EXCEL-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

EXCEL-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шоныраева А.Р.
Информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы,
Орал гуманитарлық колледжі.

Сабақтың мақсаты:   Білім алушыларға  MS Excel-дің графикалық мүмкіндіктері
туралы түсінік беріп, диаграмма шеберінің көмегімен   әртүрлі типті
диаграммалар құруды    үйрету,графиктерді   сала   білу  дағдыларын
қалыптастыру.          

Дамытушылық мақсаты: Кестемен жұмыс істеуді үйрету   арқылы білім алушылардың 
логикалық, алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық   
құзыреттіліктерін    арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:        Білім алушыларды  ақпараттық   мәдениеттілікке, өз бетімен
жасай  білуге үйрету, өзін-өзі  бағалауға, уақытты ұтымды пайдалана білуге, 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа жеке тұлға  ретінде   тәрбиелеу.

Сабақтың  әдісі:  сөздік- көрнекілік, ізденіс,практикалық.

Қолданылған технология:конструкторлық жобалау және деңгейлеп оқыту     

Сабақтың  типі:аралас
Программалық қамсыздандыру: MS Excel, MS PowerPoint

Сабақтың көрнекілігі: диаграммалар,   графиктер.

Пәнаралық байланыс:математика,  тарих, экономика

Оқыту формалары:жеке, топтық  және   ұжымдық.

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру бөлімі

Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу.
Бағалау парақтарын таратып беру

ІІ. Өткен сабақ бойынша  қайталау сұрақтары:

 Интерактивті тақтамен жұмыс.

1. Ехсеl кестесінің терезе қатарларын ретімен орналастыр./Жауабы бойынша сәйкестендіру/
2.Батырмалардың атқаратын қызметі   /түс арқылы сәйкестендіру/
3. Тест сұрақтары   / Ехсеl кестесінде құрылған тест бағдарламасы/

ІІІ.  Жаңа сабақ

               Ехсеl- дің ең көзге түсер ерекшеліктерінің бірі оның сандар қатары мен бағаналарын информацияны толық көрнекі түрде кескіндей алатын графиктер мен диаграммалар айналдаруы болып саналады.
Диагараммалар – мәліметтерді грфикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарда үңіліп қарғаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диагарммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.Ехсеl- де 14 түрлі екі және үш өлшемді диагармма түрлері бар.
Сабақ барысында жобалау технологиясын қолдану кезінде    төмендегідей іс- әрекеттер жүзеге асырылады.

     Студенттерге  алдын-ала тапсырма беріліп қойылады.
Оқушыларға ЛМКМ (логикалық мағынаға негізделген  конструкторлық модель) ұсынылады.  Студенттер   Б1,Б2,Б3,Б4 бағыттарын басшылыққа алады. Қосымша материалдар, оқулықтар, әдебиеттер  беріледі

EXCEL-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қолдану мүмкіндіктері

  

 

Б1 бағыты бойынша – «Диаграмма  құрудың жолдары»  Қосымша 1

Тапсырма:  топтағы оқушылардың оқу үлгеріміне диаграмма құру.

Оқу озаты

6

Оқу екпіндісі

18

      Орташа

8

Барлығы

32

 

  Б2 бағыты –диаграммалардың   орнын ауыстыру, жылжыту, өлшемін    өзгерту, автоматты түрде  форматтау Қосымша 2

Тапсырма: Топ туралы мәліметке   диаграмма құру.

Ұлдар

20

Қыздар

12

      Барлығы

32

 

 Б3 бағыты бойынша – графиктер құру Қосымша 3

      Тапсырма:  Төмендегі y=x 2  функциясына графиктік  диаграмма тұрғызу.

х

2

4

6

8

10

12

у

4

16

36

64

100

144

           

Диаграмманы түрлендіру, безендіру әдістері

  Студенттердің сабақ барысында берілген тапсырмалар бойынша құрған жобалары: 

EXCEL-ДІҢ ГРАФИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ

Б4 бағыты бойынша – практикалық жұмыстар орындайды.
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1. Төмендегі кестені толтыр.
2. C2 ұяшығына «теңге бағасымен» бағанын долларды теңгеге айналдыратын формулаларды енгізіп, толтыр.  /=B2*330/
3. Осылайша С3,С4,С5 ұяшықтарының мәнін есепте.
4. Нәтижесін есепте.
5 . «Теңге бағасымен» бағанына өзіңе ұнайтын диаграмма құр.

Тауар аты

$ бағасымен

Теңге бағасымен

Компьютер

500

=B2*330

Сканер

280

 

Модем

150

 

Принтер

250

 

Барлығы

 

 

ІІ деңгей
1. Төмендегі кестені толтырыңыз
2  Қаржы форматын оң жаққа туралаңыз.
3.  Тауар түрлері бойынша  «пайда»  бағанын   есептеңіз   / =(B3-B2)*B4 /
4.  Жалпы пайданы есептеңіз
5. «Пайда» бағаны бойынша пирамида диаграммасын құрып, безендіру әрекеттерін
орында:
а/ мәндерді көрсет
б/жазылымдарды орналастыр
в/ қабырға форматын өзгерт

Тауар түрі

Өз бағасы
теңге

Сату бағасы
теңге

Саны

Пайда

Тауар А

20 000

28000

1354

 

ТауарБ

35000

64000

2451

 

ТауарВ

34000

47000

654

 

ТауарГ

154000

215000

85

 

Жалпы пайда

 

 

 

 

ІІІ деңгей
у=kx функциясының  графигін -3≤х<3 аралықта 0,5 қадамымен тұрғыз, өзіңе ұнайтындай
безендіру әрекеттерін   орында.

Х

step

k

y=kx

-3

0,5

10

-30

-2,5

0,5

10

-25

-2

0,5

10

-20

-1,5

0,5

10

-15

-1

0,5

10

-10

-0,5

0,5

10

-5

0

0,5

10

0

0,5

0,5

10

5

1

0,5

10

10

1,5

0,5

10

15

2

0,5

10

20

2,5

0,5

10

25

3

0,5

10

30

Шығармашылық деңгей
1.у=x2 ,  y=-x2 ,  y=2×2   y=x2 /2 функцияларының графигін бір координаталық жүйеде салу,      -5≤ х≤5 аралығында
2.у= x3,      у= 3x³,  у=1/3х³ функцияларының графигін бір координаталық жүйеде салу   
  -5≤ х≤5 аралығында 
3.Қадамы 0,3 –ке тең  у=sinх және у=cosх функцияларының графигін  бір координаталық жүйеде салу.   0≤ х≤5 аралығында 
Бағалау парағы

Аты-жөні: 

 

Бағасы

Қайталау сұрақтары 

 

Жоба  құру,  қорғау  кезеңі

 

Тапсырма 1 деңгей 

 

Тапсырма 2 деңгей 

 

Тапсырма 3 деңгей 

 

Шығармашылық деңгей 

 

Қорытынды баға

 

Білім алушылардың өздері қойған бағалау парағындағы бағалары бойынша қорытынды баға қойылады.
Қорытынды.
Үйге тапсырма.
1.ҚР- ның ұлттық банкінің 28.09-04.10 күндері аралығында валюта бағамының ең төменгі мәнін анықтаңыз
2.МИН бағаны бойынша  конустық  диаграмма құрыңыз.

 

Орал қаласы
Шоныраева  Алия Рамазановна
Информатика пәнінің жоғары санатты оқытушысы,
Орал гуманитарлық колледжі.

Добавить комментарий