Қазақ – халқы қонақжай

Қанапия Барақатова

Астана қаласындағы


6 гимназия
ның

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

Сабақтың
тақырыбы:
Қазақ – халқы қонақжай.

Мақсаттары:

Білімділік. Елтануды кенейту, өз ойын жинақы жеткізуге дағдыланту.

Дамытушылық:Монологтік диалогтік сөйлеу тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Қонақжайлылыққа баулу.

Түрі: Жаңа білімді игеру мен алғашқы бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: баяндау,
түсіндіру, іздендіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, шығармашылық, талдау.

Көрнекілігі: мақал,
жұмбақ, тапсырмалар жазылған көрнекіліктер, ұлттық дастарқанға байланысты
суреттер.

Технологиясы: дамыта оқыту.

Сабақтың
формасы:
ұжымдық, жеке, топтық, жұптық.

I.
Ұйымдастыру кезеңі.

1. тіл ашар тест.

2. психологиялық ахуал.

II. Үй
тапсырмасын тексеру.

а) «қара шаңырақ» — мәтінің мазмұндату.

ә) қосымша «Қазақ халқының салт – дәстүрлерін» ?

III. Өткен
сабақты пысықтау.

1. Кенже ұл ненің иесі?

2. Кенже ұл отбасындағы қандай бала?

3. Қазақта «Жеті атасын» білмегенді кім дейді?

IV. Жаңа
сабақ.

Жұмбақ шешу.

Жаңа сөздермен жұмыс:

1. Оқу

-Құдайындай сыйлау

-Мал сою

-Аттамау

-Дәм тату

-Ұғым

-Дәннен жасалу

-Көп күту

-Денің сау болу үшін

-Адам ағзасы

2. Оқушылар оқиды. 3. Сөйлемдерді дұрыс құрастыртып
синтаксистік талдау жасату.

V. Мәтінді
тыңдау.

Қазақтың дастарханы

Қазақ – өте қонақжай халық.
Қонағын құдайындай сыйлаған. Қонағы келсе құшағын жая қарсы алып, малын сойып,
қарсы алады. Өйткені қазақта «қонақ келсе – құт келеді» деген ұғым қалыптасқан.
Дастарханды аттауға болмайды. Үйге кірген адам дастарханнан дәм татпай
кетпейді.

Қазақтың ұлттық дастарханында
тамақтың үш түрі болады: ет, сүт, нан тағамдары. Қазақтың басты ұлттық тағамы –
ет. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ, қазы, қарта, жал – жая жатады. Сүт
тағамдарына қымыз, шұбат, айран, қатық, сарымай, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ
сияқты ішетін, жейтін алуан түрлі тағамдар жатады. Дәннен жасалған тағамдар –
тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары – бауырсақ, шелпек.
Бауырсақтың түрі өте көп: бал бауырсақ, жалпақ бауырсақ, домалақ бауырсақ. Сусындар:
қымыз, шұбат, айран.

Тамақ ішуге шақырғанда тамақты
көп күттіруге болмайды. Адам баласы тамақ ішпей тұра алмайды. Денің сау болу
үшін жақсы тамақтану керек. Халық «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаған.
Тағам арқылы адам ағзалары белок, май, көмірсу, минералды заттар, түрлі
витаминдермен қамтамасыз етіледі. Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде айран, ақ
ірімшік, құрт, жент, қымыз бен шұбат ерекше бағаланады. Сондықтан, «Ағы бардың
– бағы бар» демекші, сүті бар үй бақытты болып саналды.

 

VI. Бекіту.

1. Бинго
ойыны.

1. Қазақтар қонағын қалай қарсы алады?

2. «Ас – адамның арқауы» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіз?

3. Қазақ халқында қонақ туралы қандай ұғым қалыптасқан?

4. Ұлттық тағамдар нешеге бөлінеді?

5. «Ағы бардың – бағы бар» деген сөзді қалай түсінесің?

6. Қазақ қонағына қай жерден орын берген?

7. Тамақтану арқылы адам ағзасы немен қамтамасыз етіледі?

8. Тағамның қай түрі ерекше бағаланады?

9. «Меню» сөзінің қазақша баламасы қалай?

10. Дастарханға айтылатын тілекті не дейді?

2. Мәтінді тақырыптарға
бөліп әңгімелету.

3.
Тағамдарды беске бөліп жазу.

4. Деңгейлік
тапсырмалар.

1. Сөйлемдерді аяқтаңдар.

1. Қазақ халқының әдеті бойынша
. . . .

2.Үйдің жастары мен балалары сәлем беріп . . . .

3. Қыздар мен келіндер . . . .

4. Әдетте төрге . .
. .

1. Сурет бойынша шағын әңгіме жаз.

2. «Шілдехана»-туралы
әңгімеле.

«Қазақ дастарханы» — тақырыбына диалог құрастыр.

Сұрақтарға
жауап бер:

1.
Халықымызда бесік сәбидің несі болып есептеледі?

2. Бесікті немен аластап, баланы бөлейді?

3. Бесікке
салу жолы қандай адамға жүктеледі.

4. Бесікке салған адамға не беріледі?

5. «Қонақ» —
сөзін септеу.

VII. Мақалды
оқып, өз сөздерімен мағынасын түсіндіреді.

VIII. Қорытындылау,
бағалау.

IX. Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі бойынша.

Оқушыларға сабақ басында екі түсті \»алма” берілген.
Сабақ соңында оны алма ағашына ілулері керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін
бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті
алма мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

X. Үйге тапсырма: мәтінге сұрақтар құрастыру, сөздерді жаттау.

 

 

 

Добавить комментарий