Бір туар талант иесі

Бөкей орда аудандық балалар саз мектебінің

жоғарғы санатты қобыз сыныбының оқытушысы

Дүйсенғалиева Зухра Каздухқызы

Сабақтың мақсаты:

Халқымыздың еңбек сіңірген әртісі Ж.Қаламбаевтың өмірімен шығармашылығы туралы білімімізді қортындылау.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, қобыз аспабына деген қызығушылығын арттыру.

Білімділігі: Жаппас Қаламбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, орындаушылық шеберлігін арттыру.

Тәрбиелігі: Күй сандықты тыңдай отырып, күйді ойнаған кезде аспапты дұрыс басып, саусақтарын шатастырмай, ыбыстарды таза алуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Ж.Қаламбаевтың суреті, слайдттар.

Сабақтың түрі: Жеке оқушымен саз мектебінде сабақ өткізуге арналған.

Оқушының орындыққа дұрыс отыруына назар аудару.

Екі қолдың қойылымына,

Сабақтың барысы:

қобызды дұрыс ұстап отыруын қадағалау

Қол жаттығуларды жасау. Гамма штрихтармен ойнау.

Ұйымдастыру кезеңі: Жангүлім, бүгін сені көргеніме қуаныштымын. Мен сені үлгілі оқушы қатарынан көріп, жақсы әзірлікпен келгеніңе сенемін. Ендеше сабағымызды бастайық.

Оқушы: Мендібай Жангүлім. Оқушыны сабаққа бейімдеу. Аспапты күйге келтіру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Гамма В dur — түрлі штрихта (Ре мажор гаммасы).

Орыстың халық әні «Ай төгеді сәулесін» (жатқа ойнау).

(Оқушы үй тапсырмасын жатқа ойнап көрсетеді, қателері түзетіледі).

Автор туралы мәлімет.

Қазақтың көне тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасына кең тарауына өлшеусіз үлес қосқан. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірінің іргетасын қаласып, оған ұзақ жылдар өлшеусіз үлесін қосқан халықарасынан шыққан біртуар талант иесі-Жаппас Қаламбаев 1919 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан обылысы,Созақ ауданында дүниеге келген. Ж.Қаламбаев еліміздің музыкалық өнерін қалыптастырудағы алатын орны ерекше. Ол 1932жылы Лининград қаласынан Алматыға арнайы шақыру бойынша келген. А.Жұбановтың басқаруындағы алғаш ашылған музыка және театр өнер техникумында 1933 жылы тұңғыш 11 тума өнер шеберлерінен құрылған

домбырашылар ансамблінде, оның белді мүшесі, әрі үйретуші қызыметін

атқарды.Ж.Қаламбаев алғыр зеректігімен, ізденгіш еңбекқорлығымен өздігінен нота бойынша музыкалық сауатылығын жетілдіріп, оркестрдің алғашқы жетекшісі болып қызмет етті. Еңбек жолында сан қырлы еңбегімен танылып музыканттық, дирижорлық қызметтерді, оркестр мүшелерінің музыкалық сауаттылық өнерлерін шыңдауда ұстаздық міндетті де қажырлықпен атқарды. Әр кезеңдерде оркестр құрамының сауатты да шебер музыканттар мен қобызшылар тобымен толықтырып отыруына да тікелей ықпал етіп отырды. 1942 жылы мектеп оқушылары болып жүрген Ф. Балғаева, А.Шағырова, Қ.Құдабаевалары тауып әкеліп, қобыз өнеріне баулып тәлімгерлік үлгісін көрсетті. Кейіннен оркестор концертмейстрлері болған.

Қазақстан халық әртісі профессорлар Фатима, А.Қаншайымдар қаншама жұрттың ықласына

бөленген көзайымы болды. Ж.Қаламбаев белгілі бас орындаушы музыкант қана емес, дирижор композитор, ұлағатты ұстаз, оркестор жетекшісі бола білген тұлға. Ол оркестор мүшелерінің ең алғашқыларының қатарында 1942жылы Қазақ ССР-ның «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағына ие болды, ұзақ жылғы еткен ерен еңбек жолында «Қызыл ту» орденімен «Ұлы Отан соғысы ардагері» медальдарымен, бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ұлттық музыкалық өнеріміздің жетістігі жолында бар қажыр — қайратын, күш-жігерін жұмсап, аянбай еңбек еткен, қаншама жандарға тәлімгерлік өнеге- үлгі бола білген, жаңа құрылған оркестір қызыметімен ұштастырып ұлттық өнеріміздің қара шаңырағы атанып, әлемге әйгіленіп, бүгінгі деңгейге жетуіне өнер иесі Ж.Қаламбаев өз елі мен жеріне қызмет етудің шынайы үлгісіндей бола білген. Әр адам ғұмыры сапарында ұрпақтары мен еткен еңбегімен із қалдырады, Ж.Қаламбаевтың да іздері сайрап жатыр. Қазіргі Құрманғазы атындағы оркестрдың ең алдыңғы қатардағы жетекші музыканттарының бірі , Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, жеке орындаушы қобызшылар тобының тәлімгері, әкесінің жолын табыстармен жалғастырып келе жатқан қызы Құндыз Қаламбаева өзінің орындаушылық өнерімен үн — таспаларын жаздырып қалған шығармаларды, төл туындыларын айтсақ қалдырған ізінің жарқырай түсері анық. Ж. Қаламбаевтің өнерін құрмет тұтып келген еске алу шаралары түрлі деңгейде өткізіліп келеді.

Ж.Қаламбаевтің ойнаған

шығармалары:

Ақан сері «Қара торғай», Абай

«Айттым сәлем Қаламқас», Ықлас «Жезкиік» т.б.

Нотамен жұмыс

М. Қойшыбаев «өмір гүлі» шығарма түсінікті болу үшін оқушыға ойнап көрсету. Скрипка кілтінде кездесетін альтерация белгілері мен өлшем анықталады, шығармаларда кездесетін сегіздік ноталарды ерекше нақтылай орындалуын көрсету керек. Шығармада кездесетін оналтылық ноталарды жұмсақ орындап, оң қолдың штрихтарын жеңіл ойнап әрі соңына дейін тыңдап орындау қажет. Шығармада кездесетін сегіздік, жартылық ноталарды вибрациямен тербелте әдемілеп дыбыс шығарып ойнау. Шығарма орындаған кезде динамикалық негіздерге көңіл бөліп, крещендо мен диминуэндо белгілері кездесетін жерлерде «толқын» сияқты орындалуы қажет, шығарманың ортасында дыбыстарды күшейтіп, бірте-бірте кемітіп ойнау керек. Реприза бірінші рет орындаған кезде f- мен, екінші қайталағанда p- мен ойналу керектігін ескерту. Шығарманың coda-сын дыбыстарды ұстаңқырай келе РР-мен аяқталу қажет, шығарманың шықпай жатқан жерлері болса қайта- қайта саусақтарды жаттықтырып, штрихтарын қайталау керек.

Сабақты қорытындылау:

1. Ж.Қаламбаев қашан қай жерде дүниеге келді? 1919 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Созақ ауданында.

2. Қай жылы Алматыға шақырумен келді? 1932 жылы.

3. Қай жылы еңбек сіңірген өнер қайраткері атағына ие болды?

1942 жылы

4. Ж.Қаламбаев кім?

Дирижер — композитор, ұлағатты ұстаз.

5. Ж.Қаламбаевтің қызының аты кім? Құндыз Қаламбаева.

Оқушыны бағалау.

Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Бір туар талант иесі
Презентацияны жүктеп алу [attachment=253]

Добавить комментарий