ШҚО
Семей қаласы
Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектеп
Каржикова Адия Калихановна
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғатын қорғау.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділігі:
оқушыларға қоршаған ортаның ластану себептері, ластағыш заттардың шығу көздері туралы, Қазақстан табиғатын қорғау бағытында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы түсінік беру.
2.Дамытушылығы:
тірек сызбаны пайдаланып СО2-нің табиғаттағы айналымы, ластаушы заттар туралы, Қазақстан қорықтары туралы мәлімет беру.
3.Тәрбиелігі:
қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына, жануарларға, өсімдіктерге әсерін түсіндіре отырып, оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстанның физикалық картасы, тірек-сызба, Қазақстанның кескін картасы, сигналдық карточкалар, «Мозаика».Түрі: жаңа білім беру.
Әдістері:
баяндау, салыстырмалы әдіс, дамыта мәселелеп оқыту.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II.Жаңа сабақты түсіндіру.
2.1. Қоршаған табиғи орта.
Қоршаған табиғи орта дегеніміз – біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты күрделі құбылыстардың жиынтығы.
2.2. Адамдардың өмір сүруіне қажетті заттарды пайдалануы. Оқушыларға ортақ сұрақ тастау арқылы ой пікірлерін білу. Адамдар табиғаттан нелерді алып өз қажетіне жаратады? (су, ауа, ағаш, өсімдік, жылу, топырақ, жануарлар т.б.)Қажетті оттегінің мөлшері:
Оттегіні пайдаланушылар
мөлшері
Ересек адам(күіне)
700-900
Автомобильге(1000км жүргенде)
300 мың литр
Ұшаққа(Париж – Нью-Йорк)
35 тонна
2.3. Қоршаған ортаның ластануы. Адамдар табиғаттан қажетті заттарды керегінше алып қана қоймай, олардың табиғи ортасының өзгеруіне де әсер етіп отыр. Соның бірі – қоршаған табиғи ортаның ластануы.Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз — ауаның, жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы. Олар адамдардың денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тірішілік етуіне кесірін тигізуі мүмкін.
Табиғаттағы көміртек айналымы
Тыныс алу Жанартау Шіру Зауыттар Өнеркәсіптер Көмір Автокөліктер Өсімдік
2.4. Табиғатты қорғау. Адамдардың шаруашылық қызметінің әсерінен табиғи қорларды пайдалануда экологиялық жағдай нашарлады: Арал теңізі өңірі, Семей полигоны, Балқаш көлі, Каспий теңізі, Байқоңыр және тағы басқа жерлер. Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1996 жылы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының экологиялық тұжырымдамасын» бекітті. Бұл тұжырымдама бойынша Қазақстан табиғатты қорғау проблемаларын дүние жүзіндегі ынтымағы бір елдермен бірлесе, ақылдаса отырып шешпекші. ҚР Конституциясының 38- бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті», 6-бабында: «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай –ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін». Біздің елде «Қызыл кітап» 1978 жылы ұйымдастырылғын. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген. Оларды сақтап қана қоймай, санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері елде «Қызыл кітаптан» алынған. Еліміздегі табиғатты қорғаудың ең басты саласы – мемлекеттік қорықтар. Қорық деп — барлық табиғи байлықтары кешенді түрде қатаң қорғалатын, арнайы белгіленген аумақты айтады. Қазіргі дүние жүзінде 2600 – ге жуық қорықтар бар. Қазақстан жерінде 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған. Олар: Ақсу-Жабағылы, Алматы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт, Батыс-Алтай, Алакөл.
Сарамандық жұмыс: Қазақстанның физикалық картасынан 9 қорықты тауып, Қазақстанның кескін картасында белгілеу.
III. Жаңа сабақтан алған білімдерін пысықтау: «Мозаика» құрастыру ойыны жүргізіледі. Әр қатардан 2 оқушыдан шығарып, карточка сұрақтарына жауап алу. 1-сұрақ: Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады? (Балқаш)
2- сұрақ: Қостанай облысындағы реликтілі қарағай тоғайлары қорғауға алынған қай қорық? (Наурызым)
3- сұрақ: Адамның парықсыз әрекеті салдарынан көп жапа шеккен көлді ата? (Арал)
4- сұрақ: Реликтілі ускуч майқап балығы мекендейтін, оны сақтап қалу үшін әдейілеп қорық жасалған көл қалай аталады? (Марқакөл)
5- сұрақ: Қазақстанның ең байырғы қорығы қалай аталады? (Ақсу-Жабағылы)
6- сұрақ: Гербінде алма бейнеленген қай қала? (Алматы)
IV. Тақырыпты бекіту.
4.1. Табиғат туралы мақал-мәтелдер және тыйым сөздер. «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Су-тіршілік көзі», «Судың да сұрауы бар», «Суды сабама, балығын шошытасың, бұлақты лайлама, құсын кетіресің».
4.2.Табиғатқа арналған өлең жырлар. С.Сейфуллин: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы, Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Жүреді біліп кетіп есен-сауын. Сексен көл Көкшетаудың саясында, Әрқайсы алтын кесе аясында, Ауасы дертке дауа, жұпар иісі, Көкірек қанша жұтса, тоясың ба? Т.Молдағалиев. «Сарыарқа»:Сарыарқа аманбысың, алтын бесік, Мен келдім бүгін саған даңқыңа ілесіп. Көрмеген көп жыл бойы достарыңмен, Қауыштың ыстық жастай мөлтілдесіп. Сарыарқа аманбысың, сағынышым, Мың алғыс саған адал жаның үшін. Өзгерек асыл туған анашым-ау, Көз керек қасиетіңді тану үшін. К.Салықов: Көкшенің көз тоймайтын ғажабындай, 80 көл – сексен сұлу ажарындай. Оқжетпес ортасында Қыз Жібектей, Орамтау думанды той базарындай. Таулар көп әрбір жерге сүйеу ғана, Деп айтар біреу батыр, біреу дана. Памирлер, Гималайлар шұбап жатыр, Оқжетпес жер бетінде біреу ғана. (Оқушының ән сабағына арналған дәптерінен үзінді оқылады.) Құрманғазының тамаша шығармаларының бірі «Сарыарқа» күйі. Бұл күйде алтын даланың суреті бейнеленіп қана қоймай, Сарыарқада еркіндік іздеген қазақ халқының жалпы тұлғасы, өмірі суреттелген. Бұл күйді Құрманғазы Сарыарқаны басып өтіп, Сырдың бойына қарай бет алып бара жатқанда, кең даланың кербез көркі шабыттандырып шығарған екен. (Домбырада «Сарыарқа» күйінен үзінді орындап беремін.)
V. Қорытындылау, бағалау.
VI. Үйге тапсырма:
§ 49. 132-133 беттерді оқу.