Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» прозалық шығармасын талдау

Қарағанды облысы

Шет ауданы

С.Сейфуллин кенті

Жарық орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бағзыбекова Назгул Хамитқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» прозалық

шығармасын талдау.

Сабақтың мақсаты: Білімділігі:   Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре  

отырып Б.Майлин өміріне шолу, «Шұғаның  

белгісі» повесінің идеясын ашу, терең түсіне білуге         

жетелеу.

                                     Дамытушылық:   Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін

қорғауға дағдыландыру, қызығушылығын

ояту, прозалық шығарманы талдау

дағдыларын дамыту, пікірін саралай білуге, 

мәдениетті сөйлей білуге қалыптастыру.

                                 Тәрбиелік:   Адалдыққа , адамгершілікке, әділеттілікке,

бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «СТО » элементтері, пікір айту, ішінара ізденіс, творчестволық.

Пәнаралық байланыс: әдеп

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

I Қызығушылығын ояту:

Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын айтып  түсіндіру( жоспарды тақтаға ілу)

                                                   «Мен өлмеймін , менікі де өлмейді,

                                                     Надан адам өлі жоғын білмейді»,- деп автор айтқандай Бейімбет өлген жоқ. «Шұғаның белгісі» шығармасы арқылы біздің ортамызда.

*Категориялы топтастыру (Б.Майлиннің өмір жолы)

II Мағынаны тану:

    • 1914-1915 жылдары қазақ зиялыларының Ғалия медресесінде тұңғыш шығарған қолжазба журналы қалай аталады?
    • «Шұғаның белгісі» повесінің негізгі тақырыбы не?
    •  Повесте автор бейнесі қандай қырынан көрінеді?
    • Повесть кімнің атынан баяндалады?
    • Қасымжан кім?

Шығарма сюжеті негізінде мазмұнын айту. Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау:

  • Шығарма қалай басталады? Әсем  пейзаж. Обашық.  «Тарғыл өгіз сойған» «Шұғаның  белгісі»  қалай  атанады?
  • Оқиға қалай байланысады?(Мысал келтір«Сықырлауықтан  сығалаған сұлу  сезім» Әбдірахманды  Шұғаның  тұнғыш  көруі.
  • Оқиға қалай дамиды? (дәлелде) Адамдар тағдырына  негізделген «Махаббаттың  маздаған  отына  су  шашу»
  • Шарықтау шегін, оқиғаның шиеленісуін неден байқадыңдар?  Ауру  Шұға                
  • Шығарма немен аяқталды?( шешімі) Шұға  десеШұға  едіау!….

 

     *Ауызша пікір «Кім кінәлі?»

-Шұғаныңс өліміне кім кінәлі?

Өз пікірің , көзқарасың?

*Топпен жұмыс

Әр топ Шұға мен Әбдірахманға сипаттама беру

 

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» прозалық  шығармасын талдау

*Проблемалық жағдаят:  Әр топқа кеспе тарату.

1. Әбдірахман іс-әрекетіне сіздің көзқарасыңыз. Егер сіз Әбдірахман мұғалімнің орнында болсаңыз…

2. Қыз бен жігіт арасындағы шынайы махаббаттың өміршеңдігіне  мысал келтіре аласыз ба?

 III  Ой толғаныс:

  • Шығармашылық жұмыс . Ой толғау жазу «Арманда кеткен асыл -ай»

 

  • Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұға бейнесімен ұқсас тағы кімнің шығармасын білесіңдер?

  • Венн диаграммасы  арқылы салыстыру

Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» прозалық  шығармасын талдау

Үй тапсырмасы: Әбдірахман атынан Шұғаға хат жазу.

Бағалау.

Күнделікке баға қою.

Добавить комментарий