«Қазақстан ҰОС жылдарында»

Сабақтың тақырыбы:
«Қазақстан ҰОС  жылдарында»
(Ф.Я.Вассерман, «Білім беру технопаркі»жобасы бойынша», Ауызша сабақ-2 технологиялық картасы)
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ
№26 ОРТА МЕКТЕП
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті    пәнінің мұғалімі
Жұмағалиева Г.Ұ.
 10 сынып                        
Мақсаты: Қазақстан Республикасы, оның дамуы, бастан кешкен қиыншылықтары,ҰОС жылдардағы Қазақстанның жағдайы туралы түсінік беру;
Міндеті: Білімділік: Морфология бөлімі, оның зерттейтін салалары, зат есім , күрделі зат есімнің жаалуы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Балалардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорлары мен тілдерін байыту;
Тәрбиелік:  Балаларды елін, жерін, Отанын қорғауға тәрбиелеу, әрдайымда тату, ынтымақта болуға  баулу;
Түрі: Ауызша сабақ- 2 (БжС)
Сабақтың құрылымы:
1.ЖСҚ(жалпы сөздік қор)-5 минут.Соңғы екі тақырып бойынша балалар білетін сөздерін дәптерлеріне жазады.
2.Жаңа сөздер – тақырыпқа байланысты 7 жаңа сөз тақтаға жасырылады, балалар 30 секунд ішінде оқып естерінде сақтап қалулары керек. Содан кейін 1 минут ішінде дәптерлеріне жазып шығады.
3.Мәтінмен жұмыс-6 минут. Балалар мәтінді өздері оқып, танысады.Кейін оларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
4.СТО(сын тұрғысынан ойлау сұрақтары)- мәтін бойынша балаларға сұрақтар қойылады, олар толық жауап берулері керек.   
5.ҚҚС (қарама-қарсы сұрақтар) – мәтін бойынша балалар қарама-қарсы сұрақты өздері дайындайды және бірінші нұсқа екінші нұсқаға жіне керісінше сұрақтар қояды.
6.ТСҚ(тақырыптық сөздік қор)-  5минут. Жаңа өтілген тақырып бойынша  дәптерлеріне сөздер жазады.       
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: 1. Сәлемдесу
                        2.Сабақ мақсатын хабарлау.
   Сабақтың құрылымы:
1.ЖСҚ(жалпы сөздік қор)-5 минут.Соңғы екі тақырып бойынша балалар білетін сөздерін дәптерлеріне жазады.
2.Жаңа   сөздер:
1.Саясат
2.Соғыс
3.Кенеттен
4.Дұшпан
5.Қастандық
6.Барбаросса
7.Бейбіт
3.Мәтінмен жұмыс-6 минут. Балалар мәтінді өздері оқып, танысады.Кейін оларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.
4.СТО(сын тұрғысынан ойлау сұрақтары)
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2.Екінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды?.
3.  «Барбаросса» кімнің жоспары?
4.Фашистік Германия КСРО-ға қай жылы тұтқиылдан кіріп келді?
5.Мәншүк Мәметова қай оқу орнының студенті?
6.Республикада қанша адам әскери даярлықтан өтті?
7. Соғыс немен аяқталды?
8.Майданға жақын жерлерден қанша фабрика мен зауыттар Қазақстанға көшірілді?
9. Сабақты етістік дегеніміз не?
10. «Барбаросса» жоспары қашан жасалды?
11. «Барбаросса» жоспарының мақсаты не?
12. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
5.ҚҚС (қарама-қарсы сұрақтар)
6.ТСҚ(тақырыптық сөздік қор)-  5минут.Жаңа өтілген тақырып бойынша  дәптерлеріне сөздер жазады.    
Үйге тапсырма: «Қазақстан ҰОС  жылдарында» деген тақырыпқа әңгіме  дайындау;  
Бағалау:    Балаларды бағалау

Мұстафа Шоқай
1917 жылы уақытша өкімет құлап, барлық билік большевиктердің қолына  өткенінен кейін коммунистік жүйеге қарсы топтар жағына шығып, ақыры шетел асып барып, өмірінің соңына дейін түрік әлемінің бірлігі, «Тұтас Түркістан» идеясын жүзеге асыру үшін күресіп кеткен Алаш қайраткері, қазақ халқының аяулы бір ұлы – Мұстафа Шоқай.
Торғай, Сыр қазақтары Ресейдің отары болмай тұрғанда әкесі Хиуа ханының уәлиі болған, Сыр алқабы қазақтарының арасында зор беделі бар Шоқайдың отбасында дүниеге келген Мұстафа жас кезінен-ақ отаршылдықтың өктемдік пиғылын жақсы сезініп өседі. Мұстафаның нағашылары да орыстардан Хиуа хандығын қорғауда ерекше көзге түскен атақты әскербасылар болады. Алғыр, тумысынан қабілетті Мұстафа өз заманының озық ойлы, сауатты қыздарының бірі, әскери қызметтегі отбасында туып өскен анасы Бақтының үйретіп, оқытуымен бес жасқа толмай-ақ жазу-сызуды үйренген. Бастауыш білімді Сұлутөбе станциясындағы орыс мектебінде алады да 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Алайда оған тиесілі алтын медальді бермей, орнына күміс медаль береді.
Өз мүмкіншілігіне сенген ол гимназияны бітірісімен, Санкт-Петербург  университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Оны 1917 жылы бітіріп шығады. Студенттік өмірінің алғашқы сәттерінен-ақ қоғамдық-саяси өмірге араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1912 жылы Санкт-Петербургтегі қазақ, өзбек, татар, башқұрт, әзірбайжан студент жастары Балқан соғысына байланысты Түркияны қолдау қозғалысын ұйымдастырғанда, Мұстафа белсенді мүшесі болады. Студенттік шағының өзінде ол атқарған іс-қимылдарға мысал жеткілікті. Ә.Бөкейханның ұсынысымен 1916 жылы Мұстафа Шоқай Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарады. Түркістандағы көтерілістің себеп-салдарын тексеруге Мемлекеттік дума Ташкентке арнайы комиссия жібергенде, оның құрамында депутаттар А.Ф.Керенский, Тевкелевтермен бірге Мұсылман фракциясы жанындағы бюро мүшелері Ш.Мұхамедияров пен М.Шоқай да болады. Санкт-Петербургке оралғаннан кейін өзі жинаған материал негізінде Мұстафа 1916 жылғы көтеріліс кезінде билік орындарының Түркістан халқын аяусыз қуғын-сүргінге ұшыратқаны туралы Мемлекеттік думада Мұсылман фракциясы атынан жасалатын мәлімдеме мәтінін даярлады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісі нәтижесінде патша өкіметінің құлауын зор қуанышпен қарсы алады. Түркі мұсылман халықтарының бостандық алуына мүмкіндік туады деп үміттенеді. Сөйтіп ол 1917 жылы көктемде Түркістан өлкесіне оралады. Сол жылы 16-21 сәуір аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының І-сиезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болады. «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» ұйымына төрағалық етеді. Бірінші жалпықазақ сиезіне қатысады. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа, кандидаттыққа ұсынылады.

Добавить комментарий