«Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдары.»
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі — жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберілігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан — жақты шәкірт тәрбиелей алады. Шәкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Әр ұстаз оқу тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Осыған орай мен өз тәжірибемде оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын сабақта пайдаландым. Мен өз тәжірибемде мына тізбектелген сабақтар топтамасына сүйене отырып 10 сынып оқушыларымен ылғида сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отыру арқылы олардың ағылшын сабақтарында сөйлеу тілін дамытудың тиімді жолдарын қарастырып отырдым.
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары |
Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер / тапсырмалар |
Оқып үйренудің нәтижесі |
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау |
Дарынды және талантты оқушымен жұмыс істеу |
Негізгі дереккөздері |
« Central Asia Trips» Отан туралы жаңа сөздермен жұмыс істеуге үйренеді. |
Сұрақ-жауап, диалогтік, постер жасау. |
Мәтіннің негізін анықтау.Ойларын, пікірлерін еркін жеткізе алу |
Өзін-өзі бағалау, топты |
Жаттығуларды орындағанда, ерекше арнайы тапсырма беріліп отырды. |
Интернет, дидактикалық материалдар. |
" Places to visit in RK ” Қазақстанның көрнекі жерлері туралы мағлұмат алады. Қоршаған ортаны қорғауға,аялауға, қамқор болуға үйренеді |
Топпен жүмыс,сұрақ-жауап,Венн диаграммасы, эссе жазу, Инсерт әдісі, |
АКТ-ны пайдалана отырып Алматы туралы видео көріп сонымен жұмыс. Алматы мен Өскеменді салыстыру арқылы Венн диаграммасын жасады. |
Сабақта оқушылар өзін-өзі бағалады, жұппен бағалады, көшбасшы топты бағалады. |
Мәтіннің негізін анықтау барысында сұрақтарға жауап бергенде. |
Ағылшын пәніне арналған журналдар, интернет, қосымша материалдар. |
" Adventure Holidays in RK ”оқушылар Қазақстанның мейрамдары туралы ақпарат алады.Қазақтың дәстүрін ағылшын тілінде айтып үйренеді. |
Топпен жұмыс, жұппен жүмыс,кластер жасау, диалогтік, жигсо әдісі. |
АКТ-ны пайдалана отырып жаңа сөздермен жұмыс, мәтіннің негізгі ойын еркін жеткізе білу. |
Топтар жұмыстарын өзара бағалайды, бағалау критерилері арқылы. |
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында,жекелей тапсырма бергенде. Түйінді пікір айтқанда ойын жинақтау арқылы тапсырмалардың негізін анықтау. |
Журналдар, интернет, әдістемелік құралдар. |
«Types of Transport»Қазақстанның транспорт түрлері туралы ақпарат алады және тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді ағылшын тілінде айтып үйренеді. Басқа елдермен салыстыруды үйренеді. |
Топпен жұмыс,постер жасау, галереяға саяхат, сұрақтар бұрқасыны, |
Постер арқылы мәтінің негізі ойын анықтау,пікірін еркін жеткізе білу,жаңа сөздермен ассоциациялық карта жасау арқылы анықтау. |
Өзін-өзі бағалау, эссе арқылы топтар бірін-бірі бағалау.Бағалауда пікірлерін емін-еркін жеткізу. |
Топпен жұмыс істегенде нұсқаушы ретінде сыныптастарына көмегін көрсетіп тұрды. |
Интернет, қосымша материалдар, журналдар.. |
Әрбір мұғалім жаңа әдіс-тәсілді қолдану арқылы жұмыс атқаруды қалайды. Өйткені білім беру жүйесінде тиімді болып саналады. Ел басымыз айтқандай біздің Қазақстан Республикасының азаматтары үш тілді толық меңгеріп, яғни сол тілде еркін сөйлеулері керек.Сол тілдің бірі ағылшын тілі.Қазіргі таңда бала-бақшадан бастап балаларға ағылшын тілін үйретуде.
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құяды.»
Шетел тілін оқыту барысында оқушылар тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Тілдік материалға фонетикалық, лексикалық және грамматикалық материал кіреді. Бұлардың әр қайсысы сөйлеу икемділігі мен дағдыларын игеру үшін өте қажет біріншіден фонетикалық материалды меңгерту үшін ребус, жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатқызу өте пайдалы. Мысалы:
Ladybird, Ladybird Ladybird, Ladybird Fly away home, Your house is on fire, Your children all gone. |
Келесі лексикалық материал – оқушыларға сөз үйрету. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгертудің рөлі ерекше. Оқушылармен жиі транскрипциялық және сөзден диктант жүргізіп отырамын. Бұл жұмысты да әр түрлі әдіспен жүргізуге болады. (чайнворд, кезек-кезек жазып жарысу, адасқан әріптер, сөзден сөйлем жасау).
Beautiful [bju:tiful] әдемі
Mountain [maunti:n] тау
Forest [forest] орман
Destroy [distroi] бұзу
Environment [in’vairәmәnt]
Rubbish [rɅbiʃ] қоқыс
Dump[dɅmp] тыстау
Pollute [polju:t] ластау
Caviar [kævi’a:] уылдырық
Nuclear [nukliә] атомдық
Bomb [bomb] бомба
Оқыған мәтінді немесе тыңдалған хабарды түсіну үшін грамматиканы дұрыс меңгеру қажет. Әр жаңа грамматикалық материалды меңгерту барысында оны түрлі жаттығулармен бекіту керек. Грамматикалық материалды бекіту үшін практикалық жаттығулар көп жасалу керек. Оқушылар міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек. Сұрақ қою кезінде өзімнің қолданылатын әдістемеме тоқтала кетейін.
Who? What doing? Where? When?
The students are sitting in the room now
Сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарды анықтап алған жөн. Оқушыларды ізденуге, білуге, талпынуға, ойын қозғап таным көзқарасын қалыптастыру үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланған дұрыс.
Сонымен қатар оқушыларды ағылшын тілінде өздерінің ойларын немесе пікірлерін еркін түрде жеткізу үшін тағы бір әдістің түрі топтық жұмыс. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өздерін достарының арасында еркін сезіне алады да, қысылмастан берілген тақырып бойынша мұғаліммен қарым-қатынасқа еркін түсе алады. Топтық жұмыс оқушылардың қызығушылығын тудырады олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, ойын түйіндеп қорытындылауына, өзара жолдастық көмекке, топтық жұмыста берілген материалды сұрыптап, дұрыс сөйлеп ойын жеткізуге үйретеді.
Сыныптағы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы ағылшын тілінде сөйлеу тілін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сыни ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту үшін мынадай әдіс-тәсілдерді жиі сабағымда пайдаланамын «Жигсо», «Интервью», «Алтын балыққа арналған аквариум т.б».
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды[3, 39 бет]. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсер зерттеуінде әңгімелесудің үш түрі бар деп зерттеген: Әңгіме – дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме. Осы тұжырымдарға сүйене отырып оқушылар мен бірлескен жұмыс атқара отырып сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланамын атап айтсам мысалы: «Тыңдап отырған үштік», «Жұптық әңгіме», «Қар кесегі», «Форум», «Өкіл».
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Сондықтан да оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеуін дамыту үшін диалогтік тәсілді сабақта жиі пайдаланған жөн. Себебі:
Оқушылар тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
Оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
Білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
Оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербальдандыруға көмектеседі;
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу — білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабағында қолданған өте тиімді әдістің бір түрі болып саналады. Себебі айтып өткендей қазіргі заман технологияның қарыштап дамыған кезі барлық мектептерде лингофонды кабинеттер бар. Осы лингофонды кабинеттер оқушыларға білім алу барысында өте көптеген пайдасын тигізеді әсіресе ағылшын тілі сабағында тыңдап түсіну, монолог, әр түрлі тақырыптарға байланысты бейне жазбаларды көріп естігенде ғана бала оқып жатқан тілдің қаншалықты керек екендігі жайлы және маңыздылығы туралы түсінеді. Әркім уақыт өткен соң емес,басынан бастап оны өлшейтін масштабты білгісі келеді. Адамдардың көпшілігі жұмыс процесінде жаңа білімді иеленуге ұмтылады [4].Осыған орай оқушыларға мақсат қоюға үйрете білу қажет. Интербелсенді сабақ тиімді болу үшін көптеген жаңа әдістерді қолдану қажет. «Заман өзгереді және біз өзгереміз» дегендей білім беру саласы алға жылжу үшін мұғалім жан-жақты даму керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Интернет http://www.hums.org.uk/resources.html
2. Әлімов А. «Интербелсенді әдістерді Жоғары Оқу Орындарында қолдану», Алматы 2013.
3. Жақсылықова Г.И, Каженова А.М, Исмагилова Н.З «Интербелсенді әдіс-тәсілдер». Өскемен 2014 жыл
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық.«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012