Қарағанды облысы , Қарқаралы ауданы , №8 Бесоба орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Рысбаев М.Т. география пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: география
Сыныбы: 8 сынып
Тақырыбы: Қазақстанның биік таулары тақырыбын қайталау
Сабақтың мақсаты:
Мұғалімдер үшін: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер және географияны оқытуда тиімді қолдану туралы көзқарастарын дамыту, қалыптастыру.
Оқушылар үшін: «Қазақстанның биік таулары» тақырыбы бойынша білім-білік дағдыларының деңгейін, алған білімін практикада қолдана білуін анықтау, өткен оқу материалдарын жүйелеп, талдауға мүмкіндік беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: номенклаткралық білім алу дағдысын анықтау, өткен оқу материалдарын жүйелеу, қорытындылау.
Дамытушылық: Осы тақырыптар арқылы оқушылар логикалық ойлауға , ойын еркін жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйретіледі.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс арқылы оқушылар бірін-бірі сыйлауға, тыңдай білуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, қорытындылау сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Құрал-жабдықтар: Слайд-презентация, жазу құралдары, стикерлер, макеттар
Күтілетін нәтиже:
- Топта жұмыс істей білуі;
- Өз көзқарасын дәлелдеп, тұжырымдай білуі;
- Алған жаңа ақпараттарын тиімді, ұтымды қолдана білуі;
- «Қазақстанның биік таулары» тақырыбы бойынша алған білімін өмірде қолдана алуы.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері |
Сабақ кезеңдерінің сипаттамасы |
Уақыт |
I.Ұйымдастыру кезеңі. |
1. «Шаттық шеңбері» барлығы қол ұстасып, бүгінгі сабаққа тілек айтады. |
1 мин 1 мин 1 мин |
ІІ. Мақсатқа бағыттап, ынталандыру |
Оқушылар сабақтың мақсатын анықтап, жұмыс барысымен танысады, топ мүшелерінің рольдері анықталады: «Модератор», «Спикерлер», «Суретшілер», «Таймер» т.с.с. |
1 мин |
IIІ. Топтық жұмыс. |
Әр топқа тапсырмалар беріледі, сол берілген тапсырманы топпен талдап, дайындалады (қосымша №2) Орталарынан бір немесе екі спикер шығып, қорғайды. |
10 мин
12 мин |
VІ. Талантты, дарынды балаларды анықтау |
(қосымша №3) |
5 мин |
VІІ. Сын тұрғысынан ойлау |
Веен диаграммасын қорғамас бұрын, топта талдап, стикерлерді жапсырады (қосымша №4) |
5 мин 4 мин |
VІІ. Жиынтық бағалау |
Алдыларына берілген бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды (қосымша №5) |
1 мин 2мин
|
VІІІ. Үй тапсырмасы. |
Тау табиғаты туралы эссе жазу |
|
ІХ. Рефлексия |
Сабақ бойынша инсерт толтыру (қосымша №6) |
2 мин |