Буын

Тақырыбы: Буын. Оқымысты бала
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе,қай буында айтылатынын түсіндіру;мәтінді түсініп оқып негізгі ойын жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың еркін сөйлеу,ойын жүйелеп айту қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелігі: өзімшілдік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтықтан бойын аулақ салу, білімді, әдепті, инабатты әрі еңбекшіл болуға ,өз тілін жақсы білуге,оны сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: жаппай түсіндіру, сұрақ — жауап арқылы жаттығу, буындармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сурет, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
 І Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық  шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң балалар!
3 топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Үлестірмелерді тарату
2. «Төзім» әңгімесі бойынша сұрақтарға жауап алу:
1)Әжей не айтты?
2.Аяулы  қалай тыңдады?
3.Ол қандай әрекет істеді?
4.Әжесінің қайталап айтқан ертегісін кім жалғастырды?
5.Әжесі мен Аяулы неге таңқалды?
6.Әжесі Аяулыға қандай ақыл айтты?
 64 – жаттығу,1.Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар
ерт — те ,құ — мырс — қа
ұрт — та ,жұ — мырт — қа
айт — па ,ше — гірт — ке

III.Жаңа тақырыппен жұмыс.
1. Ой қозғау.
— Ал, балалар, қазір әріпті жұмбақты тыңдайық, оның шешуін табайық.
Табылмайтын Қорқыттан,
Кезігемін қобыздан.
Бесте бармын,таппайсың,
Қанша іздесең тоғыздан.(Б)
Қарда жоқ,
Суда бар.
Барда жоқ,
Буда бар.(У)
Ырыста екі,
Ыдыста екі.
Қасықта бірмін,
Асықта жүрмін.(Ы)
Нанда екі,
Жанда бірмін.
Тамырда жоқ,
Қанда жүрмін. (Н)

Буын ұғымына мағлұмат беру
Қатемен жұмыс

Буынға бөлу үлгісі ———————- И, ң, у дыбыстарынан басталатын буындар
қа — йық ————————————- Ойыншық, қайың, мойын
жа — ңа ————————————— Жаңалық, қоңырау, қоңыр, жаңылтпаш, жеңіс, теңіз, жеңіл
та — уық ————————————- Ауа, ауыл, дауыс, қауын, бауыр
Бұл дыбыстар әр кезде екі дауысты дыбыстың ортасында келетінін есте сақтаймыз.
2.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды соғайық,
Бір отырып,бір тұрып
Әдеміғып жазайық. Анатілі  1-сынып
Тақырыбы:Буын. Оқымысты бала

Әдеміғып жазайық.
IV.3. Дәптермен жұмыс
о — йын — шық , қа — йық
қо — ңы – рау,  же — ңіс
а — уыл , ба — уыр

4. Ойын:«Адасқан буынды тап»
Әр топқа әртүрлі буындар беріледі. Солардан сөз құрайды.

5. Суретпен жұмыс.
Суретте көрсетілген заттардың атын жазу. Буынға бөлу.
V.Мәтінмен жұмыс.
1. « Оқымысты бала» оқып беру
2.Оқушыларға оқыту
3.Сұрақтарға жауап алу
4. «Оқымысты»  баланың қылығына сын айту.

5. Өзімшілдік, менмендік, өзін басқалардан жоғары ұстау, мақтаншақтық  секілді жат қылықтардан алшақ болу.
Балаларға ой тастау!
Жалқаулық, еріншектік, менмендік адамның өз соры екендігін, қашан маңдайы таяқ болып тиетінін саналы түрде ұғындыру.

6.Мақал-мәтел
1).Оқу-білім азығы,
Білім- ырыс қазығы.
2).Күш-білімде,білім-кітапта.
7. Ойын:«Ойлан, тап»
Сөздерден сөз құрау. 3 топқа 3 түрлі сөз беріледі.
Кемпірқосақ………..
Жауқазын ………..
Балдырған……………
VI.Сабақты қорытындылау. Смайликтер арқылы көңіл — күйін білдіреді.
Сұрақ — жауап алу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Оқымысты бала 78-79 бет

Добавить комментарий