Қазақ тілі

Қарағанды облысы Балқаш қаласы
\»Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін № 25 орта мектебі\»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  
бастауыш сынып мұғалімі
Болсамбекова Раушан Мирамовна

Добавить комментарий

Е е дыбысы мен әрпі

ШҚО Аягөз қаласы
«№ 4 жалпы аралас орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Сабыржанова Гульшат Ахановна
Сабақтың тақырыбы: Е е дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты: Е дыбысын сөз ішінде дұрыс оқуға жаттықтыру, мақал-мәтел айтуға, оның мазмұнын ашып түсінуге, сонымен қатар қандай? сұрағына дұрыс жауап беруіне үйрету, адамгершілік тәрбие беру, сауатты жазу және оқуға дағдыландыру;
Сабақтың көрнектілігі: кеспе әріптер, ешкі, есік, емен, есек суреттері, слайдтар мен мәтін жазылған флипчарттар
Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пән — аралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:дүниетану
Сабақ барысы:
I. Жұмбақ шешу.1-слайд
Жарға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса-дағы сақалы,
Секеңдеуді қоймайды. Ешкі)
Мұғалім жұмбақ шешуін оқушылармен талдай отырып, е дыбысына тоқталған кезде, оның әрпін көрсетеді.
Оқулықтың 70-бетіндегі баған буындарын салыстыра, тізбектей оқытып жаттықтыру жұмыстары орындалады.
П. 2-слайд. Жазу дәптерінің 24-бетіндегі е дыбысының кіші әрпі мен сөздерді жазуға арналған жаттығулар жүргізіледі.
III. Оқулықтағы мазмұнды суретпен әңгіме жүргізіліп, оқушылардың ой-пікірі ортаға салынады.
3-слайд. «Лақ» тақырыбындағы мәтін бойынша талдау-жинақтау жұмыстары орындалады. Мұғалім оқушылардың мәтін мазмұнын өз сөзімен айтып беруіне мүмкіндік туғызып, осылайша әңгімелеу үрдісін тұрақты тәжірибеге айналдырады.
4-слайд. Біртіндеп бірінші жақтағы айтылған ойды екінші, үшінші жақта айтуға үйрету жұмыстары басталады. Оның үлгісі оқулық бетінің төменгі жағында берілген.
Менің лағым.
Сенің лағың.
Оның лағы
Осы жұмысты дәптерде орындауға болады.
IV. Жазу дәптеріндегі 25-бетіндегі е дыбысының бас әрпін жазу жаттығулары жүргізіледі.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кісі аттары мен сөйлемді бастырып жазады.
5-слайд. Сабақты дамыту ойынымен жалғастыруға болады. Мұғалім оқушының дүниетанымын кеңейту мақсатында ағаш пен гүл сөзінің айырмашылығы мен ұқсастығын тапқызады. Олар ағаштың биік, гүлдің аласа өсетінін, ағашта жапырақ көп болатынын, гүлдің күлтелері (гүлі) көп болатынын, ағаштардың аз, ал гүлдердің көп болатындығы жөнінде әңгіме болуы мүмкін.
Оқулықтың 71-бетіндегі суреттер бойынша түрлі жұмыстар ұйымдастырып, соңындағы тапсырмалар орындалады.
VI. Бағыттаушы сызықтармен берілген ойын бойынша оқушылар сөз құрайды. Одан сөйлем құрайды. Оларға дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.
Дәптердің бос жолына сөздік диктант жазу
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтың 71 — бетіндегі мазмұнды суретке аударып, әңгіме құрауды тапсырады..
Оқушылар құраған сөйлемдерінің жүйелі, мазмұнды болуына баса назар аудару қажет.
Осы беттегі «Кім? кімдер?» деген сұрақтарды пайдаланып,
мұғалімнің басшылығымен шығармашылық жұмыс жүргізіледі.
Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ Асқар қайда тұрады ?
─ Оларға қонаққа кім келді?
Асқардың інісі кім?
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Бағалау

Добавить комментарий

Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

Сабақтың тақырыбы: Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын жетілдіру,сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру.

б) Эстетикалық,экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың көрнекілігі:жыл мезгілдері, сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырмалар, жеке сюжетті сурет.

Сабақтың барысы: І-Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық: Сыныбымыз тап-таза

                                                 Бор да дайын тақтада,

                                                 Ойымызды жинақтап

                                                 Отырайық партада.

   (Жыл мезгілінің суретін көрсету)

-Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-Жыл мезгілі.

-Біз қазір қай мезгілді өткізіп жатырмыз?

-Көктем.

-Көктем мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Ендеше біздің бүгінгі сабағымыз көктем мезгіліне байланысты болады. «Көктем сәні» ертегісін өтеміз.

Оқушыларға ертегіні мәнерлеп оқып беріп, содан кейін оқушылар тізбектей оқиды.

Енді осы ертегідегі қарамен жазылған сөздерге назар аударайықшы.

-Қандай желек?,-деді Ақбөкен. Жасыл желек.

-Қандай иіс?,-деді Ит. Хош иіс.

-Қандай су?,-деді Қоян. Мөлдір су.

-Қандай аспан?,-деді Түлкі. Ашық аспан.

-Қандай самал?,-деді Бұғы. Салқын самал.

-Біз қандай сөздерге сұрақ қойдық.

-Жасыл, хош, ашық, салқын, мөлдір.

Бұл сөздер көктемнің түрін,иісін,сапасын білдіріп тұрған сөздер.Ендеше бізде мынадай ереже шығады.

Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

Сендердің түсінген,түсінбегендеріңді білу үшін мына жаттығуды орындайық.

262-жаттығу. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Бұл сөздер нені білдіреді?

 

Сарғыш түсті,дөңгелек,

Ортасында дәні бар.

Көрсең егер оны жеп,

Балдай тәтті дәмі бар.

-Мұндағы сөздер сарғыш, дөңгелек, балдай тәтті.

Сарғыш- түрі

Дөңгелек-көлемі

Балдай тәтті-дәмі

                                    Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті қосайық,

Алақанды ашайық.

263-жаттығу. Бұл жаттығуды ойын ретінде өткізуге болады.

Ойынның аты: «Сиқырлы зат».

1.    …..-аппақ,суық(қар)

2.    …..-түзу,ұзын (ағаш)

3.    …..-жыртқыш, қорқау (қасқыр)

4.    …..-домалақ,тәтті (алма)

Шығармашылық диктант

Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құра.

Айнұр,қызыл,алды,көйлек.

Деңгейлік тапсырмалар:

                                        1-деңгей

Білімсіз,өнерсіз

Болады ақыл тұл.

Сын есімнің астын сыз, сұрақ қой.

                                            2-деңгей

Төмендегі берілген сөздердің сынын білдіретін тиісті сөздерін тап.

Ыстық                               қар

Тәтті                                тау

Биік                                   алма     

Ақ                                     жаз

                                                 3-деңгей

Сурет бойынша сөйлем құрап жаз. Сын есімнің астын сыз.

Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)

Бүгінгі сабақ бойынша  оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Сан есім

Бастауыш сынып мұғалімі:

Кукеева Орынкуль Исмагуловна

 2009-2010 оқу жылы

 Сабақтың тақырыбы:   Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есім туралы білімдерін кеңейте отырып, сөйлем ішінен сан есімдерді тауып, сан есімнің зат есіммен байланысын, жазылу емлесін меңгерту. Сөз таптары олардың түрлерін, сұрақтарын, сөйлемдерді сөз таптарына талдай білуге үйрету.

Дамытушылық:  

        Жаңа технология элементтерін пайдалана топпен, жұппен,  оқулықпен жұмыс жасай отырып білім сапасын арттыру.

        Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Компьютермен жұмыс істеу арқылы пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Оқушыларды табиғаттағы тіршілік иелерін сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   Дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілдері:   түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік, тестілік, өзіндік         жұмыс, топтық.

Көрнекілігі:  оқулық, тірек-сызба, компьютер, суреттер, қима қағаздар, тест.

Пәнаралық байланыс:  дүниетану, математика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1)  Сәлемдесу:

Балалар, қазақ тілі сабағымызға құрметті қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, белсене қатысайық.

    2) Психологиялық дайындық:

                                               Үлкенге де сіз,

                                               Кішіге де сіз,

                                               Сәлем бердік сіздерге

                                               Құрметпенен біз.

3)  –Үйге қандай тапсырма берілді?

4)  –Балалар, бүгінгі сабақта оқулық тапсырмаларымен жұмыс жасай отырып, сан есім туралы білімдеріңді одан әрі дамытамыз.

ІІ.   – Алдымен, ойымызды жинақтап, өткен білімімізді еске түсірейік.

        Тіліміздегі сөзер нелерге бөлінеді?

        Біз қандай сөз таптарымен таныстық?

        Енді экрандағы тірек-сызба бойынша, сөз таптары туралы не білетінімізді ортаға салайық. (Слайд 7.)

1)  Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)

2)  Зат есімнің түрлерін ата. (жекеше, көпше)

3)  Етістік дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?(Не істеді? Не қылды?)

4)  Етістіктердің түрлерін ата. (дара, күрделі)

5)  Сын есім дегеніміз не?

6)  Сан есім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ. Ненің суреттерін  көріп тұрмыз? Сан есімдер қандай сөз табымен байланысып тұр? Осы жерден қандай бір ойға келуге болады? Сан есімдер зат есіммен байланысып тұр.

IV. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретімен берілген үлгідегі Ққ әрпі мен Құстар сөзін көркем етіп жазамыз. (Слайд 8.) (Әріптің басталу нүктесі мен байланыстарына назар аудара жазыңдар).

 Құстар сөзіне ауызша дыбыстық талдау жасау.

V. Сөздік диктант жазамыз.

Төрт, он, жиырма, елу, тоқсан, оныншы, жетінші, отыз бес, жиырма үш.

Тексеру:  (Слайд  9.)

Экранда жазылған сөздерге қарап, әркім өз қателеріңді тексере қойыңдар!

(Мысалы: Мырзақмет, неше қате? т.с.с.). Жіберілген қателерімізді еске сақтап, екінші рет жібермейтіндей мұқиат болыңдар!

VI. Енді, экрандағы суретке назар аударайық. (Слайд 10. Проигрыватель Windows Media арқылы «Орман дыбысы»  әуені қосылады.)

        Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

        Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

        Қандай жыл құстарын білесіңдер?

        Қараңдаршы, балалар қайда жүр деп ойлайсыңдар?

        Тыңдайықшы , орманда нелердің даусы естіледі?

        Құстардың қандай түрлері бар?

        Суретте балалар не істеп жатыр?

Мұғалім сөзі: Жас ұяны ағашқа кендір жіппен байлаған жөн. Әйтпесе, ол өсіп тұрған ағашты бунап зиян келтіреді. Ұяның құс кіретін аузы әрдайым оңтүстік-шығысқа қарап, ілгенде 5-6 м биіктікте ілуді естеріңе сақтаңдар!

-Осы құрастырылған сөйлемдердің ішінен мына сөйлемді тақтаға жазып, сөз таптарына талдайық.

      Екі бала ағаштың бұтағына ұяны орнатты.

VII. Сергіту жаттығуы.

        Қарлығашқа ұқсайық,

        Қане, қанат жазайық,

        Қарлығаш боп ұшайық

        Ұшып-ұшып алайық.

        Орнымызды табайық

VIII. Оқулықпен жұмыс

1-       тапсырма Мәтіндегі цифрларды сөзге ауыстырып сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.

2-       Тапсырма Сурет бойынша мәтін құрастыртып оған ат қойғызамын. Сан есімдердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын анықтайды.

3-       Тапсырма берілген сан есімдерге зат есім тіркестіріп жаздыртамын.

ІХ. Дидактикалық ойын: «Жылдам жауап».

 І топ кез келген сөз таптарына қатысты сөз айтады.

ІІ топ -сол айтылған сөзге жылдам сұрақ қояды.

ІІІ топ сол сөзбен сөз тіркесін айтады.

Х . Өзіндік жұмыс жасаймыз.

1.   Сабақ, қоңырау, мұғалім

2.   Түн, күн, ұйқы

3.   Күлкі, күлдіргіш

4.   Күнделік, жалқаулық, екілік

5.   Әріп, әліпби

6.   Жаңбыр, бұлт, лайсаң

7.   Шаш, бас, бантик

8.   Кітап, жазушы,баспа

9.   Ағаш, топырақ, тұқым

 (Ауызша тексеру).

ХІ. Топпен жұмыс. (Слайд 12. )

Экранда әр топқа тапсырма берілген. (Оқу)

І топ. Төмендегі неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзге айналдырып жаз.

бес сынып-

он алты дәптер-

жиырма үй-

ІІ топ. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

Болат… жаста. Ол … сыныпта оқиды.

ІІІ топ. Оның да біл есебін,

           Әр аптада неше күн?

ХІІ. Дидактикалық ойын. «Кім көп біледі?»

Сан есімдерге қатысты кім көп мақал-мәтелдер біледі?

1. Ел ішінде – елу ел бар.

2. Жеті рет өлше, бір рет кес.

3. Еріншектің ісі – екі.

4. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болған артық

5. Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

6. Он екі мүшең сау болса жарлымын деме,

Он саусағың түгел болса, дәулет емей немене.

 

ХІІ. Өтілген тақырыптар бойынша білімдерімізді бекіту мақсатында 2-нұсқадағы тест тапсырмасын орындаймыз.(тест парақшалары)

          

ХІІІ. Математикалық жұмбақ есеп. (Слайд 12. )

         Өлеңде не туралы айтылған?

         Алма қайда өседі?

         Өлеңде неше алма қалды?

         12 ол қандай сөз табына жатады?

        Сан есім дегеніміз не?

        Қандай сұрақтарға жауап береді?

XIV.-Балалар, бүгінгі сабақтан не үйрендік?

         Сабақ несімен ұнады?

XV. Үйге 4-жаттығу. Цифрларды сөзбен ауыстырып  көшіріп жазып, сан есімдердің  астын сызу. (Слайд 13.)

XVI. Бағалау.

 

 

Добавить комментарий

Сөйлем туралы өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем туралы  өткенді қайталау.»

 

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: өткен тақырыпты саяхат жасау арқылы пысықтау, сурет бойынша сөйлем құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы: ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Сөздік қорын және байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Тәрбиелігі: адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, шапшандыққа баулу.

 

Сабақтың түрі: Саяхат-сабақ.

Көрнекіліктер: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақтар, сандық, қамшы,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

— Сәлематсіңдарма, балалар

— бүгінгі біздің сабағымыз  ерекше болмақ, бізге қонаққа көптеген мұғалімдер келді

Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру

— Бүгін мамырдың  нешесі?

— аптаның қай күні?

— қазір қай мезгіл?

— Көктем.

Дәптерлерімізге бүгінгі күнді жазамын

Көркем жазу

Ата – балаға сыншы.

 

          Біз бүгін «Жеті ата ауылына саяхатқа шығамыз»

          Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік сайлап алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған, оны әлі күнге дейін ауылдарда қолданады?

          Атты, түйені, өгізді.

          Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?

          Атты.

          Жарайды атты жолға әзірлейік. Ол үшін өткен сабаққа тоқталайық ? Өткен  сабақта сөйлемдегі сөздің байланысын өттік.

          Сөйлемдегі сөздер туралы не білесіңдер?

          Олардың байланысын қалай білеміз?

          Сөйлем туралы не білесіңдер?

          Бас әріптен басталып жазылады, соңында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.

  2.  Өткенді қайталау.

— Балалар, сұрақтарға жауап беріп, атамыздың ауылына келіп қалыппыз. «Ата» ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар әзірлепті.

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен. (су)

 

Өнерде бар, Талапта жоқ.

Өрмекте бар, Оюда жоқ (ө)

 

Мейізде бар, өрікте жоқ.

Киізде бар, Сырмақта жоқ (з)

 

          Ал, балалар, жұмбакқтан қандай сөз шықты? Сөзден не құралады?

          Дұрыс балалар «Ата» ауылының сұрақтарынан дұрыс өттіңдер, әрі қарай «Әке   ауылына саяхатқа шығамыз.

          Сөйлемді дұрыс құрастыра аласыңдар ма? Оны  білу үшін мына  киіз үй сөзінен  сөйлем құрастырыңдар  (Киіз үй тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің шаңырағы, керегесі, есігі бар. Киіз үй  қыста жылы, жазда суық болады.) (Оқушылар қима сөздерден сөйлем құрастырады.)

              i.      Жер балшық , құлап қалмаңдар, бәріміз арбаға отырайық.

          Алмаз, атты айда .

          Айт-шу жануар.

          -Алдымызда көрінген қай ауыл екен?

          «Бала» ауылы

          Міне, бұл ауылға да келіп қалыппыз. Бағанадан екі ауылға саяхат жасап шаршадық, енді сергіту сәтін жасап алайық.

 Орнымыздан тұрамыз

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз.

 

  1. «Немере» ауылына келіп қалыппыз. Бұл ауылда «Ойлан тап !» ойынын ойнаймыз Ойынның шарты: «Шөбере» ауылына саяхат жасаймыз. Уақыт болса тақап қалды.

          Алмаз, айда атты.

          Айт-шу, жануар.

          Міне «Шөбере» ауылына да келдік.

          Бұл ауыл қоржын әзірлепті, осы қоржындағы сұрақтарға жауап берейік.

1-      ші парақша «Балалар» сөзін қатыстырып сөйлем құра.

2-      -ші парақша «Ойыншықтар» сөзімен сөйлем құрау.

Тонып қалмау үшін «Санамақ» ойынын ойнайық

Басбармағым – алғашқы,

Балан үйрек – жалғасы,

Ортан терек- ағасы,

Шылдыр шүмек  — нағашы,

Кішкентай бөбек – балақан,

Бәріне ортақ алақан.

Міне «Шөпшек» аулына да келіп қалыппыз.

Бұл ауыл сендерге жұмбақ әзірлепті.

Қызықтап күнде сен,

Суретін көресің,

Оқисың одан сен

Ертегі, өлеңді, ол не? (кітап)

 

Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (сағат)

 

Үлкен алып табақтан

Әлемге нұр таратқан (күн)

 

Жұбақтардың  шешуінен сөйлем құрастырыңдар, және мына белгілерді қолданыңдар . .   !   ?

Мысалы: Оқушы кітап оқыды. Сағат қанша болды? Алақай, күн жылынды!

Сөйлем құрастырған оқушы тақтаға жазады, ал қалғандары дәптеріне көшіреді.

 

  1. «Немене» аулына саяхат жасаймыз. «Немене» ауылы седердің сөйлем тақырыбын қалай меңгергендеріңді сынамақшы. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.

          Қане, сандықты ашып қарайық. (сандықтан сұрақтар оқу)

1-      ші оқушы: Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады?

2-      ші оқушы: Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

3-      ші оқушы: Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?

4-      ші оқушы: Сөйлемдегі сөздер қандай болады?

5-      ші оқушы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?

6-      ші оқушы: Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?

Енді бәріміз «Ұшты-ұшты» ойынын ойнаймыз

Көркем жазу.

  1. Қорытынды бөлім.

-Міне, балалар, сыныпқа да келдік. Саяхат сабағына барлығың жақсы қатыстыңдар. Жеті ата ауылының адамдары сендердің білімдеріңе риза болып жатыр.

Бүгін жеті атамызбен таныса отырып сөйлем және сөйлемдегі сөздердің байланысы тарауларынан алған білімімізді қайталадық. Жеті атасын білген оқушы, өскенде туған, туыстарына мейірімді, жақынын танитын жақсы азамат болып өседі деген екен.

Әкесінің баласының баласы- немере,

Немере баласы –шөбере,

Шөбере баласы –шөпшек,

Шөпшек баласы –немене болады.

Әрі қарай өскенде білетін боласыңдар.

8. Балалар білімдерін бағалау.

 

 


 

Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады?

 

 Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

 

Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?

 

 

Сөйлемдегі сөздер қандай болады?

 

Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай білеміз?

 

Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?

 

 

 

 

 

Киіз үйдің   шаңырағы,    керегесі, есігі, уықтары  бар.

 

Киіз үй тез  жиналып, тез құралады.

 

Киіз үй  қыста жылы, жазда суық болады.

Добавить комментарий