Еріндік дауыстылар \»Бағдаршамы\»

Еріндік дауыстылар «Бағдаршамы»

(Кестеге үйрету әдісі)

Кестені «о», «ө» дыбыстарымен толықтырамыз.

Мұғалім: «О» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?». Жауап: «Дауысты».

Мұғалім: «О» дыбысы жуан ба, жіңішке ме?». Жауап: «Жуан».

Мұғалім: «О» әрпін қай қатарға қосайық?». Жауап: «Жуан қатарға».

«О» әрпі жуан қатарға қосылады:

Жуан:           А        Ы         (ый)     О    
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)            

Мұғалім: «О» әрпіне мысал келтіріңдер». Оқушылар мысал келтіреді.

Мұғалім: «О» сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?». Жауап: «Басында,ортасында».

Мұғалім: «Сөз соңында бар ма?». Жауап: «Сөз соңында жоқ».

Мұғалім: «О» әрпі түбірде ме, қосымшада ма?». Жауап: «Түбірде».

Мұғалім: «О» әрпі қай буында тұр?». Жауап: «1-буында».

Мұғалім: «1-буындағы енжар түс қандай?». Жауап: «Қызыл».

Мұғалім: «Келістік, «о» әрпіне енжар қызыл түс берейік».

«О» әрпіне енжар қызыл түс беріледі:

Жуан:           А        Ы         (ый)     О   
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)           

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздің дұрыс нұсқасын қойыңдар.

1. «О» дыбысы  …………………… (түбірде, жалғауда)  ғана кездеседі.

2. «О» дыбысы сөздің  ….. ………………(1-буында, 2-3-буында) жазылады.

3. «О» дыбысы  жалғауларда …………………..   (кездеседі, кездеспейді).

Нәтижесінде оқушылар мынадай қорытындыға келуі тиіс:

1. «О» әрпі  түбірде ғана кездеседі.

2. «О» әрпі  1-буында ғана жазылады.

3. «О» әрпі  жалғауларда мүлде кездеспейді.

Ескерейік:

Бұл ережеге біріккен сөздер, кірме сөздер мен кірме қосымшалар бағынбайды.

Мұғалім: «О» дыбысының жіңішке жұбы қай әріп?».  Жауап: «Ө».

Мұғалім: «Ө» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?». Жауап: «Дауысты».

Мұғалім: «Ө» дыбысы жуан ба, жіңішке ме?». Жауап: «Жіңішке».

Мұғалім: «Ө» әрпін қай қатарға қосайық?». Жауап: «Жіңішке қатарға».

«Ө» әрпі жіңішке қатарға қосылады:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О   
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)       Ө    

Мұғалім: «Ө» әрпіне мысал келтіріңдер». Оқушылар мысал келтіреді.

Мұғалім: «Ө» әрпі сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?».

Жауап: «Сөздің басында және ортасында».

Мұғалім: «Сөз соңында бар ма?». Жауап: «Сөз соңында жоқ».

Мұғалім: «Ө» әрпі түбірде ме, қосымшада ма?». Жауап: «Түбірде».

Мұғалім: «Ө» әрпі қай буында тұр?». Жауап: «1-буында».

Мұғалім: «1-буындағы енжар түс қандай?». Жауап: «Қызыл».

Мұғалім: «Келістік, «ө» әрпіне енжар қызыл түс берейік».

«Ө» әрпіне енжар қызыл түс беріледі:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О   
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө    

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздің дұрыс нұсқасын қойыңдар.

1. «Ө» дыбысы  …………………… (түбірде, жалғауда)  ғана кездеседі.

2. «Ө» дыбысы сөздің  ….. ………………(соңында, басында) жазылады.

3. «Ө» дыбысы  жалғауларда …………………..   (кездеседі, кездеспейді).

Нәтижесінде оқушылар мынадай қорытындыға келуі тиіс:

1. «Ө» әрпі  түбірде ғана кездеседі.

2. «Ө» әрпі  сөздің  басында ғана жазылады.

3. «Ө» әрпі  жалғауларда мүлде кездеспейді.

Ескерейік:

Бұл ережеге біріккен сөздер, кірме сөздер мен кірме қосымшалар бағынбайды.

Келесі жұпты қарастырайық.

Мұғалім: «Ұ» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?». Жауап: «Дауысты».

Мұғалім: «Ұ» дыбысы жуан ба, жіңішке ме?». Жауап: «Жуан».

Мұғалім: «Ұ» әрпін қай қатарға қосайық?». Жауап: «Жуан қатарға».

«Ұ» әрпі жуан қатарға қосылады:

 

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө    

Мұғалім: «Ұ» дыбысына мысал келтіріңдер». Оқушылар мысал келтіреді.

Мұғалім: «Ұ» сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?». Жауап: «Басында, ортасында».

Мұғалім: «Сөз соңында бар ма?». Жауап: «Сөз соңында жоқ».

Мұғалім: «Ұ» әрпі қай буында тұр?». Жауап: «1-буында».

Мұғалім: «1-буындағы енжар түс қандай?». Жауап: «Қызыл».

Мұғалім: «Келістік, «ұ» әрпіне енжар қызыл түс берейік».

«Ұ» әрпіне енжар қызыл түс беріледі:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ
                                              И                            

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө    

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздің дұрыс нұсқасын қойыңдар.

1. «Ұ» дыбысы  …………………… (түбірде, жалғауда)  ғана кездеседі.

2. «Ұ» дыбысы сөздің  ….. ………………(соңында, басында) жазылады.

3. «Ұ» дыбысы  жалғауларда …………………..   (кездеседі, кездеспейді).

Нәтижесінде оқушылар мынадай қорытындыға келуі тиіс:

1. «Ұ» әрпі  түбірде ғана кездеседі.

2. «Ұ» әрпі  сөздің  басында ғана жазылады.

3. «Ұ» әрпі  жалғауларда мүлде кездеспейді.

Ескерейік:

Бұл ережеге біріккен сөздер, кірме сөздер мен кірме қосымшалар бағынбайды.

Мұғалім: «Ұ» дыбысының жіңіше жұбы қай әріп?».  Жауап: «Ү».

Мұғалім: «Ү» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз ба?». Жауап: «Дауысты».

Мұғалім: «Ү» дыбысы жуан ба, жіңішке ме?». Жауап: «Жіңішке».

Мұғалім: «Ү» әрпін қай қатарға қосайық?». Жауап: «Жіңішке қатарға».

«Ү» әрпі жіңішке қатарға қосылады:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ
                                              И                          

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү

Мұғалім: «Ү» дыбысына мысал келтіріңдер». Оқушылар мысал келтіреді.

Мұғалім: «Ү» сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?». Жауап: «Басында, ортасында».

Мұғалім: «Сөз соңында бар ма?». Жауап: «Сөз соңында жоқ».

Мұғалім: «Ү» әрпі қай буында тұр?». Жауап: «1-буында».

Мұғалім: «1-буындағы енжар әріп түсі қандай?». Жауап: «Қызыл».

Мұғалім: «Келістік, «ү» әрпіне енжар қызыл түс берейік».

«Ү» әрпіне қызыл түс беріледі:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ
                                              И                          

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү

Тапсырма.

Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздің дұрыс нұсқасын қойыңдар.

1. «Ү» дыбысы  …………………… (түбірде, жалғауда)  ғана кездеседі.

2. «Ү» дыбысы сөздің  ….. ………………(соңында, басында) жазылады.

3. «Ү» дыбысы  жалғауларда …………………..   (кездеседі, кездеспейді).

Нәтижесінде оқушылар мынадай қорытындыға келуі тиіс:

1. «Ү» әрпі  түбірде ғана кездеседі.

2. «Ү» әрпі  сөздің  басында ғана жазылады.

3. «Ү» әрпі  жалғауларда мүлде кездеспейді.

Ескерейік:

Бұл ережеге біріккен сөздер, кірме сөздер мен кірме қосымшалар бағынбайды.

Мұғалім: «Тағы бір әріпті қарастырайық. «У» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?».

Жауап екі түрлі: біреулері «дауысты» десе, екіншілері «дауыссыз» дейді.

Мысалдар екі жауаптың да дұрыс екенін көрсетеді.

Мұғалім: «Дұрыс айтасыңдар. Бірақ бұл жолы дауысты «у» дыбысын қарастырайық. Дауысты «у» жуан ба, жіңішке ме?».

Жауап тағы екі түрлі: біреулері «жуан» десе, екіншілері «жіңішке» дейді.

Мысалдар екі жауаптың да дұрыс екенін көрсетеді.

Мұғалім: «Дұрыс, «у» жуан сөздерде жуан, жіңішке сөздерде жіңішке айтылады. Сонда «у» әрпін қай қатарға қосамыз?»

Кестедегі дауысты «и» сияқты екі қатардың ортасына жазу ұсынылады.

«У» әрпі екі қатардың ортасына қосылады:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ
                                              И                      У    

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү

Мұғалім: «У» әрпінің жуан және жіңішкесін қалай белгілейміз?

Дауысты «и» әрпінің белгілері сияқты белгілеу ұсынылады.

«У» әрпінің жуаны жол үсті және жіңішкесі жол асты терілімімен белгіленеді:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ      (ұу)
                                              И                      У    

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү      (үу)

Ескерейік.

«У» дыбысы айтылуында естілетін «ұ/ү» дыбыстары есебінен дауысты.

Мұғалім: «Дауысты  «у» әрпіне мысал келтіріңдер». Оқушылар мысал келтіреді.

Мұғалім: «Дауысты «у» сөздің басында ма, ортасында ма, соңында ма?».

Жауап: «Барлық көріністе: сөз басында, ортасында, соңында».

Мұғалім: «У» әрпі қай буында кездеседі?». Жауап: «Барлық буында».

Мұғалім: «Дауысты «у» белсенді екен. Белсенді түс қандай?». Жауап: «Жасыл».

Мұғалім: «Келістік, «у» әрпіне белсенді жасыл түс берейік».

«У» әрпіне белсенді жасыл түс беріледі:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ      (ұу)
                                              И                      У    

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү      (үу)

Мұғалім: «Енді осы «бағдаршам» бойынша «о/ө; ұ/ү; у» дыбыстарын сипаттайық».

Оқушылар мынадай сипаттама беруі керек:

 

«О»: дауысты, жуан дыбыс. 1-буында жазылатын енжар қызыл әріп. Қосымшаларда кезеспейді.

«Ө»: дауысты, жіңіше дыбыс. 1-буында жазылатын енжар қызыл әріп. Қосымшаларда кезеспейді.

«Ұ»: дауысты, жуан дыбыс. 1-буында жазылатын енжар қызыл әріп. Қосымшаларда кезеспейді.

«Ү»: дауысты, жіңіше дыбыс. 1-буында жазылатын енжар қызыл әріп. Қосымшаларда кезеспейді.

«У»: дауысты, жуан әрі жіңішке дыбыс. Барлық көріністе жазылатын белсенді жасыл әріп.  Жұрнақта кездеседі, жалғауларда кезеспейді.

Ескерейік:

Бұл ережелерге біріккен сөздер, кірме сөздер мен кірме қосымшалар бағынбайды.

Төменде дауысты дыбыстар толық беріліп отыр:

Жуан:           А        Ы         (ый)      О    Ұ      (ұу)    Я (йа)        Ё(йо) ру
                                              И                      У    

Жіңішке:    Ә   Е       І          (ій)      Ө     Ү      (үу)                      Эру

Ескерейік:

Бұл ережелерге кірме дыбыстар (сұрмен терілім) бағынбайды.

 

Осы кесте бойынша әріптерге сипаттама беру тапсырылады.

 

Іске сәт!

Сұрақ, пікір, ұсыныстарыңызды «Комментарий» бөліміміне салыңыз, хабарласамыз.

Кәкімбек               

Добавить комментарий