Жай бөлшектерді бөлу

Шығыс Қазақстан Облысы

Үржар  ауданы

Қызыл ту ауылы  

«Кішкене  тау  орта  мектебі»

Бастауыш  сынып мұғалімі

 Кумухаметова  Сания  Төкеновна

Сабақтың Тақырыбы: Жай бөлшектерді бөлу

Мақсаты: 1. Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы \»Жай бөлшектерді бөлу\» туралы топтастырылған теориялық ұғым қалыптастыру және есеп шығаруда білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың есеп шығару әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3 Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырма мазмұнына қатысты суреттер, тірек — сызба, кеспе қағаздар.
Әдістері: қызығушылығын ояту, сұрақ — жауап, ойын, талдау, өз бетінше жұмыс.

Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау — мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
«Кенгуру»
Кенгуру — 1. 100 санының әр түрлі бөлгіштерінің саны (1 — мен 100 — ді қосып есептегенде) нешеу?
А) 3; В) 6; С) 7; Д) 8; Е) 9
Тірек — сызба. Жарайсыңдар, балалар! Енді мына тірек — сызба арқылы сөз құрастырып көрейік? Қайсыларың шапшаң екенсіңдер! Ендеше, тірек сызбадан бастайық!

— Қандай сөз құрастырдыңдар? Бөлу.
Сонда бүгінгі тақырыбымыз – бөлу амалы.
1 — тапсырма. Өз бетімен.
1. Көбейтуге кері амал қалай аталады?
2. 35: 7-ні бөлшекпен жаз.
3. Бөлгішті (7 санын) кері санымен алмастырып, бөлу амалын көбейту амалымен жаз.
4. Бөлу амалын көбейтумен алмастыру үшін қандай түрлендіруді пайдаландың?
5. Түрлендіріп бөлу амалын (көбейту арқылы) орында: x=51: 3; y = 75: 0, 6;
6. Қандай қорытынды шығаруға болады?
Күтілетін нәтиже: Бөлу – көбейтуге кері амал.

Мұғалім жетелеуімен. Ережеге назар аударайық:
1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Әріп түрінде жазсақ, а/b: c/d=a/b * d/c

Мысалы, 2/7: 3/5=2/7*5/3=10/21
2. Бөлінгіш немесе бөлгіш аралас сан болған жағдайда аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін ғана бөлуді орындау керек.
3. Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда, натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз.

ІІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ — ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ.
Оқулықпен жұмыс.
№ 794/1 — 3/, № 795/2 — 4/, №797/1 — 3/
1. Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?
2. Аралас санды аралас санға қалай бөледі?
3. Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндір.
Оқулықтан тыс тапсырмалар.
“Бағытпен жалғастыр” ойыны. Оқушылар, енді сіздер мына терминдер мен бөлшектерді сәйкестендіріңдер.

Бірлік бөлшек 4/4
Ең кіші жай сан 5
Жұп цифр 2/5
Дұрыс бөлшек 3
Тақ цифр 2
Бұрыс бөлшек 11/4

2. Торға 4 қоян орналастыруға болады. 38 қоянды орналастыру үшін неше тор қажет?
9 тор; 2) 10тор; 3) 9 тор (қалдық 2); 4) 152 тор.
2. Қазыналы математикалық терминдер.
Мына кестедегі әріптерден көлденеңінен математикалық терминдер құрастыру керек. Тапсырма тез құру әрекетімен есептеледі. Олай болса, тез орындайық:
1 Е Т Е Ң У Д
2 Ө І Б Г Ш Л
3 Р А С А А Л
4 А У З А Й Т
5 Б Е Ш К Л Ө
6 Е Б Е Р Ш Ң
( теңдеу, бөлгіш, аралас, азайту, шеңбер, бөлшек, )
ІІІ. РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ — БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ.
Білімді бекітуге арналған сұрақтар:

1. Амалдарды орында: 14/15: 2/5* 1/10.
А) 30/7; В) 1; С) 7/30 Д) 7/31.
2. Зерттеу есебі. Кестені толтырыңдар:

ӨЗІН — ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
р/с —— Тапсырмалар —— Мұғалім берген ұпай саны —— Оқушының жинаған ұпай саны —— Баға

Бағалау критерийі:
35 — 40 ұпай – «5»
22 — 34 ұпай – «4»
13 — 21 ұпай – «3»
Үйге тапсырма:
№ 800/1 — 4/, № 801 /2 — 4/, № 802.

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу

                           

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

 № 31 орта  мектебінің

Бастауыш  сынып мұғалімі

 Омаргазина Назгүл Болатқызы

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш пен төртбұрыштың периметрін табу.
Мақсаты:
Білімділік: Сызбаларды пайдалану арқылы үшбұрыштың және тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларының ұзындықтарын өлшеу және олардың периметрін табу; екі амалмен шығарылатын есепті (сонша, қосындыны не қалдықты табу) шығаруды пысықтау; екі таңбалы сандарды оқу және жазу.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Мейірімділікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, қима қағаздармен жұмыс.
Көрнекілігі: қима қағаздар, геометриялық фигуралар.
Өту барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушы назарын сабаққа аудару.
ә) сабақтың мақсатын таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Білімді жан — жақты сұрау.
1. Өткен сабақтарды еске түсіре отырып, күн көзіндегі сөзді табу. Өткен сабақтардан не үйрендім?
— Көпбұрыштың периметрін табуды үйрендік.
Периметр дегеніміз не?
— Фигураның барлық қабырғасының қосындысы.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеруге дайындық. Жаңа сабақты түсіндіру.
Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы үшбұрыш, төртбұрыш, шаршының периметрін табу.
№1.
Кесіндінің ұзындығын есептеп шығар.
ә)3 см 2см Р∆ =? 3 см + 2 см + 4 см = 9 см
4 см
№2
Р = 2см + 2см + 3см + 3см = 10см
Р □ = 1см + 1см + 1см + 1см = 4 см
Р ◊ = 2 см + 3 см + 4 см + 1 см = 10 см
IV. Сергіту сәті.
Күлші қане достым
Күлші қане достым
Бүгінгі күн міне,
Жақсылыққа толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең 5 — тік болсын.
№3.
Қызыл қарындаш — 20теңге
Қалам -? 60 теңге қымбат?
Жай қарындаш — сонша
Ш: 20 + (20 + 60) + 20 = 120 теңге
Ж: барлығы 120 теңге.
№ 4.
5м 8дм — 6дм = 5м 2дм = 52дм
57см + 20см = 77см = 7дм 7см
4дм 2см + 6см = 4дм 8см = 48см
95см — 50сШығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

«№  48  ЖОББМ» КММ

Даярлық тобының тәрбиешісі

Сулейменова Лайла Чакеновна

 

 Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы:   10 саны және  цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін, санды өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, берілген есепке кері есептер құрастыру
Тәрбиелік: Сыныптастарына, қасында бірге отыратын достарына көмектесуге тәрбиелеу Оқушылардың бойында елжандылық, еңбексүйгіштік, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптырастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың өзін — өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру
Сабақтың типі: алған білімді тәжірибеде қолдану сабағы
Технологиясы: дамыта оқыту
Сабақтың әдіс — тәсілі: Көрнекілік: демонстрация, иллюстрация, сұрақ — жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер карточкалар, слайд беттері
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Пайдаланған әдебиеттер: 1 сынып математика әдістемелігі, Т. К. Оспанов «Математика», Алматы, «Ойнайық та, ойлайық!» 2007ж Алматы, «Ұстаз үні» №18, 2009ж
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ә) Сынып тазалағына мән беру
Б) Құрал — жабдықтарын түгендеу
ІІ. Психологиялық дайындық
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
ІІІ. Тақырып бойынша практикалық жұмыстар:
«Адасқан сандар» ойыны
1. Сандарды 1 — ден 10 — ға дейін рет — ретімен тақтаға орналастыру
2. Сандарды 10 — нан 1 — ге дейін орналастыру
Оқулықпен жұмыс
№1
Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр
№2
Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру
а) Сыныпта 6 қыз бала бареді, оған 3 қыз бала келіп қосылды. Сыныпта барлығы қанша қыз бала болды?
ә) Сыныпта 8 ер бала бар еді. Оның 2 — уі басқа сыныпқа ауысты. Сыныпта қанша ер бала қалды?
№3
Қобдишаны ашып, ішінде тұрған хатты алып оқып беремін.
— Балалар мен орманшы едім. Міне қыс айында ормандағы жан — жануарлардың басында баспанасы жоқ. Соған сіздер үйдің кірпішін қалауға көмектессеңіздер екен деп келдім.
— Я, көмектесеміз
(Әрбір кірпіш 1 тапсырмадан тұрады)
7+0*7 — 0 6+0*6+2 3+2*3+0
5 — 5*5 — 2 4+4*4+0 8+0*8 — 8
4 — 3*2+1 8 — 7*4+2 9 — 9*10 — 1
Орманшы алғысын білдірді. Оқушылар үйдіңкірпішін қалап берді.
Ойын “Кім жылдам”.
Интерактивтік тақтаға шеңберлер беріледі. Оқушылар шеңбердің артында берілген тапсырманы орындап, аққала құрастырады.
№4
— Балалар біз жеміс бағына саяхатқа барамыз ба?
— Ал біз қандай жемісті жақсы көреміз?
— Олай болса, бұтақтың басында тұрған шиені алып жеу үшін төмендегі тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Сергіту сәті
Қысқы табиғат құбылыстарын бейнелеу. Аяз, жел, боран құбылыстарына байланысты жаттығулар жасату.
Өзіндік жұмыс
3+1= 3 — 3= 4+2=
10 — 7= 8 — 6= 9 — 4=
8+1= 7+1= 10 — 8=
ІҮ. Үйге тапсырма беру
Үйге тапсырма ретінде №5 140бет.
Ү. Бағалау
Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды мадақтап, бағалау
ҮІ. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

                                                                                            

 

Добавить комментарий