Қазақ халқының ұлттық тағамдары

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары.
Сабақтың мақсаты:
Ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұматтар беру, «ой-қозғау» тәсілдері арқылы оқушылардың танымдылықтарын, өз бетімен әрекеттену дағдысын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Есімшелердің түрлерін ажыратып, сөйлемде дұрыс қолдана білу.
Көрнекілігі: сызбалар, тағамдар, суреттер
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) амандасу;
3) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қазақ халқы үшін дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Сондықтан тамақ ішуге шақырғанда тамақты көп күттіруге болмайды.
Қазақтың ұлттық дастарқанында болатын негізгі тамақтардың түрлері:
1) ет тағамдары;
2) сүт тағамдары;
3) нан тағамдары.
Ең негізгі ұлттық тамақ – қазақша ет.
Ет тағамдары: еттен жасалған – даярланған тағамдар: қуырдақ; қазы; шұжық; жая.
Нан тағамдары:бауырсақ; жалпақ нан;таба нан;самса;бәліш.
Сүт тағамдары:қымыз;шұбат;айран;құрт;ірімшік;сарымай;қаймақ;сүзбе.
(тақтада суреттер көрсетіледі)

ІІІ.Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар мәтінді оқып, мазмұнын айтады.Сұрақтар құрастырад
Қазақтың дастарқаны
Қазақ халқы «Ас – адамның арқауы» деп бекер айтпаған. Қонақжай, бауырмал халық дастарқанына ерекше мән берген. Бар тәттісін, жақсысын қонағына арнап, сыбаға сақтап отырған. Сыйлы қонаққа ет асқан.
Қазақ дастарқанының сәні мен мәні – құрт пен май, бауырсақ, ірімшік пен жент, қымыз бен шұбат. Қазақтың дастарқаны кімді де таңғалдыратыны анық.
Қазақтың дастарқаны олардың кеңпейілдігін, жомарттығын, қонақжайлығын көрсетеді.
IV.Берілген етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар.Бару, жүру, көру, ойнау, пісіру, арнау, ішу, үрлеу, тұздау.(1-3 топ)
Ауыспалы шақ есімше Өткен шақ есімше Мақсатты келер шақ есімше
Бар…
Жүр…
Көр
Ойна…
Пісір…
Арна…
Іш….
Үрле…
Тұзда…

Берілген етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар.Дайындау, ашу, ойлау, төңкеру, үзу, бөлу, сөйлеу, кесу, айту. (2-4 топ)

Дайында…
Аш…
Ойла…
Төңкер…
Үз….
Бөл…
Сөйле…
Кес…
Айт….
V. Мақал — мәтелдің жалғасын тап.
1
Сыйлап берсе, суын іш.
Білгеннен білмегенің көп.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Тату үйдің тамағы тәтті.
2
Ас — адамның арқауы.
Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.
Отанға опасыздық еткенің — өз түбіне жеткенің.
Білген адам білер, білмеген адам күлер.

3
Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Диқан еккенін жейді, жылқы тепкенін жейді.
4
Құтты қонаққа — тәтті тамақ.
Асы бар аяқтан аттама.
Білім – таусылмайтын кен.
Қырсыққанның иті қырын жүреді.
VI.Өткен шақ есімшелерді жіктеу.
1 топ. Айтқан, барған; 2 топ.Пісірген, ойнаған,
3 топ. Берген, сыйлаған; 4 топ. Жүрген, қуырған.

VII.Берілген сын есімдер мен зат есімдерді мағынасына қарай тіркестіріп құрастырыңдар.
Сын есімдер: Жұмсақ, ыстық, сүрленген, тұзды, жас, қою, майлы, қатты, дәмді, қатқан.
Зат есімдер: ет, нан, тамақ, қамыр, сорпа, шай, қазы, шұжық, шелпек.
VIII. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойып жазу.
Қымыз
Қымыз – қазақ халқын..ң әрі т… мақ, әрі дәрі, әрі сусын орнына жүретін ең ба…алы с…сыны. Ол тек қана би..нің сүт..нен жасалады. Құнан қымыз үш тәул…к бойы аш…тылады. Дөнен қымыз төрт тәулік бойы ашытылады. Саумал қымыз- жаңа ашы..ан қымыз. Қымыздың бұл түрл..рі қарттар мен балаларға бер…леді.
Қымызды аш..ту – үлкен өнер. Жаңа сауы…ған биенің сүтін сабадағы қорға немесе ашытқының үст..не құяды да, бір саға…қа жақын п…седі. Қымызды неғұрлым көп піссе, соғұрлым жа…сы болады. Қымыз – түрлі аур…дың емі.

ІХ. Үй тапсырмасы:
98 бет. Дастарқан батасын жаттап алу.
Х. Бағалау.

Добавить комментарий

Ауыспалы шақ есімше

Өткен шақ есімше

Мақсатты келер шақ есімше