Қазақ тілінің білгірі

Анаргүл Көкешева 
Ақмола облысы Степногорск қаласы
№2 Бестөбе орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 

Қазақ тілінің білгірі Мақсаты: Адам өміріндегі тілдің атқаратын қызметі мен маңызын ашып көрсету, соның негізінде оқушылардың білімін кеңейту.
Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті арттырып, таза, шешен сөйлеуге, тілді оқып үйренуге деген құрмет сезіміге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру формасы: Сайыс-ойын
Көрнекілігі: Тіл туралы ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, «Тіл- халық қазынасы» атты кітап көрмесі.
Қатысушылар: 8-9-10 сыныптардың арасынан өзге ұлт оқушылары бір оқушыдан қатысады.
Кіріспе бөлімі. Күй ойналып,қатысушылар сахнаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және құрметті қонақтар!Бүгін мектебімізде мемлекеттік тілімізді оқып үйренуге байланысты «Қазақ тілінің білгірі» атты сайысымыз өткелі отыр.Сайысымызға қош келіпсіздер.
2-жүргізуші: Тіл рухын асқақтату, шынайылығын шыңдату- елін сүйген әр азаматтың міндеті.
1-жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасын таныстырайық.
Бүгінгі сайысымызды бастамас бұрын өнерімізді бағалайтын әділқазылар мүшесімен танысып өтейік.
2-жүргізуші: Ал енді, сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайық.
1- Кезең- Таныстыру. Бұл кезең 5 ұпаймен бағаланады.
2- Кезең- «Күш-білімде» сұрақтар викторинасы. Бұл кезеңде әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
3- Кезең- «Мақал-сөздің мәйегі» мақалдар жарысы. Әр мақал 1 ұпаймен бағаланады.
4- Кезең- «Өнерлі өрге жүзер». Әр қатысушы өз өнерін жеке немесе көмекшілерімен көрсетуге болады. Бұл кезең 3 ұпаймен бағаланады.
5- Кезең- «Ойлан тап». Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру. Бұл кезең де 3 ұпаймен бағаланады.
6- Кезең- «Тіл дамыту». Бұл кезеңде берілген тақырып бойынша әңгіме құрастыру. Бұл кезең 5 ұпаймен бағаланады.
Ал,енді сайысымызды бастайық.
1- Кезең. Таныстыру (Әр қатысушы өзін таныстырады)
2- Кезең. «Күш-білімде» сұрақтар викторинасы.
Әр қатысушыға 10 сұрақтан беріледі.
8 «а» сынып
1. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
2. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
3. Қазақстанның ұлттық валютасы?
4. Қазақтың үш биі?
5. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата?
6. 22 наурызда не тойланады?
7. Абай Құнанбаев кім?
8. Алматы, Талдықорған қалалары орналасқан өлке қалай аталады?
9. Қазақ тілінде неше септік бар?
10Тұңғыш қазақ газеті қалай аталады?
9«а»сынып
1. Жай сөйлемнің неше түрі бар?
2. «Невада- Семей» қозғалысы қашан басталды?
3. Неше алфавит қолданылды?
4. «Тіл құрал» оқулығының авторы кім?
5. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
6. Қазақ өнерін шет елде танытқан әнші кім?
7. Қазақ вальсінің королі кім?
8. Буынның неше және қандай түрлері бар?
9. 1995 жылы 30 тамызда не қабылданды?
10. «Қазақ хрестоматиясы» оқулығының авторы?
9 «б» сынып
1. «Невада- Семей» қозғалысын ұйымдастырған кім?
2. Қазақтың бұлбұлы атанған әнші?
3. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
4. Қабанбайдың шын есімі?
5. Латын алфавиті қай жылдары қолданылды?
6. «Қала» сөзінің синонимі?
7. Қазақ газетінің редакторы кім?
8. –Лар, -Лер, -Дар, -Дер қандай жалғаулар?
9. Жинақтық сан есімнің саны?
10. Мағыналары бір- біріне қарама- қарсы сөздер?
10 «а» сынып 
1. Қазақ елінің алғашқы астанасы?
2. Құрманғазының шәкірті кім?
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Елтаңбаның екі жағында не бар?
5. Әнұранның әнін кім жазған?
6. Етістіктің неше райы бар?
7. Әкенің шешесі сізге кім болады?
8. Шоқанның шын аты кім?
9. Сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деген ырыммен жасалатын салт-дәстүр
10. Қазақ елінің екінші астанасы қай қала?
10 «б» сынып
1.Тудың авторы кім?
2.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
3.Рәміздер қашан қабылданды?
4.Етістіктің неше шағы бар?
5.Әкенің әкесі сізге кім болады?
6. «Наурыз» сөзі нені білдіреді?
7.Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той?
8.-Мен/-бен/-пен қай септіктің жалғауы?
9.Ең алғаш қазақ мектебін кім ашты?
10. «Кел балалар, оқылық» өлеңінің авторы?
3- кезең. «Мақал- сөздің мәйегі» демекші асыл сөздерге сөз берейік. Біз бұл кезеңде қаншалықты мақал білетінімізді көрсетеміз.
4-кезең. «Өнерлі өрге жүзер». Бұл сайыста қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді. (ән, би, тоқу) т.б
5-кезең. «Ойлан тап». «Қарлығаш» сөзінен сөз құрастыру.Берілген уақыт -2 минут.
Қатысушылар тапсырманы орындап жатқанда әні тыңдалады.
6-кезең. «Тіл дамыту». Сіздерге тақырыптар таратылады, сол тақырыптар бойынша әңгіме құрастырасыздар.Берілетін уақыт -3 минут.
Оқушылар дайын болғанша би тамашаланады..
1-жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Қорытынды сөз әділқазыларға беріледі.(Қатысушылар әр номинация бойынша марапатталады)
2-жүргізуші:Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Добавить комментарий