VI ТАРАУ

6 бөлім ЗАМАН ШЫНДЫҒЫ

Баққожа шығармашылығын қадағалап келген окырман осынау «нар қазақтар» мен «құл қазақтардың» жарты ғасырға жуық бітіспес шайқасына куз болады. Бул нені көрсетедi? Бул қазақ қауымында шешімін таппаған улкен ұлттық мәселе бар екенін көрсетеді. Ол ұлттық мәселе - отаршыл заман қақ бөліп кеткен халық - қазақ мәселесі.

СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ

БАҚҚОЖА МҰҚАЙ

(1948-2008)

Баққожа Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған.
1966 жылы Нарынқол ауылындағы Абай атындағы орта мектепті, 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Кеген аудандық «Коммунизм нұры», Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газеттерінде бастаған. 1970-1988 жылдары «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990-1995 жылдары Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялык алкасында бас редактор, бас басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасады. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО iстерi жөніндегі Ұлттық комиссиясының мүшесі, «Парасат» журналының бас редакторы болды.
Ол - «Жаңбыр жауып тұр» (1976), «Өмір арнасы» (1978), «Аққу сазы» (1980), «Жалғыз жаяу» (1983), «Мазасыз маусым» (1986), «Алғашқы махаббат» (1988), «Дүние кезек» (1992), «Тоят түні» (1994), «Жеті желі» (1996), «Ертегідей ертеңім», «Өмірзая» (1998) атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде «Водоворот» (1984), «Белая птица» (1988) атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстан және шетел театрларында қойылған. Өзі де бірқатар жазушылардың шығармаларын казак тіліне аударған.
Сонымен бірге ол -ұлттық драматургияға қомақты үлес қосқан драматург. 1976 жылы «Қош бол, менің ертегім» атты екi бөлiмдi драмасы үшін Қазақстан Мәдениет министрлiгi мен Жазушылар одағы бірлесіп жариялаған байқауда екінші бәйге алды. «Иірім» (1975), «Өлгендер кайтып келмейді» (Б.Соқпақбаевпен бірге, 1977), «Раушан гүлі» (1979), «Өзгенің өмірі үшін» (1980), «Сергелдең болған серілер» (1982), «Ерулік» (1983), «Тоят түні» (1985), «Дүние кезек» (1989), «Заманақыр» (1991), «Тойы көп үй» (1992), «Өмірзая» (1989), «Жетім жұлдыз» (2000) драмалық туындыларының кейбiрi бiрнеше тілге аударылды.

Б.Мұқайдын пьесалары өз елінен баска Татарстан, Дағыстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Башқұртстан, Қырғызстан сияқты түркі халықтарының театр сахналарынан орын алса, «Тәңірі коскан жар» деген радиопьесасы қазақ радиосынан беріліп тұрады. Жазушы-драматургке «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). Б.Мұқай «Парасат» орденінің иегері (2006) және «Еңбектегі ерлігі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.

«ӨМІРЗАЯ» РОМАНЫ

3-тарау

«Өмірзая» романы - тәуелсіздік рухына қандай да зорлық-зомбылықтың әлі келмейтіндігіне иландыра алатын шығарма... Бул роман қазақ әдебиетінің үлкен жетістігі саналады.

Шериаздан ЕЛЕУКЕНОВ

«Өмірзая» романын Баққожа Мұқай: «Бұл еңбегімді Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында құрбан болған ерлердің аруағына арнадым», - дейді. Жазушының 1988 жылы қолға алған «Өмірзая» романы 1995 жылы аяқталып, 1998 жылы жарық көрді. Қаламгер 1989 жылы «Өмірзая» трагедиясын ұсынды. Жазушының романды жазуға жеті жылдай уақытын арнағанынан-ақ шығарманы жазудың оңай болмағаны байқалады. Себебі ол кез кеңес Одағы мызғымай тұрған кезең болатын. Ал Қазақстан сол одаққа кіретін он бес республиканың бірі саналатын. Сондықтан кеңестік солақай саясат туралы шығарма жазу оңай емес еді. Роман жөнінде әдебиеттанушы Жанар Сейсенбаева былай деген болатын: «Бұл туынды кеңестік сыңаржақ саясаттың қазақ халқының ұлттық болмысы мен елдің қоғамдық құрылысына тигізген ауыр зардаптарын суреттеуге бағытталған. Автор тарихтың ақтаңдақ беттерін ашып, жетпіс жыл бойы үстемдік еткен кенес саясатын жүзеге асырушылардың тұлғасын бейнелеген «Өмірзая» романында өмір қиындығына шыныққан, рухани қуаты берік, моральдық сапасы жоғары азаматтар бейнесi жасалған.

Б.Мұқай «Өмірзая» романында қазақ халқының XX ғасырда басынан өткерген қасіреттерін көркем бейнелеген. Шығармада тіл, дін, ұлттық құндылықтар, кірмелер, баспана, білім-ғылым жүйесі, ауған соғысы, Желтоқсан оқиғасы ұлттық трагедия ретінде суреттелген. Бір дәуірде өмір сүрген төрт буын өкілдерінің тағдыры социалистік қоғамның идеологиясымен бірлікте суреттелген. Автор төрт буын өкілдерінің өмір, қоғам жайындағы ұстанымдарымен, сөйлеген сөзі, істеген істерімен қазақтың өткені мен бүгінінен, болашағынан хабар береді. ...Әңгіменің ең кызык жеріне жеткенде сырттан әлдекімнің шырылдап жылаған даусы естілді. Баласының даусын танып, Әсем орнынан атып тұрып, сыртқа жүгірді. Келіншегінің соңынан Аяған да есік алдына шыққан. Үй иесi татар шал жеті жасар үлкен ұлының құлағынан ұстап, дедектетіп сүйреп келеді екен. Болар-болмасқа көтеріле қоймайтын Аяған мынаны көргенде шыдай алмай кетті.
- Әй, ақсақал, құлағын жұлып аласыз ба баланын? Қолынан неге ұстамайсын? деп ашулана айкай салды. Сәл нәрсеге бола көз жасын төгіп жіберетін Әсем шырылдап барып, ұлын құшақтай алды.
-Уh, күшік! Алма ағашының түбіне кіш етіп тұр ұялмай, - деп сәл тосылып қалған шал қайтадан ашуына мінді. - Бау-бақшамды құртты мыналарың. Бұлардан шошқа жақсы.
-Ақсақал, тіліңізді тартып сөйлеңіз. Бала періште, - деді ызаға булыққан жігіт. Талағы тарс айырылардай болып тұрса да, жасы үлкен адамнын алдында әдеп сақтауға тырысты. Үш күндік фәниде шайдеспей сыйласу шарт, ақсақал. Сіз де жақсылыққа бірден гүмп етіп түсіп кеткен жоқ шығарсыз. Біз де сіздің босағаңызды күзетіп қалмаспыз. Сені мен шақырған жоқпын. Айда, кет! Босат үйді! Маған қаңғырған қазақтардың керегі жоқ. Бар, айда, еліңе қайт, - деді шал қолын сермеп.
Бала-шағаң ауланы былғап болды. Көрінген жерге отыра салады. Жабайы бәрі, культура дегенді білмейді. Ызаға булыққан жігіттің басына ыстық қан шапшыды, қатты ашуланғандікі ме, көмейіне ып-ыстық зат кептеліп, сөйлей алмай қыстықты. Қанша күйініп тұрса да үлкенді сыйлап үйренген әдетімен қазақы әдептен аса алмай мысы құрыды. Жігіттің осал жерін біліп алған шал қотырын онан сайын ауыртып қаси түсті. Бар төлейтінін алпыс-ақ сом. Бес адам тұрасың. Жок, енді шыдай алмаймын. Бүгін көш. Бес студентжіберемін. Біз сізге бұл айдын ақшасын алдын ала телеп койып ек кой, - деді Әсем көз жасын сүртіп тұрып.
Жаутаңдап түнеріп тұрған Аяғанға қарады. Шал енді бір нәрсе десе жарылатын секілді. Күйеуінің мінезін білетін келіншек Аяғанның қолтығына жармасты.

-Үйге жүр, үйге!..
-Әй, әділетсіз өмір-ай! - деп күйіне сөйледі жігіт пәтеріне қарай кетіп бара жатып.
-Ата-бабамнын каны сіңген ұлан-ғайыр мекеннен алақандай жер тимеді-ау бізге. Әлі күнге көрінгеннің есігінде жүрміз.
- Қаңғырған қазақларды куу... кирәк, деп ызақорлана айқайлады шал.
- Куасындар сендер! Өзімен-өзі жауласып, жаға жыртысып жүрген
аз казакты куалап, тау асырып тастау сендерге сөз болып па, - деді Аяған күңіреніп. Көңілі бос Әсемнің көзі боталады, жылап жібермес үшін астыңғы ернін катты тістеп алды.

***

Үйге кіргеннен кейін Әсем есікті мықтап жауып қойды. Шалдың жүйкені жұқартар қотыр сөзін естісе, Аяғанның шыдап отыра алмасын біледі. Далаға шыққысы келіп қыңқылдаған баласына зекіріп ұрсып, құйрығынан салып жіберді. Әкесінің қабағынан қорықты ма, Елжас көзі жаутаңдап, бүрісіп үнсіз отырып калды.
Ашуланғанда, ызаланғанда кітап оқу - Аяғанның ежелгі әдеті. Күйеуінің сол қасиетін білетін Әсем оның қолына Ғафуровтың «Тәжіктер» деген қалың кітабын ұстата салды. Алғашқы әлетте жігіт келіншегінің бұл кылығына түсіне алмай калды, қалың нән кітаптың ауырлығын білгісі келгендей салмактап бiраз отырды. Сонан соң мырс күлді. -Егер біреу «Қазақтар» деген кітап жазса ғой, қазақпыз деп кеуде қағып жүргендер шу ете түсер еді. Бөрінің артындай шуылдап, аттандап, кітап жазған бейшараны «қаны сорғалаған ұлтшыл, халқымыздын атына сөз, беделіне нұқсан келтірді» деп кінәлап, түрмеге жапкызып кояр еді. - Аяған шарасыз күйге түсіп, тұйықтан шығар жол таппай қиналған адамдай кабақ шытып, ақырын ғана күрсініп койды.

Басы салбырап, бір сәт үнсіз отырып калды. Әсем қозғалақтап әрең отырған Елжаска карап, қабақ шытты. Қазақтың тарихын ХV ғасырдан әрі жылжытуға тырысып көрші, басына әңгіртаяқ ойнатсын. Қазақ деген ұлт ХV ғасырда аспаннан түсе қалған сияқты. Ал тәжік, өзбек, қырғыздардың тарихы ерте дүниеден басталады. «Ағайындар-ау, қазақ халқының негізін құрап отырған рулар біздің эрамызға дейінгі ғасырларда өмір сүрген жоқ па? Олардың ғажайып мәдениеті болған» десен саған қара күйе жағып, құйрығына шала байлап жібереді де, қарқ-қарк куліп, мәз болып карап тұрады. Сөйтіп жүріп аспандағы айды жерге сүйреп түсіргендей гүпінетінімізді қайтерсің. Сөйтіп жүріп халықтың мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған адам болып көріну үшін мінбелерден айқайлайтынымызды қайтерсің. Қолында билігі бар әлдекім зекіріп ұрысса, «апыр-ау, қай жерден қате жібердім» деп зәреміз зәр түбіне кетеді. Мансабы бар әлдекім шақырып алып сілкілесе, кешегі айтқан ақылды сөзімізден айнып шыға келеміз. Басымыз жерге тигенше иiлiп, сан мәрте кешірім сұраймыз. Солай ғой, Әсем. Бiздiн осындай екенімізді бәрі, ақыр аяғы жаңағы татар шал да біліп алған...
Койшы сол шалды. Қайдағы бір татар шалмен жағаласып қайтесің. деп Әсем басу айтты. Ашу деген Үндеме. Ол сөйлеп-сөйлеп қояды, асауға мініп алған Аяған оның сөзін тындайтындай халде емес еді. Кеудесі толып қалыпты. Толысын шайқап төгіп, берекесін алған тексіз шалға өлердей ашулы. Мұның бір адамға ғана бағыштаған ашу-ыза еместігін Әсем біледі. Соңғы бірер айда Аяғанның басынан нелер өтпеді?! Барлығы жабылып жүріп Алдияр Ақпанұлын құлатты, сонан сон сол шалдын жыртысын жыртады деген оймен Аяғанға жабылды. «Қой, олармен алыспа: Алдияр ағаның шамасы келмеген топка сен не істей аласың?» деді. Ол туабітті қайсарлығына басып тындамай койды. Жакия сиякты жумырткадан жун кырыккан айлакер адаммен алысып жеңе алмасын білмеді. Мықтап сүрінді. Әділдік іздеп бармаған жерi калды ма? Бұл аз болғандай, әлдекімдер сойылға жығып кетті. Енді, міне, татар шал қоқандап, кокан-локы көрсетіп қоқиланып жур. Басының бағасын білетін азамат калай шыдасын бұған!? Неге біз ғана түсінуге, біз ғана кешіріммен қарауға тиіспіз? Ал олар ойына келгенді істейді. Соны көре тұра үндемеуіміз керек екен. Ол оқымаған, надан. Сол себепті не булдірсе де кешірім. Солай ма сенінше, Аяған келіншегіне ежірейе қарады. Әсем жеңілгенін мойындағандай езу тартып, төмен қарады.

2

Олар шетінен... Әсем. Колыңнан келсе конышыңнан бас» дейді - деп Аяган жуды-шырт-шырт түкіріп. Олардың мақсаты біреу-ақ, рығымен столды салып калды. Әкесінің сөзіне түсіне алмай манаурап отырған Елжас селк ете түсті. Баланы шошыттың ғой, Аяған-ау, деді Әсем қабақ шытып. Оларда ақша жасаудан басқа максат жоқ. Мемлекеттің байлығы солардың қалтасында жүр, Әсем. Біздің күніміз соларға, шеттен келген келімсектерге қарап тұр, Әсем. Сен білмейсің, - деп күрсінді жігіт. Ашуланғандікі ме, шеке тамырлары ісініп, білеуленіп кетіпті. Мемлекет байлығын саудаға салса, барлығын солар сатып алар еді. Сол себепті де олар бізге бір халықтың азаматы, мақтанышы деп емес, қалтасы тесік мүсәпір деп қарайды. Сен мейлі, дүлдүл ақын, ғұлама ғалым бол, ол бәрібір менсінбейді. Өйткені сенің ешкімге, мемлекетке де, партияға да керегің жоқ. Осыны білген келімсек көңіліне жақпасаң пәтерінен қуып жібереді. Ал сен бала-шағаңды жетектеп, шабаданыңды көтеріп, Алматының көшелерін кезіп баспана іздеп, қаңғырып жүресің. «Әй, осыған обал болды-ау» демейді ешкім. Ата-бабаң жанын беріп, қанын төгіп жүріп қорғап қалған атажұртыңнан бала-шағаңа баспана, пана болар қуыс таппай қаңғырығың түтеп сен жүресің, өз елінен опа көрмей күні кеше көшіп келген әлдекім кең сарайдай сәулетті үйде тұрып, екіден, үштен ит ұстайды. Олардың итке бөлінген бөлмесі бар, Әсем. Біз кіндік жұртымызда баспана таба алмай қазаннан, Ереваннан, Сібірден, Кавказдан келгендердің өзіміз сияқты жалаңаяқтарға арнап салған күркелерінде пәтерде тұрамыз...

4-тарау

Танымал жазушы Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы осы құлдық сана, рухтын жанышталуы турасында. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жаңа серпін, соны құбылыстар дер едік. Мұхтар МАҒАУИН Құрылысшы жастар мен студенттер арасындағы оқиғалардан да көп нәрсені каюге негіз бар. Қазақстанның астанасы Алматыға арман куып шалғайдағы қазақ ауылынан келген талапты жастардың оқуға түсе алмауының себебі шен-шекпенділердің балаларынан мемлекеттік гранттардың артылмауы. Сондықтан олар құрылыста, мақта мата комбинатында, кілем фабрикасында, түрлі зауыттар мен цехтарда қара жұмыс істеуге мәжбүр.

Талабы таудай болғанмен, сенері де, сүйенері де жоқ жастардың бірі - құрылысшы Асылхан мен Хадиша. Тарих факультетіне келіп жолы болмаған Асылханның тарихшы, профессор Алдияр Ақпанұлын iздеп барып, оған көмек қолын созуы, Аяған істі болғанда отбасына қамқор болуы улкен азаматтығын көрсетсе, Геркулес пен Араб қолынан пышақтап өлтірілуі, қылмыстың арты ашылмауы өмірден алынған шынайы оқиғалар. Осы тұрғыда Сүлеймен Мәметтің «Қоғамның қасіреті демесек те, кеселін суреттеген «Құлдық ғұмыр», «Өмірзая» санаға екіұдай сәуле түсіргені бар. Ол жақсы деген қоғамда осындай сұмдықтар да болa Ma ekeнгe caятын. Тоғышарлық пен пендешілік, даурықпа идея - енді қадағалап қарасақ, астарлы түрде суреттелген екен», деген пікірімен келісуге негіз бар.

Ал қаршадай Хадишаның Аяғанға болысам деп алпамсадай Геркулеске қарсы ұмтыл Әсем ауруханаға түскенде балаларына бас-көз болуы, тұлдыр жетімектерді бауырына басуы әйел-аналарға тән мейірім мен ибаның көрінісі болса, он екіде бір гүлі ашылмаған ұяң қыздың сезім жетегiне ерiп, Асылханның ермегіне айналуы өкінішті. Автор Хадишаны кінәлаудан аулақ, керісінше өз баласынан жеріген Алмас сияқты ездерге қарғыс наласын жаудырған. Себебі ол - өз перзентін ғана емес, Аяғанның үш ботасын жетім қалдырған безбүйрек.

- Әй, профессор, бізді жұмысқа салып қойып, қайда жоғалып кеттің? - деді қарсы кездескен Геркулес. Төбелестен кейін жүрегі шайлығып қалған Аяған кандай жауап қайтарарын білмей абыржыды. Көзі жапақтап, жымиып күлді. Геркулестің бірнеше рет сотталғанын, бір жерде тұрақтап жұмыс істемейтіндігін естіген. «Онымен жағаласуға болмайды, қалтасына пышақ салып жүреді, ашуына тисең, жарып кетеді. Абайлап жүр» деп ақыл айтқан білетіндер. Сол сөздер есіне түсіп, денесі түршікті. -Профессор, кімді мазақтап тұрсың? - деді Геркулес қабақ шытып, тістене сөйлеп. Оның ақиған көзін, сұстанып кеткен түрін көріп, Аяғаннын бойын қорқыныш биледі.
- Ешкімді мазақтаған жоқпын.
Мазақтамасаң неге күлесің? - деп, тақымдап қоймады Геркулес.
Аяғанға бір аттап, екі аттап жақындай түсті, жұдырығын түйіп алыпты. Мынанын соншалық өктемсіп, басып кетердей басынып тұрғанына намыстанған жігіт:
-Күлкіге тыйым салынған заң әлі қабылданған жоқ, -деді батылданып. Бұға берсе мынаның ерік бермей есіріп кетерін түсініп, келсең кел дегендей оң иығын алға салып, бір қырындай тұрды.
-Сен байка, -деді Геркулес ожаудай жұдырығын жігіттің бетіне тақап. Бала-шағаң бар шығар. Қарсыласпа. Қарсылассан, казык кылып қағып жіберемін. Бала-шағаң жетім қалады...

Аяганның құлағы шыңылдап, басына қан шап- шыды, екі беті дуылдап, кеудесіне алапат ашу тығылды. Геркулестің сөзі еттен өтіп, сүйекке жет- кенмен ашуын ақылға жеңдіріп, сабыр сақтады. Қағып жіберу үшін нағыз жігіт болу керек, өң- киген дәу сарының шатынаған көзіне қаймықпай тiк қарады. Іштей ширығып алған, шамырқанып Төбелесе кетсе мынаған әлінің жетпесін сезеді, тұр. Jны коркыныштың темір шеңгелінен намыс босатып алған. Дәл қазір екі жағында пышағын жалаңдатып екі Геркулес тұрса да, қорқақтап шегінбес еді.
Сендер куәсіндер. Мынау ит, доңыз, шошқа, шылаушын менімен жағаласа бастады, - деді Геркулес тістене сөйлеп. Жан-жағына қарап, кеңкілдей күлді. Жақын маңайда жүрген жұмысшылар бір сұмдықтың боларын сезгендей жұмысты қойып, екеуін аңдып тұр. Ішке кіріп бара жатқан екі қазақ қызы да токтай калып, бері бұрылды.
- Қойсақ қайтеді, - деді Аяған кыздардан кысылып. - Ренжісетіндей арамызда ештене болған жоқ.
- Бұлар осындай. Бүлдіріп, тас-талқанын шығарып қиратады да, түк болмағандай бетіне қарап күледі иттің балалары, - деп кіжіне айқай салды да, Аяғанның жағасынан алып, мытып-мытып жіберді.
Қарап жатып өлмек жоқ. Геркулестің темір шеңгелі кеңірдегіне кемпірауыздай жабысып, қысып, қылғындырып өлтіріп барады. Әне-міне дегенше жаны кеудесінен пыр етіп ұшып шығардай Аяғанның көзі аларып, тынысы тарылды. Ақтық күшін жинап алып, Геркулесті іштен ұрды, бірақ оның темір шеңгелі Аяғанның кеңірдегінен ажырамады. Қан толып кеткен екі көзі кішірейіп, қатты тістеніп алған. Жібер оны!
Екі қыздың біреуі жүгіріп келіп, Геркулестiн колына жармасты. Аяғанды босатып алуға шамасы жетпеді. Айқайлап еді, ешкім көмекке келмеді. Аяғанның екі көзі аларып, қарсыласудан қалды, әл-дәрмені құрып, тамағы қырылдай бастады. Не істерін білмей сасқалақтаған қыз құлаштап тұрып Геркулесті көзден ұрды. Ax... ... -дедi түсi бұзылып кеткен Геркулес ызалана ақырып. ...өлтіремін сені.
Қыз бірақ ықпады, шыңғырып тағы ұмтылды. Кыздын колындағы таяқты көріп, Аяғанды босата салып, қайта шегінді. Сонан соң кызды ішінен теуіп жіберді. Қыз сұлап түсіп, сұлк жатып калды. Манадан бері «қызық» көріп тұрған құрылысшылар шу ете түсті. Екінші қабатта жүрген Асылхан мына оқиғаны көре салып, жерге секірді. Өзіне ұмтылып келе жаткан жас жігітті көріп, мазақтағандай мырс-мырс күліп, екі бүйірін таянып, талтиып тұр. Асылханның өзіне қол көтеруге батылы баратындығына сенген жок.

Күшік! - деді ол шырт түкіріп. - Жарық дүниеден жерiп болган көзінің арасынан ұрды, өкшесі кірпішке ілініп, шалқасынан құлаған Асылхан сол қолымен жаскай беріп, он колымен Геркулесті екі ол орнынан атып тұрғанмен теңселіп барып қайта жығылды. Өзі ит жанды екен, тәлтіректеп қайта тұрды да, колына ілінген кірпішті Асылханға лақтырды. Тағы да кірпіш алмақ болып еңкейген, Асылхан атылып келіп қолтықтың астынан тепті. Геркулестің айқайлауға ғана шамасы келді, екі бүктеліп сұлап түсті. Осы екі арада досының намысын жыртып, айқайды салып Араб жетті. Қолында ұзындығы бір қарыс екі жүзді кездік. Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығып, Асылханнын жеті атасын түгендеп, өзінің түгін қалдырмады. Даусы шарылдақ, ащы екен. Айбынды көрінгенмен айқайлап емес, жылап жүрген тәрізді.
– Бәріңді бір-бірлеп жарып өлтіремін! Ал келіңдер! Иттер, шошқалар, доңыздар!..
Әй! деді, үйден шыға келген Сергей есімді жігіт ауланы басына көтере дауыстап. Қолында бір құлаш темір таяғы бар. Кәне, шық жекпе-жекке! Басыңды қақ айырайын, иттің баласы! Сендер келгелі бригаданың берекесі кетті. Сергейдің гүрілдеген даусынан, тұлғасынан каймыкты ма, Араб бір сәт не дерін білмей тосылып калды. Сонан соң үйреншікті айғайына басып, «қызық» көріп тұрған құрылысшыларға ұмтылды, олар тым- тыракай болып, жан-жаққа шашырап қашты. Сергей бар даусымен ақырып, бейқұт елге бүйідей тиген Арабқа тұра ұмтылды. Жан керек екен, ол Сергейге беттей алмай тайқып шыға келді. Оны біраз жерге қуып тастап, айбыны асып кайтып оралған Сергей екі бүктеліп, кимылсыз жатқан Геркулесті көтеріп тұрғызды.
O-o-h! деп кинала ынырсыды. Өлтіремін оны. Кешпеймін ешқашан.
- Душпандардың оғы өтпеген Асылханға сенің пышағың батпайды, бейшара, - деп, Сергей мырс-мырс күлді. Тағы да түрмеге түскің келмесе... тыныш жүр.
А-а-а! - ызақорлана айқай салған дәу сары анадай жерде тұрған Асылханға ұмтылып, үш-төрт кадам жетпей тоқтады. Беті қайтып қалған сияқты. Екі көзін одан алмай, атып жіберердей ақия қарап біраз тұрды. Асылханның жұдырығы екі көздің арасынан тиген екен, мұрны күмпиіп ісіп кетіпті.
- Геркулес мырза, біздің ортамызда сізге орын жоқ, тук болмағандай жайбарақат үнмен. - Біраз еркелеттік. Жолыныз әне, тайып тұрыңыз. - Бұлардың бізге істемегені қалды ма, - деді Сергей қызына сейлеп. Келе сала екеуі маған жабылған. Бұлардан барлығы корқады. -Аяғанды құшақтап, бетінен сүйді. Асылханның қолын қысты.
саған, бауырым. Сен болмасаң... Буларды не кудай алмай, не милиса алмай әбден қор болып едiк.
- Ерте қуанасың сорлы, - деді Геркулес сынарезулей күліп. - Бүгін әйеліне айт, табыт алдырып койсын. Бiреу емес, екеу... Ұқтың ба, екеу!.. Жеңістің буына мас болып, басы айналып тұрған Сергейдің түсі кашып, жылайтын адамдай кемсендеді. Араша тілегендей Асылханға жаутандады. Ол Сергейдің жағдайын түсінді. Оның қозғалып кеткен көңілін орнына түсіру үшін:
- Әй, Геркулес! Араб екеуiң табытқа жатамын деп дәмеленбей-ақ қойындар. Сүйектерің шашылып, далада қалады, - деді жігіт күле сөйлеп.
- Көреміз, - деді Геркулес сыңарының соңынан кетіп бара жатып... - Күшік! - деді ол шырт түкіріп. - Жарық дүниеден жерiп болған екенсің сен...
Асылхан сол колымен жаскай берiп, оң колымен Геркулесті екі көзінің арасынан ұрды, өкшесі кірпішке ілініп, шалқасынан құлаған ол орнынан атып тұрғанмен теңселіп барып кайта жығылды. Өзі ит жанды екен, тәлтіректеп қайта тұрды да, колына ілінген кірпішті Асылханға лақтырды. Тағы да кірпіш алмак болып еңкейген, Асылхан атылып келiп колтыктын астынан тепті. Геркулестің айқайлауға ғана шамасы келді, екі бүктеліп сұлап түсті.
Осы екі арада досынын намысын жыртып, айқайды салып Араб жетті. Қолында ұзындығы бір қарыс екі жүзді кездік. Аузына ақ ит кiрiп, кара ит шығып, Асылханның жеті атасын түгендеп, өзінің түтін калдырмады. Даусы шарылдак, ащы екен. Айбынды көрінгенмен айкайлап емес, жылап жүрген тәрiздi.
- Бәріңді бір-бiрлеп жарып өлтiремiн! Ал келіндер! Иттер, шошқалар, доныздар!..
- Әй! - деді үйден шыға келген Сергей есiмдi жiгiт ауланы басына көтере дауыстап. Қолында бір құлаш темiр таягы бар. - Кәне, шық жекпе-жекке! Басынды как айырайын, иттің баласы! Сендер келгелі бригаданын берекесі кетті.
Сергейдің гүрілдеген даусынан, тұлғасынан каймыкты ма, Араб бiр сәт не дерiн бiлмей тосылып калды. Сонан сон үйреншікті айғайына басып, кызык» керіп тұрған құрылысшыларға ұмтылды, олар тым-тыракай болып, жан-жакка шашырап қашты. Сергей бар даусымен акырып, бейқұт елге бүйідей тиген Арабқа тұра ұмтылды. Жан керек екен, ол Сергейге беттей алмай тайкып шыға келді. Оны бiраз жерге куып тастап, айбыны асып кайтып оралған Сергей екі бүктеліп, кимылсыз жаткан Геркулестi көтеріп тұрғызды. - O-o-h! - деп қинала ынырсыды. - Өлтіремін оны. Кешпеймін ешқашан.
- Душмандардын оғы етпеген Асылханға сенің пышағын батпайды, бейшара, - деп Сергей мырс-мырс күлді. - Тағы да түрмеге түскін кел- месе... тыныш жур.
- А-а-а! - Ызакорлана айкай салған дәу сары анадай жерде тұрған Асылханға ұмтылып, үш-төрт кадам жетпей токтады. Беті қайтып калган сиякты. Екi кезiн одан алмай, атып жіберердей акия карап біраз тұрды. Асылханның жұдырығы екі көздің арасынан тиген екен, мұрны күмпиiп iсiп кетіпті.
- Геркулес мырза, бiздiн ортамызда сiзге орын жок, - деді Асылхан тук болмағандай жайбарақат үнмен. - Біраз еркелеттік. Жолыныз әне,тайып тұрыңыз.
- Бұлардың бізге істемегені калды ма, - деді Сергей қызына сейлеп. - Келе сала екеуi маған жабылған. Бұлардан барлығы қорқады. Аяғанды құшақтап, бетінен сүйді. Асылханнын колын кысты. - Рақмет саған, бауырым. Сен болмасан... Бұларды не кұдай алмай, не милиса алмай əбден кор болып едік.
- Ерте куанасын сорлы, - деді Геркулес сынарезулей күліп. – Бүгін әйеліңе айт, табыт алдырып койсын. Бiреу емес, екеу... Ұқтын ба, екеу!.. Жеңістің буына мас болып, басы айналып тұрған Сергейдің түсі кашып, жылайтын адамдай кемсендеді. Араша тілегендей Асылханға жаутандады. Ол Сергейдің жағдайын түсінді. Оның козғалып кеткен көңілін орнына түсіру үшін:
- Әй, Геркулес! Араб екеуiн табытқа жатамын деп дәмеленбей-ақ қойындар. Сүйектерің шашылып, далада калады, - дедi жiгiт куле сейлеп.
- Көреміз, - деді Геркулес сынарының соңынан кетіп бара жатып...

3

9-тарау

Жұмыстың аяқталуын күтуге Асылханның шыдамы жетпеді, бригадиріне жағдайды түсіндірді. Аяғанның жағдайын айта бастағанда бригадир оған бірінші рет көріп тұрғандай таңырқай қарады.

– Байқа, бала, бекер босқа күйіп кетіп жүрме,– деп жанашырлық танытты, ақыл айтқан болды. – Мен антилерді бір шақырымнан танимын. Оларға жолама. Бəле адамға оп-оңай жұға салады. Олар өте қауіп-т-е-е, шырағым. Əлгі ғылым кандидаты бола тұра біздің арамызға неге келді дейсің? Во-о, мəселе қайда!.. Ол бізді үгіттеу үшін келген. Түсіндің бе, бала?! Ақымақ қыздарға талай айттым, ал олар өзімді мазақтап, жырқылдап күледі. Оларда ақыл жоқ, кебенамайт!.. Ал, сен түсінесің, Ауғанстанда болып келгенсің. Байқа. Абай бол. Мен саған ескерттім. Бригадир жасы алпысқа келіп қалған, тапал бойлы, бір сəт əрекетсіз қарап отыра алмайтын, тыпыңдап жүгіріп жүретін мазасыз адам. Үнемі шырылдап, жау келіп қалғандай жанталасып, елді дүрліктіріп жүретін бригадирді қыздар мазаққа айналдырып, маза бермейді. Бригадир деген аты ғана, əйтпесе одан ығып, бұғып жүрген ешкім жоқ. Жұмысшылар өзі үшін қарап отырмайды. Уақытында келеді, уақытында кетеді. Шұғыл шаруасы барлары оның алдынан өтеді, рұқсат бермегеніне қарамай кетіп қалады. Тыңдамай кетіп қалған адамның жер-жебіріне жетіп, қырып-жоймақ болып, аузынан түкірігі шашырап, бейшара жер тепкілеп қала береді. Бұрын Геркулес пен Арабқа арқа сүйейтін, солардың дегенімен жүріп, тұратын. Екеуінен қаймыққандықтан үндемейтін құрылысшылар олардың көзі жоғалғалы арқа-басы кеңіп, бригадирді жүре тыңдайтын, жабылып мазақтайтын əдет тапқан. Күйіп-пісіп ашуланғаннан басқа оның қолынан не келсін.

– Мен суға салса батпаймын, отқа салса күймеймін, аға,– деді Асылхан оның сөзін мұқият тыңдап. – Менің денеме оқ өтпейді, пышақ батпайды.
– Ей, сен не қылған адамсың өзі? Бəле жұғады деймін мен саған. Оны жуып та, қырып та кетіре алмайсың,– деп бригадир күйіп-пісті.
– Оған жала жаппаңыз.
– Шындықты айтқаннан мен ұялмаймын.
– Ұялмайтыныңызды білеміз ғой, аға,– деп күлді Асылхан. – Мен кеттім. Еңбек күнімнен екі сағатты шегеріп тастаңыз.
Бұрын бала деп менсінбей қарайтын, жұрттың көзінше Геркулесті ұрып жығып, қуып жібергелі бері Асылханға деген көзқарасы өзгерген. Жылы сөйлеп, ақыл айтып, қамқорсып жүреді. Сөзіне құлақ қойып, зейін салып тыңдап отырса бұл дүниеде Асылханның одан, яғни Сыпатайдан басқа жанашыры жоқ сияқты. Сөйлесе кетсе тіл ұшымен бар жақсылықты үйіп-төге салады.
– Ой, айналайын Асылхан, саған қосып жазбасам еңбек күніңді шегермеймін ғой. Сенен немді аяйын,– деді бригадир жарамсақтанып. – Байқашы, арандап қалмашы. Қазақтың қатындары сен сияқты азаматты күнде туа бермейді ғой, айналайын.
Асылхан оның “тəтті” сөзін тыңдап тұра бергісі келмей, киініп алды да жолға шықты. Жолай он екінші қазақ мектебіне соқты, Елжасты алып, Аяғанның пəтеріне келді. Иесіз үйге баса-көктеп кіріп баруға батылы жетпей, бақты аралап, Елжас екеуі алмұрт үзіп жеді. Бақтың іші таза, көлденең жатқан ағаш жоқ, Аяған қолы боста қарап отырмайтын сияқты. Ауланың іші де тап-тұйнақтай. – Елжас, мамаң қайда кетті екен, а?
– Олжас пен Бибіге кеткен шығар,– деді алмұрт жеп отырған бала оған жасқана қарап.
– Қарның ашқан жоқ па?
– Бізге мектепте тамақ береді.
– Е-е, дұрыс екен. Інілеріңнің аты кім?
– Інім біреу-ау,– деп күрсінді бала. – Оның аты Олжас.
– О-о-һ-о! Ақын болады екен ғой.
– Ақын емес, азамат болады,– деді бала бас шайқап тұрып. Асылхан рахаттана күлді.
– Оны кім айтты саған?
– Көкем айтты.
– Е-е, көкең біледі,– деді жігіт баланың басынан сипап. Елжас момын сияқты. Мұның жасындағы балалар бір сəт құйрық басып, тыныш отыра алмаушы еді. Баланың үсті-басы мұнтаздай, ақ жейдесінің жаға-жеңі де кірлемеген.
– Қарындасыңның аты кім?
– Бибі.
– Е-е, иə, Бибі екенін білемін ғой,– деп күлді жігіт. Елжасты өзіне тартып, құшақтап отырды. – Елжас үлкейгенге кім боласың?
– Азамат боламын,– деді ол мұрнын тартып.
– Ой, азамат! Інің екеуің үлкен азамат боласың.
– Бибі де азамат болады, аға.
– Иə, үшеуің де азамат боласыңдар,– деді жігіт кішкене баланың жауабына шын риза болып. Есіне балалық шағы түсті. Үйіне келген, кеткен адамдар “кім боласың” деп сұрайтын, кішкентай Асылхан “бастық боламын” деп тақ ете қалатын.
– Ой, азамат! Кəне қолыңды жай, бата берейін,– дейтін үлкендер. Солар бата берсе дегені болатындай малдас құрып, алақан жаятын. Ауыл баласы үшін колхоз басшысынан үлкен адам жоқтай болып көрінуші еді.

– Менің балам бастық болады,– дейтін баласын мақтаныш көрген ана. Колхоздың бастығын қонаққа шақырып, оның батасын алуға тырысатындар көп болушы еді. Асылхандардың колхозына ондайлардың талайы келіп, талайы кетті. Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығатын бəдіктерді де, жатып ішетін маскүнемдері де болды. “Мыналарға қор болған қайран орын-ай” дейтін Мұсахан қария əлгілерден түңілгенде. Колхоз бастық болуды армандап өскен қараша ауылдың қарасирақ балаларының арасынан бүкіл ел мақтаныш тұтар азаматтар аз шыққан жоқ. Бірақ Асылхан олардың жолын қумады, Мұсахан қарияның айтуымен “рəйкөмнің” оқуына келді. Рəйкөмнің бірінші хатшысы бітірген тарих факультетіне бірінші жылы түсе алмай, ауылға қайтып оралған соң əртүрлі жұмыс істеді, желтоқсан айында əскерге шақырылды. Мектеп қабырғасынан кеше ғана шыққан бозөкпе балалардың біразын бірер ай Ашхабаттың маңында оқытып, жаз шыға Ауғанстанға алып жөнелді. Бір жарым жылда не көрмеді дейсің, талай рет ажал аузынан қалды, душмандардың қолына да түсе жаздады. Құс қанаты күйгендей аптап ыстықта жер жастанып, ашық далада, шақырайған күннің астында бас көтеруге шамасы келмей жатқанда үш күндік пəниден сұмдық жеритін. Бас көтерсе-ақ душманның оғы іздеп таба қоятын. Азапқа шыдамаған жас жігіттердің талайы қай жерде бұғып жатқаны белгісіз душман мергенінің нысанасына айналды. Қаршадайынан бейнет көріп өскен Асылхан шыдады, аспан айналы жерге түсердей ыстықта зілмауыр жүк көтеріп, қанша шақырым жол жүрсе де, кенеттен душмандардың тосқауылына тап болып, жауып тұрған оқтың астында қалса да сыр берген жоқ. Бірнеше күн күші басым жаудың қоршауында қалып, бір тамшы суға зар болып жатқанда да үрей шақырып, үмітін үзген емес. Шыбын жаны шырылдап, бір күндік жарық сəуле үшін жанталасты. Қиындыққа шыдамаған жас жігіттердің талайы сол төбенің етегінде мəңгілікке қалып қойды. Əскерге бірге алынып, Ауғанстанда бір жарым жыл бойы қол ұстасып қатар жүрген, талай-талай қысылшаң қияда бір-біріне ес болған бесеудің екеуі елге қайтуға дайындалып жүргенде ойламаған жерден қаза тапты. Қаланың қақ ортасында тапайдың тал түсінде екі боздақты бауыздап кетті. Ауған соғысы қаншама боздақтың басын жұтты екен? Қанша боздақтың ізін ажал аңдып жүр екен? Бұл соғыс əлі қаншаға созылар екен? Бір жарым жылда Асылхан кіммен кімнің соғысып жатқанын біле алмады. “Өзімен өзі келісе алмай қырық пышақ болып жатқан елдің арасына түсіп, бекер қан төккеніміз қалай? Жап-жас жігіттер кім үшін қыршынынан қиылып жатыр?” Осы тақылеттес сұрақтарға жауап іздеп, үнемі тұйыққа тірелетін. Біледі дейтін адамдар иығын қиқаңдатып, бұрылып кетеді. “Ауғанстанда интернационалдық борышын өтеп жатқан біздің балалар” деп мақтанып отыратын қазақтардың қамсыздығына, тайыздығына күйінетін. Шыдай алмай ойын ақтарып салатын, сол үшін үлкендерден талай рет ауыр сөз естіді. – Ағатайлар-ау, өзімен өзі келісе алмай жатқан ағайындардың арасына түсу отқа май құйғанмен бірдей емес пе?! Күні ертең “интернационалдық борышымызды өтейміз” деп американдықтар Қазақстанды басып алса не дер едіңіздер,– деп шырылдаған Асылханды алдымен аудандық комсомол ұйымына шақырып, əбден сілкілеп, сілікпесін шығарды, сонан соң мұның өзін босатып, Мұсахан қарияның миын ашытқан. Партия басшысының ақылы – азық, сөзі – сусын деген түсінікпен ғұмыр кешіп келе жатқан Мұсахан қария аудандық ұйымның бірінші хатшысының алдынан жер болып шыққан. Сүйретіліп үйіне келген соң егіліп жүріп, Асылханды қамшының астына алған. Шырылдап араға түскен кемпірін де аяған жоқ. – Сүйекке таңба салғанша өлгенің жақсы еді ғой иттен жаралған-ау. Кеңес үкіметіне қарсы сөз айтып, тірідей көрге тықтың мені,– деп күні кеше аман келгеніне қуанғаннан жылап, құшақтап аймалаған баласын көкала қойдай қылып сабады. Асылхан əкенің қолын қаққан жоқ, жаны қиналса да шыдады. Ауданға барып, рəйкөмнен кешірім сұра,– деп қорқыныштан көз жасын көлдеткен анасының тілегін орындамады. “Ауғанстанда қыршынынан қиылған достарымның назасын айттым” деп ойлаған Асылхан ол кезде біреудің алдына кішіріп барып, бас иетіндей емес еді. Аудандық партия ұйымына шақырып, басына қара аспанды төндіріп қорқытқанмен ыға қоймады. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесіне қайта-қайта шақыртып, оқ пен оттың ортасынан күні кеше келген Асылханның басын əуреге салды. Үн-түнсіз бас шұлғып жүре алмасына көзі жеткен жігіт ешкіммен ақылдаспай Алматыға тартты да кетті. Соңына түсіп, ешкім іздеген жоқ... – Елжас, атаңның аты кім?– деп сұрады, қалың ойдың тұманынан əрең шыққан жігіт орындыққа байлап қойғандай тапжылмай отырған баладан. – Атамның аты Қуат. – Атаңды сағындың ба? Бала бас изеп, ақырын ғана күрсінді. – Біріншіні бітіріп, ауылға барамын. Онда менің торы тайым бар. – Келесі жазға дейін тайың құнан шығады. – Атам екеуміз жайлауға барамыз. – Атаң не істейді, Елжас? Бала мүдіріп қалды. Атасының не істейтіндігін білмегеніне қысылып, көзін жыпылықтатып, Асылханға жасқана қарады. – Атамның аяғы ауырады, аға. Бір аяғын фашистер атып жіберген,– деді бала “жұмыс істемейтін” атасына ара түсіп. – Оның ордені көп. Міне, мұнша. Он саусағын көрсетіп, басылып қалған еңсесін көтерді. Асылхан арқасынан қағып еді, Елжастың екі танауы шелектей болып, қуанып қалды. Атаң батыр екен. Сен де батыр боласың,– деді Асылхан сағатына қарап. Сағат алтыдан асып барады екен. – Мен батыр бола алмаймын, аға. – Неге? – Батыр болу үшін соғысқа бару керек. – Несі бар, қолыңа автомат аласың да, поезға отырып барып келесің. – Мен үлкейгенде соғыс болмайды, аға. Фашистердің барлығын менің атам мен ауылдағы Қошқарбай деген шал қырып салған,– деді Елжас, екі танауы делдиіп, көңілін мақтаныш кернеді. – Мен үлкейгенде коммунизм болады, аға. Біз – Олжас, Бибі үшеуміз самолетпен коммунизмге барамыз. Елжастың сөзіне разы боған Асылхан рахаттана күліп, оны құшақтап, бетінен сүйді. Осы кезде ауланың есігі ашылып, ұзын бойлы, бет бір уыс, тыриған арық қыз кірді. Ол жақындап келіп, сəлемдескеннің ырымын жасап, басын бір шұлғып қойды. – Қуатова Əсемді жедел жəрдем ауруханаға алып келген,– деді қыз бір жапырақ қағазды Асылханға ұсынып. Аурухананың адресі екен. – Маған өтініш білдіріп еді. Сау болыңыз! – Рахмет! – деді Асылхан шұғыл бұрылып, ұзап бара жатқан қыздың соңынан дауыстап. – Олжас пен Бибінің бақшасын білесің бе, Елжасжан? – Бұрынғы үйдің жанында,– деді де, бақшаға барар жолды сызып көрсетті. – Ескі үйден шығып, тура жүру керек. Дүкеннің жанынан бұрылып, былай жүрсек көрініп тұр. – Олай болса тезірек киіміңді ауыстыр. Олжас пен Бибіге барамыз.

4

Такси жалдап, Татар слабодкасына келді, балалар бақшасын көп қиналмай тауып, екі баланы алып, қайтып оралды. Асылханды бұрын бір-ақ рет көрген балалар оған үрке қарап, бір бұрышта бүрісіп-бүрісіп, тым-тырыс отыр. Əншейінде жүгіріп тыным таппайтын үш жасар Бибі моп-момақан бола қалыпты, əкесі мен шешесі кіріп келердей əлсін əлі есікке жаутаң-жаутаң қарайды. Екі қолын тізесінің үстіне қойған, Асылханның қалт еткен қимылын аңдып отыр. Бес жасар Олжас та тым-тырыс, екі көзі жыпылықтап, бейтаныс жігітке жасқана қарап қояды.
– Елжас, мен дүкенге барып келейін,– деді Асылхан күртесін киіп жатып. – Бибі мен Олжасқа қандай кəмпит əкелсем екен ə?
– Тəтті кəмпит əкеліңіз,– деді оған үйренісіп қалған Елжас. Кішкентай екеуі ауыз ашқан жоқ, еріндері салпиып, қимылдамай отыр.
– Мен тез келемін,– деп Асылхан шығып кетісімен Олжас пен Бибі орындарынан тұра салып, тамақ қоятын шкафқа жүгірді. Бұрын жеткен Олжас жалғыз тал кəмпитті ала салып, төргі бөлмеге қашып кірді. Бибі үйді басына көтеріп бақырып, ағасының соңынан жүгірді. Төсектің астына кірген Олжас кəмпитті аузына салып жіберді. Оның қайда тығылатынын білетін үш жасар қыз бақырып келіп, еңбектеп төсектің астына кірген.
– Əллау, жоқ! – деп Олжас қолын жайды. – Əллау, мысық жеп қойды. Бибі қайдан көнсін. Жер тепкілеп, дауысын күшейте түсті. Не істерін білмей сасқалақтаған Олжас төсектің астынан еңбектеп шығып, ас үйге қашты. Бибі қалсын ба, шырылдап жылап, ағасының соңынан жүгірді.
– Олжас, бер кəмпитті! – деп жетіп келген Елжастан қорықты ма, аузын ашты.
– Əллау, жоқ... Ішіме түсіп кетті.
Ағасының кəмпитті жеп қойғанынан көзі жеткен Бибінің айқайы одан сайын күшейді. Асты-үстіне түсіп, бəйек болған Елжасты кеудесінен итеріп-итеріп жіберіп, жер тепкілеп жылады.
– О-о! – деп дауыстап жіберді Елжас. – Мамам кеше көп-көп кəмпит сатып əкелген. Бақтың ішіне тығып қойған шығар. Жүріңдер іздейміз.
Қыздың дауысы сап тиылды. Орнынан тұра салып, томпаңдап сыртқа беттеген Елжастың соңынан жүгірді. Олжас та сеніп қалыпты, əрбір ағаштың түбіне келіп, шалқайып жоғары қарайды.
– Кəмпит алмұртқа айналып кеткен шығар,– деді Елжас ұятқа қалмас үшін. Оны үлкен адамдай көретін інісі мен қарындасы сенді.
– Көршінің иті жеп қойған шығар,– дейді Олжас.
– Аймұт жеймін,– деп қыңқылдады қыз. Олжас ежелгі əдеті бойынша тағы да ерте қимылдады, жерден тас жинап алып, алмұрт ағашын атқылауға кірісті. – Біреудің басын жарасың,– деп зекіді Елжас.
– Білеудің басы қанайды,– деп Бибі ернін бұртитты. Сол екі арада Олжастың лақтырған тасы тиіп, жалғыз тал алмұрт жерге түсті. Дайын тұрған Олжекең жерге түскен алмұртты іліп алып, тұра қашты. – Маған бей! Аймұт бей! – деп ағасының соңынан жүгірді қыз.
– Бибі, бері кел! Міне, алмұрт,– деп дауыстаған Елжастың сөзін құлағына қыстырмады. Ол үшін дүниеде Олжастың қолындағы қақ бөлінген алмұрттан тəтті ештеңе жоқ. Жерге топылдап түсіп жатқан алмұртқа қарамады, ағасының соңынан үйге кіріп кетті. Елжас қағып түсірген төрт тал алмұртты алып, үйге кірген, əлгі екеуі көрінбейді. Жайлап басып, түпкі бөлмеге кірді де еңкейіп, төсектің астына көз жүгіртті, екеуі құшақтасып, жартыкеш алмұртты кезек тістеп, мəз болып отыр екен. Осы кезде сыртқы есік ашылып, Бибі мен Олжас төсектің астынан асығыс еңбектеп шығып, алақайлап ауызғы бөлмеге жүгірді. Асылханды көріп, кері қашып, төсектің астына тығылды.
– Балалар мен кəмпит əкелдім,– деп дауыстады жігіт. Бірақ екеуі төсектің астынан шыға қоймады. – Тəтті тоқаш жейтін балалар мұнда келсін. Ой, Елжас, сен бəрін жалғыз өзің жеп қоясың ба?
– Иə, жеп қоямын.
– Бибі мен Олжасқа қалдырсаңшы. – Асылхан əдіске көшті. Екі бала көпке шыдамады, жарыса жүгіріп келді. – Мамаларың дүкенде кезекте тұр. Мынаны сендерге беріп жіберді. Асылхан екеуіне екі-үш талдан кəмпит ұстатып, қалғанын қолдан жасалған шкафтың жоғарғы сөресіне қоя салды да, тамақ жасауға кірісті. Түпкі бөлмеге кіріп кеткен Олжас пен Бибі көп ұзамай қайтып келді, жаутаңдап Асылханға бір, сөредегі кəмпитке бір қарайды.
– Кəмпиттеріңді жеп қойдыңдар ма? – деп сұрады жігіт. Екі бала жарыса бас шұлғыды. – Тақпақ білесіңдер ме? Екеуі де үнсіз. Олжас білетін тақпағын есіне түсіре алмай тұр ма, əлде, айта жөнелуге батылы жетпеді ме, Елжасқа жаутаңдады.
– Ал, кəне кім айтады.
Олжас төмен қарап, басын бұлғаңдатып, қисалаңдап күле бастады. – Сендер тақпақ айтпасаңдар көршінің баласын шақырамын да, барлық кəмпитті беріп жіберемін.
– Көршінің баласы жоқ, аға,– деп тақ ете қалды манадан бері інісі мен қарындасына іштей жақтасып, үнсіз отырған Елжас.
– Жоқ болса өлеңді өзім айтамын да, барлық кəмпитті жеп қоямын,– деді Асылхан екі кішкентайға тесіле қарап. Бибінің көзі жыпылықтап, Олжастың күлкісі сап тиылып, ағасына бұрылды.

– Аға, мен айтайыншы,– деді Елжас орнынан тұрып.
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Желкілдеп сазға біткен тал Қадиша.
Бір емес, екі жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге бар Қадиша,–

деп əндетті Асылхан. Сонан соң орнынан тұрып, бір тал кəмпитті алды да, асықпай отырып қағазын аршып, аузына салып жіберді. Екі кінкештайда үн жоқ, жігіттің аузына қарап, тамсанып-тамсанып қояды.
– Кəне, қайсысың тақпай айтасыңдар?
Олжас жымыңдап күліп, қисалаңдап ортаға шықты. Тақпақты бастарда қолын төмен жіберіп, күлкісін тиып, Асылханға тік қарады.

Бала, бала, балапан,
Кəне, қайсы алақан?
Саусақтарың əйбат,
Былай-былай ойнат.
Топ-топ-топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн...

Ой, жарайсың азамат! Асылхан оны құшақтап, бетінен сүйді де, екі тал кəмпит ұстатты. Олжас оның біреуін қарындасына берді. Жігіттің іші елжіреп, жүрегі езіліп кетті. Есіне тете інісі түсіп, көңілін сағыныш баурап алды. – Бибі, тақпақ айтасың ба?
Ортаға шыққан қыздың екі көзі үстелде жатқан кімпитте. Айтпақ болған тақпағын ұмытып қалған ба, көзін жыпылықтатып ұзақ ойланды. Қарындасына жаны ашып кетті, білем, Елжас шыдап отыра алмай орнынан тұрды.
– Бибі үшін мен айтайыншы, аға,– деді дауысы дірілдеп.
– Бибі, өзің айтасың ба?– деп сұрады жігіт. Қыз бас изеді. Асылхан Елжасқа ұрлана қарады, кішкентай қарындасымен бірге қиналып, жылап жіберердей иегі кемсеңдеп тұрған баланың бауырмалдығына сүйсінді. Бір сəт өзінің балалық шағы есіне түсті... Мұсаханның кіндігінен жетеу еді. Жаз айларында əке мен шеше үй бетін көрмей, таң атар-атпастан кетіп, қараңғы түскенше тепеңдеп колхоздың ешқашан бітпейтін жұмысында жүретін, түннің бір уағында оралатын. Шиеттей балалар бірін-бірі көтеріп, бірін бірі жетектеп жүріп ержетті. Əке мен шешенің тепеңдеп жүріп табатыны жүз-ақ сом. Тапқандары бала-шағаның тамағына жетпейді, сонда да болса Мұсаханның отбасы “барға қанағат, жоққа салауат” деп өмір сүрді. Артық ақша табамын, дүние жинаймын деп момын əке жанын қинап, жаныққан жоқ, жеті перзентінің амандығын олжа көрді. Жеті бала тату болып өсті, бірінсіз бірі дастарханға отырмайтын аса бауырмал еді...
– Аға, Бибі үшін мен айтайыншы,– деп қиылды Олжас. – Ол əлі кішкентай.
– Е-һ-е, үлкенмін,– деп Бибі аузын бұртитты. Жанына келген Олжаспен теңескісі келіп, өкшесін көтерді. Лекіп көмейіне келіп қалған күлкіні жігіт əрең тежеді. – Бибі үлкен, ол тақпақ біледі,– деп Асылхан оның қолына бір тал кəмпит ұстатып еді, ол тақпақтай жөнелді.

Бақа, бақа, балпақ,
Басың неше жалпақ,–
деді де қол шапалақтады.

Кəне, бəріміз қол соғайық, балалар,– деп Асылхан қол соғып, рахаттанып күлді. Екі бала да мəз, иықтарынан ауыр жүк түскендей, қабақтары ашылып, жадырай күліп тұр.

Айналайын баладан,
Тауып алған даладан,–

деп əндетті Бибі. Үшеуі дуылдатып қол соқты. Екі бала ерекше мəз, қарындастарының өнеріне риза болғаны соншалық, біріне-бірі қарап, жымиып күліп қояды. Қызынып алған кішкентай қыз тоқтайтын емес, білетін тақпағын бірінен кейін бірін айтып, өзі бастап қол соғады.

Ну, погоди, зайс,
Біздің үйден шай іш.
Шай ішпесең қой,
Бір тоқтыны сой,–

деді де қол шапалақтап, Асылханның бетіне қарады. – Ой, азамат! – деді жігіт Бибіні құшақтап. Екі бетінен кезек сүйді. – Мына кəмпиттің бəрі сенікі.
Алып келген кəмпитті дорбасымен қыздың қолына ұстатты. Бибі мəз. Екі ағасының қалтасына уыстап кəмпит салып, жымыңдап күліп жүр. Бірімен бірі аса тату, бауырмал екені көрініп тұр. Əке мен шеше алауыз болса балалардың бір-бірін сыйламайтындығын, бір-біріне мейірі түсіп, емешегі езіліп тұрмайтындығын Асылхан біледі. Əке-шешенің алауыз, араздығы балаларына оп-оңай жұғады. “Кішкентай қыздың екі ағасына бауырының езіліп, барын солардың қалтасына тықпыштауы тəрбиесінің жақсылығының, ата-ананың бір-біріне деген сыйластығының көрінісі” деп ойлады жігіт.
Осы жасына дейін жаманатқа қалмай, атаңа нəлет дегізбей, жанына кір жұқтырмай жүрсе бірінші кезекте ата-ананың берген тəрбиесінің арқасы. Үлкен оқу тауысып, үлкен астаудан жем жемесе де, зор лауазымға ие болмаса да ата мен ана жеті балаға дұрыс тəрбие беруге тырысты. Күндіз-түні колхоздың жұмысынан қолдары тимей, мұрындарынан шаншылып жүрсе де бала тəрбиесін бір сəт ұмытқан емес, əке мен шеше жеке басының үлгісі арқылы жетуіне үлкен ықпал жасады. Ұлдардың барлығы кісі баласына жаманшылық ойламайтын, қолынан келгенше кімге болса да жақсылық жасауға дайын тұратын, өліп бара жатса өтірік сөйлемейтін, бөтен туралы ғайбат айтпайтын əкелеріне еліктеп өсті. Ауылдың кемпір-шалы “шіркін, Мұсаханның ұлдары мен қыздары-ай” деп риза болып отыратынын Асылхан талай рет өз құлағымен естіген. Əке мен шешеге бұдан артық не керек? Ұл-қыздары туралы мақтау естісе екі кəрінің төбесі көкке екі-ақ елі жетпей қопаңдап отырады. Бір ауыз жылы лебізге мəз екі кəрі басқалар секілді дүние жиған жоқ, бала-шағасы көп бола тұра үлкен үй де салдырмады, малымды көбейтемін деп жанталаспады. Мұсахан қария кейбіреу сияқты қай жерден пайда түсер екен деп қасапшының итіндей жалмаңдаған жоқ, колхоздың байлығын ұрлап-жырлап үйіне тасымады. Сыпыраның ішінде отырып, жамбасының астынан жеп, кекірігі азған үзеңгі бауы сегіз қабат кейбіреудің ағыл-тегіл тіршілігіне қызығып, қызғаныш білдірмеді. Азына мəз болды, соған тəуба деді. Қоңырқай ғана тіршілігі бар Мұсахан мен Айғанымның бала-шағасының амандығынан басқа тілегі жоқ еді. Ерлі-зайыпты екеуі үшін жетеуінің амандығынан асқан байлық та, бақыт та болмайтын.
Біздің бақытымыз – балалар,– дейтін Мұсахан қария кемпіріне. – Байлық – қолға жұққан май, жусаң кетеді. Молшылық заманда аздап та болса жоқшылық көрмей өскен бала қайырымсыздау, парықсыздау болып өседі. Олар өмірдің бір сəткі ауырлығын, қиындығын көтере алмай тозып, жүнжіп кетеді. Жоқшылық көріп өскен бала бардың қадірін біледі, мейірімді болады. Мейманасы тасып, тəубасын ұмыта бастаса есіне əкесі түседі. “Балам, адамның күні адаммен. Ақырын жүр, анық бас” деп сыбырлайды əкесі əр сəт сайын. Осы өмірінде тірі пендеге жасаған қиянаты жоқ, шамасы келгенше көмектесті, ақылы жеткен жерге дейін əділ болуға тырысты. Жақсы болып жүрсе өскен ұясында алған тəрбиесінің арқасы шығар. Бір ісімен əкенің көңілін қалдырды. Үндемей-ақ қоюына болар еді. Он екіде бір гүлі ашылмай тұрып қыршынынан қиылған боздақтар есіне түсіп, шыдай алмай шындықты айтқан. Əкем түсінер деп үміттенген. Бірақ Мұсахан қария түсінбеді.
– Партия айтса орындау міндет. Партияның айтуымен біз де соғысқа барғанбыз, қан төккенбіз,– деп айқайлаған əкеге пəтуа айтқан.
– Сіздер Отанды қорғадыңыздар. Ал біз ше? Біз кімді кімнен қорғадық? Асылханның сөзін Мұсахан қария құлағына қыстырмаған. Қаршадайынан партияға табынып өскен шал үшін Ауғанстандағы соғыстың қателік екенін айтудан үлкен қылмыс жоқ еді. Сол үшін ұлын кешіре алмады. Осы күні ол кісі қатты қиналып жүрген шығар. Мұсахан қария сырттай қараған адамға өте қатал сияқты көрінгенмен көңілі бос, болар-болмасқа егіліп жүре беретін күйрек кісі. Анасы байғұс күн сайын баласын ойлап, көз жасын сығып-сығып алатын шығар. Бауырлары хат жазған сайын “ауылға келіп қайт, анам екі сөзінің бірінде сені еске алып жылайды. Күннен күнге қартайып барады. Көкем де əрең жүр” дейді. Əкесінің беті оңайлықпен бері қарамайтынын біледі. Ол кісінің діні қатты.
– Аға, шай қайнап кетті,– деді Елжас ақырын ғана иығынан түртіп. Асылхан қалың ойдың иірімінен тез шықты. Газды өшіріп, дастархан дайындауға кірісті.
– Ал, балалар, қол жуыңдар,– деді дастархан дайын болған кезде. Алғаш көргендегідей емес, балалардың бойы үйреніп қалған сияқты, Асылханды жатырқамай, жалтақтамай келіп, дастарханға отырды. Елжас қарындасын тамақтандыруға кірісті. Үлкен адам сияқты салмақты, аракідік Бибіге ақыл айтып қояды. Қыз оның айтқанын орындауға үйренген екен. Анасының қойнына жатып үйренген Бибі ұйықтарға келгенде қыңқылдап жылап, үйге берген тапсырмасын жазуға отырған Елжастың берекесін алды. Ұйқы тығылған көзін уқалап-уқалап жіберіп есінейді де:
– Мамама байамын,– дейді жыламсырап.
– Сен жата тұр. Мама қазір келеді,– дейді Елжас алдаусыратып. Бірақ Бибінің көнетін сыңайы жоқ, ағасының қолынан ұстап алған. Олжас жатты да ұйықтап қалды. Елжас сабағына дайындала алмады, біраздан кейін өзінің ұйқысы келді. Мазасы кеткен қыз жаңа өнер шығарды.
– Мені көтей! – деп қыңқылдаған Бибі. Көзіне ұйқы тығылып, əрең тұрған жеті жасар бала оны қалай көтерсін.
– Басым ауырды,– деп жалтарып еді, Бибі көне қоймады. Елжас ашуға мінді, қабағын түйіп, қарындасына зеки сөйледі. – Жат та ұйықта, ертең ерте тұру керек.
Сылтау таба алмай тұрған қыз жылап қоя берді. Жұбатпақ болып құшақтап, бетінен сүйген ағасын кеудесінен итеріп, үйді басына көтерді. Не істерін білмей Асылхан абыржыды.
– Келе ғой мен көтерейін,– деп құшағын жайып еді, көзіне ұйқы тығылып əрең тұрған қыз қарсыласпады. Асылхан оны көтеріп жүріп, ыңылдап əн айта бастады. Кішкентай қыз танауы пысылдап ұйықтап қалды.
Балалар түгел ұйықтағаннан кейін Асылхан сыртқа шығып, есік алдында қыдырыстап біраз жүрді. Іргедегі кіші Алматы өзенінің сарыны бəсең. Соған қарағанда су сүйектеніп қалған сияқты. Жұлдыздар жыпырлап жиі шығыпты. Қаракөк аспанның төсінде із қалдырып, біл жұлдыз ақты. Түн əжептəуір салқын екен. Терістіктен өңменнен өтердей өткір жел соғып тұр. Сыртта көп жүре алмай Асылхан ішке кірді. Үшеуі қаннен қаперсіз ұйықтап жатыр. Жігіттің жүрегі елжіреді, көңілін үш балаға деген аяушылық сезімі əуектеді. Қағаз, қалам тауып, ата-анасына хат жазуға отырды, сөзді неден бастарын білмей басы қатты. Оқуға түсе алмай құрылыста жұмыс істеп жүргенін айтса анасының көңілі сөгіліп, мықтап қапаланатынын біледі. Өтірік айтып, анасын алдауға дəті бармады. Хабар бермей жатып алуға жəне болмайды, байғұс анасының түн ұйқысының төрт бөлініп, бір жапырақ қағазға зар күйде, ішін ит тырнағандай қиналып жүргеніне күмəні жоқ. Ұлының амандығын білсе көңілі орнына түсіп, бір жасап қалар еді.
Ұзақ отырып анасына амандығын білдіріп, əкесінен кешірім сұрап, жарты бет хат жазды. Осыдан кейін иығынан басқан ауыр жүк түскендей бойы жеңілдеп, жаны жай тапты. Ұйқы шақыра алмаған жігіт бір бұрышқа əдемілеп жинап қойған газеттерді ақтаруға кіріскен, біраздан кейін одан да жалықты. Аяғанның жинаған кітаптарын қарап шықты, анау кезде Алмас екеуі алып келген қазақ энциклопедиясына шкафтан орын тимей, төбесіне шығып кетіпті. Ол біраз кітап жинапты жəне көпшілігі қолға түсе бермейтін асыл мүлік сияқты. Аяғанды көшіріскенде Алмас екеуін осы кітаптар шаршатқан. “Апыр-ау, ол кісіні КГБ неге əурелеп жүр?”.
Есіне Аяғанның əңгімелері түсті. “Сонда КГБ жеке адамдардың ықпалында жүре ме?” деген сұрақ Асылханның ойын тұсады. Қанша ойланса да бұл сұрақтың жауабын табуға ақылы жетпеді.
Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті айналысатындай Аяғанның үлкен кінəсінің барына сене алмай ойы онға, санасы санға бөлініп, көңілін күдік арбады. Кісі баласына жаманшылық тілемейтін ақжүрек жігіт Аяғанның адалдығына сенді. Оның басын əуреге салып, жолына қақпан құрып, дандайсып жүргендердің ақиқаттан күшті еместігін ойлап, көңілін жұбатты. Есіне тарих факультетінің үшінші курс студенттерінің Орталық партия комитетіне Аяғанды қорғап, хат жазғаны түсті. Хат үлкен үйге жетісімен-ақ Шындықтың атқа мінетіндігіне, əділдіктен басқа сүйенері жоқ Аяған Қуатов сияқты адамдарға қысылмай, қиналмай жамандық жасай беретін “айтқаны өтіп, атқаны жетіп” тұрған құдайдың қиянатшыл құлдарынан басына қара бұлт үйірілетіндігіне Асылханның шүбəсі жоқ еді

4

Ерболат Әбікенұлы

1980 жылы туған

Ерболат Әбікенұлы - қазақ әдебиетіндегі суреткерлiк бағыт-бағдары айқын, өзіндік стилі қалыптасқан талантты жас буын өкілдерінің бірі. Жас жазушы Қытай Халық Республикасы, Шынжан Ұйғыр автономиясының Санжы қаласына қарасты Мергу ауылында дүниеге келген. Ол 1998 жылы Санжы қалалық ушiншi орта мектебінің қазақ бөлімін бітірген. 2002 жылы атажұртқа оралған. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
Ол өз шығармаларында қоғамда болып жаткан өзгерiстердi шынайы суреттейді. Үнемі үкен iзденіс үстінде жүретін жазушының әңгімелері өмiрдегi келеңсіз жайттарды, шешiмi табыла қоймаған түйткілді мәселелерді шебер жеткізеді. Оның кейіпкерлері - көркем шығармалардағы кесек образдарға айнала қоймаса да, өмірдің өзінен алынған, көзкарасы калыптаскан, айтары бар адамдар. Уытты әзіл мен сарказм арқылы баяндалатын шығармаларда олардың ішкі рухани әлемі де әдемі берілген.
Ерболат Әбікенұлы әңгімелерінің өзегі жан дуниенiн тазалығы, адамгершілік пен имандылық. «Кiшi ғылыми қызметкер», «Ақын», «Министр», «Қыжыл» т.б. әңгімелері адамдар арасындағы қарым- қатынаста жетпей жататын сыйластық, ізгілік секiлдi құндылықтармен бiрге қоғамдағы тоғышарлық, жағымпаздық, даңқұмарлык секілді жағымсыз касиеттерді аяусыз сынга алады. «Елу теңге», «Бір бал», «Куйеубала» секiлдi әңгiмелерiнде ауылдан келген жастардынң қала өмiрiнде бетпе-бет келетiн қиындықтары, студенттік өмірдің қызық та киын сәттері суреттеледі.
Жас каламгер балаларға арналған «Бiрiншi байлық», «Алтын бұлақ» атты ертегі кітапшаларының және «Шетел қазақтарының әдебиеттануы» монографиясының авторы. Е.Әбікенұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Пәтер іздеп жүр едік» атты әңгімесінде қаламгер ауылдан келген қазақ жастарының тұрмыс тауқыметін тартуы, басында баспанасы жоқ болғандықтан, уй жалдап күн кешуі, үй кожайындарына кiрiптар болуы ащы шындықпен баяндалған. Профессор А.Ісмакова жас қаламгердің осы әңгімесі жөнiнде: «Ерболаттың әңгімесі - Қасым Аманжоловтан бастап бүгінгі жастарға дейінгі қазақ баласының пәтер жоктығынан көрген зардабына арналған екен. Тоғыз беттiк әңгімеде Ерболат пәтер iздеп құлдыққа түскен казiргi жас қазақ отбасының тарихын бейнелеген... Бұл - казiргi қазақ жастарының басына түскен қасiрет. Мұндай тақырыпты барлык қаламгерлер жабыла жазса да артыкқық етпес», - деген пiкiр бiлдiредi.
Қоғамдағы өзекті тақырыптардың бiрiне қалам тербеген жазушы бұл мәселені ащы мысқылмен, юмормен шебер жеткізген. Бір отбасының басындағы қиындык, тұрмыс тауқыметі, пәтер берушi мен жалдаушылардын арасындағы диалогтер оқырманын адамгершілік пен дүниеқоныздық секiлдi касиеттердің алдында бетпе-бет қалдырады.

Пәтер іздеп жүр едік

Алматыны алты айналып, жетім бұрышты жеті айналғанда өкшем опырылып түсті. Енді маймақ жүріске бастым, аяғым ауырды деп келіншегім отыра кетті. Пәтер іздеп жүр едік... Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады. Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті маклер саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.
— Пәтер бар ма, апай?
— Бір қыз керек.
— Пәтер бар ма, ағай?
— Бір жігіт керек.
— Апай, пәтер керек еді.
— Екі қыз керек.
— Келіншегім екеуміз тұрсақ бола ма?
— Болмайды, келіншегіңнің қасына бір қыз қос, өзің басқасын жалда.
— Пәтер керек еді.
— Жас отау керек.
— Біз жас отаумыз, – қуанып кетіппін, дауысым қатты шығып кетті.
— Онда естіп ал, елу мың теңгеден, жүз елу мың теңге үш айдың ақшасын алдын ала тапсырасың.
— Бөліп тапсырса ше?
— Онда барыңдар ары.
Сасқанымнан келіншегіме қарадым, маған жаны ашыған болу керек, естісе де, естімеген боп тұр. Аппақ бетінің ұшына аздап қан шапши қалыпты, көзінен мұң байқалады, қасынан алыс тұруға тырысып, тағы бір маклерге қарай жүгірдім.
— «Шаңырақта» бір үй бар, жас отбасын тұрғызады, – деді семіз қара келіншек. Кеудемдегі өшіп бара жатқан үміт оты жарқ еткендей болды.
— Қанша болады?
— Он мың теңге, үш бөлмелі жаңа үй.
— Шаңырақ алыс па? – дедім келіншегіме бұрылып.
— Өте алыс қой...
— Амал жоқ, шамамыз соған жетеді, үш бөлмелі үй болса болады екен.
— Жарайды, келістік.
— Тауып берген ақысына мың теңге төлейсіңдер.
— Мінеки, мың теңгеңіз.
Қалыңдығы бір елі, тозығы жеткен, іші шимайға толы дәптеріне үңіле түсті.
— Мынау телефоны мен аты-жөні. Сұлушаш тәте жіберді дейсіңдер.
— Қожайынмен бірге тұрмайтынымыз қандай жақсы болды, – деді келіншегім жол-жөнекей құлағыма сыбырлап, бұрынғы жәбір-жапаны ұмытқан адамдай өте көңілді, жымың-жымың етеді, еріксіз жымиып күлген болдым.
Қолым дірілдеп, ішімнен иманымды үйіре түсіп, телефон құлағын бұрадым. Ар жағынан ер адамның барылдаған жуан дауысы шықты. — Ало, кім?
— Ало, ассалаумағаликум, Сәкен аға ма екен?
— Иә, мен.
— Сұлушаш тәте жіберді. Пәтер іздеп жүр едік..
— Қайдағы пәтер, өткізіп жібергенбіз үш күн бұрын.
— Сұлушаш тәте он мың теңгеге үш бөлмелі пәтер бар деген болатын.
— Он мың теңгеге тауық кепе де жалдай алмайсың, бауырым, – деді де телефон тұтқасын тастай салды.
Ашудан жарылардай мелшиіп тұрдым да қалдым.
— Әкеңнің-ай, маклер алдапты, – дедім келіншегіме.
— Не деген опасыз адам еді, – дейді келіншегім дауысы дірілдеп.
Тозығы жеткен маршрутканың ішіне есіктен ытқып шығардай сығылып әрең сыйдық та, қонақтаған тауықтай бір-бір аяғымызды көтеріп тұра қалдық. Маршрутка қиралаңдап жетім бұрышқа қарай тартып келеді. Ойым әлгі алдамшы әйелді тауып алып, сазайын тарттыру. Тіпті болмағанда қолымда жүрген топли өкшесімен маңдайдан тарс еткізу. Ызадан булыққаным сонша, ішімнен тынып әрең келем, жол бойы келіншегім екеуіміз бір ауыз үн қатысқан жоқпыз. Массаждан шыққан адамдай қиралаңдап жеттік ақыры. Маклер әйел сужұқпастың өзі екен, біздің қайтып келетінімізді білгендей, тайып тұрыпты. Барахолкадан бір-ақ шықтық. Көше бойымен әр дарбазаға жалтақтай қарап, барлап келемін. Бір кезде пәтер жалдаймын деген жазу көзіме шоқтай басылды. Қуанғаннан айқайлап жібере жаздап, бетімді шымшып өзімді әрең тежедім. Қожайын ұйғыр әйел екен, бізді суық қарсы алды.
Айнадай жарқыраған жап-жаңа үйдің қарсы алдындағы тозығы жеткен үлкен үйдің іші сасық исі мүңкіген қараңғы дәліз екен. Артынан еріп келеміз. Таусылып болмайтын бұрылмасы көп дәліздің түбіне барып бір-ақ тірелдік. Ең соңғы бөлме, ең соңғы үмітім. Көзім сәл үйірлескендей болды. Қоян екеш қоян да інін дәл бұлай қаза алмас-ау, сірә!? Қыртыс есікті шалқалай ашты, үш аттап төрге жеттім, құлашымды жайып едім, саусақтарымның ұшы қабырғаға тиді. Сол жақ бұрышқа ұзынынан екі төсек қойылыпты. Төсек емес, үсті-үстіне қиюластырып, кірпіші, шөркесі аралас бірдемелердің үстіне жатқызып қоя салған тақтай екен. Сол тақтай төсектің біреуінің тең жартысы есіктің артындағы үйді бөлген кездегі бетон қабырға мен тақтай қабырғанын арасындағы бос аралыққа кептеліп кіргізіліпті. Егер осы қуыс болмаса бір ғана төсек сыятындай. Үш метр үйге төрт метр төсек, әне, солай сыйып тұр. Оған кір-кір, мақтасы салбырап тозығы жеткен матрац төселіпті. Өртенген, әлде май тамғаны белгісіз, кейбір жерлері сарғыштанып кеткен. Оң жақ түпкі бұрышқа бойы жерден әрең асатын кішкентай үстел қойылыпты. Ырғап көріп едім, билеп тұр. Енді байқадым, үлкен бір залды келсін-келмесін, иттің ұясындай қылып сансыз бөлмелерге бөліпті. Тақтаймен бөлсе бір сәрі. Қыртыспен қиюластыра беріпті. Соның керегеге тірелген соңғы қуысы бізге бұйырып тұр. Саңылауларының ар жағында пәтершілердің қарасы анық көрінеді. Сол сәт арғы беттен сәбидің шырқырап жылаған ащы үні естілді. Қыртыс қабырғаның үстіңгі жағы төбеге бір қарыс жетпей қалыпты да, сол ашық аралыққа небары жалғыз ғана шырақ орнатыпты. Арғы жақ пен бергі жақ сол жалғыз шыраққа тәуелді. Егер шырақ сөнсе, екі жақ та жарықсыз қалады.
Есік жақ қабырға да итеріп қалсаң құлап түсердей, қаусап әрең тұр. Бірақ ол оң жақ қабырға сияқты ашық емес, сәл де болса жиі шегеленіпті. Опырылған оң жақ тоқал өкшемен еденді ақырын теуіп көріп едім, ескі төсеніштің шаңы бұрқ етіп балағыма шапшыды. Шамасы бізден бұрын аяқ киімін шешуді білмейтін біреулер тұрған тәрізді.
— Қоныс жәйлі болсын, – деген дауысқа жалт қарасам, аппақ сақалы кеудесін жапқан қария қарап тұр екен, қапелімде сасып қалдым.
— Бірге болсын, ата, – деппін.
— Е-е, балам менсінбей тұрсың-ау, ә! «Ер жігіт бір терінің ішінде неше арып, неше семіреді». Біз де жүрміз ғой! – деді солқ-солқ күліп. Осы арада қожайын әйел киіп кетті. — Алсаңдар осы үй бос, он мың теңге, қарап тұратын уақыт жоқ, тез шешіңдер.
Келіншегім маған қарады, мен келіншегіме қарадым. Екеуімізде де үн жоқ. Қария күлімсіреп: «Әй, балаларым-ай!» деп басын шайқап қояды.
— Аяғым ісіп кетті, жетім бұрышқа енді бармай-ақ қояйықшы. Өкшем ойылып қалды-ау деймін, удай ашып тұрғаны.
— Келістік, – дедім. Аузымнан осы сөз қалай шыққанын да сезбей қалдым. Артынша елден қай жеріміз артық, өзіміз сияқты қазақтар екен ғой осында пәтер жалдап жүрген, – деп қоям күбірлеп. Өзімді-өзім жұбатқан түрім.
— Мына үйде бір нәрсе жетіспейді, – деді келіншегім, аналар кеткесін сылқ-сылқ күліп. – Бір нәрсе жоқ.
— Бір нәрсе?! Бір нәрсе ғана емес, бұл үйде ештеңе жоқ.
— Бір нәрсе ғана жоқ.
— Телевизор ма?
— Жоқ.
— Айна...
— Қойшы, айна біздің не теңіміз. Өзің соқырмысың. Көзіңді ашып қарасайшы.
— Өзің айтшы ал.
Кенет жарық жалп етіп сөне қалды.
— Өй, жарыққа не болды, – деп сасып қалдым.
— Мен өшірдім, – дейді келіншегім сыңғырлап.
— Жындымысың, жақ шырақты.
— Не нәрсе жоқ екенін тапсаң жағам.
— Бәрі жоқ бұл үйде. Ештеңе жоқ.
— Әдейі істеп тұрсың ба, әлде, соған да миың жетпей тұр ма?
— Бала қорқады, жарықты жағыңдар, – деген еркек дауысы шықты қыртыс қабырғаның ар жағынан.
— Терезе жоқ, – деген әйел дауысы шықты қырсық қабырғаның ары жағынан. Шырақ жарқ етіп жана қалды.
— Терезе жоқ дейді?
— Иә, терезе жоқ, – деді келіншегім.
— Терезе жок, – деп қарқылдап күлді ер мен әйел.
— Терезесі жоқ үй де болады екен-ау, ә.
Қырсықтың көкесін жатарда көрдік, екі адам еркін айнала алмайтын куықтай бөлме, ермек етерлік дәнеңе жоқ. Жалғыз шырақты жағып-сөндіру құқы бізден бұрын келгендіктен көршімізде болды. Сол себепті жарықты сөндіруге бата алмадық. Ерте ұйықтайын десек, біреу-міреу қыртыстың саңлауларынан сығалап тұрған секілденді де, киімімізді шешуден арландық. Астымызға бірдеңе салып бүктетіліп жата кетуге еден тым лас екен. Оның үстіне егеуқұйрық талап кететін түрі бар. Амалсыз бір төсекке қырымызбен қысылысып жаттық. Мен келіншегіме суық тиіп қалмасын деп түпкірге жаттым. Келіншегім әлме-әл қозғалып қояды. Тар төсекке сыймай жатқанын сезіп, өзім шет жаққа алмастым.
Ұйқы келер емес, жалмауыздың жалғыз көзіндей жарқыраған шырағы құрғыр көзімді талдырып жіберді. Көршінің жас нәрестесі жағы талмайтын жылауықтың өзі екен. Қарсы бөлмеде жатқан ақсақал күрк-күрк жөтеледі. Оған есік жақтағы құрылысшы жігіттер соғыстырған рөмке сыңғыры, бір-біріне сөз бермей гәукіген ащы дауыстары қосылды. Біресе барқырап ән айтқан болады, біресе орысша-қазақша араластырып боқтасып қояды. Бөлмелер бөлек-бөлек болғанымен ауасы ортақ екен. Терезенің пайдасын енді білдім. Мүңкіген иіс қолқамды қауып барады. Мұрныма арақтың сасық исі келді, оған анда-санда темекінің түтіні қосылады. Сөйтіп жатып ұйықтап кетіппін.
Қай мезгіл екенін білмеймін, ояна келсем, терге малшынып жатыр екем. Қайда жатқаным есіме түсіп, көңілім ортайып қалды. Уақыт өткізу үшін тамақтан кейін келістіріп отырып екі шәугім шәй ішкен едік, сол қысып барады. Еріксіз далаға шығуға тура келді. Сипалап жүріп жарықтың түймесін әрең тауып, жасқана жақтым. Бір бұрышқа маңдайымды, бір бұрышқа тіземді соғып жүріп, бұлың-бұлың дәлізбен далаға әрең шықтым. «Уһф» деп кең тыныстап, рахаттанып қалдым. Дәретхананы үйден недәуір алысқа салыпты. Солай аттай беріп едім, тайыншадай екі төбет тұра атылды. «Өлген жерім осы ма?» деп ойлап үлгергенім жоқ, тілеуіңді бергір ұйғыр қатын ол екеуін білектей шынжырмен мықтап байлаған екен. Төбеттердің күркіреген дауысына арқаланып, малақайдай-малақайдай бес-алты қанден қосыла шәуілдеді. Солардан қашқан беті жан дәрменім қалмай дәретханаға бірақ сүңгідім. Қайтарда да иттен қашқан мысықтың күйін кешіп жүріп үйге әрең жеттім. Қандендерден оншалық қорықпадым, ит үрсе есім шығатын әдетім бар еді, әсіресе шәуілдеген дауыстан қатты мазасыздандым.
Тәтті ұйқы құшағында жатқан жерімнен келіншегім қатты жұлқып оятып жіберді, үйдің іші тастай қараңғы.
Тұр деймін түс болды, тұр тез, – деп есімді шығарды.
— Сонша ерте оятатын, не күн туды басыңа?
— Ертесі несі, түс болды.
— Онда шырақты жақсаңшы.
— Тоқ жоқ, күндіз өшіріп тастайды екен.
Басымды жастықтан жұлып ала сала, далаға жүгіре шықсам, Күн дәл төбеге таяп қапты. Кешке пәтерімізге өте жақын бір досым келді. Бұл біз бас құрап үй болғалы келген тұңғыш қонақ еді. Сол себепті бір жағынан қуансақ, бір жағынан қатты қысылдық. Сыртқа шәй қайнатқалы шыққан келіншегімнің қасына барып едім, қайнап тұрған еттің көбігін сүзіп жатыр екен.
— Етті қайдан алдың, – дедім таңданып.
— Көрші әйелден қарызға сұрап алдым.
— Ұят-ай!
— Ұялмай-ақ қой, бірер күннен соң ауылдан ағам келеді, телефонмен сөйлестім, ет әкелетінін айтты.
Досым: «Екі адамның арасына есі кеткен түседі» деп, қоярда-қоймай шабаданның үстіне жайғасты. Келіншегім екеуміз төсекке отырдық. Дастарқанның үсті недәуір жайнап кеткен екен. Мен келіншегімнің мұндай тағамдарды қайда сақтап, қайдан әкеле қойғанына таңмын. Табақ толы етті жағалап, енді ауыз тие бергенде, қыртыс есікті біреу жұлқып ашты. Қожайын әйел екен. Ашулы, дүрсе қоя берді.
— Мынау кім? – Қатар атып тұрыстық.
— Досым еді, тәте.
— Сендер жас отаумыз, басқа ешкіміміз жоқ деген едіңдер, енді үшеу болып алыпсындар. Мен сендерді білем, көбейіп аласындар. Үйді қоқсытып жіберіпсіңдер, түнімен темекі шегесіндер бұрқылдатып.
— Қашан шектім мен, темекі шекпеймін, – демекші болып едім, досым білегімнен тартып қалып, үндеме деген сыңай танытты.
— Сізге тамақтан кейін барып түсіндірейін деп отырғам, ақшасын берем ғой.
— Қадірлеріңді кетіргенше сөйтпейсіндер ме, баяғыда? – есікті тарс еткізіп жапты да бұлқан-талқан болып шығып кетті.
Досымнан ұялып, кірерге тесік таппай тұрмын. Келіншегім сыр білдірмегенсіп, жымиып күліп қояды. Досым иығымнан қағып жұбатқандай болды. Қожайынға ақша апарған кезде, бір кендеу ескі темір төсек берді. Досымды соған жатқыздым. Торы салбырап, құйрығы жерге тиді. «Үш күннен кейін адам көрге де үйренеді», біз де қараңғы пәтерге үйірлесе бастадық. Таңертең тастай қараңғы пәтерде шалбарымның қайда тұрғанын, жейдемді қайда ілгенімді, аяқ киімімнің қай жерде жатқанын ойланбай-ақ табатын болдым. Тіпті шалқалап жатқан беті қиналмай қол созсам болды, қуықтай пәтердің қай жерінде болса да іздеген дүниемді оңай бас салам.
Бұл күндері ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен туысым келетін болды деп қорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем мен шешемнің келуін де қаламайтын едім. Бұл менің жалғыз қорқынышым. Қайнағам келсе қайттым, ойбай, ұят болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп сары уайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып жетіп келмесі бар ма? Лашығымызды көріп шошып кетті. Есіктен төрге дейін көзі шарасынан шыға жаздап үрейлене көз жүгірітті. Шай ішіп отырмыз, шабаданның мен қозғалған кездегі қаудырлаған дыбысынан басқа тырс еткен дыбыс шықпайды, ешкімде үн жоқ.
— Шәй ішіңіз, аға, – деймін қайнағама жапақтап, іштей шәйді аз ішсе екен деп тілеймін, түзге шығу бұл үйде қиямет екенін қайнағам байқұс қайдан білсін! Ештеңе ойламастан сораптап отыр. Бір кезде үйдің төбесінен тамшы тама бастады. Отқа қақтаса да, тер шықпайтын тандырдай денемді суық тер басты. Себепсіз ыржақтай бердім, ауылдың әңгімесін сұраған болып, сөзге тарттым, жарытып ештеңе айтпайды. Әдетте аузы-аузына жұқпайтын шешеннің нақ өзі еді, енді ұртына су толтырып алғандай-ақ үнсіз отыр. Тамшының тамғанын пайдаланып, терлеп жыбырлатып әкетіп бара жатқан желкемнің терін әкесін танытып сүртіп тастадым. «Қайыршыға жел қарсы» деп енді дастарқанға тамшы тама бастады, тамған сайын жүрегіме біреу ине пісіп-пісіп алғандай күй кештім. «Қайнағамның ыдысына тамшы тамыза көрме» деп Алладан іштей тілей бергенім сол-ақ екен, кесенің дәл қасына тамшысы түскірдің тамып-ақ кеткені. «Тамыза көрме» деп іштей бәйек боп мен отырмын. Әне бір тамшы ернеуін сүріп те өтті. Әне тамып та кетті қайнағамның шыныдағы шайына. Маңдайымнан сұп-суық тер бұрқ ете қалды. «Тер ыстық болушы еді, осындай да суық тер болады екен-ау!» деп таңғаламын. «Басқа шыныға құяйық» деп қайнағамның шынысына қолымды соза беріп едім, ол: «керегі жоқ», деп шәйді сылқ еткізіп іше салды. Ашуланғаны ма жоқ, бізді ұялтпау үшін солай істеді ме, ол жағын білмедім. Енді қайнағама қарайтын менде бет жоқ.
— Бұрын тамшы тамбаушы еді, не болды екен, ә, – деп ұялғаннан төбеге қарап едім, келіншегім:
— Біз келгелі жаңбыр бірінші рет жауды ғой, – деп түйеден түскендей дүңк еткізді. Бетіне жалт қарадым. Қысылғанда менің сөзімді сөйлемегені қалай, дауысында діріл бар. Жүзі бұлт бүркеген күндей күреңіте қалыпты. Көзінің үсті домбығып, ұзын кірпіктерінің ұшынан мөлдір тамшы ыршығалы тұр.
— Әнеу күні жауған секілді еді ғой, – дедім мыңқылдап. Жауап болмады. Бұрын шыны көрмеген адамдай шыныны қолыма алып сипалап үңіле бердім. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып» сол сәт дастарқанның екі шетінен екі тарақан пайда болды да, қарама-қарсы жорғалай жөнелді. Келіншегім шөгіп барады. Тарақан құдды соғыс майданына жекпе-жекке шыққан қас батырдай екпіндеп келді де, бір-біріне тұмсық түйістірді. Бір-біріне айбар шекті. Сосын шағылысты. Қайнағам теріс қарады. Әйелім бетін басты. Мен күйіп-жанып бара жаттым. Тамағым кеберси берді, құрт малтап отыр едім, сол құрт өңешіме тығылып қалғандай, сөйлесем дыбысым шықпайтындай сезілді.
Мен қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім!? Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай.
Келіншегім тамақ жасауға сыртқа беттеді. Үйдің іші үй емес, төбесі түсіп құлазыған ескі моладай қаңырады. Жалғыздың күйін кешіп, мен қалдым. Қайнағамның бетіне қарауға дәтім шыдамайды. Келіншегім бейне бір алыс сапарға кеткендей сағындым да қалдым. Бір сылтау тауып, мен де сыртқа атылдым. Қазан-аяқ жақта әбігерленіп жатқан келіншегімнің қасына бардым. Жылап тұр екен. Ту сыртынан қапсыра кұшақтай алдым, жақтыртпаған адамдай бұлқынды. Мен де жылап жіберіппін, көз жасым желкесіне тамып жатты. Келіншегім қарсылық көрсетпеді. Мұрнын пыс-пыс тартып ыдысын жуып жылап тұр.
— Ана қатынға бар. Тез, пәле салады, – деді өксіп.
— Үйінде жоқ, – дедім мен де өксік аралас.
— Жаңа келді.
Тұра жүгірдім, қараңғыда біреу өте шыққандай болып еді, қожайын әйел екен. Қайқаңдап ұшып барады, біздің есікке таяп қалыпты.
— Тәте, – дедім. Даусым жарықшақтанып шықты. Кілт тоқтады. Қатып киініп алыпты. Әдетте алба-жұлба жүретін. Сырттан келген беті екен, киімін де алмастырмапты.
— Кім анау? – деді ашуланып.
— Қайнағам еді, ауылдан келіпті.
— Сендердің-ақ, қайнағаларың таусылмайды екен.
— Апай, ақырын сөйлеңіз, естіп кояды.
— Намысшылын, өздеріңше ақша бермей қонғызбақсындар ғой.
— Міне ақша, – деп екі жүз теңгені ұсына берген едім:
— Керегі жок, – деді сөзін шорт түйіп, – кетіңдер ертеңнен бастап.
— Кетсек кеттік, қазір-ақ кетеміз, ит байласа тұрғысыз қу молаңнан. Естіген қайнағам естіді, аянудың жөні жоқ.
— Қытайдан отыз шақты ұйғыр туысқандарым келе жатыр. Олардың бәрі үйге сыймайды, солар келем дегенше мына пәтерлерді тегіс жөндетіп қоюымыз керек. Сендер жатқан бөлмеге Лайкам жатады.
Лайкасы иті еді. Біздің сонда ит кұрлы да құнымыз болмағаны ма? Дәл осы сәт ұйғыр қатын көзіме «Аш қасқырдай» елестеді.
— Сен бізді кім деп тұрсың?
— Онда бүгін кетіңдер, – деді де шығып кетті.
— Кетсек кетеміз! Немене, сенен басқада үй жоқ па екен? – дедім кетіп бара жатқан әйелдің соңынан айқайлап. «Біз көшеміз» дедім сосын келіншегіме қарап. — Естідім.
Үні аянышты шықты. Бөлмемізге баруға жүрексініп, қазан-ошақтың маңын торуылдадым да қалдым.
— Ағамның қасына барсаңшы.
— Мен ұялып тұрмын, садағаң кетейін сен баршы!
— Жарайды, мен барайын, сен тамақ ішерде келерсің. Бөлмеге кіріп кеткені сол екен, дереу тасыр-тұсыр жүгіріп келді.
— Ағам жоқ, кетіп қалыпты!?
Осы сөз маған «ағам өліп қалыпты» дегендей қайғылы әрі аянышты естілді. Көшеге жүгіріп шықтым. Жаңбырдың астында, біреу тар кешені бойлап бара жатқандай. Қайнағам емес пе екен? Айқайлап шақырмасам жете алар емеспін. Бірақ не деп айғайларымды да білмеймін, «қайнаға», деп айқайлауым керек еді, айғайлай алмадым, атын не деп атайын. «Пәленбай аға» деп атайын ба? «Қайнаға» деп атауға мен татимын ба?
Төңіректі шарлап қайнағамды таба алмай, құр сүлдерімді сүйретіп, үйге қайтып келдім, келген беті ұйғыр қатынмен ұрсыстым. Ақыры шындап көшуге бекіндім. Көрпені буып-түйіп, иығыма салдым да, шабаданды бір қолыма ұстап, сыртқа беттедім. Басқа нәрсеге бас қатырмадым, үйде қанша қасық, қанша шыны бар, бәр-бәрі маған аян. Көп емес, көше-көше көндіккен пендеміз, сол себепті, ине-жібіне дейін бәрі менің санамда сайрап тұр. Қалғанын келіншегім колына ұстай салатынын сезіп келемін.
Жаңбыр төпеп тұр. Түнделетіп жаяу келеміз, иығымда көрпе-жастық, қолымда шабадан, бірдеңелерін көтеріп келіншегім соңымнан еріп келеді. Көшелер шұрық тесік. Шұқырына аяғыңды малып алсаң суы шалп етіп, тірсегіңнен келеді. Алғашында қорғанып едім, сәлден соң соқыр адамша былшылдатып баса бердім. Алдымда машина көрінсе де, қорғанар мен жоқ. Машина көрінбеді. Такси ұстауға үлкен жолға қарай беттедік.
Аялдаманың тұсынан шықтық, судан шыққан тышқандай аялдаманың астында жаңбырдан паналап тұрмыз. Ойым такси тосып, пәтер іздеу. Бағыма қарай жақсы біреу табылатын шығар деп үміттенем.
Сіркіреп жауған ақ жаңбыр басылар емес. «Астыңнан су шықты ма?» деуші еді. Су емес, шу шықты ғой, су шығатын үйім болса, жеті түнде безбей-ақ, тұншығып өлсем де жата берер едім, әттең! Кенет аялдамадағы жарнама қағаздарына көзім түсті.
Бізге қажеті бар ма екен деп үңіле түстім. Көзім жайнап сала берді, үй жалдап алғың келсе, хабарлас депті. Өңім бе, түсім бе? Неше қайталап оқып шықтым. Телефон нөмірі де анық жазылыпты. Дереу телефон шалдым. Ар жағынан:
— Бұл кім? – деген еркек дауысы естілді.
— Аға, мен ғой... Жарнамадан оқыдым, пәтер іздеп жүр едік.
— Иә, бар... Бірақ қазір өте жәй болып кетті ғой.
— Бәрі бір, аға. Бағасын айтыңыз, қазір өзіміз барамыз.
— Неше адам едіңдер?
— Жас отаумыз, келіншегім екеуміз ғанамыз.
— Үйленген бе едің? Бізге бала-шағаның керегі жоқ.
— Мына кейпімізбен баланы қалай бағамыз аға, әзірше баламыз жоқ.
— А, онда былай болсын, мен де әйеліммен бірге тұрамын, бір бөлмесін жалға береміз.
— Канша болады, әдіресін айтыңызшы!
— Бағасы жиырма мың теңге, қымбат емес шығар?
— Қымбат емес.
— Ертең келсеңдер қайтеді!
— Жоқ, қожайынмен келіспей қалып, бізді қуып шыққаны.
— Мына түнде ме? Неткен опасыз еді. Әй, өздерің де тентексіндер ғой тегі, тыныш жүрмегенсіңдер!
— Жоқ, бізде кінә жоқ.
Келіншегімнің жүзін жас жуып кеткен бе, әлде, жаңбыр суы жуып кеткен бе, әйтеуір малмандай су. Ерні дір-дір етеді. Жаңбырдан қорғана түсіп менің мимикамды бағуда. — Онда былай болсын, баурым. Біз тыныштықты қалаймыз. Қонақ келмейтін болсын!
— Жарайды.
— Арақ ішуші болмаңдар.
— Ол не дегеніңіз ағасы, мен арақ ішкен адамды өлердей жек көрем.
— Мен ішем ғой, мені де жек көресің бе?
— Жо-ға, сіз іше беріңіз, сізді жек көрмеймін.
— Ха,ха, ха, тамақты бөлек жасап ішесіңдер.
— Оны білеміз енді, бірге тұрып жүрміз ғой.
— Келіншегің биік өкше аяк киім кимейтін болсын.
— Неге?! Оның қатысы қанша?
— Қатысы қанша дейсің бе-ей? Дәлізден кіргенде мазамыз кетеді ғой.
— Жарайды.
— Далаға шыққанда аяқтарыңнын ұшымен басып шығыңдар.
— Неге?
— Дыбысы шықпау үшін, әйелім ұнатпайды.
— Айтқаныңыз болсын.
- Ал кірген кезде....
— Онда да аяқтың ұшымен кіремз ғой?
- Жоқ. Кірген кезде өкшелеріңмен ептеп, дыбыс шығармай кіресіңдер..
— Мақұл, мақұл, мақұл.
— Ал тамақ жасаған кезде...
— Иісін шығармай, аяқ-табақты салдырлатпай жасаймыз ғой.
— Оны қайдан білесің?
— Аға, ау аға!
— Тыңдап тұрмын.
— Атаңның басы.
— Не, сен... адам боқтадың ғой, кімсің өзің?
— Боқтықтың үлкені мынау, естіп ал, қазақ былай боқтайды, жетпіс жеті атаңның басы, үйт тексіз хаюуан сол. Ойнастан туған малғұн – дедім де, телефонды жаба салдым. Жаңбыр толастайын деді, сүрепеті кеткен айғыз-айғыз көшемен қараңғы түн құшағына сіңіп барамыз.
Пәтер іздеп жүрміз...

Мазмұны