Қарағанды облысы Балқаш қаласы
\»Қоңырат кенті Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін № 25 орта мектебі\»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Болсамбекова Раушан Мирамовна
Сынып: 4Б
Таңдау
бойынша сабақ: логика әлемі
Тақырыбы: Дарындылар додасы
Барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі:
-Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Топқа бөлу: қызыл, жасыл, сары «қызылдар тобы» «жасылдар
тобы» «сарылар тобы»
ІІ.Негізігі
бөлім.
1-дода «Тез
есепте!»
Әр топқа конверт
беріледі. Конверт ішінде тапсырмалар
бар
1-топқа
2-топқа
3-топқа
2-дода: «Жасырынған сөзді тап»
Әр топ арифметикалық амалдарды орындайды. Жауаптарын
берілген сөзжұмбаққа орналастырады. Жасырынған сөзді табады.
1-топқа: қарбыз сөзі жасыру 2-топқа қауын сөзін жасыру
3-топқа жеміс сөзін жасыру
3-дода: « Есептер
әлемі»
1-топқа*Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат
неше шақырым жүрді?
*4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут
піседі?
*Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы
ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
2-топқа: *Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса
неше кг болады?
*Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. Айгүл
Гүлназдан үлкен, Гүлназ Айнаштан үлкен. Кім сонда үлкені?
*Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?
3-топқа: *Сағат түнгі 10 — да жауын жауып тұрса, 24
сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?
*Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса
неше пұт тартады?
*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.
Бақытжанның неше баласы бар?
Барлық топқа
бірдей тапсырма:
Тез орында . Төмендегі сандардың ішінен:
а)бірдей екі санды тауып көк түске боя;
ә) қосындысы 150-ге тең болатын екі санды қызылмен боя
4-дода «Жадында сақтау»
5-дода : «Финиш»
Барлық топқа бірдей тапсырма . Қай топ бірінші аяқтайды
сол топқа 5 ұпай қосылады
Үстел үстінде тек
бесбұрыштар мен төртбұрыштар жатыр. Олардың барлығы 36 төбесі бар. Үстелдегі
геометриялық фигуралар нешеу? 4- бесбұрыш 4- төртбұрыш
ІІІ.Қорытынды
-Бүгінгі логика әлемі таңдау сабағы ұнады ма?
Жеңген топты
анықтау.