қонып, мал мен
жанға тыныс беріп, біртіндеп жылжып отырады.
Көбіне қонатын жерлері Батпақкөл, Шыбындыкөл, Шөптікөл, Айнабұлақ, Шабақайдың
басы,
ең ақырында Нияз таулары.
Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері
ерекше. Шыр етіп жерге түскеннен бері ол соның
аясында. Даланың шыжыған ыстығын да, қарлы
боран, қақаған суығын да қаршадай кезінен көріп
келеді. Соның бәріне де етене болып көндігіп, күн
санап қанаты қатайған қыран бүркіттің болат
тұяқ балапанына ұқсап жетіліп келеді».
Бала Қаныш алғашқы сауатын молдадан
ашады: «...Жұмаш молданың алдында Қаныш екі
жыл отырады. Көп жылдар Имекең тәрбиесінде болып, кіші ауылда өскен Тармызи
Әбсәліұлы бұл
жайында: «Қанкенің оқуға зеректілігі сонда-ақ
мәлім болған. Ол біз құсап ескі оқуды әлденеше қыс
мыжыған жоқ, сөзді де ежіктемей бірден оқып кетті. Мұхтасар мен биданды тез
меңгерді. Сол себепті, би атам оны молда алдында көп ұстаған жоқ...»
дейді». Қаныш бұдан соң он екі жасында 15-16
жастағы жасөспірімдер оқитын болыстық мектепке
барып, үздік оқуымен көзге түседі. «Төңіректегі
жұрт бұл ұяны «ағаш үйдегі мектеп» атандырған.
Қаныш болса, 1909-1911 жылдарда оған қатынаған
балалардың еңқұртақандайы. Сірә, содан да шығар,
ересек шәкірттер оны ерекше жақсы көреді. Өзі де
біржосын сүйкімді де қылықты бала. Үстінде қынамен боялған сары тон, онысы
өсетіндігі есептеліп бірер қарыс ұзын әрі кең пішілген... Әрине, ол
жалғыз жүрмейді. Өз ауылының ересек балаларымен бірге келеді, көбіне Бапай,
Жұмағұл,
Нұрлан сықылды күтушілері әкеп салып, қайтарында да ат, шаналарын сайлап күтіп
тұрады».