Көктемгі еңбек. Үстеулер және оның түрлері

Сынып:   5
Сабақтың тақырыбы: Көктемгі еңбек. Үстеулер және оның түрлері 
Мақсаты: 
1.Оқушылардың үстеуден алған білімдерін кеңейте отырып, үстеу туралы нақтырақ мағлұмат беру. Сөйлемдердің ішінен  үстеулердің түрлерін ажырата білуге үйрету. Жыл мезгіліне қатысты білім дағдыларын тереңдете тиянақтау.
2.Сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлығын шығармашылық қабілетін  дамыту,  тез, шапшаң, нақты сөйлеу білу дағдыларын қалыптастыру. Көктем мезгілінің пайдасын айта отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.
3.Оқушыларды  табиғатты сүйе білуге, адалдыққа, әдемілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ –жауап, сәйкестендіру, диалог, аударма.
Жұмыстың түрлері: топтық, жеке, ұжымдық
Сабақтың көрнекілігі:  үлестірмелі қағаздар,
Күтілетін нәтиже:  үстеулерді  меңгеру

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1.1. Оқушылармен амандасу.
1.2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.
1.2. Психологиялық дайындық.
Мұғалім: Әрбір адам
Оқушылар: досым, сыныптасым
Мұғалім: Әрбір ісің
Оқушылар: тірлік, тірек, адамдық
Мұғалім: Әрбір сөзің
Оқушылар:   шындық, бірлік, адалдық
Мұғалім: Әрбір сабақ
Оқушылар: үйрену, оқу, іздену.
Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қызықты етіп өткізу, бір нәрсе үйрену үшін  бәріміз сабаққа қатынасамыз. Алдымен, жұмбақ жасырамын.
Қар  еріп, су ағады,  Сарқырап сайға толады.Күн ұзарып,жылиды,Бұл қай кезде болады?   (көктем) Көктем айлары ( наурыз,сәуір, мамыр )
Жарайсыңдар, балалар!

Ресурс.

 

1.Үстеу  және оның түрлері.

 

     Заттың  іс-қимылының  мезгілін, мекенін, жай- күйін  білдіретін сөздерді  үстеу  деп  атайды.  Үстеу  қашан?  қайда?  қалай?  сұрақтарына  жауап  береді. Мысалы: биыл, алда, жоғарыдан, тез. 

   Үстеулер  мағынасына  қарай  мезгілдік, мекендік,  сын-қимыл, мөлшерліккүшейткіш  болып  бөлінеді.

     1.Мезгіл үстеулер  қимылдың жалпы  мерзімін, уақыиын  білдіреді. Мысалы: Биыл көктем ерте  келді.

     2.Сын-қимыл (бейнелік)  үстеулер қимыл- іс-әрекеттің  алуан  түрлі сапасын  білдіреді. Мысалы: Шөп  қаулап  өсті.

     3.Мекен үстеулер  қимыл, іс-әрекеттің орнын  (мекенін)  білдіреді.Мысалы: Алыстан қонақтар келді. 

 

2. «Стикердегі  диалог»  әдісі бойынша 1 төмен  және  1 жоғары дәрижелі  сұрақ жаз.                   

   

3. Кестені  толтыр

 

                                                    Үстеу   түрлері

            мезгіл

    Сын-қимыл

    мекен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін,  өте, төмен, қазір, мұнда, алыстан, тез,  кеше,  ауызша,

 

4. Оқулықпен жұмыс

                                   І топ.  1-тап  136- бет

 

     Сын –қимыл үстеулерді тап

       Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  ІІ топ  3-тап  134- бет

           Мезгіл үстеулер тап

     Сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

5.  Постермен  жұмыс.

    Сөйлемдерді  құрастыру, қағазға  жапсыру. Мезгіл үтеулерді тап, сұрақ қой.

 

Ауылда  тракторшылар  жер жыртып жатыр.  Қорада мал төлдеп жатыр. Бақшада  көкө

ніс егілді.

 

6. Білімді  бекіт

 

 

Мысал

тез

бұрын

артқа

жылдам

жазда

күндіз

жатқа

сонда

төмен

Мезгіл үстеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мекен үстеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сын-қимыл үстеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Тест  сұрақтарына жауап беру.

 

Берілген тест сұрақтарына  дұрыс жауап беру

1. Үстеулерді мағыналық түріне қарай сәйкестендір.
а) ерте              мекен
ә) артқа            сын-қимыл
б) жазбаша       мезгіл

2. Көктемде не төлдейді?
а) шегіртке     ә) құс       б) мал

3. Балалар көктемде не істейді?
а) шаңғы тебеді        ә) өзенге шомылады        б) ағаш отырғызады

4. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?
а) нелер?      ә) қандай?        б) қашан?

5. Қимылдың белгісін, мезгілін, себебін, мақсатын  білдіретін сөз табы…
а) етістік       ә) үстеу        б) есімдік

6. Сөйлемдегі үстеуді тап.
Олжас ертең саябаққа барады.
а) Олжас                      ә) ертең              б) саябаққа           в) барады

7. Сын -қимыл үстеуді тап.
   а) әрең              ә) алда                    б) ерте                     в)бүгін

8. Үйге тапсырма  1.Ереже қайталау. 2. 2-тап 137-бет.  3. 5 сұрақтан тест құрастыру.

9. Бағалау

10. Рефлексия « Бес  жол өлең »

     1. Зат есім  1сөз

     2. Сын  есім  3 сөз

     3.  Етістік   3 сөз

     4.  Үстеу    3 сөз

     5.  Сөйлем 

Добавить комментарий