Ағзаға әсер етуші факторлар

3 (негізгі) деңгей бойынша құралған сабақ

Сынып: 9 «А»                                    Сабақ:___                           Күні: ____________   

Сабақтың тақырыбы:

 Ағзаға әсер етуші факторлар (оптимум, минимум, максимум, пессимум). Шектеуші факторлар. Қоршаған орта факторларының бір-біріне әсері. Ағзаға әсер ететін факторлар.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: білім алушыларға ағзаға әсер етуші факторлардың әр түрлілігі туралы мағлұмат беру. Абиоздық, биоздық, антропогендік факторлардың анықтамасын жеткізу

Дамытушылығы: білім алушылардың талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабылеттерін дамыту. Талдып, салыстырған факторларды өмірде қолдана білуге үйрету

Тәрбиелігі: білім алушыларды өз бетінше ойлануға тәрбиелеу, табиғатты , қоршаған ортаны қорғауға, өз туған, тұрған жерін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу

Керекті құрал-жабдықтар: флипчарт, маркер, ватман, түрлі түсті қарындаш, фламастер, қағаз, желім, скотч, видео, суреттер, кестелер

Сабақтың түрі: құрамдастырылған

Сабақтың типі: аралас сабақ

Әдістемелік шешім: әңгемелесу, тақырыпты қорғау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Психологиялық дайындық

3. Үй тапсырмасын тексеру

4. Жаңа сабаққа дайындық

5. Жаңа сабақты түсіндіру

6. Сабақтың қорытындысы

7. Сабақты бекіту

8. Бағалау

9. Үй тапсырмасын беру

10. Рефлексия

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу. Журнал толтыру, сабақ барысымен таныстыру. Сыныпты гүлдердің суреті арқылы 4 топқа бөлу. Топқа бөлінген оқушылар топтың ережесін құрап, сол бойынша қорғап, жұмыс істейді.

2. Психологиялық дайындық кезеңі

Оқушыларды жұпқа бөліп, ынтымақтастық атмосферасын құру үшін тапсырма берілді. Ол «Бұл есімнің тарихы …» деген жаттығу. Бұл жаттығуда оқушылар өздерінің жұптарын таныстырады.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы. Экологиялық факторлар тақырыбы бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

4. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі

Тақтадан флипчарт арқылы күн, жылу, ыстық ауа – райы мен суық климат, ылғал, су, жауын-шашын бейнеленген суретер көрсетіледі. Видео көрсетіледі. Оқушылар видео, суретерді талқылап, өз ойларын ортаға салып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді?

Мұғалімнің сұрақтары:

А) Көрсетілген суреттер нені білдіреді?

Ә) Тірі табиғатқа әсері қандай?

Б) Су тіршілік ортасындағы табиғат

5. Жаңа сабақ түсіндіру.

Сынып 4 топқа бөлінген. Әр топқа тақырып бойынша бөлінген тақырыпшалар беріледі.

1 топқа – жылу, температура, 2 топқа – ылғал және су, 3 топқа – жауын-шашын қар, 4 топқа – жылу режимі.

Әр топқа берілген тақырып бойынша оқушылар өз түсініктерін флипчартқа салып қорғайды.

6. Сабақтың қорытындысы

«Ақ серек, көк серек» ойыны ойнатылады. Бұл ойынның мақсаты топтар бір – біріне сұрақ қояды, қай топ бірінші қол көтереді сол топ жауап береді.

7. Сабақты бекіту

Жергілікті жердегі материалдар бойынша органимздердің жарыққа, көлеңкеге және суға қатысты өкілдерін топтап, оларға экологиялық сипаттама беру.

8. Бағалау. Алдын ала топ мүшесіне «Бағалау парағы» беріледі. Сол параққа оқушы баға қояды, сабағалау барысында әр қойған бағасын түсіндіреді

Бағалау парағы

Басқарып бағалаушы_____________________________________________

Көрсеткіш

 

 

 

 

 

 

 

1.тез және дұрыс

 

 

 

 

 

2. тез бірақ қате бар

 

 

 

 

 

3. ақырын, қатесіз

 

 

 

 

 

 

 

1. өз бетімен

 

 

 

 

 

2. өз бетімен және сыныптасының көмегімен

 

 

 

 

 

3. өз бетімен және мұғалімнің көмегімен

 

 

 

 

 

4. сыныптасының және мұғалімнің көмегімен

 

 

 

 

 

 

9. Үй тапсырмасын беру. § 48, 146-149 беттер. Тақырып бойынша «Құпияхат» дайындау.

Қосымша тапсырма (деңгейлік тапсырма ретінде) – организмдердің  температураға қатысты экологиялық топтарын жазу.

10. Рефлексия

Кесте толтыру

Не білдім?

Не қиындық туғызды?

Не ұнады?

 

 

 

 

 

Добавить комментарий