Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстыру.Бейнелеу жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрету.
Дамытушылық: Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту ; жанрлар ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту, өнерге деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың сезіну және шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелілігі: Эстетикалық тәрбие беру, суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Өз елінің тарихын және өнерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың типі : Жаңа оқу материалын меңгерту.
Сабақтың әдісі : түсіндіру, сурет салу, ойын ойнату.
Сабақтың барысы :
І. Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасын көрме жасай отырып тексеру . Оқушылар тақтаға суреттерін іліп қояды өздерінің жұмыстарын іштей бағалайды.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:
Тақтада суреттер көрсітіледі, сол суреттің бейнелеу өнерінің қай түріне жататынын түсіндіру.
1.Пейзаж дегеніміз не?
2.Натюрморт дегеніміз не?
3.Дизайн дегеніміз не?
4. Мүсін дегеніміз не?
5.Перспектива дегеніміз не?
6.Сәулет өнері дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Тақырыпты баяндау:
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бейнелеу өнерінің жанры»
-Алдын ала дайындалып келген слайдты интербелсенді тақтада көрсете отырып жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж ”, “портрет ” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс ”, “жыр ”, “әңгіме”, “роман ”, “эпопея ”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес.
Бүгінгі біздің білетініміз кескіндеме жанрларының түрлері. Кескіндеме жанры 4 түрге бөлінеді: Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.
Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық.
Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда аш
Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.
Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.
Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, толықтырамын .
Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.
Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит су әлемі табиғаты көріністері бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
ІV. Сарамандық жұмыс:Бүгінгі тақырыбымызға байланысты бейнелеу өнерінің жанрларының бір түрі маринистік жанрына сурет саламыз. Сурет салу ережесін түсіндіре отырып оушылармен бірге тақтада сурет саламын.
Алдымен сурет салу дәптерін сулап аламыз.
жоғары бөлігін сары түспен,төменгі бөлігін көгілдір түспен бояймыз содан соң үш түсті араластырып бояймыз .
Ортанғы бөлігін қою көк түстен,көгілдір түспен түртіп араластырамыз.
Үшінші бөлігін сарытүспен және жасыл түспен,қоңыр түспен түртіп барлығын араластыра бояймыз .
Сонда бізде Аспан,теңіз, теңіз жағасы шығады,Енді ұсақ сызықтар арқылы кеме, құс тағы басқа ұсақ элементтер саламыз.
V. Жаңа тақырыпты бекіту : «Қоян қалай секіреді» ойыны арқылы жаңа тақырыпты қалай меңгергендіктерін сұрақ арқылы тексеремін .
VІ. Үйге тапсырма:
Тақырыпты қайталап оқу.Анималистік жанрына сурет салу.
VІІ. Бағалау:
Сабаққа қатысқан ж әне суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Алған бағалары
жөнінде қысқа айтып өту. Қате салынған суреттер болса ескертулер жасау. Дұрыс жақсы салынған суреттерді көрсетіп олардың жетістіктерінің себебін түсіндіру.