Тұрақты сөз тіркесі. Қазақстан-Тәуелсіз мемлекет.

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сауанова Гүлнұр Құнанбайқызы

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
а)Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушылардың мемлекеттік тіл, ҚР тәуелсіздігі туралы және де ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;
Ә) тәрбиелік: ҚР мемлекеттік мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға,оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу;
б) дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сауанова Гүлнұр Құнанбайқызы

Сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі

1

Сабақ тақырыбы

Тұрақты сөз тіркесі. Қазақстан -Тәуелсіз мемлекет.

2

Сабақ мақсаты

а)Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушылардың мемлекеттік тіл, ҚР тәуелсіздігі туралы және де ойды айшықты жеткізу құралы фразеологизмдер турасында білім дағдысын қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейту;
Ә) тәрбиелік: ҚР мемлекеттік  мәртебесінің биіктеуіне үлес қосуға,оны сүюге, асылымызды ардақтауға баулу;
б) дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыру, сөздік қорын молайту, еркін, айшықты сөйлеу, шығармашылық қабілеттерін арттыру;

3

Сабақ түрі

Аралас

4

Сабақ формасы

Жеке,топтықжұмыс.

5

Әдіс-тәсілдері

Диалогтік, баяндау, көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық, интеллектуалдық ойын

6

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі

7

Қолданатын құрал-жабдықтар.

Оқулықтар: Қолданбалы қазақ тілі.Практикалық қазақ тілі,интерактивті тақта,компьютер.

Атауы:

Уақыты

Ұпай саны

1

Ұйымдастыру бөлімі. Алгоритм картасы

3мин.

 

2

Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын бекіту“Орамал тастамақ” ойыны.

12 мин.

5 ұпай
5 ұпай

3

Жалпы сөздік қор

5 мин

5 ұпай

4

Жаңа сабақ  «Егер, онда» блок сызбасы бойынша

15 мин.

5 ұпай

5

Сергіту сәті  «Шеңбер»

5 мин.

 

6

«Қазақстан Республикасы-Тәуелсіз мемлекет» мәтінмен жұмыс

15 мин.

5 ұпай

7

Жаттығу орындау .Тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу.

10 мин.

25 ұпай.

8

Сабақты бекіту сұрақтары «Домино» ойыны

 

7 мин.

5 ұпай

9

Үй жұмысын беру

3 мин

 

Жұмыс түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Студенттің  іс-әрекеті

Бағалау

Күтілетін нәтиже

1

 

                        Ұйымдастыру Алгоритм картасы

Оқушылармен амандасып, танысып жоқ оқушыларды анықтайды,білім алушылардың сабаққа дайындығына назар аударады.Сабақ тақырыбын тақтағаа жазып,мақсатымен таныстырады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет.Тұрақты сөз тіркесі.

Амандасады,тыңдайды,сабақ тақырыбымен мақсатымен танысады.Алгоритм картасымен танысады.

 

Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарын ретке келтіруді әдетке айналдырады.

2

Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту «Орамал тастамақ»

Оқытушы баға аз оқушылардан  тапсырманы сұрайды. Қазақстан туралы өлеңді жатқа мәнерлеп оқу.

  1. Лексика дегеніміз не?
  2. Сөз және мағына дегеніміз не?
  3. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы?
  4. Көп мағыналы сөз дегеніміз не?
  5. Омоним дегеніміз не?
  6. Синоним дегеніміз не?
  7. Антоним дегеніміз не ?
  8. Табу дегеніміз не?
  9. Эфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?

Студенттер Қазақстан тәуелсіз мемлекет тақырыбына  өлең оқиды.
Білім алушылар  үйден дайындап келген сұрақтарын  бір- біріне орамал тастау арқылы қояды.Жауап бермеген оқушылар ұпай алмайды.

5 ұпай.

 

1ұпай

Есте сақтау қабілеті
дамиды.Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады.

3

Жалпы сөздік қор

Мұғалім  өткен тақырыптар бойынша  сөздер тізбектеп жазуға 5 минут уақыт береді.

Дәптерлеріне  сөздер тізбектеп жазады.
Нормаға   жеткізу қажет.

5 ұпай.

Сауаттылыққа дағдыланады, сөздік қорлары молаяды.

4

Жаңа сабақ 
«Егер, онда» блок сызбасы бойынша.

Оқытушы слайдтар арқылы сызбалар бойынша жаңа сабақты түсіндіреді.

Студенттер дәптерге жазады.

1 ұпай

Жаңа сабақты меңгеруге қалыптасады.Есте сақтау қабілеті дамиды. Жаңа мәліметтер алады.

5

Сергіту сәті.  «Шеңбер»  ойыны

Білім алушыларды шеңберге тұрғызып, ортақ сұрақ қояды,жауптары қайталанбауы тиіс.

Шеңберге тұрып, сұраққа жауап береді.Дұрыс  өте жақсы жауап берген  білім алушыларды әртүрлі шапалақ түрімен, мадақтау.

5 ұпай

Денелері серігіп,
демалып қалады.

6

Қазақтан республикасы-Тәуелсіз мемлекет мәтінмен жұмыс.

Оқытушы Мәтінді  оқып береді.Сол мәтнде кездесетін сөздерді орысша аудармасымен тақтада көрсетеді. 1 минут.
Тәуелсіз-суверенное; Құқықтық –правовое;
Мемлекет-государство; Өзін-өзі билеу-самоуправление;Салт-дәстүр-обычай,
традиции;Еңселі-сильнее;
Айбатты- грозный;
Жалпыға бірдей-всеобщее; Бостандық-свобода;Тұғырлы-фундаментальный.

Білім алушылар тақтада көрсетілген,  сөздерді  естеріне сақтап, дәптерлеріне  жазу қажет.

1 ұпай

Есте сақтау қабілеттері  дамиды.

7

Жаттығу орындау,
тұрақты сөз тіркестердің мағынасын ашу.
Шығармашылық диктант

 Оқытушы  тақтада  тұрақты сөз тіркестер мен  мақал-мәтелдер басын береді.

  Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдің  жалғасын табады.

5 ұпай

көру есте сақту қабілеттері дамиды

8

Сабақты бекіту сұрақтары «Домино» ойыны

Слайд арқылы сұрақтар беріледі. Бірнеше нұсқа жауаптар беріледі.

Білім алушылар ойын арқылы алған білімдерін қорытындылайды

5 ұпай

 

9

Үй жұмысын беру.

Тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып  «Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті» тақырыбына шығарма жазу.

Тапсырманы  дәптерге жазып алады.

Добавить комментарий