Қамқоршы 3 сынып

Шығыс  Қазақстан  облысы

\»Абай атындағы орта
мектеп-лицейі және балабақша\»КММ

Бастауыш  сынып мұғалімі

 Кунапьянова Лаура Кусаиновна

 

  

 Сабақтың тақырыбы: Ғ. Қайырбеков. Комбайншы. 3-сынып

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға жаңа
тақырыпты түсіндіру. Комбайншы 

                                         еңбегі жайлы әңгімелеу. Жер – Аананың адамға берер 

                                         пайдасы туралы айту.

                                      2.
Оқушыларды еңбексүйгіштікке, нан қадәрән бәлуге

                                          баулу.
Топпен жұмыс жасауға, бір – бірін тыңдай білуге

                                         баулу.

                                      3. Сөздік
қорларын, мәнерлеп оқу шеберліктерін арттыру. 

                                          Есте сақтау
қабілеттерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың әдісі: диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан
ойлау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі:

 Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа
аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар.
Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды,
жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу
мен махаббатқа толтырады.

Барлығы:   Күн
жарығын алақанға саламын,

                  Жүрегіме басып ұстай қаламын.

                  Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

                  Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

 Өткенді қайталау: Үй тапсырмасын сұрау.

«Егінші мен қасқыр» ертегісін сахналау. Шағын топтарға
берілген тапсырмаларды сұрау.

1– топ                                        2 –
топ
                                   3 –
топ
 

Дүниедегі ең дәмді              Нанды
құрметтеу                     Нан туралы
мақал –

ас қандай тағам                 ережесін құру.                           мәтелдер айту.

деп ойлайсың?

Пікіріңді

дәлелде.

Мамандық бойынша оқушыларды шағын топтарға бөлу.

Дәрігер

Егінші

Сауыншы

Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты бастамас бұрын комбайн туралы 3 минуттық
видео көрсетіледі. Әр топ көрген видеосы туралы ойларын, пікірлерін ортаға саып атады. Осылай жаңа тақырыпқа түсеміз.

Шағын топ оқушылары өлеңді тізбектей оқиды. Түсініксіз
сөздер болса түртіп алып отырады. Ол сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі.

Бұл өлеңді жазған Ғ. Қайырбеков туралы қысқаша түсінік
беріледі.

    Ғафу Қайырбеков(1928 – 1994) – 15 тамызда Қостанай облысы, Торғай қаласында туған. Абай атындағы
Қазақ педагогика институтын
 бітірген (1952). Қазақ мемлекеттік
баспасында поэзия редакциясын басқарды, «Қазақ әдебиеті» газеті бас
редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі болды.

19681973 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында поэзия
секциясында жетекшілік етті.

1973—1989 жылдары «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары қызметін
атқарды. Өмірінің соңына дейін Қазақстан Жазушылар одағының ақындар
қауымдастығының президенті болды.

1954 жылы оның «Құрдастар» атты тырнақалды жинағы жарық көрді. Содан бері
қырықтан астам кітабы шықты.

«Дала
қоңырауы» (1956)
поэмасы, «Жер астындағы жұлдыз дар» (1965), «Қанатты жылдар» (1973) сияқты жинақтарын, «Беласар» атты қос томдығын оқырман қауым ілтипатпен
қабылдады. «Жұлдызды тағдырлар» атты өлеңдер жинағы үшін ақынға 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

РудакидіңБайронныңПушкинніңЛермонтовтыңНекрасовтыңШевченконыңМақтымқұлыныңЛ.Толстойдың,КупринніңКороленконыңБунинніңЕсенинніңҒамзатовтың және
басқа да сөз зергерлерінің туындыларын аударды.

Көптеген
әндердің өлеңін жазған. Балаларға арналған

 

Дәптермен жұмыс:

Жүргізген сөздік жұмысын жіне жазушы туралы қысқаша
түсінікті дәптерге жазып алады.

Сергіту сәті:

 ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нан туралы тақырып осы бөлімде неге берілген деп
ойлайсың? Нан қалай біздің дастарханға келеді, ретімен айтып көр.

 ҮІІ. Бекіту. «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? Шығарма жаз.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. жаттау, түсініп оқы. 2.бағалау.

Добавить комментарий