Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжі
Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Хасенова Күміс Дүйсенқызы
Баяндама тақырыбы: Қазақ тілі сабақтарында тиімді тәсілдер қолданып, оқушылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Мақсаты: Білім беру жүйесінде жаңа технологияларды қолданып, оқушылардың кәсіби біліктілігін арттыру басты мәселе. Оқытудың ақпараттық технологиясы білім беру мүмкіндіктерін жасауға, білімді қабылдау мен білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін керек.
Қазіргі уақытта білім жүйесіндегі өзекті мәселелер оқушылардың білім сапасының деңгейін жоғарылату, кәсіби біліктілігін арттыру. Бұл мәселелерді жүзеге асыру үшін оқушылардың білім сапасы деңгейін анықтау, талдау, саралау қажет. Білім сапасын мониторингтік зерттеулер өткізу, нәтижелер шығару, жоспарлау, бағдарлау, жобалау болып табылады. Оқу жылы басталған кезден алғашқы бақылау жұмысы өткізіліп анықталды. Мақсат: жазғы демалыс уақытында оқушылардың жыл бойында алған білімдері қаншалықты естерінде сақталды? Қай тақырыптарды қайталау керек? Қай тақырыптан тереңірек білім беру қажет деген сұрақтарға жауап алдық?
Зерттеулер көрсеткендей жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу процесін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл бойы бақылау жұмысы жазылып білім деңгейлері салыстырылады, бағаланады. Қателермен жұмыс жүргізіледі. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер диагностикалық және бақылау жұмыстары әзірленеді. Білім білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындалады. Мониторингтің нәтижесі сараланып талдаудан өтеді, оқушыларға хабарланып қатемен жұмыс ұйымдастырылады. Зерттеулер жоғары білім деңгейіндегі оқушыларға шығармашылық мүмкіншіліктерге жағдай жасайды. Ал төмен деңгейдегі оқушыларға білім сапасын көтеруге мүмкіншілік береді. Мониторинг- анықтау, жинақтау, саралау, өңдеу, топтау деген мағынаны білдіреді. Сауалнама алу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, мұғалімге көзқарасы, сабақ беру әдістеріне пікірлері анықталады, бұл да мониторингтің бір түрі. Мониторингтік зерттеулердің білім сапасының деңгейін арттыруда маңызы өте зор.
Мониторингтің қозғаушы, ынталандырушы қызметі мұғалімнің оқушыларды оқытуға, тәрбиелеуге қызығуларындамыту, балаларға терең білуді үйренуге түрткі болады. Мұғалімді өзінің педагогикалық еңбегіне өзіндік талдау жасауға машықтандырады және мұғалім әрекетінің зерттеушілік бағытын күшейтеді.
Мониторингтің қалыптастырушы қызметі нәтижесінде оқушы тұлғасының әлсіз және күшті жақтарын анықтауға, әрбір оқушыға қозғау салу әрекетінің әдістері мен тәсілдерін таңдап алуға әсер етеді. Ал оқу үрдісінде болжанбаған кездейсоқ нәтижелерді анықтау және белгілеу, оқушылардың жат әрекеттеріне әсерді күшейту мониторингтің түзетушілік қызметі арқылы жүзеге асады.
Ұстаз өз мамандығының шебері болғанда ғана табысқа жететіні белгілі, сонда келешегіміздің жарқын болатыны сөзсіз.
Еліміздің келешегін айқындайтын нәрсе- білім. Ел келешегі- жас ұрпақты жан-жақты білім иесі етіп тәрбиелеудің маңызы зор.
Бүгінгі таңда колледждегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғышарттары калыптасып келеді.
Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп-өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер жасалды. Нәтижесінде тұтас педогогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дуниеге келуде.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, өз тәжірибемде енгізіудемін. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеп отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса, оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ.
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегідей сипатталады:
-Есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу.
-Білімнің статистикалық үлгісімен ақыл-ой әрекеттерінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу.
-Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
-Оқытушы мен студент бірігіп одақта қызмет істеуі. Оқытушы да, оқушы да субъект болуы.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Кез-келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Шын мәнінде, педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын, мақсат-міндеттерін, қызмет ету үрдісін зерделеп талдау, олардың маңызды құрылымдық түрлерін айқындау, ой елегінен өткізу оқушыларға құнды педагогикалық біліммен қарулануға мүмкіндік береді. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді.
Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының бірі – интерактивті оқыту әдісін мен өз тәжірибемде қолданып келемін.
Интерактивті әдісті пайдаланудың тиімділігі сол оқушының өз ойын еркін, жүйелі айтуына, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. әсіресе табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, өздеріне сенімсіздеу оқушыларға пайдасы зор.
Интерактивті әдістер тіркесін оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер деп түсінуге болады.
Сондықтан олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуіне, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік жасайды.
Интерактивті әдістерді қолдануда мұғалім кейбір ережелерді естен шығармауы абзал.
Бірінші ереже: топ оқушыларының барлығы сабаққа түгел қатыстырып, танымға жұмылдыру.
Екінші ереже: оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. Оқушыларды жиі мақтап, қолпаштап отыру.
Үшінші ереже: кабинет талапқа сай болуы қажет.
Төртінші ереже: әрбір қатысушы өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы қажет.
Бесінші ереже: оқушыларды проблема шешу барысында топқа бөлуге мұқият қарау.
Үстіміздегі ғасыр- жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры.
Олай болса, мұғалімдердің алдында тұрған бірден-бір мақсат- оқушылар алған білімдерін пайдаға асырып, өзара әрекет ете алатын азаматтың ұлттық құндылықтарды меңгерген жеке тұлға тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Сабиров Т. «Оқушылардың белсенділігін арттыру жолдары» Алматы 2000ж
2. Кузьмина Н.В «Формирование педагогических способностей» 1991-98
3. Инновационные условия развития профессиональной компетентности учителя. Л.Ф.Иванова //Инновации образовании.2003 -№4. –с.69-80