Географиялық қабық

Адилова Маржан Бозшаевна

№52 негізгі мектептің

география пәнінің мұғалімі

Ақтөбе қаласы

Сабақтың тақырыбы: Географиялық  қабық

Сабақтың мақсаты:

1. Географиялық  қабық пен оның бөліктері арасындағы байланыстарды анықтау. Табиғат кешені туралы ұғымды қалыптастыру. Табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оны қорғау жолдарын қарастыру.

2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, логикалық ой-өрісін дамыту

3. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Картамен жұмыс жасау белсенділігін арттыру

Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы,

тірек сызбалар, суреттер

Сабақ түрі: жаңа білімдерді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: тест, «почта», «футбол» ойыны, геодиктант, тірек сызбамен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: биология, экология

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. (сынып түгендеу, бағалау парағын тарату)

2 Үй тапсырмасын сұрау. Тест  10 – сұрақ

1. Жердің  тіршілік  қабығы:

а) гидросфера;  ә) литосфера; б) биосфера;  в) атмосфера

2. Жасыл өсімдіктер не себепті Күн сәулесі энергиясының  әсерінен  бейорганикалық  заттардан   органикалық зат түзеді:

а) тотығу              ә) тыныс алу              б) үгілу        в) фотосинтез

3.Бастапқы өнімді, яғни нәруыз (белок), крахмал және т.б. түзушілер:

а) микроорганизмдер;                         б) биосфералық құрамбөліктер

ә) бактериялар;                                    в) жасыл өсімдіктер

4.Ноосфера терминін енгізген француз оқымыстысы:

а) Э.Зюс                                      б) Э.Леруа

ә) В.И.Вернадский                   в) А.А.Григорьев

5.Биосфера терминін ғылымға енгізген австриялық ғалым:

а) Э.Зюс                                      б) Э.Леруа

ә) В.И.Вернадский                    в) А.А.Григорьев

6.Адам қай қабықтың бөлігі?

а) табиғат құрамбөлігінің;        б) литосфералық

ә) биосфералық                          в) гидросфералық

7.Биосфера  географиялық  қабықтың  қандай  бөлігі болып саналады?

А) организмдер  қоныстанған  және  өзгерген бөлігі;

ә) тау жыныстары, су  және табиғат құрамбөлігінің  ұштасқан бөлігі;

б) адамдар мекен ететін орта;

в) мантия, ядро және жер қыртысынан  құралған бөлігі

8.Жердегі  организмдер  қай қабаттарда  таралған?

а) жер қыртысы қабатында, гидросферада, топырақ қабатында;

ә) литосфераның  беткі, атмосфераның  төменгі қабаттары мен гидросферада;

б) стратосферада, топосферада, гидросфера  қабаттарында;

в) литосферада, стратосферада, мұхиттарда

9.Ең үлкен табиғат  кешендерін атаңдар:

а) материктер мен мұхиттар

ә) таулар мен жазықтар

б) көл қазаншұңқырлары мен өзен аңғарлары

в) теңіздер мен мұхиттар

10.Табиғат  құрамбөліктерінің  қайсысы бір-бірімен тығыз  байланысты?

а) ауа, топырақ, өсімдіктер, жарық

ә) тау жыныстары, өсімдік, жануарлар,

б) су, ауа,

в) ауа, өсімдік, топырақ

 Жауаптары:

1.Б

2.В

3.В

4.Б

5.А

6

7.А

8

9

10

 3. «Футбол» ойыны

Литосфера

1.Темір мен никельден тұратын, Жердің ең орталық өзегі? (Ядро)

2. Жер бетіндегі таулардың орташа қалыңдығы? (70-80шқ)

3. Қазақстанның ең биік тау жүйесі? (Тянь-Шань)

4.Жер сілкінісі жиі болатын аймақты қалай атайды? (сейсмикалық аймақ)

5. Жапон аралындағы ең биік нүкте? (Фудзияма)

Гидросфера

1.Жер асты жер сілкінуінен, жанартаудың атқылауынан пайда болатын толқын? (цунами)

2. Дүниежүзінің «түсті» теңіздерін ата? (Ақ, Қызыл, Қара, Сары теңіздер)

3. Ең биік сарқырама? (Анхель)

4.Дүниежүзіндегі ең қуатты жылы ағыс? (гольфстрим)

5. Атлант мұхитында орналасқан балдыр аттас теңіз? (Саргасс теңізі)

Атмосфера

1.Ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы? (Жел)

2.Әрбір 100 метр сайын температура қанша градусқа төмендейді ? (6С)

3.Екі жарты шардың қоңыржай белдеулері бойымен соғатын желдер? (батыс желдері)

4.Барометр нені өлшейтін құрал? (ауа қысымын өлшейді)

5. Әлемдегі ең құрғақ  жер? (Сахара)

Биосфера

1. Африканың саваннасында кездесетін  діңі жуан қандай ағаш? (Баобаб)

2.Канаданың  туында не бейнеленген? (Үйеңкі жапырағы)

3. Мұхит гиганты, сүтқоректі? (көк кит)

4.Ең кішкентай құс? (колибри)

5.Голландияның символы? (қызғалдақ)

 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру

                                                                                                                            №1 тірек сызба

                                            Географиялық қабық

Биосфера            Гидросфера        Атмосфера           Литосфера

 

                                                                                                                            №2  тірек сызба

                                             Географиялық  қабық

                                                 Табиғат кешендері

                                          Мұхит                 Құрлық

                                           Табиғат компоненттері

           Жер, су, ауа, топырақ             Адам, климат, жануар, өсімдік

5. Дәптермен жұмыс

Географиялық  қабық терминін алғаш рет орыс ғалымы А.А.Григорьев енгізген.Географиялық қабық дегеніміз-атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның  жоғарғы қабаты, биосфера мен гидросфераның  өзара байланысымен әрекеттесу нәтижесінде түзілген табиғат кешені.

                                            Географиялық қабық

                    Биосфера      Гидросфера      Атмосфера      Литосфера

                                                               Біртұтас

                                                     Өзара зат алмасады

                                                          Ырғақтылық

                                                          Зоналылығы

6. Мәтінмен жұмыс және суретпен жұмыс

1.Географиялық қабық  дегеніміз не?

2.Географиялық қабықтың құрамдас бөліктеріне не жатады?

3.Табиғат компоненттері дегеніміз не?

4.Табиғат кешені қалай түзіледі?

5.Антропогендік табиғат кешені деген не?

6.Табиғи табиғат кешеніне нені жатқызамыз?

7. Антропогендік ландшафт түрлерін атаңыз

8. Суреттегі табиғат кешендерін сипаттаңыз

 7. «Почта» ойыны

6 материкте  кездесетін табиғат кешенін тауып,  конвертке салу

Африка — Сахара, Ніл, Виктория, Килиманджаро, Эфиопия.

Солт.Америка –Ниагара, Миссисипи, Лабрадор, Гудзон, Мексика

Еуразия-Шығыс Европа жазығы, Мұғалжар, Ертіс, Каспий, Байкал

Оңт.Америка-Анд, Амазонка, Бразилия, Ла-Плата,Гвиана

Австралия-Эйр, Муррей, Виктория шөлі, Тасмания, Жаңа Гвинея

Антарктида-Эребус, Антарктикалық шөл, Тасты Антарктика, мұзтаулар, оазис.

8. Бекіту. Геодиктант

1. ….. литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.
2. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері….. деп аталады.
3. Географиялық  қабық құраушыларына ………. жатады.
4. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы….. деп аталады.

5. Географиялық қабық.  Жер шарының…… болып табылады.
6. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі…….. орналасқан.

7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені…… болып саналады.
8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне….. жатады.
Жауаптары:

1. географиялық  қабық.
2. табиғат компоненттері
3. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар
4. табиғат кешені

5. ең үлкен табиғат кешені
6. Сахара.

7. географиялық  қабық.
8. материктер мен  мұхиттар
9.Бағалау. Бағалау парағын толтыру

Оқушының атыжөні

Тест

«Футбол» ойыны

Мәтінмен жұмыс және суретпен жұмыс

«Почта» ойыны

Геодиктант

Тірек сызба, картамен жұмыс

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10.Үйге тапсырма: § 49.

Добавить комментарий