«Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған
№2 балалар үйі, Есіл қаласы»
«Ана тілің – арың бұл»
мәнерлеп оқу сайысы

4 сынып
Пән мұғалімі Байназарова С.Д.

2013-2014 оқу жылы

«Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың тілдік қорын дамыта отырып, сөздіктер мен диалог құрап, оларға қазақ халқының салт-дәстүрлерін айтып жеткізе келе, осы киіз үйлер арқылы көрнекі етіп, білімдерін қорыту. Қазақ ауылына қонаққа барып, қазақ халқының өмірі мен тарихымен таныстырып, оқушылардың қызығушылығын дамыта келе, «көркем сөз» сайысын өткізу.
Көрнекілік: киіз үй, бесік, сандық, сөзжұмбақ, тесттер, қабырғадағы қанатты сөздер.
Іс-шараның барысы:
Мұғалімнің сөзі:
Армысыздар, кұрметті ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер! Бүгін Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Ана тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысына қатысатын оқушыларды қарсы алайық:
1. Коньков Владислав
2. Морев Станислав
3. Смирнова Татьяна
4. Полищук Владимир
5. Шарипов Николай
Мұғалімнің сөзі:
Қазақ халқында әр мереке болғанда, үлкен адамдар, әжелер мен қонақтар шашу шашады. Ол дегені осы мерекелік тойың жақсы өтсін, өмірің тәтті болсын дейді. Мұғалім балалар мен қонақтарға шашу рәсімін көрсетеді.
Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как день языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков — это наше богатство! Ана тілінің тағдыры туралы жырлап өткен ақындар аз емес. Солардың ішінде Т. Молдағалиев былай деген:
Туған тілім—тірлігімнің айғағы,
Тілім барда ашылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Бүгінгі біздің сайысымызда осы үш аптаның ішінде қалай тақырыптарды меңгергендерінді, өлең, мақал-мәтелдерді кім жетік білетінің, тестілеуді кім дұрыс шешетінің және мен қойған сұрақтарға кім толық беретінің анықтаймыз. Ал енді тапсырмаларды ең үздік орындаған оқушы жүлделі орынға ие болады.
1 тапсырма:
Өзің туралы қысқаша мәлімет бер.
2 тапсырма:
Отан, ынтымақ, тіл, өнер туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдер.
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын

Тамсанамын, қарап тұрып артыңа

Шыққан балаң, қазақ деген халықтан

Нәр аламын, жер- анадан алыптан.
3 тапсырма:
Сұрақ – жауап, немесе Бәйге сайысы.
1. Біздің мектеп қандай?
2. Ол қай көшеде орналасқан?
3. Мектеп неше қабатты?
4. Сенің ұстазың кім?
5. Сен қай қалада тұрасың?
6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
7. Бір жылда неше ай?
8. Бір аптада неше күн?
9. Бір жылда неше мезгіл? Қандай?
10. Бір жылда неше күн бар?
11. Қандай гүлдерді білесің?
12. Үй жануарларын ата.
13. Қазақстан қалаларын ата.
14. Айларды ата.
15. Апта тауларын ата.

Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екенін барлығымызға аян.

Халқым теңіз толқыған, тілім терең

Мен мақтанам баршаға тілімменен

Ең асылың не?- десе құрметтейтін

Ойланбастан асылым тілім дер ем.

4 тапсырма:
Өзің қалаған өлеңді жатқа мәнерлеп айтып бер.

Мұғалімнің сөзі:
Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Дұрыс, бесікке салу, сүндет той, қыз ұзату, шілдехана тойы,қырқынан шығару. /мұғалім қысқаша салт – дәстүрлер туралы әңгімелеп шығады, балаларға бесікті көрсетіп, бесікке салу рәмізін көрсету/.
Қазақтың қандай ойындарын білесіңдер? Дұрыс, асық, тоғызқұмалақ, қыз қуу, бәйге, көкпар. Қазір қыз қуу ойының ойнайық. Біріншіден, жігіт қызды қуып жетуі керек, ал жігіт қуып жетпесе, қыз қуып жетіп, қамшымен соғады.

Келесі сөзді біздің әділқазы алқасына береміз.

Мұғалімнің сөзі: Кұрметті қонақтар, Сіздерді Тіл мерекесімен тағы-да құттықтай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көріп, бақытты өмір сүрулеріңізге шын жүректен ниетімізді білдіреміз. Келесі жүздескенше күн нұрлы болсын.
«Ана  тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы
«Ана  тілің – арың бұл» атты мәнерлеп оқу сайысы

Добавить комментарий