Қымбатты қонақтар, аналар, әжелер, бала бақша ұжымының апайлары. Жыл мезгіліндегі ең тамаша, ең шуақты мерекелеріңіздің бірі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!!!
Балаларымыздың сіздерге дайындаған «Мерекеңмен анашым» атты ертеңгілігін қабыл алыңыздар.
Уа, ағайын, ағайын.
Көктем келді жайнаған.
Бау-бақшада бүгін той.
Қош келдіңіз ағайын.
Раушан гүлдер жайнаңдар.
Гүлдей жайнап тұрыңдар.
Құттықтаймыз сіздерді.
Мерекеңмен бүгінгі.
Балалар тұрып тұрады.
Балалар бәрі: Құттықтаймыз анашым, 8-ші Наурызбен!!!
Жүргізуші: Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.
Нұрсұлтан: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Фарида: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Аяжан: Өр десек те сіздерді, -лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, -лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, -лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, -лайықсыздар.
Асылбек: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Әділ: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер -жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Дильназ: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз
Дарын: Көктем күйін бастады,
Өз өнерін асыра.
Қысты қуып тастады,
Асқар таудың басына.
Дильназ: Сансыз көкек сұңқылдап
Көктем келді ертелеп
Нәзік үнмен сынқылдап
Бұйра бұлақ еркелеп.
Ерасыл: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Көркем: Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Диас: Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың,
Аман-сау бол,ақ мамам.
Мухаммедали: Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.
Арина: Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,-
Анаға бас иеміз!
Серіжан: Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттық.
Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың
(Балалардың тақпағы айтылады)
Жүргізуші:
Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Ән: «Құтықтаймын мама, мерекенмен!»
Жүргізуші: Біздің балалардың өнерін тамашалаңыз, бірге көңіл көтеріңіз.
Қыс кетіп, көктем келді.
Құстар келе бастады.
Жан-жануарлар, жәндіктер ұйқысынан оянды.
Көктемде тіршілік қайтадан жаңарады.
Қазір ортаға біздің балаларымызды шақырайық.
Би: «Жан анашым»
Ойын: «Гүлдерді тез жина»
Ал енді, барлығымыз ойнап жіберейік.
«Орамалды кім тез іледі?» 2-бала
2- ата-ана
Жүргізуші:
Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті.
Баға жетпес ақ әжем.
Би: «Жігіттер»
Жүргізуші:
Аялы ғой сипаған.
Алақаның әжетайым.
Арналады сіздерге.
Қазіргі біздің әніміз.
Жүргізуші:
Аяжан бүлдіршініміздің «Әке — бала» әнің тамашалаңыздар
Жүргізуші:
Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың- деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Баладарыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар!
Ш. Батталова атындағы жалпы білім беретің орта мектеп 0 «б» даярлық тобы