ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.»
Павлодар қаласы №29 жалпы орта білім беру мектебі
Бекбосынова Халида Васильевна.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті,-делінген. Сондықтан білім жүйесін құру, қоғамда мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазір қоғам бізден жан-жақты үйлесімді жетілген, ертеңгі күні өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай мықты біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеуді талап етіп отыр, сонымен қатар мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс — әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КРЕДИТТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.»
Павлодар қаласы №29 жалпы орта білім беру мектебі
Бекбосынова Халида Васильевна.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті,-делінген. Сондықтан білім жүйесін құру, қоғамда мына күнде дамып отырған әлемге дайындау- бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазір қоғам бізден жан-жақты үйлесімді жетілген, ертеңгі күні өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай мықты біліммен қаруланған ұрпақ тәрбиелеуді талап етіп отыр, сонымен қатар  мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс — әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.
Сонымен бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Яғни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау,өздік танымдық іс — әрекетіне    бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған негіздеп оқыту — бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мәселені өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуын ескерсек, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат – білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыра отырып, әрбір жеке тұлғаның білім стандартын меңгеруіне, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен жетілуіне, дамуына үлкен жауапкершілігімен қарау.
Сондықтан оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.
Сол себептен біздің елімізге ғаламдану үрдісімен келген жаңалықтардың бірі-жоғары оқу орындарында кредит жүйесімен оқыту технологиясының енгізілуі заман талабынан жастарымызды қалдырмай , олардың білімдерін әлемдік деңгейге жеткізуді мақсат етуден туып отырғаны анық.Осыдан төрт- бес жыл бұрын жоғары оқу орындарына енгізілген кредиттік оқыту жүйесі- студенттердің өздігінен білім алуына негізделген, сапалы білім алу құралы болып отыр. Бірақ бұл технологияның бастауы мектеп болу керектігін қазір көптеген педагог- мамандар мойындап отыр. Сол себептен орта білім беру мектептерінде кредиттік жүйені енгізу- қазіргі кезде шешілмеген мәселе.
Жоғары орындағыдай мектептегі кредиттік технология мынадай функцияларды атқару керек:
•             Оқушылардың өздігінен білім алуы, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
•             Танымдық белсенділігін арттырып, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу.
•             Өз білімін бақылау және бағалай білуге үйрету.
•             Оқушы өзінің берілген тарау немесе тақырып аумағында нені біліп, нені меңгеруі керектігін білуі.
•             Өз күшіне сену қабілетін арттыру, өзін-өзі жетілдіру, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру ролін атқару тиіс.
Ал енді негізгі мектепте пәнге бөлінген сағат санының қысқаруы, меңгеру мазмұнының көбеюі жағдайында кредиттік технология таптырмас құрал боларына сенім кәміл. Өйткені әр тарау кредиттерге біріктіріліп, тарау бойынша жүйеленеді. Кредит тапсырмалары оқулықтың барлық тарауларын қамтып, оқу жылы басында кабинетте ілініп немесе арнайы деректер базасында сақталынуы тиіс, сонымен қоса кредитте қамтылған тараулардан негізгі қандай ұғым игерілуі керектігі қоса берілгені абзал.
Сондықтан да осы баяндамамда кредиттік технологиямен оқытудың негізгі талаптары мен міндеттеріне,маңызы мен мәніне тоқталуды жөн көрдім.Кредит жүйесі ең алдымен оқытушының білімі мен біліктілігін , мәдениеті мен парасатын қажет етеді. Себебі,оқытушының өзі беретін пәнінің бағдарламасын бүге-шігесіне дейін білуі,оқу жоспарын құруы аса маңызды болып саналады. Түсініктірек болу үшін кредит жүйесіне қазақ тіліне бөлінген уақытын талдауға келсек.Қазақ тіліне бұл жүйе бойынша 3 кредит сағат бөлінген. Бір оқу тобына 136 сағат бөлінеді. Оның 46 сағаты оқытушымен болатын тәжірибелік сабақ. Осы сабақта оқытушы оқушыларға негізгі бағыттар қиын деген тақырыптарды түсіндіреді.Екінші 45 сағаты оқытушымен бірге өтетін өздік жұмыстары ,яғни жаттығулар,тақырыпқа байланысты тапсырмалар. Үшінші 45 сағаты оқушының өз бетімен дайындайтын өздік жұмыстары. Бұл өздік жұмыстарына оқушы мұғалімнің көмегінсіз дайындала алатын жеңіл тақырыптар мен тапсырмалар беріледі.Кредиттік жүйемен оқытудың ең басты ерекшелігі оқушының өз бетімен дайындалып,өзі ізденуіне мүмкіндік жасау.Оқушы мұндай дайындығы үшін оқулықпен,оқу-әдістемелік құрал –жабдықтармен қамсыздануы өте жоғары дәрежеде болуы керек.Бұл дегеніміз, кредит технологиясымен оқытуға көшкен оқу орнына материалдық –техникалық мүмкіндігің де жоғары деңгейде болуын талап етеді деген сөз. Әсіресе,компютерлік-ақпараттық оқу құралдарының мәні зор.
Оқушы ең алғашқы күні сабаққа келгенде оқытушы оның қолына өз пәнінің силлабусы мен кейс-жинағын тапсырады. Силлабуста оқушының қанша сағат мұғаліммен,қанша уақыт өз бетімен дайындалатыны ,қай уақытта қосымша сағат өтетіні ,сабақ тақырыптары мен тапсырмалары нақтылы көрсетіледі.Ал, кейс-жинақ дегеніміз оқушыға силлабуста көрсетілген тапсырмалар мен оқулықтар. Сонымен қатар ,оқытушы оқушыға тоқсан соңында тапсырылатын тест тапсырмаларын да беруге міндетті.Тест тапсырмаларында кем дегенде 100 сұрақ беріледі. Ал, жауабын оқушы сабаққа дайындалу кезінде өз еркінше табу керек.Яғни ,бұл оқушының саналы түрде еңбектенуінің бір жолы болып табылады.Сонда қысқаша айтсақ,сыныпта қанша оқушы болса,сонша кейс-жинақ болуы керек.Сондай-ақ оқушы өзі білім алатын оқытушыны силлабус мазмұнымен оқытушы біліктілігіне сәйкес болуы тиіс.
Осындай жүйеде оқушы стандартты өздігінен меңгереді,ол кредиттегі сұрақтарға жауап беру, кесте, глоссарий, үлгіге қарап жаттығу орындау, сөзжұмбақ құру т.с.с тапсырмалар арқылы жүзеге асады. Кредиттерін оқушылар алдын- ала тапсыра береді, бірақ күнтізбелік жоспар бойынша жоспарланған күнге дейін, егер кеш тапсыратын болса, ол балдық жүйенің кемитінін, сәйкес жалпылау сабақта бағасы кемитінін алдын-ала білгені жөн.      
Тақырыпты жалпылау сабағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашатын, ойлау, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашуға тиіс, яғни оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасайтын тұрғыда құрылу керек. Қазіргі уақытта көптеген ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары негізінде әр оқушыға бейімделу жағдайын жасау идеясы бар, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау. Мұндағы мақсат – оқушының  өзіне қажетті білімді өзі тауып үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс — әрекет жасай алуға үйрету. Білім беру саласын ізгілендіру жағдайында  оқу процесін және оқушылардың оқу іс — әрекетін басқарудың өзін — өзі ұйымдастыру және өзін — өзі дамыту түрлері өзекті болып табылады. Оқушы мен мұғалім қоршаған ортамен өзара әрекеттесе отырып, өзін — өзі танып,  дамытуына жағдай жасайтын ашық жүйе болуы тиіс.
Сондай – ақ, осы үлгідегі технологияларды қолданудың негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі ретінде оқу – тәрбие үрдісіндегі білім сапасының мониторингін айтуға болады. Мұнда білім сапасы нәтижесін талдауды оқушылардың білім – іскерлік бағдыларын жақсартуға бағытталған әрекеттердің барлық түрлері бірлікте көрсетілген. Ол:
1)           оқушы үлгерімінің есебі
2)           білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс
3)           білім жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушылармен жекелеген жұмыстар
4)           білім – іскерлік дағдыларының әлсіздігі
5)           бағдарламаны игерудегі қиындық көрген тақырып бойынша жұмыс
6)           оқушыларды ҰБТ – ға дайындайтын жекелей білімдік бағдарламасы оқушылардың білім, біліктік дағдылардың кейбір олқылықтарын жөндеу және жою мүмкіндіктерін  туғызады:
Қорытындылай келе, жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану оқушылардың жеке басының дамуына, оқу шеберлігін қалыптасуына, өздік және өзара бақылаудың, өзінің оқу қабілетін бағалаудың дағдыларын жетілдіруге көмек береді. Бұл оқушылардың білімді меңгерудегі алға жылжуын қамтамасыз етеді және білім сапасын арттырудың басты негізі болып табылады.
Әр ұстаз сабақты іс-тәжірибесінің көлемі мен шеберлік деңгейіне байланысты әр түрлі өткізуге тырысады. Өзімнің әріптестеріммен іс- тәжірибемді бөлісу мақсатында, өтілген тараулардың бір бөлімі бойынша құрылған кредиттік тапсырмалар және жалпылау сабақтарының үлгісін ұсынып отырмын. Осылай тарауды немесе тарау бөлімін өздігінен меңгеріп, жалпылаудың арқасында, жаттығулар орындауға, өздік жұмыстар мен деңгейлік тапсырмалар орындауға көп уақыт үнемдеп алуға болатынына өз басым көзімді жеткіздім.

 

ӘДЕБИЕТТЕР
1.           Баспасөз материалдары
2.           Кабдикова Ж.У, Есимханова Р. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі. 2008, №2, 7 – 11 б.
3.           ҚР 2015 – ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
4.           Қараев Ж.А., Кабдикова Ж. У. Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері // Оқыту тәрбиелеу технологиясы. 2007, №5, 6 – 9б., 2007, №4, 4 – 6б., 2008, №3, 6 – 9б.
5 . Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебіне // Республикалық ғылыми-педагогикалық басылым, №12, 2008 г., стр.31-37
6. Журнал Білім-Образование № 7, 2005 г., стр.33-36

Добавить комментарий