Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Байганат Ризагул
Менің өзекті тақырыбым:
“Білім беруде ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау”
Педагогикалық ұстанымым:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Мақсатым: АКТ арқылы оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілетін дамыту
9 сынып геометрия
Түсінік хат
Қазіргі заман математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар — өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.
Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық — педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.
ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді.
Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Демек сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
9 сыныпта информатика пәні бойынша Паскаль тілінде программалау бір жыл бойы өтіледі. Бұл бағдарлама бойынша математикалық есептерді шешу өте ыңғайлы. Олай болса, математика- информатика пәнаралық байланыс сабақтарды өткізуге әбден болады. Геометрия пәні бойынша «Стереометрия элементтері» тарауындағы «Параллелепипед. Призма. Пирамида.» тақырыбындағы есептерді (109 бет авторлары: И. Бекбоев, А,Абдиев, Ж. Қайдасов, Г. Хабарова 2009 жыл «Мектеп» баспасы) Паскаль тілінде программалау көмегімен шешуге болады.
Тақырыбы: Параллелепипед. Призма. Пирамида.
Мақсаты:
білімділік мақсаты: Стереометрия есептерін Паскальда программалау тәсілмен шығаруды үйрету
дамытушылық мақсаты: Стереометрия есептерін шығару іскерліктерін дамыту
тәрбиелік мақсаты: оқушыларды зейінділікке, жинақылыққа, тапқырлық пен табандылыққа , мақсатқа жетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Оқыту әдісі: түсіндіру, талдау, есептеу
Көрнекілігі: техникалық құрал: компьютерлер, интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс (информатика, геометрия): оқушылардың білімін пәнаралық интеграциялау арқылы тиянақтау, негізгі меже –геометриялық есептерді Паскаль программасы көмегімен шешу.
Сабақ барысы.
1.Кіріспе.
1.1. Оқушыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету: теориялық материалдарды слайдтар арқылы еске түсіру.
1.2. Оқулық бойынша есептер шығару (9-сынып геометрия 109 бет)
2. Танымдық жұмыс
2.1. Проблемалық жағдай: Паскаль тілінде программалау көмегімен есептерді шығару жолдарын іздестіру
2.2. Мақсат, міндет: қойылған проблемалық жағдайды шешу жолдарын іздестіру.
2.3. Әрекеттің бағытты негізін құру: теориялық материалды қайталап, формулаларды еске түсіріп, есеп шығаруға негіз қалау.
3. Бақылау, бағалау:
4. Үйге тапсырма беру
5. Сабақты қорытындылау.
- 1. Негізгі теориялық материалдарды еске түсірейік (слайдтар)
- 2. Паскаль тілінде программалау көмегімен есептерді шығарайық (Паскальда программа құру)
№273 есеп
Кубтың қыры 1) 5 см; 2) 3,2 дм. Кубтың көлемін және толық бетінің ауданын табыңдар.
Program kub;
Var a,s,v:REAL;
Begin;
а Read (a); формулалар:
s:=6*sqr(a); s=6а2
v:=a*a*a; v=а3
Write (\’s=\’,s);
а Write (\’v=\’,v);
а End.
Жауабы: егер a=5 см болса, онда S=125см2 , v=150см3
егер a=3,2 дм болса, онда S=61,44дм2 , v=36,768 дм3.
№274 есеп
1) 1,2 м, 3 м, 6 м; 2) 3 дм, 6 дм, 4,2 дм өлшемдері бойынша тікбұрышты параллелепипедтің көлемі мен толық бетінің ауданын табыңдар.
Program parallelepiped;
Var a,b,c,p,s1,s2,s3,v:REAL;
Begin;
Read (a,b,c); формулалар:
s1:=a*b; sтаб =ab(табанының ауданы)
с p:=2*(a+b); p=2(a+b) (периметрі)
s2:=p*c; sб.беті = pc
s3:=2*s1+s2; sтол.беті = 2sтаб+ sбб
v:=a*b*c; v=abc;
Write (\’s3=\’,s3);
b Write (\’v=\’,v);
а End.
Жауабы: егер a=1,2, b=3, c=6 болса, онда S3=57.6 м2, v=21.6 м3
егер a=3, b=6, c=4.2 болса, онда S3=111.6 дм2 , v=75.6 дм3.
№277 есеп
Кубтың толық беті 1) 96 см2; 2) 864 см2. Оның қырының ұзындығын табыңдар.
Program kub;
Var a,s:REAL;
а Begin;
Read (s); формула:
a:=sqrt(s/6); a=
а Write (\’a=\’,a);
а End.
Жауабы: егер s=96 см2 болса, онда a=4см
егер s=864 см2 болса, онда a=15 см.
№278 есеп
Пирамиданың табаны – қабырғасы 4 см – ге тең квадрат, бүйір жақтары биіктігі 5 см болатын теңбүйірлі үшбұрыштар. Пирамиданың толық бетінің ауданын табыңдар.
Program piramida;
Var a,h,s1,s2,s3:REAL;
Begin;
Read (a,h);
s1:=sqr(a); sтаб =a2,
a s2:=(1/2)*a*h; sүшб =ah
a h a s3:=s1+4*s2; sт.б =sтаб +4sүшб
Write (\’s3=\’,s3);
a End.
Жауабы: егер a=4 см , h=5 см болса, онда S3=56 см2.
№279 есеп
Тік призманың – табаны – қабырғасы 10 см болатын дұрыс үшбұрыш. Призманың бүйір қыры 13 см. Тік призманың толық бетінің ауданын табыңдар.
Program prizma;
Var a,h,p,s1,s2,s3:REAL;
Begin;
Read (a,h);
s1:=(1/2)*sqr(a)*sin(pi/3); sүшб =(1/2)*a2 sin600
h p:=3*a; p=3a
s2:=p*h; sб.б =ph
s3:=2*s1+s2; sт.б =2sүшб+sбб
а а Write (\’s3=\’,s3:4:1);
а End.
Жауабы: егер a=10 см, h=13 см болса, онда S3=476,6см2.
Қорытындылау: Есептеудің әдіс – тәсілдерін жүйелеу.Құрылған программалардың көмегімен жоғарыдағы есептермен шарттас есептердің бәрін шығаруға болады, яғни бір программамен мәнін ғана өзгерту арқылы көптеген есептерді шығаруға болатындығы анықталды.
Бағалау: берілген есептерді шығаруына байланысты бағаланады.
Үйге тапсырма: №275 және №279 есепті
А) Герон формуласының көмегімен;
Ә) Үшбұрыштың ауданын табудың тағы басқа формулаларының көмегімен шығару.