Информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту

Информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін логикалық тапсырмалар арқылы дамыту.
Абдрахманова Меруерт Магметолловна
Павлодар қаласы № 19 жалпы орта білім беру мектебі
Информатика пәні мұғалімі

Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның басымдық алуы, мемлекет дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсаттарға жету бағытындағы қоғамдық прогрестің заңдылықтарынан туындайды. Болашақ ұрпақтарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру қоғамның басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының \»Білім туралы” Заңында \»Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі: жеке адамның шығармашылық, рухани және күш қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту”, — деп атап көрсетілген.
Қазіргі таңда мұғалім оқушыға ақпарат ағыны өміріндегі жол сілтеушісі, бағыттаушысы болу керек. Сондықтан да өзінің ісіне берілген және пәнге деген қызығушылығы зор мұғалім, келешекте оның шәкірттерінен бәсекеге қабілетті, білімді, шығармашыл тұлғаның қалыптасуына өз үлесін қосуды армандайды. «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әр сыныптың мүшесіне үлгілі қасиеттерді дарытып, бойына сініру арқасында болашақ тұлғаны жасайтын жоғары деңгейде маманданған кəсіпқой мұғалім.
Мектеп әрқашанда оқушыларға терең де, нақты білім беруге тырысады. Сондықтан оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бойында логикалық қабілеттерін қалыптастыру мәселесі – қазіргі таңда ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттің бірі. Оқушы бойындағы шығармашылық қабілет әрдайым қолдау тауып, ынталандырылып отыруы керек. Сондықтан менің өзіндік тақырыбым – информатика сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өзіндік ұмтылуы, ізденісі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам өз бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жоғалып кетуіне жол бермеуі керек, себебі бұл қабілеттер өмірден өз орнын табуға септігін тигізеді.
Шығармашылық қабілетті дер кезінде дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда ол шектеліп, тоқырап қалуы мүмкін.
Осыған байланысты шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – өзіне өзі сенбеу, екіншісі – өз ісіне риза болмау, ал үшіншісі — жалқаулық. Осындай жағдайға жол бермеу үшін мына шарттарды орындау керек.
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық пен белсенділікті арттыру.
3. Оқушы қабілеті мен жас ерекшелігіне сай әр түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау.
4. Кездесетін қиындықтар мен сұрақтарды шешуге көмек көрсету.
5. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу кезінде теория мен практика әрдайым кезектесіп жүру керек.
Шығармашылық жұмыстардың арқасында оқушылар өздерін еркін ұстап, әр түрлі жұмыс түрлерін өздері жасайды. Оқытушы өз шығармашылығы, тапқырлығы негізінде оқушының шығармашылығын қалыптастырады, оны дамыту жолдарын қарастырады.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктері ашып көрсету. Кез келген оқушы менің басшылығымен немесе арнайы берілген шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Балалардың қабілеті мен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылу мүмкін. Егер бала бойындағы қабілетін мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Осындай жұмыстарды жүргізу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Күнделікті сабақта беретін деңгейлік тапсырмалар қызықты етіп құрап, оқушылардың қызығушылықпен орындауларын қадағалау қажет.
Мысалы: 10 а сыныбында Ms Power Point бағдарламасын оқыту кезінде, оқушыларға әр түрлі («Семей полигоны», «Павлодардың көрікті орындары», «Қазақстан жерінің табиғаты», «Өзім жайлы») тақырыптарында презентация жасап келу тапсырмасы берілді. Ал 8-сыныпта MS Word тақырыбын оқыту кезінде MS Word бағдарламасының буклет, құттықтау қағазын жасау шаблондарын қолдануға арналған тапсырмалар берілді.
Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында ойын түрлерін пайдалану керек. «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз :
— барлық логикалық ойлау операцияларын (таңдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру ;
— ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту;
— трансформация әрекетін, яғни, объектіні өзгерте білу қабілеттерін жетілдіру.
Ұсынылып отырған анықтаманың негізінде бастауыш сыныптарда логикалық ойлауды дамыту жүйесі анықталды.Ол төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады.
1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру:
-талдау;
-жинақтау;
-салыстыру;
-жалпылау;
-саралау.
2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту:
— әртүрлі болжам, пікір айта білу;
— мәселені шешудің бірнеше тәсілдерін ұсыну.
3.Трансформация әрекеттін жетілдіру:
— заттарды бөліктері арқылы құрастыру;
— объектілер топтарының арасындағы қатынастарды анықтай білу.
1.Логикалық ойлау операцияларын қалыптастыру жолдары:
— заттардың, сөздердің, сандардың қасиеттерін сипаттау.
— берілген қасиеттерге сай заттарды тану;
-заттардың, сөздердің, сандардың ұқсас және өзгеше қасиеттерін анықтау;
— заттардың мәнді қасиеттерін белгілеу;
— заттарды, сөздерді, сандарды өзара салыстыра білуге үйрету;
— заттарды, сөздерді, сандарды топтау;
— оқиғаның тізбектілігін анықтау;
— қарама-қарсы құбылыстар жайлы пайымдау;
— әртүрлі ұғымдарға анықтама беру.
2.Ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту жолдары:
— проблемалық жағдайлар тұрғызу;
— проблемалық сұрақ қою;
— шағын пікірталас өткізу;
— табиғат құбылыстарын, әртүрлі адамдардың іс-әрекетін, көңіл- күйлерін бақылау, қорытынды шығару.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3. Шығармашылыққа бағытталған практикалық және лабороториялық жұмыстар беру.
Қорытынды : өзіміздің іс-тәжірибемді қорыта келгенде мынадай ой түюге болады.
1. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қолданып, оқушылардың пәнге қызығушылығы артады.
2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
3. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық іс-әрекетке қабілеттері артады.
Қорыта айтқанда сабақ барысында шығармашылық қабілеттеі дамыту келешекте бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауға септігін тигізеді.

Қолданылған әдебиеттер

1. Н.В. Занков. «Развиваюшее обучение» — М.,1999 ж.
2. Т.Жұманов «Игры – как форма активизации познавательной деятельности учащегося», 2005 ж.
3. «Информатика негіздері», ғылыми-әдістемелік журналы, № 5, 2006 ж
4. «Информатика негіздері», ғылыми-әдістемелік журналы, № 1, 2007 ж
5. Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б. Құдиярова А. М. «Педагогика негіздері» Алматы 2006
6. Керімбаева «Дидактикалық ойындар түрлері», 2005ж.
7. Эльконин «Психология игры», 1999ж.

Добавить комментарий