Әбілхан Қастеев

Мұғалімі; Сүлейменова Ғ.Ә 9 «Д»сынып 

1 -сабақ        Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев

Жалпы мақсаты:

Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып,Ә.Қастеев  туралы білімін  молайтатын   болады.

Міндеттер:

1.Мазмұнға байланысты:

Мәтінді толық талдай отырып, суретші туралы жалпы білімін өз жұмысында қолдана

алатын болады. Осы тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалана біледі.  

2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту: Мәтінді зерттеп, талқылап,суретші  туралы  алған білімін өз білімімен салыстырып талдау жасай алатын болады.

3.Топпен жұмыс: Кішігірім топта жұмыстар жасай отырып, қорытынды жасайды.

Сабақтың әдісі:ой қозғау, жигсо, еркін жазу, шығу парағы.

Сабақтың көрнекілігі:мәтін, парақ, тақта, бор, нөмірленген қағаздар(1-4)

Суреттері,бағалау парақтары

Сабақтың  барысы:

М: Сәлемдесу

Ұйымдастыру кезеңі:Мен  бүгін сыныпта кезекшімін. Менің атым…..

Мен 9- сыныпта оқимын. Бүгін желтоқсанның жиырма алтысы.Аптаның күні-бейсенбі Мемлекеттік тіл-қазақ тілі. Қазақ тілін білу –біздің азаматтық парызымыз.

Үй жұмысы- «Павлодар облысының көркем сурет мұражайы».

Бағалау парағын тарату(спиккерлер белгілеп отырады)

Үй жұмысын  тексеру: «Павлодар облысының көркемсурет мұражайы».

I. Қызығушылығын ояту

Мұғалімнің сөзі: —Терезеге қарап, ойға кетеміз. Далада нені көріп тұрсыңдар? Жыл мезгілі қандай?  Отырып суреттейміз. (1 мин) Сендер не істедіңдер? Нені суреттедіңдер?…….. Мысалы (Қысты суреттедік) -Ал осы суреттерді кімдер салады?-Суретшілер -Қандай суретшілерді білесіңдер? (Колмагоров, Репин, Қаржасов, Қастеев)-

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандайдеп ойлайсыңдар?- Суретшілер. Соның ішінде –Ә.Қастеев

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Жаңа сөздермен танысу (белсенді тақтамен жұмыс)-Оқушылар жаңа сөздермен танысады, аударады, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

Тыңдалым-бейне жазба –Қастеев туралы мәтін оқылады

II. Мағынаны ажырату: ЖИГСО стратегиясы бойынша жұмыс жасау

Шарты: нөмірлерге бөлінеді-1,2,3,4, қонаққа барады, тапсырманы орындайды,үйге оралады, мәлімет береді.

Мәтін абзацтарға бөлініп, оқушылар аударады, өз сөздерімен бір-біріне білгендерін жеткізеді.

(Бір оқушы мазмұның айтып береді)

Грамматикалық тапсырмалар:

1. топ: Төмендегі сөзге морфологиялық талдау жасаңдар: суретшінің

2. топ: Төмендегі сөзді тәуелдеңдер: сурет

3. топ: Төмендегі етістікті шартты райда жіктеңдер: қатысу

Мұғалім: Ә. Қастеев туралы мәлімет алдық, ал еңді біз Ә. Қастеевтің туындыларына назар аударамыз. ( суреттерді қараймыз)

Ә.Қастеевтің «Қымыз фермасында» атты суретімен танысып, сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар: 1)Суретте жылдың қай мезгілі суреттелген?

2)Суретте қай жер бейнеленген?

3)Жазда қазақ халқы жайлауға не үшін көшкен?

4)Осы суретке қандай ат қояр едің? («Жайлауда», «Ауылда», «Жылқы фермасында»)

-Ал Ә.Қастеев бұл суретті «Қымыз фермасында» деп атаған. Неге? Неліктен? Не себептен?  (Оқушылар жеке, топпен ойланады.)

III. Ой толғаныс саты: Назарымызды  бейне- фильм аударайық.

Мұғалімнің сұрағы: 1)Сендер бугінгі сабақта қандай суретші туралы білдік?

2)Оның қандай шығармасымен таныстыңдар?

3) Сендер  суретші болсаңдар, қандай сурет салар едіңдер? (Эссе жазу)

IV. Шығу парағы: 1.Сабақта не істедік? 2.Не үйрендіңдер? 3.Қандай сұрақтарың бар?

V. Үй жұмысы: Жаңа сөздерді жаттау, 97 бет 2 деңгей.

VI.  Бағалау: Бір біріңізге баға қою.

Добавить комментарий