Қ.Аманжолов «Туған жер» өлеңі

Жезқазған қаласы

№13 орта мектеп

Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі

Бейсембаева Ажар Сұлтанияқызы

 

I. Сабақтың тақырыбы:        Қ.Аманжолов «Туған жер» өлеңі

 

II Сабақтың мақсаты:  а) Білімділігі

 

                                           Әр оқушының бойына «Мен үшін туған жердің трпырағы

 

                                            алтыннан да қымбат» деген нақыл сөзді сіңіре отырып,

 

                                            ақын өлеңінің мазмұнын тереңірек ашу

 

                                        ә) Тәрбиелілігі

 

                                             Оқушыларды жақсылыққа, ізгілікке, туған елін, туып

 

                                             өскен жерін сүйе білуге тәрбиелеу

 

                                         б) Дамытушылығы

 

                                             Өлең мазмұнын аша отырып есте сақтау қабілеттерін

 

                                             дамыту, мәнерлеп, түсініп оқу дағдыларын

 

                                              қалыптастыру

 

III Сабақтың түрі: Понарамалық сабақ

 

IV Көрнекілігі: Портрет, қаттама, нақыл сөздер, үнтаспа, әндер жинағы, кеспе

 

                           Карталар

 

V Пән аралық байланыс: Тарих, ән, музыка, бейнелеу өнері (табиғат көріністері)

 

VIСабақ барысы:

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

  Үйге берілген тапсырма Ғ.Мүсіреповтың «Шұғыла» әңгімесін қорытындылау сұрақ- жауап әдісі арқылы сұралады.

 

Сұрақ жауап «Түртіп алу» стратегиясы бойынша талданады

 

 

V

+

?

 

 

 

 

 

Таблицадағы ?- білгім келеді бөліміне мұғалім түсіндіре отырып, қорытындылайды.

 

III Жаңа сабаққа даярлық

 

  Оқушыларға алдын-ала берілген тапсырмалар сұралады

 

Мыс: Шығармашылық топтың «Туған жер- алтын бесік» тақырыбына жазған ойтолғауларын оқытамын

 

 

 

2 топ оқушыларының туған жерге байланысты дайындап келген мақал- мәтелдерін айтқызып, мағынасына қарай талдау

 

 

 

3 топ оқушыларының бейнелеп келген суреттерін және туған жерге байланысты мақал- мәтел ізімен құрылған ребустарын шешкізу

 

 

 

  Талданып болғаннан кейін үнтаспадан Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін тыңдатамын.

 

            Өлең мазмұнына тоқтала отырып жаңа сабағымды бастаймын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Жаңа сабақ

 

     Балалар біз осыдан бірер сәт бұрын байқап отырсаңдар туған жер тақырыбы жөнінде толғандық. Өз ойларыңды айтып, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді білдірдіңдер.

 

Туған жерді әрбір өнер иесі өзінше толғанып, шығармашылық еңбегіне арқау еткен. Қылқалам шебері өзінің туған жерінің табиғатын майлыбояумен көркемдей танытса, ақын асыл сөзімен жырлай білген, ал жазушы, көркесөз шеберлері қарасөз маржандарымен термелеп сөз құдіретінен туған жердің табиғатын суреттей білген. Сонымен қатар ән шығарушы сазгер де елі мен туған жеріне деген сағынышқа толы сазды әнді дүниеге әкеліп отырғанын айта отырып, елім, жерім, Отаным деп жырлаған қазақ поэзиясының інжу- маржаны болып саналатын Қ.Аманжоловтың «Туған жер» өлеңімен танысатынымызды хабарлаймын.

 

Сабақтың ерекшелігіне тоқталамын.

 

Балалар біз бүгін ақынның бұл өлеңін бір ғана қырынан емес бірнеше қырынан қарастырамыз. Ол үшін сабағымызға эколог, геогроф және музыка пәндерінің мұғалімдерін шақырып отырмыз. Әрқайсысымыз бұл тақырыпты әр түрлі жолмен талдаймыз.

 

Мақсаты: Тақырыпты әр қырынан ашу арқылы туған жердің топырағы әрқассың үшін алтыннан да қымбат болуын қалыптастыру, туып өскен жерлеріңе, елдеріңе, Отандарыңа аса бір сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарау керек екенін ұғындыру.

 

 

 

  1. Өзім ақынның өмір жолы мен ақындығынан жалпы мәлімет беремін.

 

Алдын ала берілген іздену жұмысы бойынша бір оқушы жалпы өмірбаянына аузша тоқталады.

 

Өзім толықтырамын.

 

Ол үшін ақын туған жері Қарқаралы ауданын Қазақстан картасынан көрсете отырып, киелілігін айтып өтемін.

 

Дайындалған қаттама арқылы отбасы мен өскен ортасы жайлы толықтырамын.

 

 

 

  1. Мәтінмен жұмыс жүргіземін.

 

а) Мәнерлеп жатқа айтып беремін

 

ә) Оқушылардың өздеріне оқытамын

 

б) Өлеңнің мазмұнын сұрап, көркемдік тәсілдерді тапқызамын.

 

    (Теңеу, эпитет, метафора)

 

в) Өлеңдегі  «Уа, дариға, алтын бесік туған жер

 

                        Қадіріңді өтсем білмей кеше гөр»,- деген өлең жолдарының мағынасын ашқызамын.

 

 

 

            г) Сендердің ойларыңқандай адам туған жердің қадірін біледі?

 

 

 

 

 

 

 

Ғылым, ілім іздеп, ұзаққа кеткен шәкірт біледі

 

Азаматтық борышын өтеуге кеткен әскер қатарындағы жігіт біледі

 

Туған халқы үшін еңбек ететін, қоғамның тапсырмасын мүлтіксіз орындау үшін ұзақ сапарға жол шеккен, туған елін, жерін сарғая сағынған ел азаматы біледі

 

ғ) Әдетте, адамзат тарихында, көркем әдебиетте болсын, ауыз әдебиеті үлгілерінде болсын шалғайда жүргенде әуедегі құстармен мұңдас, сырлас болу бізге мәлім.

 

Мыс: «Қыз Жібек» жырындағы Төлегеннің өлер шағындағы халі мен М.Өтемісұлының «Қызғыш құс» өлеңін мәнерлеп екі оқушы оқиды.

 

д) Кез- келген бір шумағын өлең құрылысына талдатамын

 

 

 

  1. Ақынның туған өлкесі- Қарқаралы жерінің жер көлемі, табиғаты, сұлулығы жөнінде география пәнмұғалімі картадан көрсете отырып әңгімелейді.

 

Қарқаралы Қарағанды облысында орналасқан. Бұл жерде халықаралық парк бар. Қарқаралы жері 3 бөліктен: таулы, оңтүстік,кенттік орналасқан. Оның жарты жерін орман алып жатыр. Демалу үшін, шаруашылыққа 10000 г жер бөлінген. Тау жоталары, терең үңгірлер бар. Тау арасынан «Шайтанкөл», «Пашек» көлдерін көре аламыз.

 

Қарқаралы климатының айырмашылығы бар. Ең суық айы- желтоқсан, қаңтар. Бұл айларда орташа температура- 45 градус, ал ең жылы айы- шілде.

 

Ғалымдардың айтуынша Қарқаралы жазиралы «Баравой», Алматы курорттарынан асып түседі екен.

 

Халықаралық паркте жануарлар мен өсімдіктер дүниесі көп. Бұл жердің топырағы құнарлы. Демалушылар Қарқаралының жазираларын, «Қалмыш құламасы», «Тасты есік», табиғат мұражайларын көре алады. Бұл жердегі жануар мен өсімдіктер дүниесін Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

 

 

 

  1. Қарқаралы жерінің экологиялық жағдайын, болып жатқан өзгерістері, адам мен табиғат арасындағы байланысын эколог мұғалімі әңгімелейді.
  2. Қарқаралы жерінен шыққан өнерпаздар, Мәди,Ақан туған киелі жер екенін, көркемөнерпаздар ортасы екенін айта келіп «Туған жер» өлеңінің әніне, ырғағына тоқталады.
  3. Үнтаспадан «Туған жер» өлеңін әнімен орындатады.

 

V Жаңа сабақты қорытындылау:

 

 

 

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем

 

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім- деген жолдардан нені аңғаруға болады

 

 

 

 

 

Сен де аямай бердің маған барыңды

 

Мен де аямай барым саған беремін- деген шумақтардан қандай ой түйдіңдер?

 

 

 

Сендер өздерің туып өскен қала туралы не айтар едіңдер?

 

 

 

Біздің қаламыздың басқа қалалардан қандай ерекшелігі бар?

 

 

 

VI Үйге тапсырма беру:

 

 

 

 1 топ.Шығармашылық топ. Ойтолғау

 

                   «Уа, дариға, алтын бесік туған жер!»

 

 2 топ. Өлеңді мәнерлеп жаттап келіп, әнімен орындау

 

 3 топ. Туған жер тақырыбына арнап сурет салып, мақал- мәтел жаттап келу

 

 

 

VII Бағалау 

 

 

Добавить комментарий