Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-кезең Бәйге
2-кезең Полиглот
3-кезең Ғажайып жетілік
4-кезең Жорға
Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Қызылорда қаласы
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ /зияткерлік сайысы/
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
2 «Ә» сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қатысатын оқушылар:
1. Аронрашид Жансая
2. Агинов Нұрсұлтан
3. Олжатай Ақнұр
4. Жолдас Еркежан
5. Кеңесбай Ердәулет
6. Үрмеғали Ақжан
7. Қойшыбаев Бекзат
Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:
1-кезең Бәйге
2-кезең Полиглот
3-кезең Ғажайып жетілік
4-кезең Жорға
1-кезең БӘЙГЕ
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.
/14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады, әр сұраққа 10 балл беріледі/
1-кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады
- Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?
- Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см = cм
- Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма?
4. Бір апта 2 күнде неше күн бар?
5. Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім?
6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал
7. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?
8. б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар?
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата.
10. Ең мықты қандай ағаш?
11. Құрбақа қыста не жейді?
12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң.
13. Байды үнемі алдап кететін кейіпкер.
14. Қай құстың балапаны анасын танымайды?
2-кезең Полиглот
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.
Қабат — қабат қаттама,
Қаттамадан аттама.
Ақылын оның ала бер,
Айтқан сөзін жатта да.
Жүрсе, ізі жоқ,
Сойса, қаны жоқ.
3-кезең Ғажайып жетілік
ҚАЗАҚ ТІЛІ — 10
ҚАТАҢ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫ АТА
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 20
Қ, Ғ ӘРІПТЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 30
ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ АВТОРЫ КІМ?
ӘДЕБИЕТ – 10
Өнер, білім жайлы бір өлеңнен үзінді оқып бер.
ӘДЕБИЕТ – 20
-Әже, мына орынға отырыңыз, — деді.
Арман болса, қарт адамды көрмегенсіп, терезеге қарап отыра берді.
Бұл қай мәтіннен үзінді?
ӘДЕБИЕТ – 30
Оттың табы деген не?
МАТЕМАТИКА – 10
Ағаштың ең ұшында
Отыр еді 3 балық.
Ұшып келді тағы да
Бір балық,
Барлық балық санын
Ойланайық табайық.
МАТЕМАТИКА – 20
Үшбұрыштың периметрінің формуласын айт
МАТЕМАТИКА – 30
Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған?
ӘР ТҮРЛІ – 10
Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.
ӘР ТҮРЛІ – 20
Мектебіміз қай көшенің бойында орналасқан?
ӘР ТҮРЛІ – 30
Наурыз сөзі қандай мағына береді?
4-кезең Жорға
«Көшбасшы» сөзінен топбасшылары сөз құрауы керек