Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Пушкин А.С. \»Балықшы мен балық\»
(Ертегі)
Сабақтың мақсаттары: Сабақтың мақсаты:
1. Ертегі мазмұнын түсіну арқылы идеясын ашуға, өмірімен байланыстыра білуге дағдыландыру.
2. Оқу және жазу арқылы шығармашылық дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.
3. Ортақ ой пікірлері арқылы шынайылыққа тәрбиелеу.
1) Оқушыларды А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісінің мазмұнымен таныстыру.
2) Қарама-қарсы мінезді адамдарды талдау арқылы кейіпкер бейнесін үлгі ету. Оқушылардың оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауын,есте сақтау,салыстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3) Жақсы мен жаманды ажырата білуге,әр нәрсенің қанағаты болатынын ұқтыру,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: А.С. Пушкиннің портреті, ақынның жинақтары, ертегі бойынша мультфильм, тақта, бор, маркер, суреттер, т.б.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту стратегиялары
Стратегиялар: автор орындығы,екі түрлі түсініктеме күнделігі,венн салыстыруы
Түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезең.Психологиялық дайындық.
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым – ай.
Балалар сендерге үйге \»Ғажайып дос\» атты қиял- ғажайып ертегі құрастырып кел деп тапсырылды
— Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
— Бүгін бізде ертегілер елі қонақта. Олай болса,балалар,ертегілер елінде болатын «Ертегі сабағымызға» қош келдіңіздер!
— Балалар, «Алтын балық » туралы ертегі тыңдағыларың келе ме ?
Ертеде өте кедей балықшы бала болыпты.Ол ұстаған балығын тамақ қылып өзінің еңбегімен күнелткен екен
Бірақ соңғы уақыттарда оның құрған торына ешқандай балық түспей бала әбден қиналған екен. Бір күні баланың құрған торына анау – мынау емес алтын балық түсіпті. Бала қатты қуанып балықты қуырып жемекші болғанда алтын балық: ей, балақай егер мені босатсаң мен саған күнде таңертең бір сыйлық жасап тұратын боламын деп сөйлеп қоя беріпті. Қарны аш бала балықты босатқысы келмепті. Сонда балық: ол жай ғана сыйлық емес. Сыйлықтар сені бар бақытыңа жеткізетін болады. Ол үшін сен тапсырмалар орындап отыруың қажет – дейді. Бала әрі ойланып, бері ойланып балықтың қойған шартына көніпті.Таңертең ұйқысынан тұрған бала есіктің алдында құлыптаулы сандықты көреді.Оның іші толған ақша еді. Сандық ашылу үшін мынандай тапсырма бар екен: «Оқу мен еңбек — егіз» дегенді қалай түсінесің?
— Кәне, балалар, балықшы балаға кім көмектесе алар екен?(оқушылардың жауабы тыңдалады)
— Өте жақсы, жауап беріп балаға көмектескендеріңе рахмет.
Келесі күні есіктің алдында сыртында суреті бар үлкен кітап (кітап, мұқабасында А.С. Пушкиннің суреті) тұрады. Егер бұл кітаптың тапсырмасы орындалса, бала білімді болады екен. Оқу, білім, еңбек адамды бар бақытқа жеткізеді.
Тапсырма: Кітаптың сыртындағы суреттегі кім? Оқушылардың жауабы тыңдалады.)
Бұл жолы да балықшы балаға жақсы көмектестіңдер. Осылай күнде сыйлық алған балықшы бала бақша мұратына жетіпті.
Бүгін А.С. Пушкиннің: «Балықшы мен балық» ертегісімен таныс боламыз.
Ертегі – қиял мен арманға негізделген шығарма.Ертегілер әңгіме, өлең түрінде айтылады, жазылады. Онда халықтың арманы, әдет – ғұрпы, мұңы баяндалады
Мұғалімнің қосымша түсіндірмесі: …Александр Сергеевич 1799 жылы Мәскеу қаласында ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Оның шешесі жағынан арғы атасы Африка жерінен келген Ибрагим атты бұйра, қара шашты эфиоп еді. Оны өз елінен ұрлап шығып, Түркия еліне әкеліп, орыс патшасы Бірінші Петрге сыйға тартады. Бала Ресей жеріне келгеннен кейін, оған Ганнибал деген ата-тек беріледі. Пушкиннің шешесі Надежда Осиповна Ганнибал осы «Ұлы Петр арабының» немересі еді. Болашақ ақынның әкесі Сергей Львович әдебиетке әуес, тіпті өзі өлең шығаратын кісі болған. Ал оның інісі, Василий Львович, кезінде белгілі ақын атанған. Пушкиннің үйіне сол кездегі көрнекті ақындар жиі- жиі келіп тұрады екен. Поэзия жайындағы әңгімелер, өлең оқу, әкесінің бай кітапханасы зерек, алғыр балаға үлкен әсер етіп, оның ақындық талантының оянуына себепкер болған. Пушкиннің бала күндегі досы тәрбиеші әйел Арина Родионовна еді. Қарапайым шаруа қызы болашақ ақынның халық поэзиясына құштарлығын оятуда зор әсер еткен. Пушкин өзінің әжесі Мария Алексеевнаны да өте жақсы көрген. Әжесі мен тәрбиеші әйел кішкене Сашаға халық ертегілерін, әндері мен әңгімелерді майын тамызып айтып беріп отырған. Кейіннен Пушкин естіген халық ертегілері бойынша өзінің тамаша шығармаларын жазған.
Оның шығармаларын дүниежүзі
халықтары өз тілдеріне аударған. Пушкиннің өлеңдерін, поэмаларын, мысалдарын қазақ ақындары да аударған. Ертегіні 1833 жылдың 14 қазаңында «Сараң кемпір» атты орыс ертегісін негізге ала отырып жазған.
ІІІ.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылықтарын туғызу.
Бүгінгі біздің сабағымыздың ой ашары:«Азға қанағат етпесең, көптен құр қаларсың».Сөйлемнің мағынасын түсіндіру.
Қазір мына суретке назар аударыңдар. Осы суретке қарап, үш минуттық әңгіме құрастырыңдар
Стратегия: «Автор орындығы».
Әр топтап бір оқушы автор орындығына келіп құрастырған ертегісін айтып береді.
І – топ: Суретке қарап өз ойынан ертегі құрастырып айтады.
ІІ – топ: «Егер мен балықшы болсам…»
ІІІ – топ: «Егер мен балық болсам…»
Әр топтан келісіп бір оқушы шығып,өз тақырыптарын қорғайды.
2.Мағынаны тану.
1.\»Балық\» тобы ертегінің басынан бастап \»Үй тұр емен қақпалы\» деген жерге дейін оқып, мазмұнын айтады.
1-топқа сұрақ:
-Ертегінің басты кейіпкері кім?
-Шал қандай адам?
2. \»Қайық\» тобы да ертегінің белгіленген \»атқораға айдады\» деген жеріне дейін оқиды.
2-топқа сұрақ:
-Кемпірдің көсем әйел болғысы келгеніне қалай қарайсыңдар?
-Ертегідегі алтын балық қандай?
3. \»Теңіз\» тобы да өздеріне берілген \»Желкесінен сүйрелеп\» деп аяқталатын бөлігін оқиды
3-топқа сұрақ:
-патша болу туралы ой кемпірдің басына қалай келді деп ойлайсыңдар?
— ертегідегі кемпір қандай адам? Оның осылай бұзылуына кім кінәлі?
— Бұл ертегі сендердің құрастырған ертегілеріңе ұқсай ма? Мәтінде не туралы айтылған?
Сөздердің мағынасын түсіндір
ау
қарт
көсем әйел
зерлі ішік
қалау
нөкер
пәтшағар
мұнар жабылу
Сергіту сәті \»Қатесін тап\»
— Балықшы бала туралы айтылған ертегіден айырмашылығы неде?
2. Венн диграмасын құрайық. Екі ертегіні салыстырайық
алтын балық ортақ қасиеті балықшы мен балық
— «Балықшы мен балық» ертегісінің негізгі идеясы, автордың айтайын деген ойы не деп ойлайсыңдар?
3.Ой толғаныс: Ертегідегі кемпірдің қылықтары арқылы қандай мақалдар бар екенін еске түсіру. Дәптерге жазу. Мысалы \»Мың асқанға бір тосқан\» \»Тойымсызға тоқтау жоқ\»
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясын пайдалану. Яғни балықшы мен балықтың іс -әрекетіне байланысты.
Оқушылар вертикаль сызықпен бөлінген бөліктің оң жағына мәтінді оқу барысында қатты әсер еткен тұстарды жазады.
Қатты әсер етті |
пікірім |
Бөліктің сол жағына:сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады.
Күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Топтан бір оқушы шығып жауабы тыңдалады.
ІV.Мәтінді мәнерлеп рөлге бөліп оқиды.
V.Үйге тапсырма: ертегіні соңына дейін оқу 168-175б. Еркін жазу: ертегі құрастырып келу.
VІ. Оқушыларды бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау.