1-11 сыныптарға арналған тәрбие жүйесінің бағдарламасы

Ризагүл Байғанатқызы

Туған жылы 1977 жыл 19 — наурыз

Білімі жоғары
Бітірген оқу орны
 Л.Н. Гумилев атынд.Еуразия Университеті
Факультеті  физика – математика

  1. 1. Қызметі: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр селосы №2 орта меектебінің математика- информатика пәнінің мұғалімі, (11 “А” сыныбының жетекшісі)
    Санаты жоғары санатты
    Еңбек өтілі 13 жыл
    Марапаттары Мектепішілік грамоталар 2002ж, 2003ж, 2006ж, 2007ж, 2008 ж, Аудандық оқу бөлімі грамотасы 2006ж, 2008ж, Аудандық әкімшілік грамотасы 2008ж, Облыстық ІІІ дәрежелі диплом 2008ж, Алматыда қорғалған жұмыс Республикалық «Білім» журналына ( №4, 2012жыл) басылып шықты.

Көкшетау қаласында «ІІ Халықаралық Әлеуметтік Педагогикалық Инновациялар Жәрмеңкесі-2012» атты байқауға қатысып ІІ орынға ие болып «Күміс сертификатпен» марапатталды.

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

Жалтыр №2 орта мектебі

Авторлық бағдарлама

«ТАҒЫЛЫМ»

(1-11 сыныптарға арналған тәрбие жүйесінің бағдарламасы)

Дайындаған:

математика – информатика

пәнінің мұғалімі

Ризагүл Байғанатқызы

Алғы сөз

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден түратыны белгілі. Олар әке, ана, бала. Осылардың бірлігі отбасының берекесі. Отбасы қоғамның іргетасы. Мемлекетіміздің мықты болуы осы іргетасқа тікелей байланысты. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата- ананың орны бөлек. Туындаған тәлім- тәрбиедегі жарасылымдылық мектеп пен ата- ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата- анаға, құрбы – құрбастарына, олардың күнделікті іс- әректіне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т. б. қасиеттеріне байланысты. Халық “Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Ата- ана балаға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәкес жас өспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру- педагогикалық ұжымның басты міндеті. Сондықтан ұстаз ретінде, осы қоғамның жанашыр бір мүшесі ретінде ұрпақ тәрбиесін дамытудың жолын іздестіріп өз бағдарламамды ұсынамын.

«Тағылым» тәрбие жүйесінің бағдарламасы

ЖОСПАР:

  1. Тәрбиенің мақсат – міндеттері
  2. Тәрбие жүйесі
  3. Тәрбие жүйесінің бағыттары
  4. Тәрбие жүйесін іске асыру жолдары
  5. Жаңа педтехнология тәрбие ісінде
  6. Тәрбие түрлері
  7. Тәрбие сағаттарының бағыттары
  8. Ата – аналармен байланыс
  9. Күтілетін нәтижелер
  10. Бағдарлама негізінде күтілетін нәтижелер:
  11. «Жеке тұлға» даярлаудағы оқушы бейнесі
  12.  Қорытынды
  13. Қосымшалар

Бал-дәурен балалық шақ, жаңа отырғызылған өрімтал ағаш сияқты нәрлі қорек пен аялы алақанның жылуын сезініп, аналық мейірім мен әкелік қамқорлықтың таусылмас аясында өрбіп — өсіп, тәрбиеленуі тиіс.

Қазақ халқының тәрбие тағылымы, ізет пен әдептен және инабат пен парасаттылықтан басталатыны белгілі. Бала тәрбиесі — ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын отбасында алса, жалғасы мектеппен байланысады.

Мектеп – халықтың ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттік жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру мен тәрбие жүйесін құру керек.

Ал “мектептің тәрбие жүйесі” дегеніміз не? “Мектептің тәрбие жүйесі педагогикада кең ұғымды білдіреді. “Тәрбие жұмысының жүйесі” дегеніміз – мектептегі, сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмысы, өткізілетін іс-шаралар. Сондай-ақ ол – белгілі бір тұтас педагогикалық кешен, бір бағыттағы тәрбиенің мақсаты, өзара қарым – қатынас орталығы анықталған, тиімді тәрбиенің бірнеше бөліктерінен тұратын үрдіс. Бұл үшін ең алдымен “ мектептің жан дүниесін”, яғни “мектептің тұжырымдамасын” жасау керек.

Білім беру ісінде ұстаз басты әрі шешуші тұлға. Ұстаздың білімділігі, абырой – беделі оның шәкіртінен көрінеді. “Шәкірттің жақсы болмағы, ұстазынан” деп халық тегін айтпаған. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні тереі, тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған.

Ұстаз өз шәкіртінен саналы да білімді, парасатты тұлға жасайды. Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды: “ Балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметін үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол – шәкірттерінің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, қауіп-қатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп, өз басынан кешірген тәжірибесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күні бұрын сақтантыратын қорғаушысы, қамқоры”. Демек, мен ұстаз ретінде

осы тұжырым мен кестеге қарап, тәрбие жүйесіне мынадай мақсат қойдым:

Тәрбие жүйесінің тақырыбы:

“Қазіргі заман мектебі сынып жетекшісінің қызмет ету жүйесі”

Менің өзекті тақырыбым:

«Құзыреттілік тәрбие негізінде оқушыларды өзінің және қоғамның мүддесінде өзін -өзі белсенді етуге дайын, бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу»

Педагогикалық ұстанымым:

Жеке тұлғаны табу, оған жетекшілік ету. Ұлттық міндетті көтеру, ұлттық педагогиканы, әдет-ғұрып, халық ауыз әдебиетін пайдалану, діни дағдыларды зерделеп оқи отырып намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қарап, өз бағасын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін Азамат тәрбиелеу.

Мақсатым:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

«Тағылым» тәрбие жүйесінің бағдарламасы

Тәрбие бағыттары

Тәрбие мақсаттары

Тәрбие міндеттері

Тәрбие мазмұны

Тақырыбы: “Ұлттық тәрбие – рухани байлық”

Ұлттық тәрбие негізі (1-4 сыныптар)

Ұлт алдындағы үлкен парызды терең түсіндіру

-Ұлт мүддесін терең түсінуге үйрету;

-Ізденісті мұрат еткен ұлттық өркениеттің ең басты күш екенін сезінуге баулу

-Ұлттық рухани көзқарасы қалыптасады;

-Ұлтжандылыққа тәрбиеленеді;

Ұлттық тарихи шежірені, салт-дәстүрді терең меңгереді.

Тақырыбы: «Өзіңді танығаның-бүкіл ғаламды танығаның»

Өзін-өзі тану

(5, 6 сыныптар)

Дүниені танып білуге деген сыни көзқарастарын дамыту

— өз-өзіне сын көзбен қарауға үйрету;

— рухани байлықтарын дамыту.

— Балалардың дүниетанымы кеңейеді;

— қиялын дамыту арқылы «менің ойымша» деген жауапқа дағдыланады

— еркін сөйлеуге үйренеді;

— басқаларды тыңдауға үйренеді

Тақырыбы: «Құндылық ұғымы және мен»

Құндылық

(7, 8 сыныптар)

Ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру

-дүниетанымдық көзқарасын өзгерте алуға баулу

— рухани байлықтарын дамыту

— Іскерлік дағдылары қалыптасады;

— практикалық іс-әрекетте болады

— қарым-қатынас мәдениеті болады

— ортақ идеяға келеді.

Тақырыбы: «Жеке тұлға және қоғам»

Құзырлылық

(9-11 сыныптар)

Ашық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаны дамыту

— Шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру

— салауатты өмір салтына бейімдеу

— Шығармашылық тұлға қалыптасады;

— Тәуелсіздік, еркіндік қасиеттері қалыптасады;

— Көшбасшылық ақыл-ой қабілеті қалыптасады.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін — білім”, — деп атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттікке жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана болашақты гүлдендіреді. Ата – бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақ бойына дарыту – мектептің міндеті. Осы міндетті орындау барысында “Білім туралы” заңға сүйенеміз. “Білім туралы” заң- білім беру саласындағықоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндағы ендігі міндет – білім беру ұйымдары, мектептер, негізгі тұлға педагогтар, шәкірттер ата- аналар, бүкіл жұртшылық заңды өмір жүзіне асыру, оның талаптарын орындау үшін еңбек етуі керек.

“Тәуелсіздік елдің ұлы- өжет, қызы – қайратты, халқы — қаһарман”, осылай екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Ал тарих шежіресі қаншалықты бай болса, ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығы мәлім. Сондықтан да “Бала тәрбиесі” қашанда киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіледі. Ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Егемен елдің келешегі- кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге байланысты болғандықтан бастауыш сыныптағы тәрбие бағытын “Ұлттық  тәрбие – рухани байлық” деп алдым.

Қазіргі мектеп оқушыларға құбылмалы әлемге бейімделуге, өзін жеке өмірінде, болашақ кәсіптік әрекетінде танытуға мүмкіндік беретін радикалды өзгерістерді талап етеді. Сондықтан да 5,6 сыныптардағы тәрбие бағытының тақырыбын “Өзіңді танығаның – бүкіл ғаламды танығаның” деп алып, қоғамдық жаңарулар тұсында жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруге бағыттадым.

Ғылым мен білімнің тылсымдарын меңгеру, өнер мен мәдениет өріне өрмелеу өскелең жастың тұғырнамасына айналса, оған апарар жол тек қана жоғары дәрежелі тәрбиелік пен мәдениеттілік екені даусыз. Қазақ халқының тәрбие тағылымы, ізеттілік пен әдептілік тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен әрі үлкен жауапкершілікпен қарап, жас жеткіншектің ізетті әрі әдепті, инабатты әрі парасатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, ақылмен сөз астарын түсініп, ойлы да ұтымды жауап бере алатын, өз халқына қызмет қылуды риясыз мұрат тұтқан, егеменді елдің азаматын тәрбиелеу болмақ. Срндықтан да 7 – 8 сыныптардағы тәрбие жүйесінің бағытын “Құндылық ұғымы және мен” деп алып, оқушылардың ғылыми негізделген көзқарасын қалыптастыруға бағыттадым.

Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайы, әлемдік білім негізіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы білім жүйесі жаңаруды, білім мен тәрбие жүйесі мақсаттарын қайта қарауды талап етіп отыр. Сондықтан да 9 – 11 сыныптарда тәрбие жүйесінің бағытын “Жеке тұлға және қоғам” деп алып, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыруға, тұлғаның өзін — өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой – пікірлерінің  туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін тәрбие әрекетін ұйымдастыруға бағыттадым.

“Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”, — деп көрсетілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Ендеше еліміздің ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы- жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру шарт.

Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды- ұлттық рухты жалғастырады, ұлт бірлігін, басқа ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетін, салт – сана, дәстүрлерін насихаттау арқылы дәнекерлейді.

Отан сүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар – ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сана, ұлттық парызды әрбір қазақтың ғана емес, әрбір қазақстандықтың бойына дарыту бағытында жұмыс жасауымыз керек. Сол уақытта біздің халық тамырын тереңге жаяды, әлемдік өркениетте алдыңғы орында болады. Оған Н. Ә. Назарбаевтың “Болашақта Қазақстан азаматтары деңгейіне көтеріледі, сөйте тұра олар өздерінің жедел дамып келе жатқан, күллі әлемге әйгілі де қадірлі бейбіт елдің патриоттары болып қалады”, — деген пікірі дәлел.

(1 қосымшаны қараңыз)

(Тәрбие бағытындағы шығармашылық жұмыстарымды негіз етемін)

Бағдарлама негізінде күтілетін нәтижелер:

  1. Баланың өзін тануға жолдама алуы.
  2. Өзіндік пікір, сигналды ойдың қалыптасуы.
  3. Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде  болуы.
  4. Оқушының дүниетанымының, сахналық шеберлігінің артуы.
  5. Оқушының сапалы білімнің, саналы тәрбиенің қажеттілігін сезінуі.
  6. Қоғамды танып білудің, сыртқы ортамен байланысының алға басуы.
  7. Ең бастысы — өзіне деген сенімнің артуы, Абай тілімен айтқанда, «болмаса да ұқсап бағуға тырысу»

Қорытынды:

«Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі: жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа мазмұндағы оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары Республика ғылымдары мен көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының назарында. Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани –адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлары: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмде, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн.

Иә, осылай деп қарастырсақ та тәрбие көзі отбасынан қаланатыны шындық емес пе? Ендеше қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған.

Ал ұстаздар қауымына ең бастысы, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты болуды, азаматтық белсенділігін көрсетуді, саяси жүйені түсінуді, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білуді қалыптастыру бағытында еңбектенуді қажет етеді.

Қосымша 1

Тақырыбы: «АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ»

Мақсаты:

Оқушыларды өмірдің негізгі құндылығымен таныстыра отырып, олардың өзіндік көзқарасын қалыптастыруға көмектесу.

Міндеттері:

а) Оқушылардың өзінің талғамын анықтау үшін жағымды, жағымсыз қасиеттерін зерттеуге  ұмтылады;

ә) Өз кемшіліктерін өзі реттеп, өзін-өзі тәрбиелеуге талпынады.

б) Парасатты, сауатты да қарым-қатынас мәдениетін үйренген азамат қоғамның құнды тұлғасы екендігіне көз жеткізеді.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, «Түс тану», «Галереяда ой шарлау»

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакатта жазылған оқушылардың жұмысы, нақыл сөздер, галереяда ой шарлау парағы, түйінді сөздер жазуға арналған таратпа қағаздар.

І Ой қозғау. «Түс тану»

  1. Қай түспен жазар едің?

(Оқушылар әуелі түс таңдайды, сосын ол түсті неге таңдағанын түсіндіріп береді)

Мысалы, жасыл – жастықтың түсі, қызыл – ашық, сигналды түс, көк – Отанның символдық түсі, сары – күннің шуағы.

Оқушыларға тапсырма:

Берілген «АҚЫЛ, ҒЫЛЫМ, БАҚЫТ» сөздерін таңдаған түстеріңмен жазыңдар№

  1. Оқушылар өз ойларын ортаға салғаннан кейін, оны мұғалім қорытындылап, топқа бөледі.

ІІ Мағынаны тану «Галереяда ой шарлау»

  1. Сынып үш топқа бөлінеді де, әр топ  берілген сөздердің бірін таңдап алады. (ақыл, ғылым, бақыт)
  2. Плакаттың ортасында басты мәселе – проблема жазылады, топтағы оқушылар өздеріне бір бұрышын бөліп алады да, сол мәселенің шешу жолдарын жазады — өз ойын білдіреді.
  1. Әр топтың спикері топ жұмысын қорғайды.
  2. Мұғалім оқушылардың ойын қорытындылайды.

Аңыз

Ақыл, ғылым, бақыт – үшеуі бір-бірінен артықшылығын салыстырып таласып сарапқа түсіпті. Сарапшылар оларға былай депті.:

Бірінші – бақытқа: сен, тұрақсыз, опасызсың, орныңды таңдамай қонасың, қонғаныңды ісінтесің, тасытасың, ақырында бір күні лақтырып тастап кетесің. Ақылмен байланыс, сонда көп жасайсың,-депті.

Екінші – ғылымға: дүниеде сенен күшті нәрсе жоқ, қара тасты қайнатасың, дүниежүзін жайнатасың, сақауды сайратасың, жоқты бар, бардан жоқ жасайсйң, бірақ та бар ғаламды өзіне бағындырғың келеді, бағынбағанды демде әлек қыласың. Түзеу де, бұзу да сенен шығады. Ақылмен байланыс. Сонда абыроймен ұзақ жасайсың,-депті.

Үшінші – ақылға: дүниеде адамзатқа сенен артық дос жоқ. Бірақ та ашу үстіңе кіріп келгенде, орныңды беріп шығасың да, кетесің. Ашу бүлдіріп – бүлдіріп кеткен соң, кіресің де ашудың бүлдіргенін оңдайсың. Әуелден орныңнан тұрмай отырсаң, ашу сенің үстіңе кірмеген болар еді.

Барыңдар, ақыл, сен адам бол, ғылым, сен ат бол, бақыт, сен қамшы бол. Үшеуің біріксең, ешбір мұқтаждарың болмайды,-депті.

ІІІ Ой толғау «Түйінді сөздер»

Әр оқушыға берілген түйінді сөзді бүгінгі тақырыппен байланыстырып өз ойын айтуы керек.

Түйінді сөздер:

Отан, мектеп, болашақ, өркениет, халық, қоғам, адам, тұлға, экономика, әдеп, құрмет, әлем, қазына, байлық, талап т.б.

(Жоғарыда көрсетілген үш фаза және нақыл сөздер бәрі де слайдтар арқылы интерактивті тақтада көрсетіліп отырады.)

Қосымша 2

Тәрбиедегі ата- ананың рөлі

Бала тәрбиесі- ата- ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата- ананың үйдегі іс- әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Бала тәбиесінің алтын қазығы – туған ұясы, өз отынын басындағы ата- ана тәрбиесі, өнегсі. Қазақта “Баланың бас ұстазы- ата — анасы” деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс алмаса ,есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді.

Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл – Фараби “ Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі” – десе, Жан – Жак Руссо “Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шимайды қалай салсаң , қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді” деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы ,ақыл – ойы, сана – сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

Бала ата – ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі . Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой- өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесә. Халықтық педагогикадағы ұрпақ тәрбиесіне келетін болсақ: бұрын қазақ халқының әрбір отбасы өзінің ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуді жеке басының жұмысы деп қарамай, ұлтының, Отанының ертеңі, болашағы тұрғысынан өзнің қоғамдық борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата- ана баласын ар – намысты болуға, адамгершілікке , мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенін сүюге, Отанын қорғауға дайын тұруға баулыған. Үмітті ұрпақ деп қараған баланы баулып тәбиелеуге бір ауыл, бір рулы ел ғана емес, тіпті бір тайпалық ел ақсақалдары мен атқа мінерлері, көсемдері мен шешендері тегіс көңіл бөлетін болған. Оны ата – бабаларымыз қоғамдық орта тәрбиесімен қандай шеберлікпен ұштастырған. Адам болу үшін – ақ жолға бастайтын жеті жетекшісі бар, ал қызға қырық уйден тыю болған.

Қыз- өмірдің қызғалдағы, қыздар – болашақ ана, бақыт- байлық ошағы, адамзаттың өсіп — өркендеп, тәлім- тәрбие алатын қасиетті ұясы. Ал әйел- қасиетті ұяның алтын тірегі отбасының ұйтқысы.

Сәулетті ана болғанда саналы ұрпақ болады. Олар бүгінгі мектеп қабырғасында оқып жүрген қыздар.

Адам болудың парызы тек осы қырық тыйымға ғана шектеліп қалған жоқ. Сонымен қатар ер балаларға да арналған өсиеттер қалдырған. Мысалы,

Атадан ұл туса игі

Ата жолын қуса игі

Өзіне келер ұятты,

Өзі біліп тұрса игі

Қазақ халқы адамның жеті жетекшісі бар деп, ұрпақтарының болашағын жеті ауыз сөзбен түйіндейді.

Олар мыналар:

1. Адамның басшысы- Ақылы 5. Қорғаны- Сабыр

2. Жетекшісі- Талап 6. Қорғаушысы- Мінез

3. Жолаушысы- Ой 7. Сынаушысы – Халлық

4. Жолдасы- Кәсәп

Сондықтан ата- ана, ұстаздар болып жас ұрпаққа жан- жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.

Жалпы диагностикалауды үш бағытта жүргізуге болады:

  1. Оқушының білім сапасын диагностикалау
  2. Мұғалімнің қызметін диагностикалау
  3. Жеке оқушының дамуын диагностикалау

Үшінші бағыт бойынша оқушы мүмкіндігін терең зерттеп, мінезіндегі ерекшеліктері мен қабілетін, оның белсенділігі мен талап тілегін және отбасы ерекшеліктерін ескерген жағдайда ғана педагогикалық білім мен психология өз үйлесісін табады.

Отбасының қазіргі кезеңдегі функциялары

— тәрбиелік

— рухани – адамгершілік

— таным – білімділік

— тұрмыстық

— еңбекқорлық

— мәдени білімділік

— шығармашылық – демалыс

Отбасының негізгі міндеттері:

— баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыруы

— бала денсаулығына қамқорлық жасау

— баланың оқуына көмек беріп отыру

— еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу

— баланың жан- жақты дамуына көмектесу

— баланың қызығушылығын, бейімділігін, шығармашылығын дамыиу

— баланы өзін — өзі тәрбиелеуге, дамытуға бейімдеу

— балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау

Отбасының тәрбиесінің мәңгілік компоненттері:

— отбасы тәрбиесіндегі ахуал (дәстүр, жылылық, қарым- қатынас)

— жанұя өмірінің тәсілі

— ұрпақтар сабақтастығы (әке, шеше, ата ,апа, балалар)

Ұстаздар мен ата –аналардың өзара қатынасының функциялары

— тәрбиелік- дамытушылық

— қалыптастырушылық

— бақылаушылық

— тұрмыстық

— хабарламалық

Міндеттер:

— ата- аналарды белсенді педагогикалық көзқарасын қалыптастыру

— ата – аналарды педагогикалық білім – білікпен қалыптастыру

— ата – аналарды бала тәрбиесіне белсенді қатыстыру

Сынып жетекшісінің ата – аналармен қарым – қатынасының формалары

Ата – аналармен жұмыстың дәстүрлі формалары:

— ата- аналар жиналысы

— жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар

— ұстаздың жеке ақынл – кеңесі, әңгімесі

— оқушылардың үйін аралау

Добавить комментарий

Авторлық бағдарлама

ҚОЛДАНБАЛЫ   КУРСТАР АРҚЫЛЫ ОРТА ЖӘНЕ  ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚТЫ  ЖҮЗЕГЕ  АСЫРУ 

 

Байганат Ризагул

Ақмола  облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр №2 орта мектебі,

e-mail: b_rizagul@mail.ru

 

Қазіргі заманғы мектепте оқыту процесін ұйымдастырудағы басымдық  жеке тұлғаның қалыптасуына, оның өзін-өзі танытуына мүмкіндік туғызатын кәсіптік әлемнен орын алуына бағытталуы тиіс.

Қазақстанның білім беру саясатына сәйкес жүргізіліп отырған қайта жаңғыртулардың басты міндеті – білім берудің қазіргі заманғы сапасын қамтамасыз ету және білім беру жүйесінің барлық компоненттерін мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның өзекті әрі болашақтағы қажеттеліктеріне сәйкестендіру болып табылады. Осыған орай, ҚР білім беру жүйесі білім беру мақсаттары мен құндылықтарын жаңаша түсінумен, үздіксіз білім беру жүйесінің рөлін күшейтетін өмір бойына оқуға көшу қажеттілігін сезінумен сипатталатын жаңарудың жаңа кезеңіне қадам басты. Үздіксіз білім беруді іске асыру оның сатыларының барлық деңгейлердегі сабақтастығыны қамтамасыз етуді көздейді. Ол үшін дәстүрлі білім беру жүйесіне біршама өзгерістер енгізу қажет, яғни  білім алушылардың дербес танымдық және практикалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру міндеті өзектеле түсіп, оқытуды шын мәнінде даралау жүзеге асуы тиіс. Мектептік білім беруді ұйымдастыруға, оқу процесіне қойылатын жаңа талаптарды осы көзқарастар тұрғысынан іске асыру – тікелей мектеп бітірушілері алатын білім сапасын арттыруға, мектеп пен ЖОО білім берудің сабақтастығын күшейтуге жұмыс жасайтын жаңа тәсілдерді пайдалануды білдіреді.

Мектептегі алгебра курсы функционалдық идея негізінде құрылған. Сондықтан, оқыту әдісін осы бағытта қалыптастыра алсақ,  математикалық теорияның негізіне тереңдей болған едік.   Мектепте оқытылатын функциялардың саны шектеулі,   сызықтық,   квадраттық,    дәрежелік, көрсеткіштік,   логарифімдік және тригонометриялық функциялар.  Бұл функциялардың қасиеттері математикалық білімдердің негізін игеруде үлкен роль атқарады.

        Әсіресе функцияның графигін есептер шығаруға қолдана білу дағдысы – математикалық мәдениеттің маңызды элементі.

А.А. Столярдың айтуы бойынша,   орта мектептегі математиканы оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі оқушылардың математикалық ойлауан дамыту екенін ескерсек,   графиктік мағынадағы есептерді шығару осы мақсатты жүзеге асыруда үлкен роль атқарады.   Мұндай есептер оқушының ақыл-ойының дамуына,   таным дүниесінің кеңеюіне,   эстетикалық талғамның қалыптасуна ықпал етеді. Демек, графиктік білікті қалыптастыру мен дамытудың критерийлерін төмендегіше анықтауға болады:

1)   Негізгі функциялардың қасиеттерін білу;

2)   Негізгі функциялардың графиктерін сала білу;

3)  Функциялардың графиктерін қарапайым түрлендіре сызу (паралель көшіру,  қысылу,  сызылу,  симетиялы бейнелеу).

4)   Есепті график тіліне аудара білу және график арқылы жасалған ой қортындыларын есептің шартымен байланыстыра білу;

   5) Өздігінен талдау ,  қортынды жасай білу;

   6) Оқу қызметінің сапалы болуы;

   7) Оқушының қызығушылығы;

   8) Есептің шығарылуы жылдам болуы;

   9) Оқушының графикке байланысты қарапайым есептерді құра білуі;

  10) Оқулықтағы қосымша оқу құралдарындағы ақпараттарды түсініп, пайдалана білуі;

  11) Күрделі теңдеу, теңсіздік, функциялардың графиктерін салу;

  12) Шығармашылық тапсырмаларды орындау.

 

 

60-70           жылдары орта мектепте оқытудың қолданбалы бағытын арттыру мақсатында математика бағдарламасына алгебра және анализ бастамалары курсы енгізілді. Мектеп курсына математикалық анализ элементтерін енгізу қажеттілігі қазіргі уақытта ешқандай күдік туғызбайды. Оның негізгі себебі: математикалық анализдің қолданбалы мүмкіншілігі мен әдісі жалпы білім беруде орасан зор мәнге ие. Мектептегі математика курсындағы бірде-бір тақырып мұндай ауқымды қолданбалы мүмкіндіктерді иеленбейді. Мектеп оқушылары курсты үйрену барысында танымның жаңа әдістерін және зерттеу тәсілдерін меңгеруіне мүмкіндік туады. Осыған байланысты алгебра және анализ бастамаларын оқыту процесін жетілдіруде төмендегідей маңызды бағыттарды атауға болады, олар:

—          жалпы мектептегі математикалық анализ курсының кейбір логикалық материалдарын оқытудың қолданбалы бағытын арттыру;

—          математикалық анализдің негізгі ұғымын оқыту әдістемесін жетілдіру;

—          жоғары сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру.

Ал геометрияны оқыту процесін жетілдіруде төмендегідей маңызды бағыттарды атауға болады, олар:

—          жазықтықтағы  және  кеңістіктегі геометрияның  негізгі ұғымын оқыту әдістемесін жетілдіру; 

—          жоғары сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. 

              Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі – пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін ғылымның даму бағытымен үйлесімділігі. Ғылымдағы осындай жаңа бағыттарды оқыту үрдісіне енгізу тұрғысынан қарағанда да логикалық ойлау дағдыларын есептерді шығаруды білімнің тұтқасы ретінде ұстану, оны білім мазмұнында қамту математиканы оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан есептерді шығару негізінде дамыта меңгертуді, мектептегі математикалық білімді ғылым дамуымен тығыз сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы ретінде қарастыру да күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келгенде, математиканы оқыту барысында адамның рухани жетілуі мен көп қырлылығының белгісі саналатын, адам болмысы мен өміртанымы тоғысатын есеп шығаруда білігін қалыптастыруға оқушыны мектеп қабырғасынан бастап баулу – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған өзекті мәселе. Оған қоса есептерді әр түрлі тәсілдермен шығаруды меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін бекіте түседі.

Математикалық теорияны меңгеретін, шығармашылық және өзіндік ойлау қабілетін дамытатын оқу іс – әрекетінің  маңызды түрі – математика есептерін шығару. Сондықтан оқытудың тиімділігі көбінесе есеп шығаруды үйретуді ұйымдастыру ғылыми – әдістемесіне  байланысты. Көпшілік жағдайларда оқушылардың білімінде кездесетін біліктің жеткіліксіздігі, шығармашылық белсенділігінің төмендігі осы ғылыми – әдістемесін  жетілдіру деңгейіне байланысты. Оқу процесінде есептің атқаратын рөлінің заңдылықтарын ашатын, оларды тиімді іріктеп пайдаланудың тәсілдерін көрсететін теориялық біліммен қаруланған жағдайда ғана бұл кемшіліктердің орны толады.

Есеп шығару білігін қалыптастырудың көкейкестілігі қазіргі кезде орта және жоғары оқу орындарындағы нақтылы нәтижелер мен болашақтағы қажеттілік арасындағы алшақтықтан туады. Осыған байланысты мұғалім оқушылардың есеп шығару білігін қалыптастыру үшін ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғысынан негізделген болу қажет.

           2006-2007 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін орта мектептерінде 10 сынып оқушыларын бағдарлы оқытуға көшті. Бағдарлы оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – мектеп бітірушілерді жоғары кәсіптік білімді игеруге тиімді дайындау. Мектеп оқушылары, мектеп ұжымы және ата-аналар бірлесе отырып 10 сынып оқушыларын «Қоғамдық-гуманитарлық» және «Жаратылыстану-математикалық» бағыттары бойынша оқыту үшін екі сыныпқа бөлді.

Осыған байланысты «Жаратылыстану-математикалық» бағытын таңдаған 10, 11 сыныптарына арналған математика пәнінен өтілетін «Есеп  шығару  жолдары» (ҰБТ-ға дайындық) қолданбалы курсы бойынша бағдарламасын ұсынып отырмын.

Курс мақсаты: оқушыларды математика пәнін жақсы меңгертіп, өзінің бойындағы қабілеттерін толық ашып еліміздің ертеңгі сапалы да білікті мамандары болып шығуына бағыттау.

Жаратылыстану бағыты бойынша оқыған оқушылар келешекте жоғары оқу орнына барғанда алғашқы курста міндетті түрде «Жоғары алгебра» және «Аналитикалық геометрия» пәндерін  немесе «Жоғары математика» пәнін өтеді, ал менің ұсынып отырған бағдарламам осы курс бойынша көптеген тақырыптарды қамтиды және оқушыларды келешекте жоғары оқу орнына дайындайды.

Сонымен бірге, оқушылардың Ұлттық Біріңғай Тестке дайындалуда көп көмек көрсетеді, өйткені мұнда кейбір күрделі есептерді бір жолмен тез арада шығаруға болатын формулалар берілген.

 

Жалпы білім беретін орта мектептің жаратылыстану-математикалық бағытындағы  

11 сыныпқа арналған математика пәнінен өтілетін «Есеп  шығару  жолдары»

(ҰБТ-ға дайындық)  қолданбалы курсы бойынша бағдарлама

 

ТҮСІНІК ХАТ

Курс жоғары математиканың «алгебра  және  анализ  бастамалары» және «геометрия» салалары бойынша негізгі тақырыптарын қамтыған. Курс 6 тараудан тұрады: 1) Тригонометриялық   функциялар,  2) Анализ   бастамалары, 3) Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері,  4) Кеңістіктегі аналитикалық геометрия, 5)  Иррационалдық  функциялар, 6) Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар. Оларды оқып – үйренуде  жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады. Бұл тараулардың тақырыптарын өту барысында оқушылар жалпы мектеп бағдарламасымен қамтылмайтын  (алайда Ұлттық Біріңғай Тестте кездесетін кейбір есептерді шығаруға септігін тигізетін) жоғары математиканың  көптеген негізгі (мысалы туынды, жазықтықтың теңдеуі, кеңістіктегі түзудің теңдеуі сияқты) ұғымдарымен, кейбір есептерді шығарудың жаңадан әдіс-тәсілдерімен (мысалы сызықтық теңдеулер жүйесін түрлендірулер, үшбұрыш пен көпбұрыштардың аудандарын координаттар көмегімен табуды, үшбұрыш пен параллелограмның ауданын табудың векторлық әдістерімен)  танысады.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптарға арналған бұл курс әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы ғылыми және интеллектуалдық біліктерді меңгертуге өз септігін тигізеді.

 

Курстың мазмұны мен құрылымы

 

Тригонометриялық   функциялар

Тригонометриялық  өрнектерді  теңбе-тең  түрлендіру.  Тригонометриялық  теңдеулерді  шешу  әдістері. Тригонометриялық  теңсіздіктерді  шешу  әдістері

 

Анализ   бастамалары

Функция  және  оның  қасиеттері. Функцияның  туындысы  және  оны  есептеу. Туындының  көмегімен  функцияны  зерттеу. Жанаманың  теңдеуі. Алғашқы  функция  және  оны  есептеу. Анықталған  интегралды  есептеу.

 

Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері

Декарттық  координаттар. Жазықтықтағы  және кеңістіктегі  векторлар

Иррационалдық  функциялар

 

Алгебралық  иррационалдық  өрнектерді  тепе — тең  түрлендіру. Иррационалдық  теңдеулерді  шешу  жолдары. Иррационалдық  теңдеулер  жүйелерін   шешу  жолдары. Иррационалдық  теңсіздіктерді  шешу жолдары.

 

Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар

Көрсеткіштік  теңдеулерді  шешу  жолдары. Көрсеткіштік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары. Көрсеткіштік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары. Логарифмдік  өрнектерді  тепе — тең  түрлендіру. Логарифмдік  теңдеулерді  шешу  жолдары. Логарифмдік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары. Логарифмдік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары.

Есеп  шығару  жолдары (ҰБТ-ға дайындық)

Қолданбалы  курс 11 сынып  (аптасына  2 сағат, барлығы 68 сағат)

Күнтізбелік жоспар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың  тақырыбы

сағ. саны

Тригонометриялық   функциялар

1

Тригонометриялық  өрнектерді  теңбе-тең  түрлендіру

2

2

Тригонометриялық  теңдеулерді  шешу  әдістері

3

3

Тригонометриялық  теңсіздіктерді  шешу  әдістері

3

4

Білім тиянақтау

1

Анализ   бастамалары

1

Функция  және  оның  қасиеттері

2

2

Функцияның  туындысы  және  оны  есептеу

3

3

Туындының  көмегімен  функцияны  зерттеу

3

4

Жанаманың  теңдеуі

3

5

Алғашқы  функция  және  оны  есептеу

3

6

Анықталған  интегралды  есептеу

3

7

Білім тиянақтау

1

Аналитикалық геометрия мен  алгебралық векторлардың элементтері

1

Декарттық  координаттар

2

2

Жазықтықтағы  және кеңістіктегі  векторлар

3

3

Білім тиянақтау

1

Иррационалдық  функциялар

1

Алгебралық  иррационалдық  өрнектерді  тепе — тең  түрлендіру

2

2

Иррационалдық  теңдеулерді  шешу  жолдары

3

3

Иррационалдық  теңдеулер  жүйелерін   шешу  жолдары

3

4

Иррационалдық  теңсіздіктерді  шешу жолдары

3

5

Білім тиянақтау

1

Көрсеткіштік  және логарифмдік   функциялар

1

Көрсеткіштік  теңдеулерді  шешу  жолдары

3

2

Көрсеткіштік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары

3

3

Көрсеткіштік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары

3

4

Логарифмдік  өрнектерді  тепе — тең  түрлендіру

3

5

Логарифмдік  теңдеулерді  шешу  жолдары

3

6

Логарифмдік  теңдеулер  жүйелерін  шешу  жолдары

3

7

Логарифмдік  теңсіздіктерді  шешу  жолдары

3

8

Білім тиянақтау  (Қорытынды тест)

2

 Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар — өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар.     

            Олай  болса,  бұл  қоғам  кез  келген  педагогтан  өз  пәнінің  терең  білгірі  ғана болу  емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық — педагогикалық,  дидактикалық  әдістемелік  тұрғыдан  сауатты және  ақпараттық  компьютерлік  технология  құралдарының  мүмкіндіктерін  жан – жақты  игерген ақпараттық  құзырлығы  қалыптасқан  маман  болуын  талап  етіп  отыр.

ХХІ  ғасыр – техниканың  озық  дамыған  ғасыры. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  сындарлы  саясатының  арқасында  бүкіл  мектеп  компьютермен  қамтамасыз  етілді.  

Компьютер оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады. Олай  болса  барлық  сабақтарды  компьютердің  қуаттануымен жүргізуді  үйрену – бүгінгі  күннің  кезек  күттірмейтін  өзекті  мәселелерінің  бірі. Жаратылыстану  және  математика  пәндерін  оқыту  құралы  ретінде  компьютерді  қолдану – оқу  үрдісін  белсендіруге, оқытуды  жекешелендіруге,  оқушының  өзін-өзі  бақылауына  мүмкіндік  туғызады.

              Алайда, баланы тұлға ретінде қалыптастыру үшін, қазіргі дидактикалық көкейтесті мәселесі – мектеп пәндерін, соның ішінде математика мектеп курсын педагогика ғылымына сай әдістемелік жаңарту, білім беру жүйесін технологияландыру керек екенін көрсетіп отыр.

Сондықтан, оқу процесіне компьютерлік технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен де тығыз байланысты. Математикалық білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады.

Еліміздің ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып- үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған бағдарламалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін бағдарламалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар.

Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану:

—        оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға;

—        шығармашылық қабілетін дамытуға;

—         математикалық ойлауын қалыптастыруға;

—        оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;

—        өзін-өзі басқаруға;

—        есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Арнайы өңделген компьютерлік бағдарламалар қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы, анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның басқа да құралдарын пайдалануы тиіс.

Орта мектептегі қазіргі заманғы алгебра курсының мазмұндық- әдістемелік бағыттарын талдау және математиканы оқыту процесінде компьютерді қолданудағы оң тәжірибені жинақтау математика мұғаліміне өзінің педагогикалық сценарийлерін іске асыруға көмектесетін ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын автоматтандырылған оқыту жүйесінің (АОЖ) көмегі арқылы жасау тиімді.  Осы  орайда,  мектептегі  математиканы  оқытуда  АОЖ-сін  қолданатынымды  айта  отырып,  өзімнің  оқыту  жүйемді  ұсынып  отырмын.

 

 

Жалпы  оқытудағы менің  жүйем  және оның тиімділігі төмендегідей:

 

 

 

 

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы  оқу-тәрбие үрдісін енгізу

 

 

 

 

 

Ұсыныс

  

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1.      Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан»   (Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жыл 28-ақпан)
  2. 2.      Қазақстан Республикасының Білім беру стандарты
  3. 3.      Шыныбеков Ә.Н. «Геометрия». 9-сыныптарға арналған оқулық.«Атамұра» 2004ж.
    1. 4.      12 жылдық білім №1, 2006   25-бет
    2. 5.      12 жылдық білім №2, 2006   26-29 бет
    3. 6.      12 жылдық білім №7, 2006   25-бет
    4. 7.      «Пособие для подготовки к единому национальному тестированию (ЕНТ) по математике», Алматы 2010г. Издание четвертое.
    5. 8.      Информатика негіздері № 2, 3, 4 2009 жыл ғылыми-әдістемелік журнал.

 

 

 

Добавить комментарий