Акварель бояуы

1 сынып
Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Акварель бояуы.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды бояудың сан түрімен, негізгі және қосымша түстерімен тереңірек таныстыру.
2.Бояулардың әр алуан қолдану әдіс-тәсілдерін меңгерту.
3.Әдемілікке, әсемдікке баулу, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекілігі:ахроматты және хроматты түстер салынған плакат, бейнелеу өнеріне қосымша оқулықтар, бояулар түрі, сөзжұмбақ.
Түрі:сұрақ-жауап, сайыс.
Пәнаралық сайыс:өсімдіктану, ана тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі: оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
II.Жаңа материалды түсіндіру.Сабақтың мақсаты мен міндетін айту.
а/Акварель және гуашь бояуымен салынған суретшілердің картиналарымен таныстыру.
ә/Негізгі және қосымша түстер туралы мағлұмат беру.
б/Жылы және суық түстерімен істелінген үлгілерді таныстыру.
в/Пысықтау.
III.Практикалық жұмыс.
1.Оқушыларды бояу түстеріне байланысты топ-топқа бөлу.
2.Бағдарламамен таныстыру.
3.Сұрақ-жауап сайыс.
4.Қорытынды шығару.
Ортаға негізгі үш түсті қолдарына ұстаған үш оқушы шығады.
Осында отырған барлық
Жақсы көреді қыз-ұл.
II.Көк түс:Менің түсім көк,
Қағазға түсем көп
Қалдырма мені шет.
III.Сары түс:Менің түсім сары,
Жылылық сыйлап жүр ғой деп
Жақсы көреді бәрі.
Сұрақ:Кімнің қандай орны бар табиғатта
Сұрап білсек қайтеді осыларды?
I.Қызыл түс:Қараңызшы көк салып хроматқа,
Менің түсім қарбыз, гүл, қызанақта.
II.Көк түс:Біз жайлы сөзді тыңда көп пайдалы,
Көк аспан, елімнің бар көк байрағы.
III.Сары түс:Болмасын ешкімнің де дауы мұнда,
Сары түс алма, лимон, қауынымда.
Сұрақ:Палитраны пайдаланып қосымша бір түс алуға бола ма?
Ортаға қызыл, сары және қызыл қоңыр түс қатар-қатар тұра қалады.
Қызыл қоңыр түс:Қызыл, сары араласса сыры бар
Қызыл-қоңыр түс шығады, ұғып ал.
Қызыл сары==Қызыл қоңыр
Ортаға көк, қызыл және күлгін түстер шығады.
Күлгін түс:Қызыл түсте, көк түстерде шырайлы,
Екеуі кеп күлгін түсті құрайды.
ҚҚ
Қызыл көк = күлгін
Енді ортадан сары, көк және жасыл түстер орын алады.
Жасыл түс:Көк пен сары құрамым,
Жасыл түс боп шығамын.

Көк сары = жасыл
Сұрақ:Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Абайдың осы өлеңінде неше түс бар?
Жауап: Үш түс Ақ, қара және қызыл түс.
Сұрақ:Ай тастай қараңғы.Мен қай түс туралы айтып тұрмын?Және ол қандай түс?
Жауап:Қара түс туралы.Ол суық түс.
V.Сергіту. а/ Сөзжұмбақ «Бояулар».
1.Пішіні қиярға ұқсайтын сары түсті тропикалық аймақтың жемісі.
2.Шығатын өнім.
3.Түсі жасыл, салатқа көп пайдаланатын жеміс.
4.Қара немесе қызыл түсті болып тұратын ағаш.
5.Бұлтсыз, ашық аспанның түсі.
6.Қысы-жазы жасыл болып тұратын ағаш.
7.Жаңбырдан кейін аспанда пайда болатын жеті түсті доға.

  Б А Н А Н  
К А Р Т О П  
  Қ И Я Р  
  У Ы Л Д Ы Р Ы Қ  
К Ө Г І Л Д І Р  
Ш Ы Р Ш А  
К Е М П І Р Қ О С А Қ  

б/ Ойын
Оқушылар екі топқа бөлініп бір-біріне түстерге байланысты жұмбақтар айтады.
1.Оны ағаштың басынан ізде
Түрлі түске боянады күзде.Ол не?
/Жапырақ/
2.Қызылы бар, сарысы бар
Құйрығы бұлғаңдаған
Түздің сондай тағысы бар.Ол не?
/Түлкі/
3.Жеміс деймін шіркін асыл
Іші қызыл, сырты жасыл.Ол не?
/Қарбыз/
4.Өзі сұрғылт, ақ та болады.
Аспанда жүріп,
Біз білмейтін жаққа қонады.Ол не?
/Бұлттар/.
V.Қорытындылау.
1.Оқушылардың білімін бағалау.
2.Жеңімпаз балаларды атап өту.
3.Үйге тапсырма.
Бояумен жұмыс

Добавить комментарий