Ашық сабақ

Өзін-өзі тану сабағы
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Кешірім мен келісім»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
— кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;
— шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;
— мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қғаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт
Шаттық шеңбері
Балалр мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады. Бәрі бірге мына өлең жолдарын қайталайды:
Түсінісу
Бір үйдегі екі адам Сыры неде екі жайттың?
Ұғыспайды бір-бірін. Білсең айтшы, қарағым,
Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма
Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді, жарадың!

Екінші үйде адамдар көп, Сәл ойланып тұрды бала
Тату-тәтті тұрады. Жауап берді ойланып
Бір-бірімен тайталаспай, «Сыры мұның — түсінісу»-
Қас-қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.

Мәтін мен жұмыс. «Мақтаншақ жолбарыс»
Мәтін бойынша сұрақтар:
— Жолбарыс пен бұлбұлдың әркеттері туралы не айтар едіңдер?
— Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?
— Сендер де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Мұғалім:
— Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені, татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар. Сол үшін белгілі қазақ жазушысы М.Әуезов «Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық» деп айтқан болатын.
Ойын-жаттығу
Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.
Оқушыларды 3 топқа бөлінеді. Әр топ күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда 3 гүл жасаланады. Әр топтың балалары жазған сөздерін дауыстап оқиды. Бұлттар алынып тасталады.
Жағдаяттарды талдау.
1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.
— Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:
— Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, — деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.
— Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді. Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.
— Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?
— Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?
— Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?
Сергіту сәті
Тапсырма.
Сабақта оқушылардың білімдерін шыңдау үшін мынандай тапсырма беріледі:
«Сыныптастарыңмен келісімег келіп, кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар»
Қорытындылау
— Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кінәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек. Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

Жүректен жүрекке

Балалармен бірге шаттық шеңберіне құрып дөңгеленіп тұру.
Бәрі бірге қосылып оқиды.
Татуласу
Әкел, досым, қолыңды
Татуласқан орынды
Өкпелесіп не керек
Көрсет,кәне, соныңды.
Баққа бірге кірейік
Қол ұстасып жүрейік
Татулықтың белгісі
Кел қосылып күлейік.

Добавить комментарий

Қазақ халқының ұлтық ою- өрнектері

   Ашық сабақ. 

                                            Қолөнер 2   сынып. 

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлтық оюөрнектері.

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын  тексеру

с) Өткенді қайталау

д) Жаңа сабақ

е) Қауіпсіздік ережесі және тазалық сақтау.

Сабақтың түрі:  Сарамандық  және  аралас  сабақ

 Үй тапсырманы тексеру: Балалардың үйде жасаған ою өрнектерін тексеріп бағалау.

Жаңа сабақ:Қазақ  халқының  ұлттық ою өрнектері.

Мақсаты: Оқушыларға ұлтық ою- өрнектің нұсқасын көрсетіп, ою өрнектің шығу тарихынан мағлұмат беру. Өз ұлтының  мәдениетін  салт-  дәстүрін  білуге  үйрету.

Тәрбиелік мәні:  а)Тазалыққа,  ұқыптылыққа,  шыдамдылыққа  үйрету.

б)  Шеберлікке,  икемділікке үйрету.

в)  Ата дәстүр,  ұлттық қол  өнерді  оқушылардың  бойына дарыту.

Көрнекілік құралдар: Мұғалім өзі қиып алып келген оюлар, тақтаға ілінген көрнекі құралдар түскиіз, алаша, матаға тігілген, жапсырылған оюлар т.б.

Қазақ халқының ұлтық ою- өрнектеріҚазақ халқының ұлтық ою- өрнектеріҚазақ халқының ұлтық ою- өрнектеріҚазақ халқының ұлтық ою- өрнектері

Сабақтың әдісі: Қағазды бір және екі бүктеп әр үрлі ою өрнекті қиып үйрену.

  Нақтылы бұйымдардың үлгісін қолдану, деңгейлік тапсырмалармен жұмыстау.

Қазақ халқының ұлтық ою- өрнектері

Қауіпсіздік  ережесі: 1.Қайшымен жұмыс жасағанда   абай  болу. 

                                      2. Қайшыны  үстелдің  шетіне қоймаңдар.

                                      3.  Бір-біріңе бергенді сабы  жағын  қаратып беру.

                                     4. Жүріп  келе  жатып  қайшымен   қима.

                                     5.  Қайшының  ұшын  жоғары  ұстама.

Сабақтың барысы:  Ою – өрнектер халықтық  өнердің  ежелден  келе  жатқан бір түрі.  Оның   шығу  тарихы  тереңде.  Ал сюжеттік  мазмұнымен  атаулары  әр дәуірдің  тыныс  тіршілігіне, тұрмыс  салтына  орай  өзгеріп  жетіліп отырған. Бүгінгі  таңда  ұлтымыздың  ою – өрнек  өнері  қайта  түлеп  бай  мазмұнымен   жаңа  түр тауып  материалдық  және  рухани қазынамызға  айналып  отыр. Қазақ халқының ғалымдары осы күнге дейін ою – өрнектердің  230 – дай  түрін  анықтаған.   Ою – өрнек  қазақ  даласында  әр  түрлі   ою  үлгіде  дамыған.  Оның негізгі  элементі  мүйіз  тектес  болып,  қазақ  халқының  тұрмысында  жиі қолданылатын  өру, тігу,  тоқу,  құрау,  еріту,  балқыту,  қию  арқылы  үй жиһаздарын  құрал – саймандарды,  киіз үйлерді,  құрылыстарды,  зергерлік бұйымдарды,  кілем,  алаша,  сырмақ,  терме,  алаша  қоржын,  ыдыс – аяқтарды, киім – кешектерді, ою – өрнектер  мен  әшекейлеп  безендіріп  отырған.  Оны  Ахмет  Ясауи,  Қарахан,  Айша бибі т.б. Мавзолейлерден  көруге  болады. Өйткені барлық  жаңа  буындар  осының  негізінде  жасалып,  тек  атаулары  өзгеріп отырған.  Мысалы:  қошқар,  арқар   мүйіз,  бұғы  мүйіз,  төртқұлақ,  түйе табан, сыңар  өкше,  қос алқа,  құс қанаты,  қаз табан   т.б ою – өрнектердің  негізгі арқауы.  Қазақ  оюларының   мазмұны   мал өсіру  мен  аңшылықты,  жер – су, көшіп – қону,  көріністерін  күнделікті  өмірде   кездесетін  әр түрлі  заттардың сыртқы  бейнесін  аңғартады  және  бәрінде  де  мүйіз  оюы  үнемі араласып отырады.  Әр  бір оюшы ою- өрнек  жасап  оған  ат беріп  оны  тұрмыста  қолданған. Сондықтан  қазақтың  ұлттық  ою – өрнектерінің  ең  басты  мәнері,  ең көп  түрі  және  әр  түрлі  мәнер жасауда  жиі  қолданылатына  «мүйіз» тектес ою – өрнектер. Сол  оюлардың  ішіне  ата – бабаларымыз  қасиетті  деп  есептеп келген «тұйық оюды»  ерекше  айта  кеткім келіп тұр. Бұл ою  сондай  қасиеттілігімен  мемлекеттік  туымыздың  сабының   тұсында  тік  жолақ   боп   орналақан. Тұйық оюды  бұрынғы  заманда жас  балалардың  киімне,  тіл-көзден  сақтасын деп ,  елін   жерін  қорғаған  батырларымыздың  қалқанына  сауыт – саймандарына ,  жауынан  жеңілмесін деп,  аузы  дуалы  би  хандарымыздың  шапанына  яғни жауырын тұсына,   әділ төрелік  жасасын деп  салап  келген . Қазірде Отанымызды қорғап жүрген  сардарларымыздың  шен  шекпенінде  орналасқанын  білулерің  керек. Қазір елімізде  бас  көтерген   барлық  ғимараттарды,  құрылыстарды  ұлттық  ою өрнекпен  безендіріп   көркейтіп  келеді. Бұл ұлттық ою – өрнектерді көрген жерде ұлтымыздың  сана  сезімі  оянып  сан  алуан  қалалардың  сәнін  келтіріп  тұрғанын көрсеңдер  бәсекеге  қабілетті  елу  елдің  қатарына  қосылуға  септігін  тигізіп тұрғандай  сезінесіңдер.

Сергіту ойыны:  Қол  буындарын,  мойын,  белдерін  жазатын,  аяқ  буындарын   демалдырытын  гиманастика  жасату.

Қорытынды: Оқушылардың қиған оюын тексеріп бағалау.

                            Қандай  бір  кемшілік  қателіктерін  анықтау.

Үйге тапсырма: Үйде осы бүгінгі сабақты үйренген оюлардың түрлерін ата – аналардың көмегімен қиып түрлі — түсті қағазға, матаға жапсырып келу.

Қазақ халқының ұлтық ою- өрнектеріҚазақ халқының ұлтық ою- өрнектеріҚазақ халқының ұлтық ою- өрнектері

Добавить комментарий

СТД-120 Ағаш жону білдегі

                                    Технология 7 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: СТД-120 Ағаш  жону  білдегі

а) Ұйымдастыру кезеңі

б) Үй тапсырмасын тексеру

с) Өткенді қайталау

д) Жаңа сабақ

е) Қауіпсіздік ережесі және тазалық сақтау.

Сабақтың түрі: Сарамандық жұмыс. Ағаш  жону  білдегімен жұмыс жасау.

Үй тапсырманы тексеру: Оқтау жонуға материал дайындау.Ежелгі  заманда  қазақтардың  шеберлік  танытқан салаларын  атаңдар?

Бұйымдарды қалай  әшекейлейді? т.б сұрақтар  қойып,  оқушыларды  бағалау.

Жаңа сабақ: СТД 120 Ағаш  жону   білдегі.

Қауіпсіздік техникасының  ережелерін ескертіп,  журналға  қол қойғызып  алу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды СТД-120  білдегімен жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелік мәні: а) Шеберлікке икемділікке үйрету.

б) Оқушыларды қолөнерге үйрету.

Көрнекілік құралдар: Оқтаудың технологиялық картасын яғни сызбасын көрсету, дайын жонылған оқтауды көрсету.

Әдісі:Нақтылы бұйымның үлгісін қолдану.

Сабақтың барысы: Цилиндр, конус, шар тәрізді  бүйымдарды жону  үшін оларды  СТД-120 білдегіне  салып жонып, өңдейді. Біздің Отандық өнеркәсібіміз орталықты, қарама – қарсы және орталықсыз жону  білдегін шығарады. Орталықты жону білдіктерде салыстырмалы түрде алғандағы диаметрі онша үлкен емес, ұзынша бөлшектер өңделеді. Дайындалған ағаш материалдарды алдыңғы және артқы қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.СТД – 120М қарама – қарсы тік білдектердің  көлемі едәуір үлкен, жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар алдыңғы қыспақ тығырына бекітіледі. Мұнда білдекте артқы қыспақ тетігі болмайды. Орталықсыз (дөңгелек тақшалы) білдектер цилиндр және конус тәрізді, үлгідегі бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Білдектің кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған іші қуыс пышақ бастары болып табылады.

Өңделуге арналған ағаш материалы өз осінен айналатын пышақ басына сәйкес беріледі. Ағаш өңдейтін СТД – 120 м білдегі негізгі бөлігі (ағаш  жону  білдегінің суреті) бағытаушы тетіктерімен қоса алғанда, шойынның құйылған тіректі негізі (6) болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (5) станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылып тұрады. Білдек орнатылатын тіректі негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы білдектің тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктері, ұстайтын тұтқасы (11) орналастырған. Білдектің  жұмыс механизмдері кесу аймағы жұмыс кеңістігін құрайды. Бұл аймақ байқау экраны бар қорғанышпен (12) жабылып тұрады. Білдек  орнатылатын тірек негіз (6) өзінің тірек табандары (5) арқылы ағаштан жасалған арнаулы платформаға (1) мықтап бекітілген. Оның сол жақ бөлігіне білдектің электро механикалық жетегі орналатын. Ол жетек қайысты іске қосатын, білікке бекітілетін қос сатылы тегергіштің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің шпинделіне бекітілетін екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.

Шпинделдің айналу шапшаңдығын өзгерту жетек белдікті бір тегергіштің тұтқасын екінші тегергіштің тұтқасын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білдектің  жетегі сақтандырып тұратын қорғағыш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол (3) бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі.

Білдек  жұмысына басшылық жасау түймеше тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсірген шам (9) бекітілген.

СТД-120 Ағаш  жону  білдегіСТД-120 Ағаш  жону  білдегіСТД-120 Ағаш  жону  білдегіСТД-120 Ағаш  жону  білдегі

Дайындалған ағаш материалдарын бекітіп ұстау үшін ауыспалы шпиндельдін саптама тетіктері қолданылады. Оған орталық шанышқысы ( үш тісті айыр) карпус, патрон өңделетін ағаш материалдарды ішкі ойықтарды ойып – жону кезінде патронға бекітілетін болса, ағаш мериалдарды диаметрі неғұрлым үлкендері орналастырылады.

Жетектің сақатандырғыш қоршауының қақпағын электр қозғалтқышпен ашқан кезде оған электр қуаты берілмей, тоқтап қалатындай етіп сақтықпен жалғастырылған. Ағашты кесіп өңдеу аймағы алдын ала қорғағышпен жабдықталған. Атап айтқанда, қабылдаушы тетік жұмыс істеп тұрғанда адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және ағашты аралау кезінде зиянды шаң тозаңның күшейіп, шоғырлана түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын азайтады.

Қорытынды: Оқушыларды жону  білдігімен жұмыс жасауын қадағалап кемшіліктерін ескертіп,  бағалау.

Үйге тапсырма: Оқтаудың технологиялық картасын сызып жасалу жолын сызып  келу.

Добавить комментарий

Қазақ халқының ұлттық ою өрнектері