Шығыс Қазақстан Облысы
Семей қаласы
№ 22 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Шолпан Токеновна
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік — екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту тәсілдерінің түрлерін үйрету және жаттығулар орындау арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ауыл аттары, тест, бүктеме, кеспе сандар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап, «Жеті лақ» ертегісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сынып оқушылары үш ауылға бөлініп отырады. Әр ауыл өздерін тақпақ айтып таныстырып өтеді.
1 — ауыл «Абай»
2 — ауыл «Шәкарім»
3 — ауыл «Ыбырай»
Үй тапсырмасын тексеру:
Берілген тапсырманы «Ұялы телефон» ойыны арқылы тексеру.
— Алло саламатсыз ба, Қазыбек?
— Мен Ерсұлумын
— Денсаулығын қалай?
— Жақсы
— Өрнектің мәнін айтшы?
— Рахмет сау бол!
— Сау бол!
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру.
26 38 49 57 86 95
— 26 бұл қандай сан? (екі таңбалы сан)
— Ондық бірліктерін атап шық (26=2 онд. 6 бірл.)
— 26 — дан кейінгі дөңгелек санды тап?
— 26 – 30, 38 – 40, 49 – 50
ІҮ. Жаңа сабақ.
І. Оқулықтағы 124 беттегі есеп
46
26 + 24 = (26+20)+4=50
20 4
30
50 — 24=(50 — 20)- 4 =26
20 4
Осыған ұқсас есеп оқулықтарыңда бар, қане қарайық.
— Ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.
— Балалар енді бір сәтке мынаған назар аударайық. Нелердің суретін көріп отырмыз?
— Лақтардың суретін көріп отырмыз.
— Қане лақтарды санайық?
— Лақтардың саны — 7
— Осы 7 санына қатысты біз «Көркем әдебиет сабағынан қандай ертегі оқып едік?
— Жеті лақ ертегісін оқыдық.
— Дұрыс бұл лақтарды қандай аң жеп қояды?
— Лақтарды қасқыр жеп қояды.
— Сол қасқыр тағыда 7 лақты ұстап алыпты.
— Біздерге қояр шарты бар екен. Егер де біз қасқырдың тапсырмасын орындап шықсақ, ол лақтарды аман жібереді де, біз лақтарды енесіне қосамыз.
— Қане лақтарға көмектесеміз бе?
— Көмектесеміз!
— 1 — тапсырма.
— І ауыл ІІ ауыл ІІІ ауыл
42+38=(42+30)+8=80 80 — 38=(80 — 30)- 8=42 72+18=(72+10)+8=90
30 8 30 8 10 8
2 — тапсырма.
Абай ауылына
І топ — 32 қорап
ІІ топ – 8 қорап
Әшекейледі — 7 қорап
Әшекейленбегені -?
Ш: 32 + 8 =40 40 — 7 =33
Жауабы: 33 әшекейленген жоқ
Ыбырай ауылына
ІІІ тапсырма
Аңдар – 16 мүсін
Құстар – 4 мүсін
Сыйлады — 9 мүсін
Ш: 16+4=20 20 — 9=11
Жауабы: қалды 11 мүсін
ІҮ сергіту сәті
Ү тапсырма:
Логикалық есептер:
1. 8 адам кезедесіп бір — бірімен қол алысты. Олар барлығы неше рет қол алысқан?
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасақ, неше бұрыш қалады?
3. Оңынан оқысың да – сол сан
Солынан оқысаң да – сол сан
Ол қандай екі таңбалы сан?
(қырық)
Ү тапсырма:
№3
(70 — 20)+7=57 (75 — 8)+3=70 (100 — 60)+20=60
(80+13)+5=98 (70+80) – 50 =100 (39 — 6)+2=35
ҮІ тапсырма:
Карточкалармен жұмыс
ҮІІ тапсырма:
№5. Өрнек құр және оның мәнін тап:
(39 — 20)+1=60 (70 — 40)- 7=23
(50 — 30)- 4=16 (53+20) – 7 =80
Енді міне 7 лақты анасына табыстадық.
ҮІ Бекіту.
Математикалық жұмбақтар
«Абай» ауылына: Ұлым, ұлым, ұлым деп,
Ұлдарын ана сүйеді.
Гүлім, гүлім, гүлім деп,
Қыздарын ана сүйеді.
Жауабы: 3 ұл, 3 қызы бар
«Шәкарім» ауылына:
Айқасқан екі таяқ
Тұрады жоқты сұрап
Жауабы: (Х)
«Ыбырай» ауылына: Қайратта бар екі гүл
Қанатта бар екі гүл,
Санатта бар екі гүл,
Жанатта бар екі гүл
Қоссақ барлық гүлдерді
Нешеу болды шешуі
Жауабы: 8
«Миға шабуыл»
1. Аптаның неше күні бар? Бүгін аптаның нешінші күні
2. Сандарды немен белгілейміз? (цифрмен)
3. Цифрді не істейміз? (көреміз, жазамыз)
4. Кесіндіні немен өлшейміз? (см, дм)
5. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
6. Заттарды бір — біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? (+)
7. Заттарды бөліп алуда қандай амалды қолданамыз? (Азайту)
8. Қосудың компаненттерін ата.
9. Азайтудың компаненттерін ата.
10. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?
ҮІІ. Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма